Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.2 Жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу
Тіршілік ортасындағы өзгерістерге байланысты жануралар санының өзгеруін түсіндіру
Ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: 3.2.2.3 - өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Коронавирус

Коронавирус келді деп,
Ел-жұртымыз дүрлікті.
“Талай жанды алды” деп,
Халық талай қынжылды.

Тақпақтар
Толық

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай балаларының бейнесі

Мақсаты: М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай Құнанбаевтың балаларының бейнесін ашу.

Міндеті:

  1. Абайдың балалары жайында мәлімет жинастыру.
  2. Абайдың балаларының берілген 5 талап бойынша: 1) сезімі; 2)портреті; 3)іс-әрекеті; 4)сөйлеген сөзі; 5)мінез-құлқы бейнесін құру.
  3. Абай мен балаларының арасындағы қарым-қатынасты Құнанбай мен Абай арасындағы қарым-қатынаспен салыстыру. 
  4. Абайдың әкелігіне баға беру.

Болжам: Қазақтың ұлы, дана ақыны Абай Құнанбаев өз артынан білімді, тәрбиелі, еліне пайда тигізетін ұрпақ қалдыра білді.

kz
Толық

Сатиралық ертегі: Амалшыл Бекжан

Бұрынғы уақытта бір хан болыпты. Ол ханның ақшасын Бекжан деген ұрлапты. Оны кім ұрлағанын ешкім біле алмайды. Кім ұрлағанын білуге хан үй тігіп, той қылып, барша халықтарын шақыртты.
– Әр қонақтардың алдарына он тиын күмістен қой, – деді.
Ханның бұйрығын орнына келтірді.
– Кімде-кім ол он тиын күмісті алса, сол ханның ақшасын алған, – деді.
Амалшыл Бекжан мұны білді. Етігінің өкшесіне желім жақты. Тамақ жегеннен кейін қонақтардың қолына су құя бастады. Барлық қонақтардың алдындағы күмістер Бекжанның өкшесіне жабысты. Онан кейін далаға шығып кетті. Оның мұндай істегенін ешкім білген жоқ.
* * *
Ханның бір түйесі бар еді, түйені іздетуге хан ойланды. Хан түйені бос қоя берді. Түйе барды да, Бекжанның үйінің қасына барып жатты. Бекжан оны білген соң түйені сойып алды. Мұны хан білген жоқ.
Бір уақытта Бекжанның үйіне бір қатын келді де, Бекжаннан бір жапырақ түйенің етін сұрады. Ол бір жапырақ етті алды да, көрсетуге ханға қарай жүрді. Қатын ханға келе жатқанда Бекжан жолықты......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Намаз

Ертеде қазақ намазды, намаз оқуды білмейді екен. Тек намаз деген болады деп есітеді екен, соны үйренсек деп, аңыз қылысады екен.
Күндерде бір күн ауылға бір татар саудагер келеді. Ол ауылдың ақсақалы Айжарықтың үйіне қонады. Қонақ жатарда «Құтпа» намазын оқиды. Қонақ намазын оқып болған соң Айжарық:
– Құтты қонағым, мұның не ырым? – деп сұрайды.
Татар Айжарықтың намазды білмейтінін сезіп, мұны бір қызық етейін деп ойлайды. Сүйтеді де:
– Ақсақал, бұл – намаз, – дейді.
– Әп, бәрекелді, біздің іздегеніміз осы намаз еді. Құтты қонағым, осы намазыңнан құрттай бер, болмаса, қайдан алуға болады, жөнін айт, – деп, Айжарық шап ете түседі.
– Менің намазым шамалы еді, жолыма жетпей қалатын сияқты. Базарда намаздан көп нәрсе жоқ, сонан сатып алуыңызға болады, – деп, қонақ жайын айтады......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Алса – бермес пен берсе – қоймас

Баяғы өткен заманда Алса–бермес, Берсе–қоймас деген екі қу болыпты. Оның аты айтылу себебі олай деп, бір кісіден алған затын түк бермейді екен, сол үшін оны Алса–бермес қойған. Берсе–қоймас ол біреуге бір зат берсе, алмай қоймайды екен. Сол үшін аты солай болыпты. Екеуінің де дабысы жер жүзіне жайылыпты. Бір күні Бағадат шәрінде Алса–берместі естіп, соған Берсе-қоймас бармақ болып, көз жанарын тартарлық етіп, түрлі алтын сапты кездік соқтырады.
– Барып, үйіне қонғанда, көрсетейін, сұраса, берейін, – деп, соны алып, бірнеше күн жол жүріп, Алса–берместің үйіне іздеп келіп, қонады. Тамақ ішіп-жеп болған соң түрлі кездікті жайып салып, көрсете бастайды. Көріп-көріп, сұрамай қойды. Ертеңіне таң атты. Шай ішіп отырып, әйеліне айтыпты:
– Әй, мен бүгін базарға барып, жөні келсе, бір сиыр сатып әкелейін, – деді.
Сонымен базарға барды, әлгі қонағы да барды. Барып, базардан бір сиырды сатып алатын болды. Сонда он тиыны жетпей қалды. Жан-жағына қараса, түнде үйіне қонған қонағы тұр екен.
– Әй, он тиының бар ма? – деді......
Ертегілер
Толық