Модельдеу «Жүйке ұлпасын зерттеу». Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Жүйке ұлпасы
Жүйке ұлпасы екі жасуша типтерінен тұрады: жүйке жасушалары – нейрондар, және қосымша жасушалар - нейроглиялар
Нейрондардың негізігі ерекшеліктері – жоғарғы қозғыштық және өткізгіштік. Олар ішкі ортадан және сыртқы сигналдарды алып,мүшелердің жұмысын басқару үшін, оларды өңдеп өткізеді.
Жүйке ұлпасы - шығу тегі бойынша эктодермадан пайда болған ерекше жасушалар
1) Нейрондар бөлінбейді
2) Олар қозуға және жүйке импульстерін беруге қабілетті
3) Басқа жасушалармен тұрақты байланыс түзеді
4) Ганглиялар тобын, ақ және сұр затты, жүйке талшықтарын түзеді.
Нейрон әр түрлі күйде бола алады. Тыныштық және белсенділік күйде
Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген.
Нейроглия нейронды қоршап, қоректік, қорғаныштық, тірек қызметін атқарады және
нейрондардағы зат алмасуға қатысады. Нейроглияны нейроның "серік жасушалары "деп атайды . Нейроглия —жүйке ұлпасының көмекші және маңызды бөлігі
Нейроглия жасушаларын глиоциттер деп атайды. Нейроглияның жасушалары
жүйке импульстарын өткізбейді, бірақ олар жүйке ұлпасында тіректік,
трофикалық,қорғаныс және изоляциялық функциялар атқарады. Нейроглия:
микроглия және макроглия деп 2 ге бөлінеді. Макроглияға: олигодендроциттер,
астроциттер, эпендимоциттер жатады.
Астроциттер:
- Нейрондарға қоректік заттарды жеткізеді
- Артық нейротрансмиттерларды жояды
- Кальций және калий иондарының балансын реттеу
- Мидың дамуында нейрондардың қозғалуына көмектеседі
- Қантамырларын қоршап оларды нейрондармен байланыстырады
- Нейрондарда тірек қызметін атқарады, жүйке талшығын қорғап, оқшуалап тұрады.
- Нейрондардағы метоболизмге қатысады
Олигодендроциттер: кішкентай жасушалар, (6-8 мкм) ядросы хроматинге бай, миелин түзетін өсінділері болады.Оны лемоциттер ,нейролемоциттер немесе Шванн жасушалары деп атайды
Эпендимоциттер
- Жұлын мен мидың ми қарыншаларының ішін астарлайды
- Жұлын сұйықтығына пішін береді
- Жұлын-ми сұйықтығының айналымына жауап береді
- Эпиндема атты жұқа мембрана түзеді
- Микроглиялар- ең кіші глия жасушалары. Олар ми қабатының құрылымынан түзіледі. шамамен 5% бас миы мен жұлынның ақ заттында және 18% сұр затында болады.бұлар кішкентай созылыңқы жасушалар. Кейбір микроглия жасушалары қылтамырлармен байланысып иммуноглобулиндер түзеді. Бас миы мен жұлын ұлпасын құрайды.Нейрон мен орталық жүйке жүйесін қалдықтардан тазартады Микроглиялар фагоцитозға қабілетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру