Жұмағали Саин (Ресей қызы)

Қайда естідім, сенің нәзік үніңді?
Бар денемді билеп алып барады.
Қайда көрдім, сенің бауырым, жүзіңді?
Бір ыстық от жүрегімде жанады...
Бұл от кептен көкірегімде лапылдап
Жанып тұрған махаббатым, қарағым,
Қыздырды оны сенің даусың саңқылдап,
Дәл шағырмақ ыстығыңдай даланың.
Қайда көрдім, қайда естідім үніңді?
Туысқаным, өзің айтшы қинамай!
Бар келбетің көз алдымда бүгінгі...
Тоқтамаймын сені білмей, жырламай...
Кім еді деп, сұрамадың атымды
Отандасым деген жалғыз сезіммен,
Бек таныдым... қоштасқаның ақырғы—
Міне есіме түсті сенің сөзіңнен........
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Украина қызына)

Жайланып, қару-жарақсыз,
Жатырмын, мұнда мен неге?
Өр жүрегім тағатсыз,
Жабырқау тарттың сен неге?
Майдандас достан айырып,
«Жан сауға ма» мені алған.
Сәулетсіз қара тіршілік,
Еттім қашан сені арман!
Төсекке тарттың тән - дене,
Қалды жорық... қалды ду...
Жалынбас ғұмыр пендеге,
Жалынды жүрек, болдың у...
Босат мені, қарағым,
Украина қызы, қарындас......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Қазақ қызы)

(Орденді Күләшқа арнаймын)

Гуілдеген жел — айдалада сарнаған,
Желге серік мұңды дауыс зарлаған.
Бота көзім, қазақ қызы есімде,
Ескі күнің «өлдім, анажан»- даған.
Сонда сенің жұбайың еді жалған ән
«Туар Шолпан маған - дағы атар таң»,
Дегендей ең, толқынды еді өлеңің,
Айлы түнде бар даусыңмен шырқаған.
Кейде күй сап домбыраның қылына,
Қосып үнін жүрегіңнің сырына,
Орал, Алтай, Алатауды кездіріп,
Батырушы ең Сарыарқаны мұңына.......
Өлеңдер
Толық

Отқа оранған жүрек

Махаббат!!!... Әй, студенттік ғұмыр десеңші. Өмір туралы өзіңше сыр шерткің келіп, көңіл туралы күнделікке талай-талай сөз қалдырасың. Көктемнің жайма шуақты күндері, құстардың салып жатқан әндері, ғашықтардың бір ауыз сөздері, бақыт жайлы әр адамның түсініктері, күнделіктің әр бетінен табылып жатады. Менің бүгін күнделігімде Салтанат деген досымның (жігіттің аты) Салтанат атты аруға ағынан жарылып, өз сезімін – махаббат майданының нағыз қаһарманы ретінде көрсетуі болып отыр. Сүйгеніне сүрінбей жетудің жалғыз жолы осы болса керек. Оқиға былай өрбіген: 8 наурыз мейрамы таяп қалған кез еді. Салтанат досымның өзі аттас аруға өліп-өшіп ғашық болып жүргеніне бір жылдай уақыт толған. Бес жүзден астам қыз-жігіттердің ордасы болған жатақхана ендігі кезекте бір ғана нәрсені күтіп тұр еді. Таң сібірлеп атқаннан Салтанаттан ес кете бастады. 32-автобусқа мініп алып, көк базардың қақ төрінен бүгінге керек тілек қағаздары мен раушан гүлдерді, қызыл түсті шарлар мен әп-әдемі жүзік сатып алып келді. ­ Кешкісін айтатын сөздерін қайталап, тағы да бір дайындық өткізіп жатты. Тірліктің қалғанын жігіттер жағы қатырып қойды. Ендігі кезек, күту ғана... Көптен күткен кеш те келді. Бүкіл әлем іштен тынып, жалғыз ғана тілекке құлақ қойып тұрғандай. Бүкіл әлем екі жастың махаббаты үшін тілек қылғандай. Жатақхананың артқы жағының жарықтарының бәрі сөніп, бүр үкімге бағынып тұр. Салтанат ұялы телефонын алып, сүйкімді қызды, өзі сүйетін қызды балконға шақырды. ...Сүйкімді қыз шықты. Салтанат асфальттың үстінде тұрған қалпы: -Саған ғашық, Менің жүрегім......
Махаббат хикаялары
Толық

Бала махаббат

8 наурыз кезіндегі қызықты оқиғалар жетіп артылады. Соның бірі, балалық шақтағы, мектептегі алғаусыз ақкөңілмен, еркелікпен болған сәттер. Мектепте оқып жүргенде менің Айдар деген досым болатын. Адам баласымен араласпай жүретін сол жігіт менімен ғана сөйлесуші еді. Күлдірем деп жылатып, жылатам деп күлдіріп алатын сәттері көп болатын...

...Айдар азаннан бері алаңсыз күйде. Себеп – бүгін 8 наурыз. Қайтерін білмей әбден басы қатып жүр. Оның үстіне кейінгі кездегі өз басының кей жағдайлары біраз әуреге түсірген. Солармен арпалыса жүріп, мерекенің де келгенін байқамапты. Әрі-сәрі сенделген күйде жүріп, кешті батырды. Түн. Қара түнек көмкерген аспанда әр жер-әр жерден екі-үш қана жұлдыздың жылт еткені болмаса, ай сәулесінің жұлдыз құрлы да жарқылы көрінбейді. Айнала да меңіреу күйде. 60-70 шақты тамы бар әжептәуір ауыл болғанымен де бүгінгі мерекеден ешбір тіршілік байқалмайды. Айдар Алмажанмен күндегі кездесу орнында жүздеспек боп келіскен. Ілбіп-басып сол орынға қарай аяңдап келеді. Әдеттегідей Алмажан оны тосып тұр екен......
Махаббат хикаялары
Толық

Махаббат емес....

Мен өзім үйдің кенжесімін, еркесімін. Айтқаным болмаса не жылап, не айқайлап, әйтеуір орындатам. 5 сыныпта бір бала келді. Сыныпқа бойы ұзын, сымбатты еді. Мен алғаш рет сол балаға ғашық болдым. 7 сыныпқа дейін жақсы дос болдым. Ойнап, күліп, бірақ ол 6 сыныпта менің жан құрбым А. мен жүрді. Бірақ ол бізден бір сынып жоғары оқитын. Олар жақсы жүрді. Бір-біріне сыйлық сыйлап. Сонда аңғырттығым ба аңқаулығым ба мен А. дан ол балаға мені жақсы көретінін айт деп өтініш айттым. Ол үнсіз ммм деп жауап берді.

Біраз уақыт өтті. А. мен достыгымыз тыйылды. Бірақ мен ойланбастан оған хат жаздым. Мен сені жақсы көрем деп. Ол оқыды да 10 сыныпта туысқан әпкесінің сыныптасы бар еді соны шақырып алды. Мен сол кезде терезе жанында тұрғанмын. Ол екеуі хатты оқыды. Маған қарап күлді.

......Мен қатты ұялдым. 1 күн сөйлеспедік. Мен оған дос болайық. Мен шыдай алмаймын дедім. Мен ақымақ сөйтіп айтқаныма әліде сенбеймін. .......Күндерім зулап өтіп жатыр. 7 сыныпқа көштік. Сол кезде көрші ауылдан У. деген қыз келді. Ап арық, әдемі еді. Ал мен толықтау едім. Ол қызға бәрі ғашық болды......
Махаббат хикаялары
Толық

Тұрған жерімде қақайып тұрып қалдым...

Өмірде неше оқиға болады екен. Мен оны алғаш көргенде тұрған жерімде қақайып тұрып қалдым. Оның қастары, еріндері, күлгені, дауысы бәрі мені бірден баурап алды. Сол сәттен бастап мен оны күндіз-түні ойлаумен болдым. Бірде агент желісінде оған достық жібердім. Ол қабылдады. Жүрегім дүрсілдеп сала берді.

Сол күннен бастап екеуміз танысып сөйлесе бастадық арада 1 айдай уақыт өтті. Ол маған өз сезімін білдірді. Мен жоқ дедім, ал ол болса өкінбейсінба деді мен болсам маған барібір дедім. Ол менің сенен көнілім қалды деп хабарсыз кетті. Бір аптадан соң ол менің Гүлжан деген жан досыма сөз сап соны мен журді. Ал мен қызғандым. Неге олай істедін десем қызғандыру үшін деді. Сүйтіп ол қызбен қайта айырылысып маған қайта сөз салды. Мен келістім......
Махаббат хикаялары
Толық

Бақша гүлі

Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен. Үйленуге ұсыныс жасағандардың, ханзадалардың, серілердің біреуін де ұнатпапты.

Сол күндері осы маңда тұратын бір жігіт те әлгі қызға ғашық болып қолын сұрапты. Бірақ қыз оның да ұсынысын қабыл етпейді.

Арадан ұзақ жылдар өтеді. Әлгі жігіт басқа қалаға кетіп, жаңа өмір бастап, үйленіп бала-шағалы болады. Күндердің күнінде бұрын өзі тұрған кішігірім қалашыққа жолы түседі. Келе жатып жолда бір танысын кездестіреді. Онымен әңгіме барысында бұрыңғы әдемі қыз есіне түсіп, оның жағдайының не болғанын сұрайды. Сонда танысы гүл бақшасы бар үйді көрсетіп, қыздың тұрмысқа шыққанын сол үйде тұрып жатқанын айтады. Жігіт: «Апыр-ай, кезінде ешкімге қарамаған бұл қыздың күйеуі кім болды екен?» деп, таңырқай бастайды......
Махаббат хикаялары
Толық