XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 6.18.1.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім. Абсолютизм: Батыс пен Шығыс
| Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| |
Сабақ тақырыбы | XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды?
|
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.1.3 - феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау; 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату; 6.3.1.6 - «парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру | ||
Сабақ мақсаттары | XIV Людовик пен Ұлы Петрдің мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау.
| ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт
| Ұқсастықтық пен айырмашылық | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: Абсолютизм, шексіз билік иесі/монарх, монархия, Франция, Ресей, Англия, мекеме, король, парламент, ақсүйектер, XIV Людовик, Бас штаттар, католиктік-рим шіркеуі, парламенттер, гугеноттар, Ұлы Петр, Петербург, король, император, бояр, православиелік шіркеу, патриарх, Боярлық Дума, Зем соборы, І Карл, Англия шіркеуі, Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Осы уақытта Францияда..., ал Ресейде ... XIV Людовик шексіз билеуші болды... Ұлы Петр батыстық үлгідегі шексіз билеушіге айналды, себебі... Мен ....көбірек шексіз билікке ие болды деп санаймын. | ||
Құндылықтарды дарыту
| - тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану; - жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; - басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру; | ||
Пәнаралық байланыстар | География (Франция, Ресей территориясын картадан көрсету). | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім
| Ортағасырдағы феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін, монархия, биліктің сословиелік-өкілді органы, феодалдық бытыраңқылық және орталықтанған мемлекет жайлы ақпартты біледі. | ||
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-7 мин
Сабақтың ортасы Жұптық жұмыс түрі 7-17 мин
Жұптық жұмыс түрі 17-27 мин
Топтық жұмыс түрі
27-37 мин
| БЫМ/Б Мұғалім оқушылар назарына суреттер топтамасын (XIV Людовик және Ұлы Петр портреті, тәж, т.б.) ұсынып, сұрақ қояды: «Бұл суреттерден қандай ұқсастық пен айырмашылықты байқауға болады? Бүгінгі сабақтың тақырыбын суреттер топтамасына қарап анықтауға бола ма?» немесе «XIV Людовик және Ұлы Петр туралы бейнематериалдан үзінді көрсету арқылы сабақ тақырыбына болжам жасату». Оқушылар екі мемлекеттің билеушісін көріп айырмашылықты анықтаса, тәжге, биліктің белгілерін көрсететін суреттерге қарап шексіз ел билеу үдерісінің әр билеушіге тән ортақтығын анықтайды. Осы суреттерге қарап, сабақ тақырыбына болжам жасайды. Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, оқушылармен бірлесіп, сабақ мақсаты анықталады. Ж/Ж. №1 тапсырма Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтінді жеке оқытып, жұпта XIV Людовик пен І Петр бойынша ақпараттарды Органайзерде кілтті сөздер және сөз тіркестері арқылы орындату. Содан соң, бір-бірінің жұмыстарын тексерту. Ж. №2 тапсырма XIV Людовик пен Ұлы Петрдің қызметі тұсындағы мемлекетте орын алған саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерді кестеде жұппен талдатып, кем дегенде екі сөйлеммен қорытындылату. Т. №3 тапсырма Оқушылар топта жоғарыда толтырған Органайзерге сүйеніп, Франция мен Ресейдегі абсолюттік монархияның кем дегенде 2 ұқсастығы мен 3 айырмашылығын анықтатып, салыстырту. Дескрипторлар:
| Презентация Бейнематериалдар: https://www.youtube.com/watch?v=TketdHooO3I (9.38-12.34)
https://www.youtube.com/watch?v=ZjfYByu9akw&t=87s
Презентация Қосымша 1
Қосымша 2 Қосымша 3
| |||
Сабақтың соңы
Рефлексия 37-40 мин | М/С Сабақтың соңында оқушыларға XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? сұрағы төңірегінде қорытындылату. «Бес саусақ» әдісі бойынша Не білдім? Не көрдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді? Не қиындық тудырды? – деген сұрақтарға жауап береді.
| Презентация | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Сабақта жеке, жұпта, топта оқушылар тапсырма орындауда аралас бірге жұмыс жасағандықтан бір-бірлеріне қолдау көрсетеді.
| Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылар Миға шабуыл жасау арқылы суреттер топтамасы арқылы тақырыпты, сабақ мақсатын анықтау барысында мұғалім тарапынан қолпаштау, қолдаулар жасалады. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар мақсатқа сай ұқсастықпен айырмашылықты ажырата біледі. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды. | |||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру