Модельдеу «Жүйке ұлпасын зерттеу». Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты – жөні.........................................................................сыныбы.............күні......................
Сабақ тақырыбы: Модельдеу «Жүйке ұлпасын зерттеу»
Оқыту мақсаты: 9.1.7.2 – Жүйке ұлпасының және оның құрылымдық бөліктерінің қызметтерін талдау
Сабақтың мақсаттары:
•Жүйке ұлпасының құрылым бөліктерін сипаттау
/модельдеу/
•нейрондар және нейроглиалды жасушалардың айырмашылықтарын сипаттау
Бағалау критерийлері:
- Модельдеу арқылы жүйке ұлпасының құрылымдық компоненттерін атайды
- Жүйке ұлпасының құрылымдық компоненттері мен қызметі арасындағы байланысты түсіндіреді
- Жүйке ұлпасының микроскопиялық құрылысын анықтап, жүйке жасушаларын ажыратады
- Аялдама. Суреттер мен ақпараттар /кітапхана/
Берілген жүйке ұлпасының суреттері мен әр түрлі мәліметтерді қолданып, жүйке ұлпасын құрайтын бөлімдерді зерттеңіз. Әр қайсыңыз жеке постер немесе төменде берілген сызбаны зерттеңіз, жүйке нейрон мен глиалды жасушалардың сызбасынан жасушалардың аттарын және олардың қызметтерін төмендегі дайын сызбаға түсіріңіз.
Жұмыстарыңыз дайын болғанда топтың ішінде өз жұмыстарыңызды бір-бірлеріңізге қорғаңыздар. Стикерлермен арнаулы критерийлерді пайдаланып, бағалау жұмысын орындаңыздар
Бағалау критерийлері:
- Жүйке ұлпасынының барлық бөліктері көрсетіліп, жазылған
- Сызба анық, нақты
- Сызбадағы барлық жасушалардың қызметтері сипатталған
2 Аялдама. Жүйке ұлпасының микроскопиялық құрылысын зерттеу. /зертхана/
Дайын микропрепараттан жүйке ұлпасын құрайтын жүйке жасушасы-нейрон мен глиалды жасушаларды тауып, суретін салыңыз
Бағалау критерийлері:
- Нейронды анықтап, бір нейронның құрылысын дұрыс салады, құрылыс бөлімдерінің атауларын жазады
- Нейроглиалды жасушаның кем дегенде біреуін анықтайды, атауын жазады
3 станция Жеке жұмыс жасау «Салыстыру станциясы» Нейрон мен нейроглиалды жасушаның бір түрін салыстырыңыз:
Жүйке ұлпасы жасушалары | Айырмашылықтар(құрамы, орналасуы, қызметі ) | Ұқсастықтар |
Бағалау критерийлері:
1.Кез келген екі жүйке ұлпасының жасушаларын салыстырады
2. Бірінен құрамы, орналасу және атқаратын қызметтері бойынша ерекшелігін анықтайды.
3. Бір-бірімен ұқсастықтарын талдайды
Қосымша тапсырма:
Жүйке ұлпасының құрам бөліктері мен ерекшеліктерін сәйкестендіріңіз:
Жүйке ұлпасының құрам бөліктері | Ерекшеліктері |
1. Нейрон 2. Нейроглия | А. Олардың саны көп В. Олардың өсінділеріне байланысты: униполярлы, псевдоуниполярлы, биополярлы, мултиполярлы болып бөлінеді. С. Механикалық қызмет атқарады, яғни тірек болады. Е. Жүйке жасушаларының құрылымдық, қызметтік бірлігі. F. Олардың пішіндері құрылымы әр түрлі болып келеді. G. Қызметі: жүйке импульстерін өрбіту, ақпаратты қабылдау, өңдеу сақтау, және өткізу. L. Ұзын және қысқа өсіндісі бар бар. M. Нейрондарды барлық жағынан қоршап жатады. N. Жүйке жасушаларында электрлік оқшаулауды қамтамасыз етеді. J Кальций және калий иондарының балансын реттейді Q Фагоцитозға қабілетті |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру