Сапа менеджменті жүйесінің принциптері

Сапа менеджменті жүйесінің принциптері

Сапа жүйесі және оның менеджментін дамыту

Сапа ол күрделі ұғым, оған түрлі анықтамалар берілуі мүмкін. Сапа бойынша Еуропалық ұйымдардың (СЕҰ) анықтамасы бойынша ол тұтынушылардың өнім туралы сәйкестік деңгейіне қойылатын талаптары. ИСО 8402 «Сапаны басқару және қамтамасыз ету. Сөздік» стандарты бойынша тұрақталынған және көзделінетін тұтынуды қанағаттандыру мүмкіншілгіне жататын объектінің мінездемесінің жиынтығын сапа деп атайды.
Кез келген өндіріс орынның негізгі мақсаты сапалы өнім шығару. Уақыт өткен сайын бұл бағыт алға қарай жылжи береді және арта түседі. Себебі бұл ғылыми техникалық прогресстің дамуымен, өндіріс қуатының жоғарғы қарқынмен өсуімен, сонымен қатар дүние жүзілік сауданың өркендеуімен түсіндіріледі.
Ал қазіргі уақытта өндіріс орындары дамыған елдер өзінің өнімін дүние жүзілік саудаға өткізуге таласуда. Егер кімнің шығарған өнімі сапалы және құны да жақсы болса, сол өнімге қызығушылық туады. Кімде кімнің өнімі жо,ары сапалы және құны тиянақты болса, сол ұтады.
Сапа санқилы және көпкритериалды ұғым. Сапаның критериалдық күйіне тұтынушылық, эргономикалық, эстетикалық, қажеттілік (эксплуатация) көрсеткіштері жатады.
Әрбір өндірілген заттың критерийі түрлі болуы мүмкін. Мысалы, жарық көзінің лампасын қарастырсақ, оның ең керектң критерийі функционалдығы болып табылады, себебі лампа өте анық жарық беруі керек. Екіншіден, эксплуатациялық критерийі энергия көзін аз жұмсап, көп жарық беру. Эстетикалық критерийіне аса көп көңіл бөлемес да болады.
Өндірісте өнімнің сапасына аса көп көңіл бөлінеді. Оларлдың өлшемі ретінде сапа көрсеткіші маңызды рөл атқарады. Метрологияның сапаны өлшеуге арналған квалиметрия деп аталатын бөлімі бар. Өнімнің сапа көрсеткіштерінің негізгі мынадай түрлерін атауға болады:
1. өнімнің тағайындалу көрсеткіші – бұл өнімнің тағайындалу функциясы мен қолдану саласы;
2. сенімділік көрсеткіштері – бұл бас тартпай жұмыс істеу, ұзаққа шыдау және сақталыну;
3. шикізатты, материалды, энергияны және еңбек ресурстарын үнемді пайдалану көрсеткіштері;
4. эргономикалық көрсеткіштер «адам-өнім» жүйесін сипаттайды, адамның өндірістегі және тұрмыстағы гигиеналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттерін кешенді түрде есепке алу;
5. эстетикалық көрсеткіштер – форманың рационалдығы, композицияның бүтіндігі және жасалыну деңгейін көрсетеді;
6. технологиялық көрсеткіш - өнімнің қасиеті мен құрамын және құрылымын, өнімнің берілген сапасының қайта қалпына келуі мен пайдалануын сипаттайды;
7. тасымалдану көрсеткіші өнімнің кеңістікте орын ауыстыру қасиетін, тасымалдануын сипаттайды;
8. стандарттау және унификациялау көрсеткіші, демек өнімнің стандартты және унификациялы бөлшектермен қанығу дәрежесі;
9. патенттік құқықтық көрсеткіш техникалық шешімдердің жаңалануы, олардың патенттік қорғалуы және өнімді шет елдерге сату мүмкіндігін сипаттайды;
10. экологиялық көрсеткіш өнімнің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін сипаттайды;
11. қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді пайдалану кезіндегі қызмет көрсету қызметкерлеріне қауіпсіздігін сипаттайды;
12. интегралды сапа көрсеткіші өнімді пайдаланудағы қорытынды және қосынды тиімділік көрсеткіші.

Сонымен, сапа көпөлшемді шама болып табылады. Сапаға сандық баға беру үшін квалиметрия пәні пайдаланылады. Оның негізгі міндеттері бұл өнімнің сапасына керекті көрсеткігтер номенклатурасын анықтау, оның оптималдық шамасын, сонымен бірге сапа бағасының сандық түрінің әдістемесін даярлау, уақытқа байланысты сапаның өзгеру есебінің әдістемесін жасау.

Өнім сапасын басқару.
Кез келген басқарудың мәні басқару шешімдерін ойлап табып, оларды қолдануға негізделеді. Өнім сапасын басқару кезінде басқару объектілері болып өнімді жасаудың өндірістік және өндіріске дейінгі кезеңдерінде соынмен қатар өндірістен кейінгі кезеңдерінде жүргізілетін және ұйымдастырылатын өнім сапасына тәуелді болатын үрдістер болып табылады. Басқару шешімдерін шығару басқару бағдарламасымен тапсырылған басқарылатын үрдістің оның сипаттамаларымен\ біздің жағдайда өндірілетін, шығарылатын немесе тұтынылатын өнім сапасының сипаттамаларымен\ фактілік жағдайы туралы ақпараттарды салыстыруға негізделіп жүргізіледі.
Өнімнің сапа көрсеткіштері мен параметрлері мәнін регламенттейтін норматтивтік құжаттар \ әзірлеу үшін техникалық тапсырыстар, стандарттар, техникалық шарттар, сызбалар, жеткізу шарттары\. Әзірлеу үрдісі, өндіріс, өнімді эксплуатациялау немесе тұтыну талаптарын белгілейтін техникалық құжаттарды өнім сапасын басөару бағдарламасы ретінде қарастырған жөн. Басқару бағдарламасының талаптары сақталуына немесе осы талаптардың жіберілетін ауытқуларына байланысты басқарылатын әсерлер сәйкестігіне басқарылатын үрдістің жағдайының сақталуына немесе осы жағдайды түзетуге бағытталуы тиіс.
Сапа жүйесі
Сапа жүйесінің алты сатысы бар:
1. маркетинг
2. жобалау
3. өндіріс
4. айналым
5. тұтыну
6. утилизация

Бөлек сатылар этап пен үрдістерге бөлінеді. ИСО 9000-2000 халықаралық стандартында «Өнімнің өміршеңдік циклының типтік этаптары» деп аталады. Бұл моделді бұрын «Сапа ілгегі» деп атаған. Ол он екі этаптан тұрады:
1. маркетинг
2. жобалау және техникалық талаптарды құрастыру
3. материалды техникалық жабдықтау
4. өндіріс үрдістерін құрастыру және жабдықтау
5. өндіріс
6. сынақ жүргізуді бақылау
7. қораптау және сақтау
8. өнімді тарату және сату
9. эксплуатация мен монтаж
10. техникалық көмек және қызмет көрсету
11. сатудан кейінгі қызмет
12. пайдаланудан кейінгі утилизация

СЖ негізгі эементтері болып ресурстар, ұйымдастырушылық құрылым, әдістеме және үрдістер.
Қор әр өндірісті басқару үшін біріншіден персонал, екіншіден қаржы.
Әдістеме әр өндірісте өзінің әдістері болу керек. Үрдістерді қалай жүргізетінін көрсетеді.
Ұйымдастырушылық құрылым өндірістегі құықтар мен міндеттерді белгілеу, персоналды дайындау, өндірісті ұйымдастыру.
Үрдіс кіретін элементтерді (шикізат, материал) шығатын дайын өнімге келістіру.
Сапа жүйесінің барлық элементтерін үш топқа бөлуге болады.
1. жүйенің барлық элементтерін ұйымдастырушы өндіріс анықтайды және бекітеді:
 сапа саласындағы саясат;
 ұйымдастырушылық құрылым және жұмыспен ұйымдастырылу;
 СЖ бағалау;
 Оқыту.
2. Сатыларды анықтау үшін СЖ спецификалық элементтері
 келесімдерді тексеру;
 өнімнің өміршеңдік циклының түрлі сатыларында сапаны қамтамасыщдандыру (жобалау, материалды дайындау, өндіру, пайдалану);
3. Бірнеше фазаларды қамтитын СЖ элементтері. Жалпы фирмалық проблемаларға жататын (құжаттаманы бақылау, статистикалық әдістерді пайдалану, құжаттау)
Өнімге, қызметке өатысты сұрақтар сақтау, қораптау, тасымалдау, өткізу өлшеу құралдарын бақылау және жалпы бақылау. Өнімді ақаулы бірліктеріне көзқарасы сапаны бақылау.
ҚР СТ 9001-2001 стандартында сапа жүйесіне қойылатын талаптар «Сапа менеджмент жүйесі» құру үшін ұйымның стратегиялық шешімін қажет етеді. Осы үрдістерді енгізу үшін сапа жөніндегі жетекшілікті қарастырады. Басшылықтың жауаптылығы, міндеттері (СМЖ маңыздылығын қарастыру) сапа саласындағы саясатты әзірлеу, мақсаттарды қарастыру, басшылық тарапынан талдау жүргізу, қажетті ресуртармен қамтамасыз ету, тұтынушы қарай бейімделу.
Жауаптылық өкілеттік бұл жоғары басшылықты қамтамасыздандыру керек. Басшылық өкілдері СМ үрдістерін әзірлеу, енгізу және жұмыс қалпында ұстауды қамтамасыз ету. СМЖ қызметі жақсарту қажеті туралы жоғары басшылықтар есептеп ұсынады. Барлық ұйым бойынша тұтынушы талаптарын түсінуді таратуды қамтамасыз ету талап етіледі. Басшылық тарапынан талдау жоғарға басшылық жоспарланған аралық арқылы үнемді жарамдылығын, тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымның СМЖ талдау керек. Талдау үшін кіріс деректер (аудит нәтижелері, тұтынушының кері байланысы, өнім сәйкестігі үрдісі, қызмет, ескертетін және түзететін әрекеттер, алдыңғы талдаудан шығатын кейінгі әрекет, СЖне әсер ететін өзгерістер, жақсарту жөніндегі ұсыныс). Ұйымдарды ресурстармен қамтамасыз ету үшін жұмысты орындайтын сапасына әсер ететін қызметкерлер алынған білім, дайындық, әдет және тәжірибе негізінде болу керек.
Ұйым өнімнің талаптарына сәйкестігіне жеткізуге қажетті инфрақұрылымды анықтау, қамтамасыз ету және жұмыс қалпында ұстау керек (бұл ғимараттар, жұмыс орны, еңбек құралдары, өндіріс үрдістері үшін жабдықтар, қамтамасыз ету қызметкері).
Өнімнің өміршеңдік кезеңі мен үрдістерін жоспарлау СМЖ талаптармен сәйкестендірілуі керек. Өнімге қажетті верификация (растау) және валидтеу (бекіту), мониторинг, бақылау және сынау жөніндегі қажетті әрекеттерді, сондай ақ өнімді бақылаудың критерийлері. Тұтынушымен байланыс үрдістерді ұйым өнімге қатысты талаптарды талдау керек. Бұл талдау ұйымдармен тұтынушыға өнімді жеткізуді қабылдауға дейін жүргізу керек.

Өнімнің өміршеңдік кезеңдерін үрдістік жоспарлау. Бұл үшін СМЖ үрдістеріне талаптарлдың сәйкестендірілуі керек. Ұйым тиімді байланысты және жауаптылықты нақты таратуды қамтамасыз ету мақсатында жобалау және әзірлеумен айналысатын түрлі топтардың өзара әрекетін басқару керек.
Өнім сапасын басқару жүйесі
Өнім сапасын басқару жүйесі өнім сапасын басқару мақсаттарын қамтамасыз ету бойынша бір бірімен байланысты ұйымдық, техникалық экономикалық және әлеуметтік шаралар жиынтығын қарастыруы тиіс. Өнім сапасын басқару жүйесі адамдар ұжымын, техникалық құралдар, материалдық қаражаттарды және мәліметтерді қамтиды. Ғылыми зерттеу немесе жобалау конструкторлық ұйымдарды, өндірістік, жөндеулік және басқа да эксплуатациялық кәсіпорындар сұрақтарына жүйелі ықпал өнім сапасын басқару жүйесін кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың тәуелсіз бөлігін емес, бөлінбейтін бөлігі ретінде қарастыруды талап етеді. Сондықтан бөлек ұйым деңгейінде өнім сапасын басқару берілген өнім көлемін өндіруді басқарудан тәуелсіз жүргізілмейді.
Сапалы өнім алу үшін бірнеше түрлі міндеттерді орындау қажет:
- өнімнің жұмыс жобасы қазіргі замандағы ғылыми, техника және дизайнның ең соңғы талаптарына сәйкес келуі керек;
- өнімді өндіру технологиясы, қазіргі кездегі қолданылып жүрген материалдар мен сонымен қатар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдануды қарастыру;
- қазіргі кездегі жаңа технологиялық қондырғыларды пайдалану;
- жаңа қондырғылармен жұмыс істеу үшін қызметкерлерді оқыту;
Бұның бәрі объективті түрде сапалы өнім алу үшін керек. Бірақ бұл ұзақ және тұрақты, бәсекелестікке сәйкес сапалы өнім алуға жетіспейді. Бұған өндірістің субъективті факторлары зор әсерін тигізеді. Атап айтқанда, жұмыскерлерлің өз жұмыстарына көзқарасы, өндіріс орын басшыларының атқаратын міндеті, жұмысшылар арасындағы қарым қатынастар. Бұл объективті және субъективті факторлардың екеуі, оларлың өзара әсері, бір біріне байланыстылығы сапа жүйесін қамтамасыздандыруға себеп болады.
Сапа жүйесін дамыту жолында үлкен жұмыстар істелініп жатыр. Сапа жүйесін бір деңгейге келтіру үшін көптеген елдердің ғалымдары қызмет етіп келеді. Ең бірінші сапаны басқару негізі Тейлор жүйесі болып табылды. Бұл өндіріс үрдіснің бірнеше вариантты екенін көрсететін және оны бақылауға аса көңіл бөлетін ғылыми басқару концепциясы. Бұл жүйе сапаның жоғарғы және төменгі шектерін тексеру құралдарын енгізді, қате жасалынған өнімге айыппұл салу жүйесін енгізді, жұмыстың сапасын арттыру формасының әр түрін қолданды. Тейлор жүйесі жалпы басқару мен сапаны басқаруды біріктірді.
20 жылдардан бастап 80 жылдарға дейін жалпы басқару мен сапаны басқару алшақтай бастады. КСРО кезінде сапа жүйесін қамтамасыздандыру, өндірісте әкімшілік құқықтық жүйеде жүргізілді. Бұл жағдайда өндіріс орындары мемлекеттік илан бойынша бір біріне байланысты болды. Әр кәсіпорын өзіне берілген өзі жауап беретін тапсырманы ғана орындайды. Барлық кәсіпорын алдын ала көп жылға мемлекеттік жоспарды алып, оның сапасын арттыруға ешқандай көңіл бөлген жоқ. Өнімнің сапасы ең соңғы циклында техникалық нормаға сәйкестілігі тексеріледі.
Ескі сапаны бағалау жүйесінің ең негізгі қателіктері:
1. ревизорлық аппараттардың көптігін керек ету. Ревизорлар тексеріс кезінде өндіріс орнында істейтін қызметкерлердің жұмысына кері әсер етеді;
2. Қайтарымды байланыс нашар. Қызметкерлер жіберген қателікті жоюға түсінікпен қарайды. Кей жағдайда жіберілген қателікке өзінің де үлесі барын біліп, жоғары тұрған бастықтардан сескенеді де оны юасырып құтылуға тырысады;
3. Капиталды қаржылардың өте төмен болуы. Осындай керксіз жағдайлар экономикасы жоғары дамыған кейбір мемлекетерде де кездеседі. 1980 жылдан бастап басқарудың ғылыми техникалық әдістемелік менеджментін пайдаланылатын сапаны басқару жүйесі пайда бола бастады. Жалпы менеджмен пен сапа менеджменті бір біріне кездесіп тарихи қозғалыс басталды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?