Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі
Оқу мақсаты: 6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі:
Бұл сабақта оқушы:
- нүктелердің координаталарын анықтайды;
- координаталық жазықтықта берілген нүктелерді координаталары бойынша салады;
- координаталық жазықтықта берілген нүктелердің координаталын табады;
- алған білімдерін есептер шығаруда қолданады.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
x дегеніміз M нүктесінің X өсіне ал y дегеніміз Y өсіне түсірілген проекциялары: Ескерту. x пен y таңбалары мына схема бойынша аңықталады: Мысалы.
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
- Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.
- Ауызша тапсырма.
Мақсаты: пәнаралық байланыс, тақырыпты өмірмен байланыстыру, оқушылардың зейінін аудару, жаңа білімді меңгеруге ынталандыру
Мазмұны:координаталық жазықтықтың өмірде билеттерде орындарды белгілеуде және география пәнінде ендік пен бойлық ұғымын беруде қолданылуын көрсету арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
Мұғалімнің әрекеті: презентацияны пайдаланып, бағыттаушы сұрақтар қою
Оқушының әрекеті: оқушылар сұрақтарға жауап береді, пікір алмасады.
Бағалау: оқушылардың пікірталастағы белсенділігі марапатталады.
- Р. Декарт жөнінде мәлімет.
Мақсаты: Р. Декарт жөнінде мәліметпен таныстыру, оқушылардың сауатты сұрақ қоя білу дағдысын қалыптастыру, математика пәніне қызығушылығын арттыру, өзге елдің тарихына деген құрмет білдіруге бағыттау;
Мазмұны: оқушылар 2 минутта мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырады, орындарынан тұрып 3 оқушыға өз сұрақтарын қойып,жауаптарын алады
Мұғалімнің әрекеті: Р. Декарт жөнінде мәлімет жазылған мәтін таратады, оқушыларға тапсырманы орындау бойынша нұсқау береді
Р. Декарт жөнінде мәлімет.
Рене Декарт дәрежесі төменірек ақсүйек отбасында дүниеге келіпті. Әкесі Joachim сол Лаэдегі Бретань парламентінің мүшесі болып сайлаған екен. 1 жасында Декарттың шешесі өкпе туберкулезі ауыруынан қайтыс болады. Бала Декартқа шешесінің ауруы жұғып кеткендіктен, денесі әлжуаз, көп ауыратын бала болып өсіпті. Шешесі қайтыс болған соң әкесі басқа қыстаққа кетіп, сонда қайта үйленіпті. Декартты нағашы әжесі бағып өсірген екен. Ол әкесін сирек көріпті, бірақ әкесі оған экономикалық жағынан қамсыздандырып, жақсы тәрбие алуына заттық мүмкіндік жасап беріпті. Бұл оның тұрмыстық істерге назарын аудармай, өз арманына талпынуына мүмкіндік берген көрінеді. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды Аңыз: Бірде ұзақты күн бойы кереуетте жатқан Рене Декартты айнала ызыңдап шыбын ойлантуға мүмкіндік бермей мазасын алыпты. Сонда ол шыбынды дөп басып соғу үшін оның кез-келген уақыттағы орнын қалай анықтауға болатындығы жөнінде ойлана бастапты. Нәтижесінде ол кейін адамзат тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі- декарттық координаталар жүйесін ойлап тауыпты-мыс. |
Оқушының әрекеті: мәліметпен танысу, мәтін бойынша сұрақ қою, жауап алу, бір-бірін бағалау
Бағалау:әр оқушы өздерінің сұрақтарына жауап берген оқушыларды критерий бойынша бағалайды.
Критерий:
-сауатты сұрақ қоя біледі;
-сұрақтарға дұрыс жауап береді.
- Бүгінгі сабақтың мақсаты мен бағалау критерийімен таныстыру.
Экранда көрсетіледі, талданады.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.
- Жаңа білімді меңгеру
- «Координаталар жүйесі. Координаталық жазықтық»
Мақсаты: координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу.
Мазмұны: Презентация бойынша бағыттаушы сұрақтар қою арқылы жаңа білімді меңгеру жүзеге асырылады:
- Суретте координаталық түзулер салынғандығын қалай дәлелдеуге болады?
- Ол түзулер қалай орналасқан?
- А(2;3) жазуы нені еске түсіреді? Оның координаталық түзудегі нүктелердің координаттарының жазылуынан қандай айырмашылығы бар?
- А нүктесінен Ох және Оу координаталық түзулеріне жүргізілген бағыттауыш сызықтар қандай бұрышпен орналасқан?
- Бағыттауыш сызықтар мен А(2;3) жазуының арасында қандай байланыс бар?
Мұғалімнің әрекеті:. Көмекші сұрақтар қою арқылы тақырыпты терең түсінуге ықпал етеді.
Оқушының әрекеті: Сұрақтарға жауап береді, жаңа білімді игеруге әрекеттенеді, қорытынды жасайды
Бағалау: сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар ауызша мадақталады.
- «Нүктелердің координаталарын анықтау ережесі»
Мақсаты: Нүктелердің координаталарын анықтау ережесін тұжырымдау, ереже бойынша нүктелердің координаталарын табу
Мазмұны:Оқушылар нүктелердің координаталарын анықтау ережесін суретке қарап тұжырымдайды
Мұғалімнің әрекеті: оқушылардың топта тұжырымды өз беттерімен жасауына ықпалдасады, қажет жағдайда қажетті фразаларды беру арқылы қолдау жасайды, кері байланыс жасайды
Оқушының әрекеті:қажетті фразаларды қолданып, нүктенің координатасын табу ережесін тұжырымдайды, ережені пайдаланып нүктелердің координаталарын табады.
Бағалау:топтық жұмыста топтар өз тұжырымдарын тақтадағы ереже арқылы тексереді, өздерін-өздері бағалайды
- «Берілген координаталары арқылы нүктені координаталық жазықтықта белгілеу»
Мақсаты: Берілген координаталары арқылы нүктені координаталық жазықтықта анықтау ережесін тұжырымдау, ереже бойынша нүктелердің координаталарын табу
Мазмұны:Оқушылар нүктелердің орнын координаталары бойынша жазықтықта анықтау ережесін көрсетілім арқылы тұжырымдайды және қолданады.
Есеп 1. Нүктенің координатасын анықтаңыз.
Жауабы:
Есеп 2. Нүктенің координатасын анықтаңыз.
Жауабы:
Мұғалімнің әрекеті: оқушылардың топта тұжырымды өз беттерімен жасауына ықпалдасады, қажет жағдайда қажетті фразаларды беру арқылы қолдау жасайды, кері байланыс жасайды
Оқушының әрекеті:қажетті фразаларды қолданып, нүктенің координатасын табу ережесін тұжырымдайды, ережені пайдаланып нүктелердің координаталары бойынша нүктені координаталық жазықтықта белгілейді.
Бағалау:топтық жұмыста топтар өз тұжырымдарын және нүктелердің координаталарын тақтадағы ереже арқылы тексереді, өздерін-өздері бағалайды
Критерий: координаталық жазықтықта берілген нүктелерді координаталары бойынша сала алады
- Бекіту тапсырмасы.
Мақсаты: Өзбеттерімен алған білімдерін бекіту, есеп шығаруда қажетті ережелерді орынды қолдана білу дағдыларын қалыптасытыру.
Мазмұны: Оқушыларға жұпта дәптерлеріне координаталық жазықтықты салуды және координаталары көрсетілген нүктелерді салу ұсынылады, соңынан тақтадағы дұрыс жауаппен тексеріледі.Білу және түсіну дағдысына арналған тапсырмалар жұпта, қолдану дағдысына арналған тапсырма жұпта орындалады.
Есеп 3.
Координаталық жазықтықта нүктелерді белгілеңіз.
А (1; 3), В (4;1), С(-2; 4), D( -1; 4), Е(3; -2), Ғ(-3; -3).
Жауабы:
Есеп 4.
Берілген A(3;2), B(3;-1), C(-4;-1), D(-4;2) нүктелелерін координаталық жазықтықта белгілеңіз. ABCD төртбұрышының ауданын табыңыз.
Дескриптор:
- координаталық жазықтықты дұрыс салады;
- координаталық жазықтықта нүктелерді дұрыс белгілейді;
- төртбұрыштың ауданын дұрыс табады.
Шешуі:
Жауабы: S = 3·7 = 21 ()
Мұғалімнің әрекеті: нұсқау беру, бақылау, қолдау беру
Оқушының әрекеті: Тапсырманы дәптерлеріне орындау, жұпта, топта бір-бірін критерий бойынша тексеру
Бағалау: жұптық және топтық жұмыс бір-бірін критерий бойынша бағалайды
Бағалау критерийі:
- нүктелердің координаталарын анықтайды;
- координаталық жазықтықта берілген нүктелерді координаталары бойынша салады;
- координаталық жазықтықта берілген нүктелердің координаталын табады;
- алған білімдерін есептер шығаруда қолданады (төртбұрыштың ауданы дұрыс анықтайды).
Мұғалім қадағалайды, сұрақтар қою арқылы есептің дұрыс шешімін табуға бағыттайды.
- Сабақты қорытындылау
- Бүгін қандай жаңа білім игердіңіздер?
- Қандай ұғымдармен таныстыңыздар?
- Қандай ережелерді қолдандыңыздар?
- Үй тапсырмасы.
Практикалық жұмыс: Бірлік кесіндісі 1 см етіп координаталар жүйесін салып, координаталарын көрсетпей 10 нүкте салыңыз.
- Рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі.
Менің сабақтағы жетістігім.....________________Бүгінгі сабақтан өзіңе не ала алдың?____________Бүгінгі сабақта нені істей алмадыңдар? Неге? Болашақта нені ескеру керек?_______10. Мұғалім тарапынан сабақта белсенділігі төмен және тақырыпты жеткілікті меңгермеген оқушыларға білімдеріндегі олқылықтарды түзеу бағытында кері байланыс беріледі.
Үйге тапсырма:
Практикалық жұмыс: Бірлік кесіндісі 1 см етіп координаталар жүйесін салып, координаталарын көрсетпей 10 нүкте салыңыз.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
- Bilimland.kz
- https://www.youtube.com/watch?v=fbJEG_klEvg
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру