👈 қаріп өлшемі 👉

СҰЛЫ

СҰЛЫ

СҰЛЫ
Халық шаруашылығындағы маңызы. Сұлы - тағамдық және малазықтық мақсатта қолданылады. Оның дәнін жарма, геркулес, талқан, галет (қатырма нан), кофе суррагатын өндіруге пайдаланады. Бұл өнімдер жақсы сіңімділігінің арқасында диеталық және балалар тағамы ретінде маңызы зор. Сұлы жармасы - ақуызында адам ағзасы үшін қажетті амин қыш-қылдары (аргинин, гистадин, лизин және триптофан) көптігімен ерекшеленеді. Сұлы дәні сонымен қатар В, дәруменіне (тиамин) жөне темір, калыдий, фосфор қосылыстарына бай.
Сұлы дәні жылқы мен басқа да жануарлар төлі үшін таптырмайтын концентратты малазық. Ол барлық ққрама жем түрлерінің құрамдас бөлігі. 100 кг сұлы 100 малазықтық бірлікке сәйкес. Сұлының сабаны мен топанының малазықтық құндылығы, басқа дәнді дақылдардікінен әлдеқайда жоғары. Өсірілетін аудандары мен жағдайларға байланысты дақылдың көк балаусасында 22-26 % қүрғақ зат; 2,7-3,8 - протеин; 0,7-0,9 - май; 5,5-7,1 - жасунық; 11,6-11,7 - АЭЗ; 1,4-2,3 % күл, 40-45 мг/кг каротин болса, сүрлемінде олар сәйкес - 26,2; 2; 1,8; 7,1; 13,1; 1,9; 12. Дәнінің 100кг құрғақ затында плазмала азықтық өлшем, 8,9 кг қорытылатын протеин; шөбінде олар сәйкес 73 және 6,9; сүрлемінде - 67 және 3,3-3,7 болады.
Біржылдық бұршақ дақылдаримен (сиыржоңышқа, асбұршақ, ноғатық) араластырылып егілген сұлыны пішен, көказық және сүрлем ретінде жиі пайдаланады. Бұршақпен араластырып еккен сұлы егісі екпе сүрі жер орнына пайдаланылады. Бидайдың тамыр шірігі ауруы болатын аудандарда, сұлы сауықтырушы дақыл болып есептелінеді.
Сұлы ескі дақылдар қатарынажатады. Ертеректе ол бидай мен арпаның ластауышы ретінде олардың егісінде кездесетін. Бидай мен арпаның өсірілетін аумақтары солтүстікке жоне тауға қарай жылжыған сайын, сұлы олардан төзімдірек болуынан бидай мен арпаны ығыстырып мәдени дақыл болып енді. Еуропада сұлы б.э.д. 1,5-1,7 мың жыл бүрын белгілі. Ресейдің территориясында 7 ғасырдан өсіріледі.
Сұлының өнімділігі гектарына: көк балауса 120-200 ц, бұршақтармен қоспасы -180-250, кейдеЗОО цдейін. Пішен өнімі 40 ц төңірегінде. Дән өнімі орташа 20-25 ц.
Ботаникалық сипаттамасы. Сұлы туысының сыпыртқы гүлі шашыңқы немесе сығылған. Масақшалары екі-үш немесе көпгүлді. Масақша қабықтары жарғақты, жалпақ, әдетте гүл қабықшаларынан ұзындау, немесе олармен бірдей. Қылтықты формалары қылтықтарының көп бөлігі тізелей бүгілген және төменгі тізеде бүралған, олар жоғарғы жақтан емес, гүл қабығының арқасынан шығып кеткен. Сұлы дәнегінің сырты жүмсақ түктермен көмкерілген.
Сұлының түрлері көп (70 түрі бар). Олардың көпжылдық және біржылдықтары, мәдени және жабайылары да бар. Біздің елімізде оның екі түрі өсіріледі: егістік сұлы

В и з а н т и я л ық сұлының екінші дәнінің білекшесі төменінен, немесе ортасынан сынады және жоғарысында бір бөлігі, төменгі дәнде бір бөлігі қалады. Төменгі дәннің бөлінген жері жеңіл кесілген.
Қ ұ м д ы қ сұлының екі алдыңғы түрлерден сыртқы гүл қабықтың ұшында ұзын қылтнқтәрізді есіндісімен
ажыратылады; масақшада төменгі гүл аяғымен отырады; масақшалар екі қатты тізедей бүгілген қылтықтарымен. Бұл сұлы жеңіл құмды топырақтарда өсуге қабілетті, оның құмдық аталуы да сондықтан. Елімізде арам шөп ретінде кездеседі.
Бұлардан басқа, астықдақылдары мен басқаегістік дақылдары егісін ластайтын жабайы сұлылар - қарасұлылар да таралған.
Кәдімгі қарасұлы көбіне бұрынғы КСРО-ның солтүстік аймақтарында кездесетін болғандықтан - солтүстіктік, ал Людовициана қарасұлысы оның оңтүстігінде ұшырасатындықтан оңтүстіктік деп аталады.
Жабайы сұлылар (қарасұлылар) мәденилерден дәнек түбірінде ерекше бөлік - тағашықтар болатындығымен ажыратылады. Мәдени сұлыларда ондай тағашықтар жоқ. Тағашықтар қарасұлы түқымының тіпті көк жағдайда болғанында да тез шашылуына ықпал етеді. Кәдімгі қарасұлыда тағашық масақшадағы әр дәнде, ал оңтүстіктік қарасұлыда - тек қана төменгі дәнде ғана болады. Қарасұлының гүл қабығы қалың түктермен көмкерілген, онда ылғалдылыққа байланысты бұратылатын және ширатылатын қатты жетілген қылтьтқ болады. Қылтық дәннің жерге тереңге өнуіне себепкер.
Сұлының түршелері. Кәдімгі егістік сұлы қауызды және жалаңаш дәнді формаларға бөлінеді. Негізгі егістік жерлерде қабықты сұлылар орналасқан, ал жалаңаш дәнділер өнімі төмен болғандықтан аз таралған. Сұлының жалаңаш дәнді формаларының масақшалары ірі, көпгүлді (бес және одан да көп гүлдер ); гүл және масақша қабықтары жарғақты (жұмсақ),ал қауызды сұлыларда гүл қабықтары өте қатты,терілі. Бқл сұлының дөні бастырғанда гүл қабықтарынан тез ажырайды. Жалаңаш дәнді сұлылар қауыздыға қарағанда ылғалға көп талап қояды.
Кәдімгі сұлы сыпыртқы гүлінің құрылысы бойынша тармақты және с ы ғ ы лған, немесе б і р ж а л д ы болып ажыратылады
Өндірісте көп таралғаны бұтақтары жан-жағына қарай тармақталған сыпыртқы гүлді сұлы. Біржалды сұлылардың сыпыртқы гүлі біржақты, бұтақтары қысқарған және білікке жабысыңқыраған.
Сыпыртқыгүл типіне, гүлқабығының (дәннің) түсіне және қылтықтарының болу-болмауына байланысты сұлы түршелерге бөлінеді.
Өндірісте ең көп таралған қауызды сұлының түршелері 7-кестеде келтірілген.
Арпаның мүлдем қылтықсыз формалары жоқ. Тек шартты түрде сыпыртқыгүлінде 25 % көп емес қылтықты масақшалар болатын сұлыны қылтықсыз түршелерге жатқызады.
Әдетте, бір сорттың езінің ылғалды жылдары, сондай-ақ жоғары агротехникада қылтықтылығы жогары емес болатын болса, құрғақ жылдары және нашар агротехникада олар өте көбейеді.
Ақ дәнді сұлы көп таралған.
Сары дәнді сұлының дәні қауызының пайызы төмен, салыстырмалы ұсақ болып келеді. Ол көбіне май мен дәру-мендерге бай, ақ дәнділерден гөрі құрғақшылыққа өте төзімді.
Сүр дәнді сұлылар көбіне қыстайтындар, олар Еуропаның оңтүстігінде өсіріледі; ТМД елдері бойынша - Қырымның тау етектерінде кездеседі.
Қоңыр сұлылар Ресейдің қаратопырақсыз жолағының кептірілген батпақтарында өседі.
Сұлының біржалды түршелері салыстырмалы кешпісетіндігі және тозаңды қаракүйеге төзімділігімен сипатталады. Олар біркелкі піседі және төгіліп шашылудан аз зардап шегеді.
Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Сұлы жылуды аз қажет етеді. Оның дәні 2°С температурада өне бастайды. Көгі пайда болу үшін қолайлы температура 6-12°С. Өскіндер 6-8°С дейінгі қысқа мерзімді үсікті көтереді. Сүттеніп пісу фазасындағы сұлы дәніне 0°С-тан төменгі 4-5°С температураға дейінгі үсік қауіпті емес.
Жоғары температуралар мен жаздағы ауа құрғақшылығын сұлы жаздық бидай мен арпағақарағанда нашар көтереді. Ол әсіресе ыстық ұрудан көп зардап шегеді. 38-40°С ыстықта 4-5 сағаттан соң жапырақ устьицаларының семуі басталады.
Сұлы жаздық бидай мен арпаға қарағанда ылғал сүйгіштеу. Оның транспирациялық коэффициенті 475-509. Вегетацияның барлық кезеңінде суды қажет етуі жоғары, ылғалды ең көп сіңіруі сабақтанудан бас шығаруға дейінгі аралық. Бұл кезеңде ылғал жетіспесе өнім күрт түсіп кетеді.
Сұлы басқа жаздық дақылдарға қарағанда топырақтың артық ылғалдануын жеңіл көтереді. Солтүстік аудандарда сұлы өнімі үшін жаздың бірінші жартысындағы жаңбыр өте пайдалы. Өте кеш болатын жаңбырдан қосымша жанама өркендер пайда болып вегетацияны ұзартады, сондықтан бүл жағдайда сұлы аяз басталғанға дейін пісіп үлгермейді.
Сұлының тамыр жүйесі жақсы жетілгендіктен жоне оның мықты сіңіру қабілетіне байланысты, бидай мен арпаға қарағанда топырақ қаталапты аз қояды. Құм және сортандау топырақтардан басқа барлық топырақтарда өседі, сондай-ақ басқа дақылдарға қарағанда қышқыл топырақтарды (рН 5,5-6) жеңіл көтереді. Сұлы тыңайтқыштар мен әктеуді қажет етуімен де ерекшеленеді.
Сұлы арпаға қарағанда нашарлау түптейді. Гүлдеуі мен сыпыртқыгүл донінің пісуі бірте-бірте жоғарыдан төмеь қарай. Гүл шоғырындағы алғашқы қүралған дөндер өте ірі және салмақты, егістік сапасы өте жоғары. Сұлының вегетациялық кезеңдері 100-120 күн. Ол арпадан кеш піседі.
Елімізде өсірілетін сұлы дақылының (2007 жыл бойынша; 9 азық-түліктік және малазықтық - Мирный, Синельниковс-кий 14, Скакун, Казахстанский 70, Льговский 82, Иргыш 15, Бітік, Памяти Богачкова және Қүлагер сорттары бар. Соцғы екі сорт 2006-2007 жылдары аудандастырылды.

Егістік сұлының шашағы
Сұлы турлерінің негізгі айырмашьшық белгшері мыналар. Дәннің негізінде "тағаның" барлығы, сыртқы гүл кабықшасының ұшындағы ерекшеліктер, піскенде дәндердің ажырау сипаты.
Сұлы сорттарына сипаттама
Сұлы сортгарын ажыратудың маңызды морфологиялық белгілеріне — дән пішіні жатады да, төрт непзп типтерге бөлінеді
1 Москва
2 Харьков
3 Инелі
4 Ұзын қауызды....

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» “12 жастағылар үйленді”: Елдің қызу талқысына түскен ерекше ерлі-зайыптылардың кім екені белгілі болды 20.01.2022
» Тұңғыш президент – Елбасы туралы заңға өзгеріс енгізіледі 20.01.2022
» "Қазақстан халқына" қорынан қалай көмек алуға болады? Болат Жәмішев жауап береді 20.01.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы