Әлия Әнуарбек (1993 жылы 30 сәуір)

Әлия Әнуарбек (Телебарисова) 1993 жылы 30 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. Бойы 178 см. Жас актриса 2012 жылы түсірілген "Жаужүрек мың бала" фильмінде Зере ролін ойнағаннан кейін әйгілі болды. Ең алғашқы ролі - Ақан Сатаевтың «Ағайынды» телехикаясындағы кіші келін. Сондай-ақ, "Жас ұлан", "Балкон" фильмдеріне және "Сыныптастар" мен "Ағайындылар-2", «Жаным» телехикаяларына, бірнеше қысқа метражды киноленталарға түскен. Лос-Анжелесте Нью-Йорк киноакадемиясының актерлік өнер бөлімінде оқыған.

Мен 2014 жылдың 14 маусымында шаңырақ көтердім. Жолдасымның есімі – Азамат. Мамандығы – заңгер. Осындай парасатты, өзіме қамқор әрі тірек болатын жанды кездестіргеніме Аллаға сансыз шүкірлік айтамын.
– Ата-енем, күйеуім маған қашанда қолдау көрсетіп отырады. Сол үшін де ол кісілерге алғысым шексіз. Жаныңда сенің өнеріңді түсінетін, құрметтейтін адамдар жүрсе, жұмысың да өнімді болады.
Өздеріңіз білесіздер, актердің мамандығы басқа қызметтерден бөлектеу. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, мұнда сенің жұмысыңды өз ұжымың ғана емес, көпшілік бағалайды. Бірақ қандай қиындықтары болмасын, мен өз мамандығымды жақсы көремін. Өзінің сүйікті ісімен айналысқан жан – бақытты. Сол себепті де жолдасым менің шығармашылықпен айналысқанымды қалайды. Бүгінде киноға түсемін, сценарий жазамын, монтажбен айналысамын. Үйде жүрген кездің өзінде, демалыста жүргенде қолымнан камера түспейді. Түсірген дүниемді дереу монтаждаймын. Нәтижесінде, әдемі отбасылық деректі фильм болып шығады. Сүйікті ісіммен айналысқанның арқасында керемет естеліктер қалады.
Ерін күтіп-баптай білген нағыз инабатты қазақ қызының отбасы жайындағы қағидасы: «жұмысым ол – хоббиім, ал отбасым – менің карьерам». Осы қағидаға сай, Әлия үй жұмыстарының барлығын өзі істейтіндігін, тамақ жасау, кір жуу, жалпы айтқанда нағыз келіннің жұмысын жасайтындығын айтады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Үндістанның көркінен көз сүрінер актрисалары кімдер?

Үнді актрисалары Үндістанда кино индустриясы пайда болғалы бері аса танымал. Олардың сұлулығына бүкіл әлем көз тігіп, ғашық болады. Ер-азаматтарды сүйкімді қылықтарымен баурап алатын үнді актрисалары кімдер? comode.kz порталы ең сұлу үнді актрисаларын назарға ұсынады.
Жаңалықтар
Толық

Бақытжан Мұсаханұлы Қанапиянов (1951 жылы 4 қазан)

Бақытжан Қанапиянов - 1951 жылы 4 қазанда Көкшетау қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын 1974 жылы бітіріп, Қазақ КСР ҒА жанындағы Металлургия және кен байыту институтында инженер болып істеген. Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. «Жалын» баспасында аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. 1991 жылдан бері «Жібек жолы» баспа үйінің президенті. Алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Простор» журналында басылған. Бірнеше жинақтардың авторы. Абай өлеңдерінің еркін аудармасын жасап, Жамбыл, Кенен дастандарын, «Қыз Жібек» эпосын орыс тіліне аударды.

1986 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998), Қазақстан Журналистер одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлығының иегері (1999), «Алтын лираның үміткері» атты Дүние-жүзілік ақындар байқауының лауреаты (2003), Тәуелсіз Тарлан сыйлығының лауреаты (2003), Махамбет сыйлығының лауреаты (2003). Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). «Парасат» орденімен (2006), Қазақстан, Ресей, Украинаның медальдарымен, «Чернобыль апатына 20 жыл» құрмет белгісімен (Ресей, 2006 жыл) марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2005) лауреаты....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Махамбет - дауылпаз ақын

Қарадан бір-ақ тусайшы,
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға

(Махамбет)

Қай елде, қай халықта да дана тұлғалар, данышпан қайраткерлер тарих ағымының биік жалында, халық тағдырының терең шайқалыс шақтарында дүниеге келетіні белгілі. Қолбасшы батыр, қаһарман ақын Махамбет Өтемісовты тудырған ондай кезеңді шақ – патша отаршылдығы мен хан өкіметінің езгісі мен қысымына қарсы......
Шығармалар
Толық

Қорқыт ата

Түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады....
Рефераттар
Толық

Ұстаздар (мұғалімдер) күні (Менің сүйікті ұстазым)

ҰстазҰстаз бейнесі- шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны -әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі. Ол-сезім мен нұр шашар сәуле. Келешек үшін тырмысып,жан аямай күрескен, өз бойындағы пенделігін жоя білген жан. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз- өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай.....
Шығармалар
Толық

Үш әке

Yш әке отырыпты.
Біріншісі айтады:
- Менің қызымның аты - Гүлжан! Ол өскенде гүлдей жайнап жүредi, - дептi.
Екiншiсi:
- Менiң қызымның аты - Жазира! Ол өскенде.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Қазақша сценраий: Мен патриотпын!

Тақырыбы: Тәуелсіздік, егемендік және патриотизм - біздің басты қазынамыз!

(Музыка ойнап тұрады. Әли Оқаповтың «Қазақстан» әні. Сырттан дауыс шығады)

Бүгінгі “Мен патриотпын, атты үгіт-насихат топтарының қалалық байқау-сайысында
Сәтбаев қаласы әкімдігінің “№16 жалпы орта білім беретін мектебі,, және оның “жас патриоттары,,
(Сөз оқылып жатқанда балалар ортаға шығып тұрады).....
kz
Толық

Өскемен қаласы

Өскемен қаласы 1720 жылы ұлы мәртебелі І Петр патшалық құрып тұрғанда қамал-бекініс ретінде салынған еді. 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңілөнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады.
Өскемен Қазақстанның батыс-шығыс бөлігінде Ертіс......
Шығармалар
Толық

Көлік және байланыс қызметкерлері күні

Құрметтi көлiк саласының қызметкерлерi!

Баршаңызды көлiк саласы қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiмен құттықтаймын!
Жол-көлiк инфрақұрылымын дамыту Елбасымыздың 5 институционалдық реформасындағы басты бағыттардың бiрi.
Сапалы көлiк байланысының халықтың.....

Құттықтау, тілектер
Толық