Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі
Оқу мақсаты: 6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі:
Бұл сабақта оқушы:
- нүктелердің координаталарын анықтайды;
- координаталық жазықтықта берілген нүктелерді координаталары бойынша салады;
- координаталық жазықтықта берілген нүктелердің координаталын табады;
- алған білімдерін есептер шығаруда қолданады.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
x дегеніміз M нүктесінің X өсіне ал y дегеніміз Y өсіне түсірілген проекциялары: Ескерту. x пен y таңбалары мына схема бойынша аңықталады: Мысалы.
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2.Білімді өзектендіру:
Сыныппен жұмыс:
Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;
Мазмұны: Оқушылардың меңгерген білімдерін саралап, ширату жаттығуын жүргізу үшін «Серпілген сұрақ» әдісі қолданылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы ойларын тұжырымдап, меңгерген білімдерін қорытындылайды.
Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беруді басты назарда ұстайды.
Мұғалімнің әрекеті:. Нұсқау береді, кері байланыс береді.
Оқушының әрекеті: Бір-біріне сұрақ қояды.
Бағалау: мұғлімнің және оқушының бір-біріне кері байланысы арқылы бағаланады.
3. «Математикалық диктант»
Мақсаты: Координаталық жазықтық ұғымын қайталау.
Мазмұны: Математикалық диктант 2 нұсқада дәптерлеріне қысқа жауап беру арқылы жүргізіледі.
Мұғалімнің әрекеті:. Нұсқау береді, кері байланыс береді.
Оқушының әрекеті: Сұрақтарға жауап береді, жауаптар картасы бойынша тексереді, өзін-өзі бағалайды.
Бағалау: жауаптар картасы бойынша өзін-өзі бағалайды.
Сұрақтары:
1. Екі координаталық түзу координаталық ... ты құрайды (жазықтық)
2. Координаталық түзу – бұл координаталық … (ось)
3. Екі координаталық түзу қиылысқанда қандай бұрыш пайда болады? (тік)
4. Жазықтықта нүктені аңықтайтын сандар жұбы қалай аталады? (координата)
5. Нүктенін бірінші координатасы қалай аталады? (абсцисса)
6. Нүктенін екінші координатасы қалай аталады? (ордината)
7. 0 ден 1 дейінгі кесіндінін атауы (бірлік)
8. Координаталық жазықтық координаталық түзулерімен неше бөлікке бөлінеді? (төрт)
Әдісі: ауызша сұрақ жауап;
Нәтижені бағалау: ауызша марапаттау;
Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.
4. Жаңа тақырыпты бекіту:
Мақсаты:жаңа тақырыпты өз беттерінше бекіту;
Оқушылар берілген тапсырмаларды жұпта орындайды. Мұғалім дер кезінде кері байланыс береді.
Тапсырманы орындағаннан кейін презентациядағы дайын жауабы арқылы жұптар өзара бірін-бірі тексереді. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды.
Сыныппен жұмыс.
№1. Мына нүктелерді координата жазықтығына орналастырыңыз, нәтижесінде координата жүйесін ұсынған француз философы және математигінің атын оқи аласыңдар?А(4; 5), Р(- 6; 1), Е(- 5; 3), Д(1; 5), Р(5; 3), Н(- 4; 5), К(3; 5), Е(- 2; 5), Т(6; 1), Е(2; 5).
Бұл кісі кім, ол туралы қандай мағлұмат білесіңдер.Жауабы: РЕНЕ ДЕКАРТ
Рене Декарт (1596-1650) француз философы, математик. Декарттың мақсаты табиғатты математикалық заңдылықтар арқылы суреттеу болатын. Координаталық жазықтықты автор атымен Декарттық координаталық жазықтығы деп атайды.
Жеке жұмыс.
Мақсаты: Тақырып бойынша оқушы білімдерін пысықтау
Мазмұны: Оқушылар деңгейін өздері таңдайды, тапсырмаларды орындайды, нәтижесі бойынша өзін-өзі тексереді және бағалайды
Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды
Оқушының әрекеті: тапсырма деңгейін таңдайды, тапсырманы орындайды, нәтижесі бойынша өз-өзін бағалайды
Бағалау: критерий бойынша өз-өзін бағалайды
Бұл тапсырмаларды оқушылар бірден өз деңгейін таңдап шығарса да болады немесе барлығын сатысымен шығарса да болады.
1 - ші деңгей тапсырмасы.
№2. а) Координаталық жазықтықта А(- 3;- 1), В(2; 4), С(6;- 2) нүктелелерін белгілеу арқылы АВС үшбұрышын салыңыз.
Жауабы: ә) Координаталық жазықтықта А(- 2;- 2), В(- 2; 1), С(4; 1), Д(4;-2) нүктелелерін белгілеу арқылы АВСД төртбұрышын салыңыз және осы осы төртбұрыштың периметрін табыңыз.Жауабы: P = 2(3 + 6) = 18(cм)
2 - ші деңгей тапсырмасы.№3 есепБерілген А(- 3;- 2), В(- 3; 2), С(1; 2) нүктелелерін координаталық жазықтықта белгілеңіз.
а) АВСД квадрат болатындай Д(х; у) нүктесінің координатасын табыңыз.
ә) АВСД квадраттың ауданын табыңыз.
Жауабы: S = = 163 - ші деңгей тапсырмасы.№4 Шегіртке А(1;- 1) солға(батысқа) 3 бірлікке секірді. Әрбір секіргені алдыңғысынан 1бірлік ұзын. Солтүстікке, шығысқа, оңтүстікке осылайша 4 рет секірген соң қандай нүктеде болды? Жауабы: А4(3;- 3)
Жұптық жұмыс.
Мақсаты: Нүктелердің орнын координаталары бойынша жазықтықта анықтау және координаталары бойынша нүктені салу дағдысын тексеру.
Мазмұны: Бір жұп берілген координаталары арқылы нүктені координаталық жазықтықта салып, оларды қосу арқылы сурет салады, екінші жұп керісінше сурет бойынша нүктелердің координаталарын табады, соңынан жұптар бір-бірін тексереді.
Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды
Оқушының әрекеті: жұпта тапсырманы орындайды, нәтижесі бойынша бір-бірін бағалайды
Бағалау: критерий бойынша бір-бірін бағалайды
Дескриптор:
- координаталық жазықтықта берілген нүктелерді координаталары бойынша салады;
- координаталық жазықтықта берілген нүктелердің координаталын табады;
№4 Координаталық жазықтықта берілген (5; 0), (-5; 12), (-7, 8), (-9; 3), (-5; -6), (-2; -3), (2; -4), (6; -3), (8; -1), (9, 2), (12, 3), (11, 3), (10; 4), (9; 4), (5; 2), (3; 4), (3; 7,5), (0; 9), (-3; 9,5), (10, 3) нүктелердің координаталарын қолданып суретті модельдеңіз. Бірлік кесінді – 1 торкөз.
Жауабы: «Көгершін».
№5.
Координаталық жазықтықта берілген (-8; 7), (-7; 8), (-5;7), (-4; 8), (-2; 9), (0; 9), (2; 8), (5; 6), (9; 4), (10; 3), (8; 3), (6; 2), (6; 0), (5; -3), (4; -5), (2; -7), (0; -8), (0; -11), (-1; -12), (-2; -10), (-3; -9), (-5; -8), (-4; -7), (-3; -5), (-4; -3), (-6; -2), (-8; -3), (-9; -5), (-8; -7), (-6; -8), (-4; -7), (-1; -7), (1; -4), (1; -1), (0; 1), (-1; 2), (-6; 6), (-8; 7) нүктелердің координаталарын қолданып суретті модельдеңіз. Бірлік кесінді – 1 торкөз.
Жауабы : «Дельфин».
№6. Координаталық жазықтықта берілген (4; 9), (5; 8), (5; 7), (3; 3), (2;3), (2;1), (0;-1), (5; 1), (9; 0), (11;-2), (11;-4), (4;-8), (2;-7), (1; -9), (0; -10), (-4;-10), (-4;-8), (-3;-4), (-4;-5), (-5;-5), (-5;-4), (-4;-3), (-8;-4), (-10; -4), (-10;0),(-9;-1), (-7; 2), (-8; 4), (-4; 11), (-2; 11), (0; 9), (1; 5), (-1; 0), (1; 2), (3; 2), (3; 3), (7; 5), (8; 5), (9; 4) нүктелердің координаталарын қолданып суретті модельдеңіз. Бірлік кесінді – 1 торкөз.
Жауабы: «Көбелек»
Мұғалім қадағалайды, сұрақтар қою арқылы есептің дұрыс шешімін табуға бағыттайды.
- Сабақты қорытындылау
- Бүгін қандай жаңа білім игердіңіздер?
- Қандай ұғымдармен таныстыңыздар?
- Қандай ережелерді қолдандыңыздар?
- Үй тапсырмасы.
Координаталық жазықтықта берілген (7; 8), (-8; -7), (-9; -9), (-10; -9), (-9; -8), (-6; -4), (-8; -3), (-8; -1), (-7; 0), (-6; -1), (-6; 4), (-4; 6), (-3; 5), (-3; 4), (-2; 5), (-1; 8), (1; 10), (2; 10), (3; 8), (6; 10), (8; 10), (9; 9), (9; 7), (7; 4), (9; 3), (9; 2), (7; 0), (4; -1), (3; -2), (4; -2), (5;-3), (3; -5), (-2;-5), (-1;-6), (-2;-7), (-4;-7), (-5; -5) нүктелердің координаталарын қолданып суретті модельдеңіз. Бірлік кесінді – 1 торкөз. Емен жапырағы.
- Рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі.
Менің сабақтағы жетістігім.....________________Бүгінгі сабақтан өзіңе не ала алдың?____________Бүгінгі сабақта нені істей алмадыңдар? Неге?
Болашақта нені ескеру керек?_______ Мұғалім тарапынан сабақта белсенділігі төмен және тақырыпты жеткілікті меңгермеген оқушыларға білімдеріндегі олқылықтарды түзеу бағытында кері байланыс беріледі.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
- Bilimland.kz
- https://www.youtube.com/watch?v=fbJEG_klEvg
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру