Психология | Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым – қатынастың дамуын зерттеу

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым – қатынастың дамуын зерттеу, яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінуі, мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін қанағаттандырмау — біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүруі, сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажеттігі, мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайьыны, өзгелермен қарым-қатынас жасау-бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз екендігі, бала қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алуы, еңбек-пен тұрмыс дағдыларына машықтануы, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгеруі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Нарықтық экономика | «Болат» өндірістік кооперативінің қаржы нәтижелерін талдау


Кіріспе
Қоғамда қаржылық жоспарлау және талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | «БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ

Қазіргі кезде өнім сапасын көтеру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Қазақстанның әлемдік нарыққа қосылуы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше болуға ұмтылуы сапа мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті өным шығару үшін де сапаға үлкен мән беру қажет. Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық даму жолына бет алған кезде сол сияқты әлемнің дамыған елу елдің қатарына қосылу міндеті анықталған уақытта отандық тауар өндірушілер өз өнімдерінің сапалық қасиеттеріне мән беруі тиіс.
Бұл орайда Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында мынандай мәселе көтерген болатын: «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық кодекс | БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

1. БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар деп мемлекеттік кәсіпорының, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзтын қылмыстық занда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті айтамыз.
Жаңа қылмыстық Кодексте осы тұрғыдағы қылмыстардың қатарына жаңадан бірнеше баптар қосылады.
Олар: жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету.....
Курстық жұмыстар
Толық

Статистика | Атырау облысының статистика басқармасы

Статистика жеке ғылым ретінде 19 ғасырда пайда болған. Статистика- бұл жан-жақты күрделі қоғамдық ғылым. Оның өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді.
 Статистиканың жалпы теориясы – ол статистиканың жалпы принцперімен әдістерін қарастырады.
 Әлеуметтік статистика- мұнда халық шаруашылығы көрсеткіштерінің жүйесін, оның құрлымымен прапорциясын, қоғамдық ұдайы өндіріс салаларымен элементтердің өзара байлнысын зерттейді.
 Салалық статистика- өнеркәсіп ауыл шаруашылық құрлыс, көлік байланыс, сауда, қаржы, еңбек, демография және т.б. болып бөлінеді. Соңғы кезде өмір салтын сипаттайтын әлеуметтік статистика қалыптасты.
1941 жылдың Наурыз айында Гурев облыстық статистика басқармасы құрылды. Бұнда әлеуметтік эканомикалық, демографиялық статистика, ауыл шаруашылық және көптеген бөлімдер қызмет етті. Тәуелсіздігімізді алғанан кейін 1991 жылы қазан айында Атырау облыстық статистика басқармасы болып құрылды. Қазірдің өзінде мекемеде 15 бөлімше 140 жоғары сапалы мамандар қызмет етуде. Атап айтсақ:
 Әлеуметтік эканомикалық статистика- бұнда халық шаруашылық көрсеткіштерін сонымен қатар өндіріс салалары мен оның арасындағы байланысты зерттейді.
 Ауыл шаруашылық статистика бөлімі- бұнда ауыл шаруашылық халқының жағдайын өндірістің дамуын қадағалайды
 Сауда қызмет көрсету статистика бөлімі- бұнда жеке және заңды тұлғалардың өнімінің сандық және сапалық тауарлары есепке алуда.
 Баға статистика бөлімі- бұнда қаладағы сауда орталықтарының бағасын бақылап әркезде тексеріп тізімін алып отырады.
 Әлеуметтік және демографиялық статистика –бұл қала және қалаға жақын орналасқан тұрғының тұрғылықты жеріне байланысты санақ алу. Бұл санақтар төрт ай сайын қайталанып және бір жыл сайын алынады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | АТС жұмысын жеңілдету үшін автоматтандырылған басқару жүйелері

ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі- ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу,сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер,сызулар,фотосуреттер,географиялық карталар) ғана емес,жаһандық жүйе,дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады.Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.Мәліметтер базасы(МБ)-белгілі бір арқауы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау,сақтау менамал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы.Адамның қатысуы ықтимал,автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын,поездар қозғалысы кестесін,кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді,студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атуға болады.Электронды мәліметтер базасының басты қасиеті-ақпараттықтез іздестіру мен сұрыптау,сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру мүмкіндігі.Мысалы,сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шемемен алғанда ХХ ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады.Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты.Олардың бірқатарын келтірейік.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Қарт адамдардың әлеуметтік психологиялық сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпанда халыққа жолдаған жолдауындағы 3.6 бөлімінде былай деп айтқан болатын: «Биылғы жылдан бастап біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптасырудағы бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру ақыр аяғында бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады».
Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Ұлыбританияның саяси кеңістігіндегі М Тэтчердің атқарған саяси қызметтері

Тақырыптың өзектілігі. Британ тарихындағы әйел затынан шыққан саяси қайраткерлердің бірінен саналатын, Маргарет Тэтчер есімі, әлем тарихының жадында мәңгі сақталады. М.Тэтчер дүниедегі ең озық саяси идеологиялардың негізін салушы болып табылады. Ол тарихта «тэтчеризм» деген атпен қалды. Бұл саяси идеология Британияда бірқатар әлеуметтік, экономикалық, саяси құрлыстар барысында реформалар жүргізді. Тарихқа терең үңілер болсақ, Маргарет секілді Британ тарихында терең саяси-әлеуметтік экономикалық реформалар жүргізген әйел затынан шыққан қайраткерлер аз болмаған. Мысалы: Елизавета, Виктория ханшайымдардың есімі тарихта мәңгі ұмытылмастай сақталып қалды. М. Тэтчер де сол есімдердің ішінен өз ерекшелігі, құндылығы бар дара есім болып саналады. М.Тэтчер және «тэтчеризм» атауларына қатысты Ұлыбританияда көптеген түбегейлі бет-бұрыстар жасалынды. Бұл туралы бүгінгі таңда да өз бағасын алып, талқыланып келеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Ұлыбританияның саяси кеңістігіндегі Маргарет Тэтчердің атқарған саяси қызметтері

Тақырыптың өзектілігі. Британ тарихындағы әйел затынан шыққан саяси қайраткерлердің бірінен саналатын, Маргарет Тэтчер есімі, әлем тарихының жадында мәңгі сақталады. М.Тэтчер дүниедегі ең озық саяси идеологиялардың негізін салушы болып табылады. Ол тарихта «тэтчеризм» деген атпен қалды. Бұл саяси идеология Британияда бірқатар әлеуметтік, экономикалық, саяси құрлыстар барысында реформалар жүргізді. Тарихқа терең үңілер болсақ, Маргарет секілді Британ тарихында терең саяси-әлеуметтік экономикалық реформалар жүргізген әйел затынан шыққан қайраткерлер аз болмаған. Мысалы: Елизавета, Виктория ханшайымдардың есімі тарихта мәңгі ұмытылмастай сақталып қалды. М. Тэтчер де сол есімдердің ішінен өз ерекшелігі, құндылығы бар дара есім болып саналады. М.Тэтчер және «тэтчеризм» атауларына қатысты Ұлыбританияда көптеген түбегейлі бет-бұрыстар жасалынды. Бұл туралы бүгінгі таңда да өз бағасын алып, талқыланып келеді. М.Тэтчердің қолдауымен әлемде көптеген өзгерістер орын алды. Оның Кеңес Одағымен 80-жылдардың ортасында байланыс ұстауының өзі көптеген саяси идеологиялардың алмасуы мен төңкерісіне алып келгенін көре аламыз. Осы мәселелерге қатысты әлем баспасөздерінде және Британияда «Тэтчер факторы», «Тэтчер феномені», «Тэтчер революциясы» деген терминдер қалыптасты. Бұл терминдердің сипаты өте жоғары мәнге ие. Бүгінгі таңда әлем саясаткерлерімен, Британ үкімет органдарының ірі өкілдері М.Тэтчердің жүргізген саяси бағыттарына біржақты қолдау білдірмегенімен, оның іскерлігі мен терең саяси атқарған қызметтерін еріксізден мойындайды. М.Тэтчер партия бойынша, консервативтік партияның өкілі болып табылады. Консерваторлар осы күнге дейін оның есімін толықққанды мақтаныш тұта алады. Оған себеп болар айғақтарды біз өз кезегінде толық, тиянақты талқылаймыз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Қытай Халық Ресубликасы мен шетелдік қытай диаспорасының қарым қатынасы

Зерттеліп жатқан тақырыптың өзектілігі. 20-ншы ғасырдың соңғы ширегі Қытайда болып жатқан процестерге ерекше назардың көбеюімен сипатталады. Бұл 1960-70-інші жылдардағы әлеуметтік, экономикалық тәжірибелер әлсіреткен Қытай Халық Республикасын күшті аймақтық көшбасшыға айналдырған, елді әлемдік алдыңғы қатарғы мемлекетке айналдырған қытайлық реформалардың сәттілігімен байланысты. Реформалардың бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды ролды әлемде он мыңдағын адамды құрайтын шетелдік қытай диаспорасы атқарды. Нақ солар салған инвестициялар Қытай Халық Республикасының экономикалық әл-ауқатының өсуіне себеп болды. Сондықтан саяси және әлеуметтік ғылымдар шеңберінде жүргізіліп жатқан хуачяо мәселесіне арналған зерттеулердің көптігі таң қалдырмайтын жайт. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, шетелдік этникалық қытайлар диаспорасы өзінің көптігімен ғана емес, ерекше экономикалық артықшылық, бірлік, мәдени және психологиялық ортақшылық пен оларға тұрғылықты жеріне қатыссыз бір организм ретінде әрекет етуге мүмкіндік беретін, қиылысатын байланыстар жүйесінің болуымен де таң қалдырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық