Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі
Оқу мақсаты: 6.3.1.1 координаталық жазықтық ұғымын меңгеру;
6.3.1.2 тік бұрышты координаталар жүйесін салу;
6.3.1.3 реттелген сандар жұбы тікбұрышты координаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбының сәйкес болатынын түсіну.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі:
Бұл сабақта оқушы:
- тікбұрышты координатар жүйесін салады;
- абсцисса және ордината өстерін көрсетеді;
- координаталары бойынша нүктені кескіндейді;
- нүктенің координаталарын атайды.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
x дегеніміз M нүктесінің X өсіне ал y дегеніміз Y өсіне түсірілген проекциялары: Ескерту. x пен y таңбалары мына схема бойынша аңықталады: Мысалы.
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2.Білімді өзектендіру:
Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру; координаталық жазықтық ұғымын меңгерту.
Сыныппен жұмыс.
Мұғаім сабақтың тақырыбын анықтату үшін «Ой қозғау» стратегиясын қолданады. Тапсырма 1.
Тік төртбұрыш жазық фигура. Оның ұзындығы горизонталь бағытта орналасса, ені вертикаль бағытта орналасады.
Сурет 1.
Демек, жазықтықта дененің өлшемдерін табу үшін, санақ басы болатын, О нүктесінен горизонталь бағыттағы ығысуын және вертикаль бағыттағы ығысуын білу қажет. Онда нүктенің жазықтықтағы орны неше санмен анықталады деп ойлайсыздар?
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.
Жаңа сабақты түсіну
Мақсаты: тік бұрышты координаталар жүйесін салуды және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табуды үйрету.
Координаталық түзу және перпендикуляр түзулердің анықтамаларын оқушылардың есіне түсіріңіз. Оқушылардың өздері перпендикуляр координаталық түзулерді салып, горизонталь түзуді – Ох, вертикаль түзуді – Оу және олардың қиылысу нүктесін – О деп белгілесін. Шыққан нәтижелерді салыстырыңыз. Абсцисса осі, ордината осі және координаталар басын анықтап алыңыз. Координаталық жазықтықтың координаталар жүйесі берілген жазықтық екенін түсіндіріңіз.
- Оқушыларға 2-тапсырма беріледі.
1) Түзу сызыңыз, оның бойынан О нүктесін белгілеңіз. 2) Бірлік кесіндіні таңдап алыңыз.
3) Түзудің бағытын көрсетіңіз. 4) О нүктесінен осы түзуге перпендикуляр түзу жүргізіңіз. Оның бағытын көрсетіңіз.
Топтың мүмкіндігіне қарай оқушылардың немесе мұғалімнің басшылық етуімен бірлескен іс әрекеттері жүзеге асырылатын болады.Тапсырманы орындап болғаннан кейін, мұғалім тақтада 2-суретті көрсетеді.
2 – сурет
Мұндай өзара перпендикуляр координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды.
1 минут ойланып, тік бұрышты координаталар жүйесіне өзіміз анықтама беріп көрейік.
Бірнеше оқушылардан тік бұрышты координаталар жүйесіне анықтамасы сұралады. Оларға қолдау көрсетіледі. Сосын мәтінді оқу ұсынылады.
3-тапсырма.
а) Мәтінді оқу.
б) Мәтін бойынша екі сұрақ дайындаңыз.
Нүктенің координаталық түзудегі орны бір ғана санмен анықталады. Оң сандар мен теріс сандар және 0 саны координаталық түзуде`(сан түзуінде) кескінделеді. Оң бағытқа қарама-қарсы – теріс бағыт деп аталатын бағытта теріс сандар кескінделеді.Өзара 900 бұрыш жасап қиылысатын екі түзу перпендикуляр түзу деп аталады. Өзара перпендикуляр екі түзу жүргізейік. Горизонталь осьті х-пен белгілеп, оны абсцисса осі деп, ал вертикаль осьті у-пен белгілеп, ордината осі деп атаймыз. Олардың О қиылысу нүктесін координаталар басы деп атаймыз. Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық тікбұрышты декарттық координаталар жүйесінде координаталық жазықтық деп аталады. Бұл жүйені хОу жүйесі деп аталады. Берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады. Нүктенің координатасын жазу кезінде рет сақталады, бірінші орынға абсциссаны, екінші орынға ординатаны жазады. Координаталық осьтер жазықтықты төрт бөлікке –І,ІІ, ІІІ, ІV координаталық ширекке бөледі.Ширектердің рет саны сағат тілінің қозғалыс бағытына қарсы бағытта анықталады. Алдымен әрбір ширектегі абсциссалардың таңбалары , содан соң ординаталардың таңбалары жақшалардың ішінде көрсетіледі.Әр ширекте екі координатаның да таңбалары сақталады. Нүкте абсцисса осіне тиісті болса,онда оның ординатасы нөлге тең. Нүкте ордината осіне тиісті болса , оның абсциссасы нөлге тең. Координаталар басының абсциссасы да, ординатасы да нөлге тең О(0;0) Координат жүйесі деп мына схемада көрсетілген екі өсті және О нүктесін атаймыз:
Координат жүйесі жазықтықта орналасқан кез келген M нүктеге екі x және y сандарын сәйкес қояды, бұны кейде M(x, y) деп те жазады. x дегеніміз M нүктесінің X өсіне ал y дегеніміз Y өсіне түсірілген проекциялары: Мысалы. Ескерту. x пен y таңбалары мына схема бойынша аңықталады: |
Оқушылармен бірге тікбұрышты координаталар жүйесін салудың критерийлерін/талаптарын құрастырыңыз/талқылаңыз.
Мысалы:
1.Екі перпендикуляр координата түзулері сызылған;
2.Координаталар басы белгіленген;
3.Екі осьтің бағыттары көрсетілген;
4.Координата осьтері жазылған;
5.Осьтерде бірлік кесінділер көрсетілген.
Жеке жұмыс.
Тапсырма 4.
Координаталар жүйесін салыңыз. Содан соң жұпта жұмыстарымен алмасып критерийлер бойынша бір-біріңізді бағалаңыз.
Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. Әр оқушыға координаталар жүйесін салуды сұраңыз. Содан соң жұпта жұмыстарымен алмасып критерийлер бойынша бағалауды ұсыныңыз.
Жауабы:
Тапсырма 5.
Берілген шахмат тақтасында орналасқан бірнеше фигуралар көрсетілген. Осы фигуралардың шахмат тақтасындағы (горизонталь торкөз, вертикаль торкөз) орнын анықтаңыз.
Оқушыларға шахмат тақтасында орналасқан бірнеше фигураларды көрсетіңіз. Фигуралар қайда орналасқанын оқушылардан сұраңыз. Ат – Е6, ақ пешка – А4 және т.с.с.
Оқушылармен бірге шахмат тақтасындағы (горизонталь торкөз, вертикаль торкөз) фигуралардың орнын анықтаудың ережесін талқылаңыз.
Тапсырма 6.
Бөлме ортасына орындық қойып, оқушыларға бөлмедегі басқа заттардың қалай орналасқанын (орындықтан қанша қадам оңға/солға; орындықтан қанша қадам алға/артқа) айтуды сұраңыз. Екі жағдайда да орналасу реттелген сандар жұбымен анықталатынын талқылаңыз.
Егер берілген жазықтыққа координата жүйесін енгізсе, онда оқушыларды жазықтықтағы нүктелердің орналасуын реттелген сандар жұбы арқылы көрсетуге болатынын түсінуге жетелеңіз.
Сергіту сәті (2 минут).
Барлығымыз орнымыздан тұрамыз!
Егер мен дұрыс тұжырым айтсам қолымызды жоғары көтереміз, ал бұрыс болса екі жаққа созамыз:
Тапсырма 7.
а) (2;2) нүктесі 3-ші ширекте жатады(оқушылар қолын екі жаққа созады); б) (0;3) нүктесі ОУ осінің бойында жатады (қолдар жоғары); в) (0;0) нүктесі координата басы деп аталады (қолдар жоғары); г) (–7; –2) нүктесі бірінші ширекте жатады (қолдарын екі жаққа созады); д) х осі абсцисса деп аталады (қолдар жоғары); е) (4;–-4) нүктесі 4-ші ширекте жатады( қолдар жоғары)ж) координаталық ширектер екеу (қолдарын екі жаққа созады).
Тапсырма 8.
«Сиқырлы сандық»
Сиқырлы сандықтың ішінде барлық ережелердің басы мен жалғасы араластырылып беріледі.
Оқушылар ереженің басы мен жалғасын сәйкестендіреді.
Жауабы:
Басы | Жалғасы |
Оң бағыты белгіленген және бірлік кесінді айқындалған екі өзара перпендикуляр түзулер... | тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды |
Координаталық түзулердің қиылысу нүктесін санақ басы ретінде .... | О әрпімен белгілейді. |
Координаталық түзулер координаталық .... | сәулелер деп аталады. |
Координаталар жүйесі таңдалған жазықтықты... | координаталық жазықтық деп атайды. |
Координата остері бөлетін жазықтықтың төрт бөлігі...... | координаталық ширектер деп аталады |
Нүктенің координаталық жазықтықтағы орны ... | сандар жұбымен анықталады |
Координаталық ширектердің номері ..... | сағат тіліне қарсы бағытта анықталады |
Мұғалім қадағалайды, сұрақтар қою арқылы есептің дұрыс шешімін табуға бағыттайды.
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылардан неге осындай сәйкестік орнатылғанына түсіндірулерін сұраңыз.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім;
- нені толық түсінбедім;
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Үйге тапсырма:
Берілген координата жазықтығына M (-1; 4), N (0; -5), P (3; 0), K (-4; 8), F (-2; -6) нүктелерін орналастырыңыз.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
- Bilimland.kz
- https://www.youtube.com/watch?v=fbJEG_klEvg
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру