Су мен адам арасындағы байланыс

Су мен адам арасындағы байланыс

Суға түскен органикалық заттардың ыдырауы ең алдымен аэробтық (оттекпен тыныс алатын) микроорганизмдердің қатысуымен жүреді. Бұл ретте көбінесе зиянсыз қарапайым заттар түзіледі. Әрине бұл процесс органикалық қоспалар белгілі мөлшерде түскенде ғана қалыпты жүретіні белгілі.
Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өте көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бұл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкірт және фосфор улы қосындылары пайда болып, су саси бастайды. Оттектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына , онан кейін су өсімдіктердің көбеюіне әкеп соғады. Сөйтіп , бұл тіршілік ортада су біртіндеп таязданады.
Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептеледі. Ал, оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту өте қиын және қымбатқа түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір заттардан толықтай тазартады деп айту қиын.
Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суды сүзу қондырмаларына , химия, қағаз жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша өңдеуден өтіп, өнеркәсіпке пайдаланылады да, артынан оған тағы да бірнеше улы заттар (жаңа технология негізінде) қосылып, өзенге жіберіледі.
Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен мәселе. Оның зардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан да қазірде барлық елдерде суды тазарту мәселесі бірінші орында тұр. Ал, қазақ жеріндегі суларды тазарту үлкен мәселе.
Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз сулары да қатты ластануда : негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге түсетін заттардың көлемінен теңіздердің көлемі әлде неше есе артық, онда жүретін физикалық және биохимиялық процестердің нәтижесінде бұл заттар тез арада зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңіз аймақтарының, әсіресе, құрлық жағалауларының қайта ластануы үлкен зиян келтіретіні белгілі.
Мысалы, Солтүстік Америка мен Еуропаның әйгілі жаға жайлары жағалауға жақын орналасқан қалалардың қоқсықтармен ластанатыны белгілі болды.
Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда құйылады, әсіресе, ірі танкерлердің күйреуі аса қауіпті. Бұл уақытта суға 200-300 мың тоннадай мұнай өнімдерді теңіз суларына ақтарылып, орасан зор алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден қауіпті.
Мұнай қалдықтардан әсіресе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен ластанған суға құстар қонғанда, олардың қауырсындары майланып, жылу ұстайтын және су жұқтырмайтын қасиетін жоғалтады. Осының нәтижесінде тері астына қан ұийды да өліп қалады. Судың мұнай мен ластануынан жылына қаншама құстар қырылатынын есептеп шығу мүмкін емес. Себебі олардың көбі ашық теңіздердің үстінде қырылып қалады. Мұның қаншалықты қауіпті екенін мынадан көруге болады.Мысалы, 1996 жылы Ньюфаулендте әрбір миль жағалауда 464 каир өліктері табылған. Егер бұл санға осы себептен өлген тағы басқа он бір түрлі құстардың өліктерін қоса есептесе, бұл сан бірнеше есе өскен болар еді. Осындай жағдай Атлантика мұхитының екі жағалауында жиі кездеседі, себебі оны көптеген құстар қыста қоныс етеді. Теңіз суының мұнай қалдықтарымен ластануы суда өмір сүретін сүтқоректілерге де үлкен әсер етеді. Әсіресе, бұл теңіз камшатының өміріне тікелей қатынасты. Бұл аңның терісі дүние жүзінде жоғары бағаланады. Біздің қазақ жеріне бұл аң көп мөлшерде кездеседі. Бірақ оны қалай болса, солай аулауға тиым салынған.
Су бетін үлпек жұқа көбікшемен жабатын мұнай қалдықтары микроорганизмдер мен кішірек жәндіктердің де тіршілік негізін күрт өзгертіп жібереді. Олар түгелдей қырылып қалады.
Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті. Мысалы, асқа пайдаланылатын устрица және моллюскалар денелерінде рак ауруын туғызатын бензприн сияқты улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ. Бірақ, жорамал ретінде оның моллюскалардың денесіне бензприннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін.
Мұнай қалдықтарының зиянды әрекеттерін болдырмайтын қандай шаралар бар? 1954 жылы Лондонда кемелерді жуған суды шектелген жерден тыс төгуге тиым салған халықаралық келісім шарт жасады.



ДЕНЕНІ СУЫҚ СУМЕН ШЫНЫҚТЫРУ


Табиғаттағы суық сумен дене шынықтыру ежелден келе жатқан әдістердің бірі. Суық суды бірнеше зорлық пен зомбылыққа пайдаланғаны туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Орыс патшасы Иван Грозный Еділ өзенінің бойындағы татарларды Еділдің мұздай суына шомылдырып христиан дініне бағындырған деседі.
Денені сумен шынықтырудың жодары өте көп (сүртіну, шомылу, суға түсу, қыста суға түсу, морждану, душ, монша,
П.К. Ивановтың “Қарғаш” сауықтыру жүиесі). Мұздай суға түсу осы шараның қағидаларын ескереді. Практикалық ұсынылымдар мен сілтемелерді бұлжытпай қатаң түрде орындау керек. Егер олар дұрыс орындалса онда ағзадағы өзгерістер қалыпты мөлшерде өтеді. Сондай ақ, өкпенің тіршілік ету аймағы кеңейеді, шеттік қандағы эритроциттер мен лейкоцидтердің саныменсапасы артады. Жүрек бұлшық еттің қабілеті жақсарады. Бір минут ішінде жүрек арқылы өтетін қан мөлшері көбейеді. Қыс айларында суық суға түсу адамның психикалық қызметіне де үлкен психикалық әсерін тигізеді, осының нәтижесінде адамның ақылы өседі. Еске сақтау үрдісі қыйсапсыз көп мөлшерде артады. Адамның көңіл күйі арта түседі.

“Таза ауыз су” проблемасы

Адамның денсаулығы судың тазалығы мен оның санитарлық жағдайларды жақсартудағы ролімен тікелей байланысты. Адам санының өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде. Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. адам канализациясы бар жағдайға қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. адам, оның ішінде 2-3 млн. балалар жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде.
Қаладағы су құбырларынан басқа сулар табиғи ресурстарға жатады және қоғамдық меншіліктілікке қарайды.Су ресурстарының қолдану, оны ары қарай дамыту мен оны қолдануға контроль жасау тек ұлттық мүдде тұрғысынан ғана емес, халықаралық бірлесіп дамытуды талап етеді. Жер бетіндегі таза судың қоры жеткілікті көргенмен, әлемнің көп аймақтарындағы халық өте аз мөлшерде ғана таза суды қолданып отыр. Әлемдегі барлық өзендердің, сулардың көлемі 42600 км³, ол бұл 1995жылы есептеулер бойынша адам басына шаққанда 7600 м³ келеді. Бірақ та адам санының өсуіне байланысты бұл шама жыл сайын өзгеруде. Мысалы,1970 жылы бұл шама 12900 болса, 2005 жылы ол 5200м³-ге дейін төмендеуі мүмкін.
Жыл сайын әр түлі өнімдермен ластанған және арнайы тазартусыз пайдалануға келмейтін су объектілерінің саны көбейіп келеді.Көп жағдайда табиғи су объектілерінің алынған судың тек бір бөлігі ғана қайтадан су экожүйесіне қайтып оралады, ал көп бөлігі далаға кетеді және буланып ұшып кетеді. Таза судың өте көп қолданушылар қатарына ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өндіріс орындары жатады.
БҰҰ деректері бойынша елдің суға деген сұранысы су қорының 40% құрайтын болса, ол жағдайда бұл елде су проблемасы пайда болады. Бұл жағдайда су проблемасы осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факорлардың біріне айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып пайдалану өсіп барады. Бұл адамзаттың өмірге өте қажетті ресурсының азаюына әкелуде. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м³ таза судан айырылуда.Судың бұндай үлкен көлемі оныңайналымы кезінде орынына келмейді. Араб елдері регионында жер асты суларын қорғау мақсатында мемлекет аралық ұйым құрылды. Таза суға деген жетіспеушіліктің өсуін тоқтату үшін суды дұрыс қолдану білу технологиясын күшейтіп, заң тұрғысында шаралар қолдануы керек. Индияда, Израйлде, Испанияда, Иорданияда және АҚШтың кейбір аударында фермерлерге тамшылы түрде суаруға көшуді ұсынуда. Бұл әдіс өсімдіктердің тамырларына ылғалды тікелей апаруға негізделген. Таза суға жетіспеушіліктің пен оны ұқыпты түрде қолдану мәселелері бұрыннан бері адамзатты ойландыруда, себебі бұл факторлар сол елдің тұрақты дамуына, халқының денсаулығында және тұрмыстық жағдайының деңгейінде өнеркәсіп пен тамақ өндіруде маңызды роль атқарады. Болашақта бұл жағдай қиындауы мүмкін. ХХІ ғасырдың ортасына қарай жердің негізгі стратегиялық ресурсы мұнай емес, таза су болуы, ғажап емес. Деректер бойынша 2005 жылы әлемнің 50 шақты елінде тұратын 3 млрд. халық ауыз су тамшылығына зар болады. Бұл жағдай суға байланысты экологиялық және қоғамдық шиеленістерді қйындатады. Қазірдің өзінде Африка мен Таяу шығыс елдеріндегі ауыз судың жетіспеушілігі кедейлік пен артта қалғандықты, политикалық тұрақсыздықты әкеліп отыр. Азия өңірінде халық санының жылдам өсуі ауыршаруашылығына, өндіріске және күнделікті тұрмысқа деген суға сұранысты тез көбейтеді деп болжамдануда.
Алдағы уақытта Ресей мен Қазақстан Қытай мемлекетінің су саясатының әсерін сезінуі мүмкін. 1999 жылдан бастап Қытайда Ертіс өзенінің жоғарға ағынын басқа жаққа бұру басталды. Қазірдің өзінде бұл өзенінің ластануы күшейіп, өзендегі су көлемі азаяып келеді. Жеке елді аймақты таза сумен қамтамасыз ету проблемалары тек сол елге ғана қиындық әкелмей бүкіл әлемдік дағдарысқа үлес қосады. Сондықтан да бұндай дағдарыстың жағдайларды шешу бүкіл әлемд бірлесіп іс-әрекет жасауды талап етеді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!