Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

6.3.1.1 координаталық жазықтық ұғымын меңгеру;

6.3.1.2 тік бұрышты координаталар жүйесін салу;

6.3.1.3 реттелген сандар жұбы тікбұрышты координаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбының сәйкес болатынын түсіну;

6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу;

6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Амандасу.

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру (бір – біріне жылы лебіздер айту).

Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Музыка қосып оқушыларды ортаға биге шақырыңыз. Музыканы тоқтатып екеуден бірігіңдер, қайтадан билетіп үшеуден бірігіңдер, қайталап қосып төртеуден бірігіңдер деп, осылайша төрт оқушыдан шағын топтарға біріктіріңіз.

Бүгін «Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі» тақырыбының соңғы сағаты, осы сабақты «Математикалық пойыз» ойыны түрінде жүргізуді ұсыныңыз.

Аялдамалар: А-Теория; В-Салу; С-Есептеу; D-Тексеру; Е-Ойлану.

Әр топ өзінің көшбасшысын тағайындайды, көшбасшы өзінің реттік номерін алады, сол реттік номерлер бойынша аялдамаларға келіп, тоқтау уақытында үлгеріп берілген тапсырмаларды орындайды. Мұғалім уақытты әр аялдама сайын белгілеп, көрсетіп отырады.

А-Теория

1. Координаталық жазықтық теориялық түсінік беріңіз.

2. Координаталық жазықтықта барлық координаталары тек қана теріс мәнді болатын ширекті үш нүктені мысалмен көрсетіңіз.

3. Координаталық жазықтықта барлық координаталары тек қана оң мәнді болатын ширекті үш нүктені мысалмен көрсетіңіз.

В-Салу

  • (0; 0), (- 1; 1), (- 3; 1), (- 2; 3), (- 3; 3), (- 4; 6), (0; 8), (2; 5), (2; 11), (6; 10), (3; 9), (4; 5), (3; 0), (2; 0),

(1; - 7), (3; - 8), (0; - 8), (0; 0); Көзі: (3; 10).

Берілген нүктелерді координаталық жазықтықта белгілеп, шыққан суретке түсінік беріңіз..

С-Есептеу

1. ABCD тік төртбұрышының А(-2;-2);

B(-2;2); C(4;2) төбелері бойынша D-нің координаталарын анықтаңдар. Берілген тік төртбұрыштың периметрін есептеп табыңдар. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.

2. Төбелері А(4;-1), B(-2;0), C(0;-5) нүктелерінде орналасқан үшбұрышты салыңыз.

3. Координаталық жазықтықта MN кесіндісін сызып, оның ординаталар осімен қиылысу нүктесінің координаталарын жазыңдар: M(-2;2); N(1;-4).

D-Тексеру

1. Координаттық жазықтықта P(-5;3), M(6;-4), C(2;3), K(-5;-1) нүктелерін белгілеңіз. ІІІ ширекте орналасқан нүктені көрсетіңіз.

2. Координаталық жазықтықта MN кесіндісін сызып, оның ординаталар осімен қиылысу нүктесінің координаталарын жазыңдар: M(6;-2); N(-3;4).

3. EFMN квадратының Е төбесі координаталар басында жатыр, оның Ғ(0;4); М(4;4) төбелерінің координаталары бойынша N төбесінің координатасын табыңдар. EFMN квадратының ауданын табыңдар. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.

Е-Ойлану.

1. Координаталық жазықтықта ABCD квадратының үш төбесінің координаталары А(-3;-2); В(-3;2); С(1;2) бойынша төртінші төбесі D-нің координаталарын тауып, квадрат салыңдар.

2. Координаталық жазықтықта төбелері А(0;-2); В(6;-2); С(6;4) болатын АВС үшбұрышын салып, оның ауданын табыңдар. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.

3. Координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орны қалай анықталады?

Топтар жұмыстарын бітірген соң мұғалімнің қатысуымен топтар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

Жұптық жұмыс.

Оқушылар жұптық жұмыстар арқылы екеуара бірігіп, бір – біріне түсіндіре отырып, өздері де алған білімдерін пысықтап алуына мол мүмкіндік алады.

І нұсқа

1. Координаттық жазықтықта M(4;-3), N(3;2), K(-2;2) нүктелерін белгілеңіз. MN және MK сәулереін жүргізіңіз. NMK бұрышын өлшеңіз.

2. Координаттық жазықтықта абсцисса мен ординатасы теріс емес және олардың қосындысы 5-ке тең барлық нүктелерді белгілеңіз. Қандай фигура пайда болады?

ІІ нұсқа

1. Координаттық жазықтықта M(-3;6), N(9;2),

K(-11;-2) нүктелерін белгілеңіз. MN және MK сәулереін жүргізіңіз. NMK бұрышын өлшеңіз.

2. Координаттық жазықтықта абсцисса мен ординатасы оң сан емес және олардың қосындысы – 6-ға тең барлық нүктелерді белгілеңіз. Қандай фигура пайда болады?

Жұптар жұмыстарымен алмасып критерийлер бойынша бағалайды.

Дескриптор: Білім алушы

  • координаталық жазықтықта координаталары бойынша нүктені орналастырады;
  • сәулелерді координаттық жазықтықта салады;
  • пайда болған бұрышты дұрыс өлшейді;
  • координаттық жазықтықта абсцисса мен ординатасы мәндері бойынша барлық нүктелерді белгілейді.
  • пайда болған фигураны дұрыс анықтайды.

Жеке жұмыс.

Білім алушының өзінің қаншалықты осы тақырыпты меңгергенін өзі бағалау үшін жеке жұмысты жүргізіп, өзін – өзі бағалап, өзін дамытатын тұстары бар ма, болса қалай дамыту керек екендігіне сындарлы байланыс жасаңыз.

1. Координаталық жазықтықта белгіленген нүктенің координатасын табыңыз.

a) M(1;2)

b) M(1;3)

c) M(2;1)

2. Жазықтықтағы нүктелердің координаталарын жазыңыз.

3. Координаттық жазықтықта M(6;6), N(-2;2), K(4;1), P(-2;4) нүктелерін белгілеңіз. MN және KP түзулерін жүргізіңіз.

a) MN мен KP түзулерінің

b) MN түзуінің абсцисса осімен

c) KP түзуінің ордината осімен

қиылысу нүктесінің координатасын анықтаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • координаталық жазықтықта белгіленген нүктенің координатасын табады;
  • Жазықтықтағы нүктелердің координаталарын жазады;
  • координаттық жазықтықта түзулерінің осьтермен қиылысу нүктесінің координатасын табады.

Алдын ала ұсынылған дескриптор арқылы оқушы өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз.

Сабақты қорытындылау:

Осы нүктелерді координаталары бойынша белгіленде жеті әріп шығу қажет. Ол нүктелерді қосқан кезде шоқ жұлдыздар пайда болады.

«1 сурет»

А(6;6), В(-3;5,5), С(-8;5), D(0;7,5), E(3;7), F(-5;7), G(-6;3)

«2 сурет»

A(-15;-7), B(-3;-6), C(5;-10), D(-6;-5,5),

E(-10;-5), F(6;-6), G(-1;-10)

Үйге тапсырма

Осы нүктелерді координаталары бойынша белгілеңіз. Ол нүктелерді қосқан кезде сурет пайда болады.

Ай: (-4;4),(-7;2),(-11;3),(-12;5),(-12;7),(-11;9),

(-7;10),(-4;8),(-7;9),(-9;8),(-10;6),(-9;4),(-7;3)

Жұлдыздар: (-2;3),(1;3),(4;3),(7;3),(10;3),(1;6),

(4;6),(7;6),(10;6),(4;9),(7;9),(10;9)

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Мұғалім оқушылардан «Рефлексиялық нысанаға» стикер бекітулерін сұрайды.

Рефлексия

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу