XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар6.18.3.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім. Абсолютизм: Батыс пен Шығыс

 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды?

 

 

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.3 - феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау;

6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;

6.3.1.6 - «парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

XIV Людовик пен Ұлы Петрдің мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау.

 

Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

  • Абсолюттік монархияның оң және теріс аспектілерін кестеде белгілейді;
  • Феодалдық мемлекеттердің белгілерін анықтайтын кеспе қағаздарды екі санатқа бөліп орналастырады;
  • XIV Людовик пен І Петрдің жүргізген саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларын «Mine map» сызбасында талдайды;

Тарихи концепт

 

 

 

 

 

 Ұқсастықтық пен айырмашылық

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Абсолютизм, шексіз билік иесі/монарх, монархия, Франция, Ресей, Англия, мекеме, король, парламент, ақсүйектер, XIV Людовик, Бас штаттар, католиктік-рим шіркеуі, парламенттер, гугеноттар, Ұлы Петр, Петербург, король, император, бояр, православиелік шіркеу, патриарх, Боярлық Дума, Зем соборы, І Карл, Англия шіркеуі,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Осы уақытта Францияда..., ал Ресейде ...

XIV Людовик шексіз билеуші болды...

Ұлы Петр батыстық үлгідегі шексіз билеушіге айналды, себебі...

Мен ....көбірек шексіз билікке ие болды деп санаймын.

Құндылықтарды дарыту

 

 

- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру;

Пәнаралық байланыстар

География (Франция, Ресей территориясын картадан көрсету).

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

 

Ортағасырдағы феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін, монархия, биліктің сословиелік-өкілді органы, феодалдық бытыраңқылық және орталықтанған мемлекет жайлы ақпартты біледі.

 

 Сабақ барысы

 

Сабақ элементтері, уақыт

 Жоспарланған іс-әрекет

 (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

 Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

Мұғалім түсіндірмесі

5-8 мин

Жұптық жұмыс түрі

8-15мин

 

Жұптық жұмыс түрі

15-20 мин

 

Топтық жұмыс түрі

 

20-37 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЫМ/Б Мұғалім оқушылар назарына XIV Людовик және Ұлы Петр портретін ұсынып, сұрақ қояды: Бұл адамдарды ортақ не байланыстырады? Бүгінгі сабақтың тақырыбын суреттерге қарап анықтауға бола ма? Оқушылар екі мемлекет билеушісінің портреттеріне қарап шексіз ел билеу үдерісінің әр билеушіге тән ортақтығын анықтап, сабақ тақырыбына болжам жасайды. Оқушыларға сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері және тарихи концепт таныстырылады.

М. Мұғалім оқушыларға феодалдық мемлекеттердің даму кезеңдерін, сословиелік басқару жүйелерін және монархияның түрлерін түсіндіреді.

Ж №1 тапсырма: Мәтінді оқыңыз. Еуропалық қоғамның әртүрлі таптарының өкілдері үшін абсолюттік монархияның оң және теріс аспектілерін ойлап, талқылаңыз. Жауапты кестеге «+» немесе «-» белгілеу арқылы жазыңыз.

Ж №2 тапсырма. Әр түрлі орталықтандырылған феодалдық мемлекеттердің белгілерін анықтайтын кеспе қағаздарды екі санатқа бөліп орналастыру.

Оқушылар топқа бөлініп, 1,2 топта XIV Людовик пен 3,4 топтар І Петр тақырыбы бойынша жұмыс жасайды.

Т. №1 тапсырма XIV Людовик пен І Петрдің басқару реформаларының ерекшеліктерін анықтау үшін «Mine map» ментальды картасын құру. Бір топ XIV Людовикке, екінші топ І Петрге карта құрады. Негізгі тақырып ортаға жазылады. Сөйлемдердің орнына негізгі ойды айқындайтын кілтті сөздер ғана жазылады. Сөздер ортадан шеттерге қарай таралатын бұтақтарға жазылады. Негізгі бұтақтарға бағыттар жазылады және иллюстрацияларды да қосуға болады.

Қарастырылатын бағыттар:

  • Саясаттағы өзгерістер
  • Экономикалық өзгерістер
  • Әлеуметтік өзгерістер

Бағалау критерийлері:

  • 3 сала бойынша ақпараттарды толық жазуы;
  • Спикердің баяндау шеберлігі;
  • Постерді шығармашылық тұрғыда безендіруі;
  • Уақытты тиімді пайдалануы;

Жұмысты жариялау

/«Карусель» әдісі арқылы/

Нұсқаулық: Әр салаға ақпараттар кілтті сөздер арқылы жазылады. Әр топ «Mine map» сызбасын постерге орындаған соң, әр топтан бір көшбасшы топта қалып, белгіленген уақыт бойынша сызбаны түсіндіреді. Ал, қалған топ мүшелері сағат тіліне қарай, әр топтарға барып көшбасшылар түсіндірмесін тыңдайды. Белгіленген уақыт аяқталған соң, топ мүшелері келесі топтың түсіндірмесін тыңдайды. Солай топтардың барлығын тыңдап болғанша жалғаса береді. Соңында өз топтарына келіп, көшбасшыға барлық топтардан жинаған ақпараттарын түсіндіреді. Қай топтың жұмысы жақсы болғанын ақылдаса келіп топ мүшелері өздерінің дауыстарын бір топқа беру арқылы стикермен бағалайды. Стикер санын көп жинаған топ ең үздік топ болып саналады.

Әр топ мүшелері топтардан жинаған ақпараттарын дәптерлеріне кесте түрінде орындайды.

Билеушілер

Саясат

Экономика

Әлеуметтік

XIV Людовик

І Петр

Дескрипторлар:

  • Абсолюттік монархияның оң және теріс аспектілерін кестеде белгілейді;
  • Феодалдық мемлекеттердің белгілерін анықтайтын кеспе қағаздарды екі санатқа бөліп орналастырады;
  • XIV Людовиктің жүргізген саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларын «Mine map» сызбасында талдайды;
  • І Петрдің жүргізген саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларын «Mine map» сызбасында талдайды;
  • Әр топ мүшелері топтардан жинаған ақпараттарын кестеге толтырады;

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

Қосымша 2

 

Қосымша 3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

 

 

 

 

Қосымша 4

Сабақтың соңы

 

Рефлексия

37-40 мин

Оқушылар «XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды?»,- сұрағы төңірегінде кем дегенде 3 сөйлемнен тұратын тұжырым жасату.

Рефлексия

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта жеке, жұпта, топта оқушылар тапсырма орындауда аралас бірге жұмыс жасағандықтан бір-бірлеріне қолдау көрсетеді.Жоғары қабілетті оқушылар төменгі қабілетті оқушыларға қолдау көрсетеді.

 

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылар Миға шабуыл жасау арқылы суреттер топтамасы арқылы тақырыпты, сабақ мақсатын анықтау барысында мұғалім тарапынан қолпаштау, қолдаулар жасалады. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар мақсатқа сай ұқсастықпен айырмашылықты ажырата біледі.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.

  •  
  •  


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу