XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар6.18.2

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім Абсолютизм: Батыс пен Шығыс

 

Мектеп:

  Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды?

 

 

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.3 - феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау;

6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;

6.3.1.6 - «парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

XIV Людовик пен Ұлы Петр тұсындағы мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктерін талдау.

 

Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

  • Оқушылар ұғымдардың анықтамасын жазады және1 сөйлеммен түсіндірме жасайды;
  • Оқушылар абсолюттік монархияның белгілерін негізге ала отырып, кестеде берілген сұрақтарға жауап жазады;
  • Оқушылар екі монарх билігі тұсындағы мемлекеттік басқарудағы өзгерістерді салыстырады және қорытындылайды;
  • Оқушылар Версаль сарайындағы корольдің күнделікті өмірі жайлы мәлімет бойынша диаграмма жасап, мемлекеттік істерге қанша уақыт бөлгенін есептейді;

Тарихи концепт

 

 

 

 

 

Ұқсастық пен айырмашылық

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Абсолютизм, шексіз билік иесі/монарх, монархия, Франция, Ресей, Англия, мекеме, король, парламент, ақсүйектер, XIV Людовик, Бас штаттар, католиктік-рим шіркеуі, парламенттер, гугеноттар, Ұлы Петр, Петербург, патша, император, бояр, православиелік шіркеу, патриарх, Боярлық Дума, Зем соборы, І Карл, Англия шіркеуі,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Осы уақытта Францияда..., ал Ресейде ...

- XIV Людовик шексіз билеуші болды...

- Ұлы Петр батыстық үлгідегі шексіз билеушіге айналды, себебі...

- Мен ....көбірек шексіз билікке ие болды деп санаймын, себебі ....

Құндылықтарды дарыту

 

 

- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру;

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы (Кіші, Орта жүздің Ресей империясына қосылуы).

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

 

Ортағасырдағы феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін, монархия, биліктің сословиелік-өкілді органы, феодалдық бытыраңқылық және орталықтанған мемлекет жайлы ақпартты біледі.

 

 Сабақ барысы

 

Сабақ элементтері, уақыт

 Жоспарланған іс-әрекет

 (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

Бүкілсыныптық жұмыс: 5-10 мин

 

 

 

 

 

 

 

Жұптық жұмыс түрі

10-17 мин

Жұптық жұмыс түрі

17-27 мин

 

 

 

 

Топтық жұмыс түрі

27-37 мин

 

 

 

 

БЫМ/Б XIV Людовик: «Мемлекет - ол мен!», І Петр: «Ұлы мәртебелі – жеке билік ететін монарх, дүниеде ешкімнің алдында өз ісі алдында есеп бермейді». Мұғалім оқушылар назарына XIV Людовик пен І Петр цитаталарын ұсынып, оқушыларды ой-талқыға шақырып, сабақ тақырыбына болжам жасату.

  • Екі цитатының ортақ идеясы қандай?
  • Қандай билік түрін байқауға болады?
  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, оқушылармен бірлесіп, сабақ мақсаты анықталады.Сабақ мақсаты, бағалау кри терийлері және тарихи концептімен танысу.

) №1 тапсырма Оқушыларға билік, мемлекет, абсолютизм парламент, монархия , «Сейм», «Кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарының анықтамасын жаздыртып, 1 сөйлеммен түсіндірме жасату.

Оқушылардың назарына феодалдық мемлекеттердің даму кезеңдері мен абсолюттік монархияның белгілері туралы ақпарат ұсынылады.

 1. Ерте феодалдық мемлекеттер

 2. Феодалдық-бытыраңқы мемлекеттер

 3. Орталықтанған мемлекет

 4. Сословиелік-өкілдік монархия

 5. Абсолюттік монархия

Ж.№2 тапсырма Абсолюттік монархияның белгілерін негізге ала отырып, кестеде берілген сұрақтарға жауап жаздырту.

Ж/Ж. №3 тапсырма Мәтінмен жұмыс. XIV Людовик пен Ұлы Петрдің қызметі тұсындағы мемлекетте орын алған өзгерістерді Венн диаграммасында төмендегі критерийлер бойынша салыстырту.

Салыстыру критерийлері:

1.Саясаттағы өзгерістер

2. Экономикадағы өзгерістер

3. Мәдениеттегі өзгерістер

Оқушылар жұпта бірігіп, екі билеушінің басқару жүйесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтап, екі сөйлеммен қорытындылайды.

Т. №4 тапсырма Жұптардан Версаль сарайындағы корольдің күнделікті өмірі жайлы мәлімет бойынша диаграмма жасап, бояту. Диаграммада корольдің күнделікті іс-әрекетін, оларға бөлінген уақыттарын бірнеше санат бойынша бөліп (мысалы тамақтану, балға қатысу т.б), мемлекеттік істерге қанша уақыт бөлгенін есептету.

Дескрипторлар:

  • Оқушылар билік, мемлекет, абсолютизм, парламент, монархия, «Сейм», «Кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарының анықтамасын жазады және1 сөйлеммен түсіндірме жасайды;
  • Оқушылар абсолюттік монархияның белгілерін негізге ала отырып, кестеде берілген сұрақтарға жауап жазады;
  • XIV Людовик пен І Петр тұсындағы саясаттағы өзгерістерді салыстырады;
  • Оқушылар XIV Людовик пен І Петр тұсындағы экономикадағы өзгерістерді салыстырады;
  • Оқушылар XIV Людовик пен І Петр тұсындағы мәдениеттегі өзгерістерді салыстырады;
  • Оқушылар екі монарх билігі тұсындағы мемлекеттік басқарудыкем дегенде екі сөйлеммен қорытындылайды;
  • Оқушылар Версаль сарайындағы корольдің күнделікті өмірі жайлы мәлімет бойынша диаграмма жасап, мемлекеттік істерге қанша уақыт бөлгенін есептейді;

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

Қосымша 1

 

 

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

 

Рефлексия

37-40 мин

М/Б Ұлы Петрдің XIV Людовикті қаншалықты қайталағандығын және олардың қайсысы анағұрлым шексіз биліктің иесі болғандығын талқылату.

Сабақтың соңында оқушылар

Не білдім?

Не көрдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?

Не қиындық тудырды? – деген сұрақтарға жауап береді.

 

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта жеке, жұпта, топта оқушылар тапсырма орындауда аралас бірге жұмыс жасағандықтан бір-бірлеріне қолдау көрсетеді.

 

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылар Миға шабуыл жасау арқылы суреттер топтамасы арқылы тақырыпты, сабақ мақсатын анықтау барысында мұғалім тарапынан қолпаштау, қолдаулар жасалады. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар мақсатқа сай ұқсастықпен айырмашылықты ажырата біледі.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.

  •  
  •  


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу