• Қызылшаны тұрмыста қолданылғанмен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады. Мақсаты: • Қызылшаның пайдасын, түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрене отырып, зертеу жүргізу. Міндеттері: • Қызылша туралы кітаптардан, оқулықтармен, зерттеулермен танысу; • Қызылшаның түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету; • Ғалым, доктор, профессор еңбегімен танысу. Нысаны: қызылша Пәні: өсімдіктану Болжам: егер біз қызылша жайлы оқып білсек, онда қызылшаның көптеген сырларын ашар едік. Нәтижесі: іздену нәтижесінде қызылшаның денсаулыққа пайдалы екенін, әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар екенін білеміз. • Қандай жеміс - жидекті жақсы көресің? - десе, көп бала алма, алмұрт, қауын, қарбызды атайды. Ал мен қызылшаны ұнатамын. • Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді......
Жобаның мақсаты: егер де дымқыл дәнді сепсем, өскін неше күннен кейін шығады? Жоба қалыптастыратын біліктіліктер: өздігінен зерттеу жұмысын жүргізу, бақылау, ақпарат жинау. Жобаның міндеті: білімге құштар болу, табиғатты бақылау, қорытынды жасау, өздігінен тәжірибе жасау дағдыларын қалыптастыру. Жобаның мәселесі: дымқыл әлде құрғақ дәнді себу тиімді? Шығармашылық жұмыстың жоспары: дәнді суға салып қою (бір тәулікке), топыраққа себу, мезгілінде су құю, күнде бақылау жүргізу, күнделікті толтыру. Жобаның түрі: сарамандық – бағдарланған жоба. Пәндік мазмұны жағынан: дербес жоба (Дүниетану). Оқушылардың әрекеті бойынша: дербес жоба. Ұзақтылығы: апталық жоба. Жобаның қорытындысы: презентация.. Рефлексия: жұмыс барысында оқушының бойында пәнге қызығушылығы оянып, өздігінен тәжірибе жүргізу дағдылары қалыптасып, қосымша мәлімет жинастырылады, ой - өрісі дамиды......
Оқшы ата - киелілер ордасы Қойнауы құпияға толы Сыр өңірінде көненің көзі де, бүгіннің өзі де бар. Қасиетті Сыр топырағы бүкіләлемдік тарихта өзіндік орны бар өлке. Ата - бабамыздың ежелден кіндік қаны тамып, ұрпағын өрбіткен киелі мекенінде бүгінгі кезеңде жадыңнан өшпейтін асылдың сынағындай небір мұраларымыз бар. Ежелгі өркениеттің белгісі ретінде сыры кетсе де сыны кетпеген ғажайып тарихи ескерткіштер мен мазарлар соның куәсі. Осындай тарихи мұраларды қорғау - халқымыздың сан мың ғасыр бастан кешкен тарихын, мәдениетін, өнерін, салтын, тілін қорғау деген сөз. Осы бағытта тарихи - археологиялық және сәулеттік ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, сондай - ақ жұртшылыққа олардың құндылығы мен маңызын таныту, жас ұрпақ тәрбиесіндегі алар орнын арттыру жөнінде біршама іс - шаралар жүргізіліп отыр. Міне, осындай мұрағаттардың бірі - Оқшы Ата мазары, ал тарихи мәліметтерге сүйенсек, ол оғыз - қыпшақ заманының жәдігері болып табылады. Кезінде ұланғайыр іс тындырып, тіршілікке тұтқа бола біліп, кейінгі ұрпаққа ұлағатты үлгі еткен ұлы бабалардың аманатына адалдықты сақтау адамдық та, азаматтық та асыл парызымыз......
Жұмысымның негізгі мақсаты: Мектеп бағдарламасы бойынша оқулықта толық қамтылмаған тақырыптардың бірі - тарихи тұлға Бекет Мырзағұлұлының ғибратты ғұмыры, ол салған тарихи ескерткіштер болып саналатын мешіттерінің ғылыми негізге сүйеніп салыну үлгісі мен ағарту бағытындағы маңызын ашу. Жұмысымның ғылыми жаңашылдығы мен өзекті мәселелері: Тарихи ақтаңдақ беттерінің бірі болып келген Бекет ата мұраларын зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып талдау арқылы тарихта алатын орнын зерделей отырып, кейінгі ұрпаққа насихаттау біздің еншімізде екеніне ықпал ету. Жұмыстың практикалық маңызы: Тақырыптық тұрғыдан талданған деректерді өскелең ұрпақ сұранысын қанағаттандыру мақсатында таңдау курстары мен үйірме жұмыстарына көмекші құрал ретінде пайдалану......
І. Кіріспе 1. Мәдениетіміздің бет бейнесі. Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып, мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген. Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно - мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады. Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері даусыз. Себебі, қазақ дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір өнері көрнекті, көрген - түйгені мол үлгілі ұлт. Қазақ өнерінің әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға толы......
«Жеті қазынаның бірі жылқының»ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру, халқымыздың жылқы малына қатысты салт - дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсету. Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден танып, білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танытын сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды шебер игерген. «Төрт құбылада - төрт түлік»деп бекерге бағаламаған......
Көгершін құсы туралы жалпы дерек: Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар. Олардың танау тесіктері терілі каппен бүркелген. Көгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы үш жүздей түрі белгілі. Мысалы: клинтух, вяхирь иығында және мойнының бүйір бөлімінде ақ дақтары болады, бұлар ресейдің солтүстігіне таман тараған, жабайы көгершіндер немесе көк көгершін - зікірлі көгершін Мадагаскарға таяу жердегі аралдарында кездеседі. XVII ғасырға дейін жойылып біткен ірі дронт көгершіні — деген түрлері тіршілік еткен. Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері — ағашты, таулы жерлерде тіршілік етеді......
Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай - ақ медицина мекемелерінің материалдық - техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз. Негізгі басымдықтардың бірі: Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық - түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою. Соған орай менің ғылыми тәжірибелік жұмысымның негізгі мақсаты Астана қаласы медициналық колледжінің студенттері арасында кездесетін тырнақ ауруларының этиологиясы, патогенезі, белгілері, диагностикасы, классификациясы, кең тараған қате пікірлер, аурудың асқынуына алып келетін факторлар, аурудың әлеуметтік психологиялық аспектісін тәжірибелік зерттеу......
КІРІСПЕ Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын көрсетіп отыр. Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында басты орын алады. Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті дамыту; төртіншіден, қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру. Экологиялық білім мен тәрбие беру тәжірибелік табиғат қорғау ісінсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Соған байланысты дәстүрлі емес білім алудың жаңа бір түрі: оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Ол адамдардың демалыс уақытындағы табиғат туралы білім мен тәрбие алу мүмкіншілігін тудырады. Оқу экологиялық соқпақта экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінің ерекшелігі дидактикалық тұрғыда үйрету ғана емес, оқушының еркін түрде ақпаратты қабылдауды, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтауды негіздейді. Бүның бәрі оқу экологиялық соқпақта демалу және танып білу кезінде органикалық үйлесімділікпен іске асады. Табиғат соқпағында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдеседі. Оқу экологиялық соқпақ демалушылар ағынын реттеуге, табиғатқа зиянын келтірмейтін қауіпсіз бағыттарды меңгеруге себебін тигізеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақ белгіленген аймақтағы табиғат қорғау ережесінің сақталуына мүмкіндік береді. Соның арқасында келушілерге бақылау жасауды және экологиялық соқпақ орындалуын жеңілдетеді. Оқу экологиялық соқпақ экологиялық білім мен тәрбие беруге, келушілердің демалу мүмкіншілігін арттыруға, белгілі бір аймақта таби-ғатты сақтауға, т.б. мәселелерді шешуге бағытталған. Дәстүрлі түрде оқу экологиялық соқпақтар қорықтарының, ұлттық табиғат бақтардың ландшафтық қорықшаларымен жанаса жатқан аралық (буферлік) аймағында өтеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақтың салынуына орман бақтары, демалыс белдемдері, қаланың жасыл желек аймақтары, өндірістік қолданысы бар ормандар, ормансыз алқаптар (дала, жартылай шөлейт) жарай береді. Соңғы жылдары мектеп, лагерлер төңірегінде оқушылар өз күштерімен де оқу табиғи соқпақтарын ұйымдастыруда. Бұл үрдістің өзі оқушыларға табиғат-анаға деген мейірімділік, жанашырлық, тәрбиелік қасиеттерін қалыптастырады. Жастарға экологиялық білім мен тәрбие берудің дұрыс уйымдастырылуы табиғатқа деген көзқарасын өзгертеді, яғни табиғат-анаға саналы түрде қарым-қатынас жасайды.....
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Азия елдерінің ішінде Түркия экономикасы біршама жоғары деңгейде дамыған ел болып табылады. Оның географиялық орны, табиғатының басты ерекшеліктері, тарихи-географиялық жағдайы, шаруашылығының салалық құрылымының өзгешелігі, халықаралық маманданған қызмет көрсету салаларының қазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, тәуелсіздік жылдарындағы басты даму бағыттарына сараптама жасалынды. География мен экономика ғылымдарын ұштастыра отырып, Кіші Азия түбегінің қазіргі таңда туристік-рекреациялық жағынан дамуының бағыттарын қарастыру және Қазақстандағы туризм саласын дамытуға Түркия тәжірибесін пайдалануды талдау зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды. Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі дерек көздерін талдау негізінде Кіші Азияның қазіргі заманғы әлеуметтік-географиялық даму бағыттарын анықтап, аймақ дамуының тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру. Диплом жұмысының мақсаты алдыға қойған келесі міндеттерді шешуді көздейді: • Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық жағдайына талдау жасау мен табиғи ресурстарына баға беру; ерекше қорғауға алынған ұлттық саябақтардың аймақ табиғатының тепе-теңдігін, табиғат эталонын сақтаудағы маңызын қарастыру; • Кіші Азия түбегі қалаларының әлеуметтік-географиялық даму бағыттарына сипаттама беру; аймақтағы туристік-рекреациялық ресурстарының халықаралық маңызын анықтау. Диплом жұмысының нысаны ретінде Кіші Азия түбегі және оның рекреациялық бағытта игерілуі алынды. Ғылыми зерттеудың жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысында Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық ерекшеліктері мен туристік-рекреациялық мүмкіндіктері айқындалып, қазақ тілінде жазылды. Шаруашылық салаларының әрқайсысына талдау жасалып, бүгінгі күнгі экономикалық көрсеткіштері ұсынылды. Қазақстанда түрік тәжірибесін пайдалану зерделенді. Сонымен қатар даму жобалары енгізіліп, оларды саралау бойынша дамудың жаңа бағыттары ұсынылған. Диплом жұмысының қолданбалы мәні. Зерттеу нәтижелерін 7, 10, 11 сыныптардың география сабағында, жоғарғы оқу орындарында «Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы», «Қызмет көрсету географиясы», «Тұрғындар географиясы», «Рекреациялық география» сабақтарында қосымша дерек көзі ретінде пайдалануға болады.....