Қазақ әдебиеті | Малдыбаев Жақыпбек

Қазақ әдебиеті | Малдыбаев Жақыпбек

Малдыбаев Жақыпбек (15.5.1907, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шеңгелді ауылы — 8.6.1938, Ташкент маңы) — тұңғыш қазақ ұшқышы. Ауыл мектебінде мұсылманша сауат ашып, алтын кендерінде, ауылдық кеңестерде әр түрлі қызмет атқарған. 1929 жылы әскер қатарына алынып, Түркістан ерекше атты әскер бригадасының 82-полкінде взвод командирінің көмекшісі болды. 1932 жылы наурыздан Біріккен Орта Азия әскери мектебінің кавалерия бөлімшесінде оқыды. 1933 жылы 1 қаңтарда ұшқыштар және ұшқыш бақылаушылар даярлайтын мектепті, онан соң әскери әуе күштері жанындағы арнайы әскери қызмет курсын бітірді. 1934 жылы 24 шілдеде Орта Азия әскери округінің Сталинабад қаласындағы 40-ерекше авиация отрядына аға ұшқыш-бақылаушы және фотоқызмет бастығы болып, 1937 ж. 19 маусымда ұшқыштар звеносы флагштурман қызметіне тағайындалды. Кейбір деректерге қарағанда Малдыбаев 1937 жылы 17 наурыз 1938 жылы 14 қаңтар аралығында Мәскеудегі әскери-әуе академиясының штурмандық бөлімінде оқыған. Хасан көлі маңындағы ұрысқа, Испаниядағы азамат соғысына қатысқан. Ұшақ апатынан қазаға ұшырады. Зайсан қаласында, Күршім, Марқакөл ауылдарында көше аттары, Шеңгелді ауылындағы мектеп Малдыбаев есімімен аталады


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі