Саттар Ерубаев
Жарқ еткен сәуле ғұмыр
Құйрықты жұлдыздай ғана қысқа ғұмырында соңыны мол мұра қалдырып кеткен каламгер Саттар Ерубаев 1914 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданынның «Арыс» совхозының Ұзынқұдық жайлауында туған. 1923 жылы Түркістан жеті жылдық мектебінде оқыды. Осы мектепті үш жыл оқығаннан кейін, комсомол қатарына өттіп, аудандық комсомол біраз қызмет істеді. Зейінді жас екені ескірліп, ол жоғарғы оқу орындарына Алматыдағы дайындық курсаны жіберілді. Курсты озат аяқтағанан кейін 1930 жылы Қазақтың оқу комиссиариатының жолдамасымен Ленинградтың тарих – философия – лингвистика институтына түсті. Институтта оқып жүріп қоғамдық жұмыстырға белсене қатысты, институт газетінің алқа мүшесі болып, бірәз мақалалар жазды.
Институтта жақсы оқығандығы үшін жыл сайын сыйлық алып отырды. 1933 жылы институтты бітірерде Саттар Ерубаев «Орыс неоромантизмі және қазақтың ұлтышлдық әдебиеті» деген диплом жұмысын профессор Медведевтің басқаруымен өте жақсы қорғап, аспирантурада қалдырылды. Бірақ өлкелік комсомол комитетінің талабымен Қазақстанға оралып, әуелі «Ленинская смена», соңынан «Лениншіл жас» газеттерінде әдебиет бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды.
Мұнымен қатар 1934-1935 оқу жылында Алматыдағы жоғары ауылшаруашылық мектебінің философия кафедрасында ассистент болды, лекция оқып, семинар жұмысына басшылық етті. «Лениншіл жас» газетінің жауапты редакторының орынбасары болып жүргенде ашылайын деп жатқан (Қазіргі опера және балет) театрдың директоры болып істеді. Ал 1934 жылы Өлкелік партия комитеті «Қарағанды пролетариаты» газетінің редакторы етіп тағайындады.
Саттар Ерубаев Қарағандыда істеген жылдары атақты «Менің құрдастарым» романы жазады. Ол қазақ жазушыларының тұнғыш съезіне делегат болып қатысып. Одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандарың бірі еді. 1935 Ленинград университетінің аспирантурасына түсті, бірақ мендеп кеткен ауруы бірақ жыл оқуына мүмкіндік береді. Содан Алматыға оралып КазПи-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті болып орналасып, әдебиет тарихы мен теориясынан лекция оқыды. Ол ауырып жүргеніне қарамастан жазуын тоқтатпады, ол да С. Сейфуллин, Б. Майлин т.б. жазушылар сияқты советтік құрылысты насихаттады. Оның өмір жолы, шығармалары – Қазақстан тарихының, қазақ әдебиетінің бір ұшқыны, бір ғана бөлшегі еді. Саттар Ерубаев «Тракторшы комсомолдың жыры», «Колхоз базарында», «Ақын жыры», «Үш шахтер туралы», «Меруерт алқа» т.б. балладарын «Бақыт», «Өмір көркемдігі», «Келесі соғыс туралы» новелларын , бірнеше сатиралық әңгімелер жазды. К. Чуковский, А. Сурков, Ю. Березин, И. Эренбург сынды жазушылардың бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның үстіне қаншалықты қоғамдық қызмет атқарды десеңші. С. Ерубаев «Өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай» өткен талант. Мейрімсіз ажал оны 23 жасында, 1937 жылы жас өмірін үзіп кетті. Бірақ Саттар Ерубаев сұм өлімді «Мәңгілік өмірмен» - шығармашылық еңбегімен женді.
Құйрықты жұлдыздай ағып өткен
Саттар Асқарұлы Ерубаев Қазақ әдебиетінің аспанына жарқ етіп көтеріліп, бірақ лезде жалт етіп ағып түскен жұлдыздарының бірі, өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай арманда кеткен жас талант Саттар Асқарұлы Ерубаев қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында 1914 жылы дүниеге келген. Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке ашып кетеді. Мұны бітіргеннен соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады.
1930-шы жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистика институтына түседі.
Институтты Саттар 1933 жылы үздік бағамен бітіріп шықты. Ол дипломдық жұмысын өте жақсы қорғайды және және осы еңбегі үшін бәйге алады. Сөйтіп, бұл жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы шығарылады. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша С.Ерубаев аспирантураға қалдырылған екен. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, С.Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. Осыған байланысты Саттар, оқуын қалдырып, елге оралады. Алматыда Саттар 1933-1934 жылдары “Ленинская смена” газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, “Лениншіл жас” газеті редакторы; мәдениетте 1934 жылы бірер ай музыка театрының директоры; білім беру саласында 1933-1934 жылдары Жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ұстазы қызметтер атқарды.
Қазақстан өлкелік партия комитетінің “Қарағанды полетариаты” газетінің жауапты редакторының орынбасары болып істейді. Қаламы ұшқыр, пікірі таза, дарынды қаламгер С.Ерубаев сол кезде Қазақстан Жазушылар одағының бірінші сьезіне қатысып, одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі болды.
1935 жылдың жазында С.Ерубаев Ленинград университетінің аспирантурасына түседі. Бірақ мендеп кеткен өкпе ауруы оған бар болғаны бір-ақ жыл оқуға мүмкіндік береді. Осыдан соң Саттар Алматыға қайтуға мәжбүр болады. Мұнда ол 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар окиды.
Бірақ бойын әбден мендеп алған ауыр дерт Саттарды 1937 жылдың екінші маусымында Алматы қаласындағы Турксиб ауруханасында көз жұмғызды. Онда ол бар болғаны 24 жаста еді.
С.Ерубаев әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп, жарқырап кірді. Ол астанадағы зиялы қауымды жан-жақты біліммен, журналистика саласындағы білікті ізденістермен әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірмен, жаңаша жазылған өлең, баллада, пародиялырымен елең еткізді.
С.Ерубаев 1934 жылы Қарағандыға, қайнаған еңбек ортасына келгеніне қатты қуанған. Сол тұста жазған бір күнделігінде Саттар: “Мен Қарағандыға ризамын, ол мені жазушы етіп шығаратын болды!” депті. Қарағанды оны жазушы етіп шығарды. Саттар әдебиет сүйер қауымға мәлім “Менің құрдастарым” ромнын дәл осы кезде жаза бастаған еді. Бұл роман қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдарғы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды.
Қарағандыда болған кезінде С.Ерубаев басқа да көптеген новеллалар, балладалар, өлеңдер, очерктер, сын мақалалар жазады. Оның қаламынан “Бақыт”, “Мәңгілік өмір”, “Өмір көркемдігі”, “Келесі соғыс туралы” новеллалары, “Өмір туралы рапорт”, “Үш шахтер туралы баллада”, “Меруерт алқа” тәрізді балладалары, алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары өзіндік өзгеше үнімен, жүрек жарды лебімен, мөлдір сыршылдығымен. Қалтқысыз шыншылдығымен қазір де қайран қалдырады.
Аяқталмаған “Менің құрдастарым” романы бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәңгі жас шығарма.
Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағұлмат табуға болады.
Жарық жұлдыздай жарқырай ағып өткен қас-қағым тіршілігінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсетті. Артына көлемі шағын болса да салмақты, құнды әдеби мұра қалдырды. Оның қазақ кеңес әдебиетінде бірінші болып игерген жаңа жанрдағы шығармалары – балладалары, новеллалары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді.
С.Ерубаев М.Жанғожинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырды. Сонымен қоса аудармашылықпен де шұғылданған. Ол К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1966 жылы Саттар Ерубаевқа Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді. Түркістан қаласында Саттар мұражайы бар. Қарағандыда Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді
«Арманының ақ желкені асқақтап»
( еске алу кеші )
Кеш өтенін залды безендіріп, Саттар Ерубаев туралы осы кеш аттас кітап көрмесін ұйымдастыруға болады.
1–Жүргізуші: Ұлы ақын Абай:
«Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.
Артында сөзін менен ісің қалса,
Өлсен де өлмегенге боларсың тең!»
Қандай тауып айытқан десеңізші! Әдебиет әлемінде талай қыршын жас ақын, жазушы «Құйрықты жұлдыздай» жалт етіп ағып өткені мәлім. Бірақ солардың ішінде қысқа өмірімен, өз халқы алдындағы перзенттік борышын ақтап кеткен сол асыл жастардың бірі-Саттар Ерубаев.
2-Жүргізуші: Біздің бүгінгі кештегі мақсатымыз Саттар Ерубаевтың өмірін бастан-аяқ баяндау емес, қазақ әдебиетін оқушыларға, әсіресе балаларға, оңың өмірін, адамшылық тұлғасын, ақындық талантының шеңберін дұрыс ұғындырып, ой салып, есте қалдырсақ демекпіз. Саттар өз шығармаларында «Мен Түркістанда, әлемге белгілі Қожа Ахмет Яссауидің түбінде тудым. Әкем де шешем де асқан ақын адамдар болған», - демекші ол он жасына дейін әкесі Асқар мен шешесі Бапаның тәрбиесінде болған. Ерлі-зайыпты екеуі де ақын, меймандос, сауыққой, бұл үйден қашанда өлең – жыр үзілмеген. Саттар оның көбін жаттап айтқан, ең алғашқы әріпті үйретіп, оқуға баулыған да өз әке-шешесі. Баласының зеректігі мен дарындылығын сезген ата-ана оны Түркістан қаласындағы Абай бастауыш мектебіне оқуға береді.
1-Жүргізуші: Саттар кітапты көп оқитын және тез оқитын.
Оқушы: «Ауылыма өлмеушілік мен әкеле жатыр ем,
Анау әне жәшіктегі кітаптарді оқып па ең?
Ол кітаптар көсемдердің еңбегі,
Ол еңбектер мәңгі жасау, өлшеушілік өрнегі.
13
Сол еңбеті өлмейтұғын, өшпейтұғын ағатай,
Мен ауылға алып келе жатыр едім шаршамай.
Жеткізбестен тап дұшпаны жол үстінде сұлатты,
Бірақ жауға мен бермедім өлмейтұғын кітапты.
Мен өлермін алтын күннің шығуына қарамай,
Ауылыма кітаптарды жеткізіп бер ағатай»-деп
Саттар Ерубаев өзінің «Мәнгілік өмір туралы жыр» атты өлеңінде жырлағандай, оның қазақ әдебиетінен оқымағаны қалмады. Айрықша баулап жүрген ешкімі болмаса да, жарып шыққан таланты оны дамыл таптырмаушы еді. Ол өлеңді 12-13 жасынан бастап жаза бастады. Сондағы өлеңдерінің аттары «Алақожа ата», «Жеті ата», «Шекшек ата», «Алақоржын», «Кірбазар» т.б. бұлар халықтың өмірін бейнелейтін өлеңдер болатын.
2-Жүргізуші: Саттар жеті жылдық біліммен орысшаны шалағана біліп, Ленинградтың орыс әдебиеті институтына түсіп, оны жиырмаға жетер-жетпесен бітіріп шықты, балалар байқадыңдарма «жиырмаға жетер-жетпестен», ол Ленинградтан қайтқаннаң кейін сұлу поэзияның жан тебірентерлік лириканың өкілі болуды көздеді.
Өлке!
Жиырма жылдың бойында,
Өсіп ем-ау қойнында,
Бірақ кетіп оқуға,
Жырлар жырлап бермеп ем,
Өзгерістер жайында, - деп жас
талант өзінің өлкесіне борыштар екенін сезіне, мойындай оралады. Өлеңдерінің тақырыбы сол кездегі Қазақстанның зор өзгерістері мен ұлы істерін жырлауға арналады. Ол «поэзияның зор қару» екендігін айта келіп:
«Өлеңменен өлкеме
Көметігімді бере алам, - деп қуанады»
1-Жүргізуші: Саттар Ерубаев ақындық әперген поэзиялық шығарма-баллада. Ал, ол кезде біздің қазақ әдебиетінде баллада жазу дәстүрі кенжелеу болатын. Осы баллада әдебиетімізге Саттар арқылы кірді. Баллада дегеніміз балалар, сюжетті лироэпикалық шағын көлемді шығарма, поэзияның бір саласы.
Ол «Өмір туралы рапорт», «Меруерт алқа», «Күзгі фрагмент», «Үш шахтер туралыбаллада» жазды. Енді балалар, ақынның «Үш шахтер туралы» балладасын тындайық.
1-оқушы: (шахтер):
Жер астында, жер бетінде атақты
Қарағанды жалғыз менің атымменен атапты.
10 минутте вагон көмір – қуанышты жөнелтем.
Шахты күтед қараңғыда: «Маған қашан келмек» деп
Гудок тағы айқайлайды жаса, жаса еңбек деп
2-оқушы: (2 шахтер):
Мені Отан отыз өлшеп, отыз сынап байқады.
Мен келгенде көп вагондар бәйге атындай жарысады,
Вагончиктер су боп терлеп ауыздықпен алысад,
Түскеннен соң ие болып атағына даланың,
Жеті қабат жер астының билігін қолға аламын.
Отан айтса: мынау жердің маған әпер тастарын,
Құс сойғандай қопарамын жеті қабат астарын,
Міне, шықтым Қарағанды қаласына аттап-ақ,
Атағыммен астанаға құстай ұшып барғанмын.
3-оқушы: (3 шахтер):
- Отанымның түкпірлері мені тегіс біледі.
Мен түскенде шахта астына сындырғандай ырғайды,
Мен түскенде сағат құсап жер өмірі тыңбайды,
Бүкіл елім құлақ түріп қимылымды тыңдайды,
Алпыс вагон, алты уысыма толмайды.
Әрбір күні мен шыққанда талқан қылып таудайды,
Жер бетінде әрбір күні көмір-қала орнайды,
Ақын тұрып еңбек жырын, мен туралы жырлайды.
Ұлы Отаным мен туралы күрес күйін толғайды.
Міне балалар, үш шахтердің еңбектерін Саттар осылай деп жырлаған. Өзінің аз ғана өмірінде 20 шақты поэзиялық шығармалырымен ақындық атаққа ие болған.
2-Жүргізуші: Саттар Ерубаев – саналы қысқа өмірін өте жемісті өткізген азамат. Абай аталарын айтқандай, дүниенің кетігін тауып, кірпіш боп қалануды көздеп, көп еңбек етіп, бір қатар публицистикалық шығармалар жазған нағыз журналист болған. Ол «Социалды Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиет», газеттерінің бетінде, «Ақындырға ашық хаттар», «Көркем өнер туралы хат», «Не айтар еді?» атты мақалалар жазды. Бұл шығармаларында поэзияны ойла да көркем ету, комедия жанрын тудыру, әсіресе жас жеткіншек балалар үшін шығармалар жазу мәселесін көтерді
1-Жүргізуші: Осы мақалаларының ішіндегі «Не айтар еді?» шығармасын балалардың орындауында тыңдап көрелік. (Театрлаған қойылым көрсетілетін жерді күні бұрын дайындап қою керек. Ол шағын бөлме ретінде, оның төр жағында 9 жасар қыз бала үлкен, қалың кітаптарды бірінен соң бірі алып ақтарады, әлденені іздейді, ал жанында үстелде жазу жазып әкесі отыр.)
Әкесі: Неге күрсіңдің, қалқам?
Қызы: Маған сүреті бар, қызық кітап керек.
Әкесі: Кітаптардың бар еді ғой.
Әкесі: Папау-ау, ескі кітаптарым жыртылып қалған, жаңа кітабім жоқ.
Әкесі: Әнеукүні «Қарағанды», «Дүз» деген кітаптар әкеліп беріп едім ғой.
Қызы: Олар қызық емес.
Әкесі: Енді қандай кітап керек? Ә ... әлгі... «Орақ», - сонсың «Малта»...
Қызы: Сондай кітап керек, Папа!
Әкесі: Қалқам, ондай кітап жазатын Асқар ағаң еді, соңғы кезде ол да балаларды ұмытып барады. Сабит, Мұхтар, Ғабит ағаларын балаларға арнап кітап жазған емес, әлде балалар туралы жазу ұсақ, өнімсіз дей ме екен?
Қызы: Папа-ау, оларға ешкім балаларға кітап жазбайсың деп ұрыспай ма?
Әкесі: Ұрсады, қалқам ертең жазушылардың үлкен жиналысы болады. Онда әркім өз ісіне есеп береді, сұрақтар қойылады. Сонда олар балалар әдебиеті туралы не дер екен, тындармын-ау.
Міне, балалар осындай сұрақтарынан Саттар Ерубаевтың қазақ әдебиетінің жетік білітіндігін, оның өзекті проблемалары мен даму бағдарын дұрыс аңғара алғандырын, әлі күнге дейін осы сұрақтардың өз мәнін жоғалтпағанын және оның білімі мол сыншы екендігін көреміз.
2-Жүргізуші: Саттар Ерубаев өрістеген ойды, қиялды, өмірді шынайы да қомақты көрсетуге мүмкіндік беретін прозаға ерекшк ден қойып, әдебиетіміздің алтын қазынасына өзінің бірнеше новеллалары мен атақты «Менің құрдастарым» романын қосты. Ол «Менің құрдастарымды» жазудан бұрын өзінің қаламын прозаның кіші түрлері арқылы ұштап алды. Оның «Өмір келбеті», «Төрт қыз» деген очерктерінде нақтылы өмір шындығының мәнді құбылыстары іріктелініп аланып тартымды суреттелген. Ал «Бақыт», «Өмір көркемдігі», «Мәңгілік өмір» новеллаларында жастарды өздеріңдей балаларды бақытты өмір сүру үшін күресу керектігін, Отанды суюге, адал еңбек етуге шақырады.
1-Жүргізуші: Өмір шындығы – көркем әдебиеттің негізі екенің жете түсінген Саттар Ерубаев, қиялдан күшті шындықты шынайы қалпында қомақты етіп суреттеу үшін романға ден қойды «Менің құрдастарым» - оның көлемді тұнғыш та ақырғы шығармасы. Романда Қарағандының өткендегісі мен бүгінгісі нақтылы суреттеліп, қаланып жатқан алып комбинат – шахта құрлыстары арқылы көркемділік нанымдылықпен, ал жарқын болашағы ұшқыр қиял арқылы баяндалады. Байырғы шахтерлер мен жастардың еңбегі шынайы қалпында әсерлі бейнеленген. Саттар Ерубаевтың сонау 30-жылдары қиялдағандарының бүгінгі Қарағандыда жүзеге асқанын көрген уақытта, оған біз балалар өзіміз куәміз, жазушының өршіл романтикасының творчестволық мүмкіндігін анық танығандай боламыз.
2-Жүргізуші: Сонымен, балалар Саттар Ерубаев көркем прозамен қатар адам жанын тебірентетін поэзияның да өкілі бола білді. Өз заманының көкейкесті мәселелерін жаза біліуде ол қазақ публицистерінің алдыңғы қатарында болды. Осылайша, аз өмірінде көп еңбек етіп, артына жастық жалынға, шығармашылық шабықта, өршіл романтиқаға толы еңбектерін тастап, қазақ әдебиетінің қасиеті төрінен жазушы ретінде өзіне тиісті орнын алды. Ия, балалар, сендер үшін Саттар Ерубаев өмірінен, оның еңбеккерлігінен, табандылығынан үлгі алу – үлкен парыз.
Саттар Ерубаев «Менің құрдастарым» романында көмір өндірісінің қайнаған өміріне терең үніліп, жас қазақ инженерлері мен жұмысшыларының өсу жолын, өмір шындығын, адамдар арасындағы адамгершілікті суреттеген. Бас кейіпкерлер Рақмет пен Лиза арқылы жаны таза, білімді, жігерлі жандардың бейнесін кейнгі ұрпаққа үлгі етіп ұсынады. Осы роман бойынша 9 сынып оқырмандарымен талдау ұйымдастыруға болады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?