Әлеуметтану | Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістері

Кіріспе
Осы заманғы мемлекет қызметiнiң ең маңызды бағыттарының бiрi — жастар саясаты. Елбасымыз "Болашақ — жастардың қолында" деу арқылы жастарға үлкен сенiм бiлдiретiндiгiн айтып өткен едi. Ал, елiмiздiң ертеңi саналатын бiздер, яғни жастар кiмбiз? Мемлекет жастар саясатын қалай ұстанып отыр? Бұл мәселе кiм-кiмдi болсын толғандырары анық.
Ел саясатының негiзгi мiндеттерi — жастардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау, оларға жәрдем беру әрi әлеуметтiк, саяси қызметтер көрсету, әлеуметтiк маңызы бар жас буын өкiлдерiнiң маңызды бастамаларын жүзеге асыру. Ал жастар саясатындағы "жүгi ауыр" мiндеттердiң орындалуына септiгiн тигiзiп жүрген бiршама жастар ұйымдары бар. Бiрақ олардың көбi "саны бар, сапасы жоқтардың" кебiн киiп отыр. Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, 180-нен астам жастар ұйымдарының тек 10-ы ғана белсендiлiк танытса, қалғандарының "аты бар, затыжоқ".
Кемеңгер антикалық философ Аристотель: "Жастар мәселесi — мемлекет мәселелерiнiң негiзгiсi", — десе, ата-бабамыз: "Балам" дейтiн жұрт болмаса, "жұртым" дейтiн бала қайдан шықпақ", — деп нақты айта бiлген. Иә, елiмiздiң жастар саясаты туралы заңы, оған қоса "Қазақстан жастары — 2009" бағдарламасы да бар. "Бүгiнгi жастардың тәрбиесiне келсек, олардың көпшiлiгiнде "жастық максимализм" көзқарасы құрып бара жатыр.....
Курстық жұмыстар
Толық