Әлеуметтану | Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістері

 Әлеуметтану | Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістері

Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................3-4
1. Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде.....................5-6
2. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістері және оларды жүзеге асыру жолдары...........................................................7-14
3. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибесі........................................................................................15-24
Қорытынды....................................................................................25-26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................27-28

Кіріспе
Осы заманғы мемлекет қызметiнiң ең маңызды бағыттарының бiрi — жастар саясаты. Елбасымыз "Болашақ — жастардың қолында" деу арқылы жастарға үлкен сенiм бiлдiретiндiгiн айтып өткен едi. Ал, елiмiздiң ертеңi саналатын бiздер, яғни жастар кiмбiз? Мемлекет жастар саясатын қалай ұстанып отыр? Бұл мәселе кiм-кiмдi болсын толғандырары анық.
Ел саясатының негiзгi мiндеттерi — жастардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау, оларға жәрдем беру әрi әлеуметтiк, саяси қызметтер көрсету, әлеуметтiк маңызы бар жас буын өкiлдерiнiң маңызды бастамаларын жүзеге асыру. Ал жастар саясатындағы "жүгi ауыр" мiндеттердiң орындалуына септiгiн тигiзiп жүрген бiршама жастар ұйымдары бар. Бiрақ олардың көбi "саны бар, сапасы жоқтардың" кебiн киiп отыр. Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, 180-нен астам жастар ұйымдарының тек 10-ы ғана белсендiлiк танытса, қалғандарының "аты бар, затыжоқ".
Кемеңгер антикалық философ Аристотель: "Жастар мәселесi — мемлекет мәселелерiнiң негiзгiсi", — десе, ата-бабамыз: "Балам" дейтiн жұрт болмаса, "жұртым" дейтiн бала қайдан шықпақ", — деп нақты айта бiлген. Иә, елiмiздiң жастар саясаты туралы заңы, оған қоса "Қазақстан жастары — 2009" бағдарламасы да бар. "Бүгiнгi жастардың тәрбиесiне келсек, олардың көпшiлiгiнде "жастық максимализм" көзқарасы құрып бара жатыр. Мәселен, жасөспiрiмдер арасында мен болашақта депутат болып, елiме адал қызмет етемiн деген идеялардан гөрi, өздерiнiң қарнын қалай тойғызатындығы жөнiнде, бұған қандай жолмен жетсе де тырысып-бағатындығы жайында идеялары басым. Бұл — қоғамға өте қауiптi. Сондықтан да бiз балаларымыздың материалдық жағдайын ғана ойламай, олардың саяси сауатына, спортқа деген қызығушылығына, жалпы ортақ әлемдiк көзқарасына ерекше назар аударуымызкерек.
Жастармыздың әлеуметтiк жағдайын талдасақ, бұл жерде де келеңсiздiктер толы. Жастар бiр сәт отбасылық болашағын елестетсе, олардың алдынан сөзсiз қара түнек шығады. Ауылды жерлерде — жұмыссыздық, қалада — тұрғын үй жас буынның басты түйiткiлi екенi ақиқат. Бұл жағдайлар жастардың ажырасуына да әкелiп соқтырады. Сондықтан да бiз жастарға өмiр сүру моделiн жасап беруiмiз қажет. Нарықтық заманда бұл мүмкiн емес шығар? Бiрақ нарықтық экономикасы бар Ресейдiң астанасы Мәскеудiң өзiнде әке-шешесi мұғалiм болып, өзi де жас ұстаз болса, оларға тегiн үй берiледi. Бұл жастарға үлкен көмек емес пе?
Бiздегi жастар арасындығы жұмыссыздықты шешуге болады. Мәселен, бiр ғана "Шеврон" компаниясында жыл сайын 5 мың адам зейнетке шығады екен. Ал олар не iстейдi? Бұл кадрлердi шетелден алып келедi. Неге мемлекет осы кадрлардың орнын қазақстандық жастармен толығуын қамтамасыз етпейдi? Осындай компанияларды мәжбүрлеуге болады ғой.
Әйтседе, елiмiздегi жастар саясатының ең басты проблемасы — бiлiм. Бiлiм және ғылым министрлiгiнде соңғы 17 жыл iшiнде көптеген реформалар жүргiзiлдi. Басқа облыстарда мемлекеттiк оқу орындарының 5-10-ы ғана мемлекеттiк бiлiм грантымен оқиды. Олар мемлекеттiк оқу орындары болғандықтан, мемлекеттiк бiлiм гранты көп бөлiнуi қажет. Бiзде бiр студентке бiр ғана оқулықтан келедi. Байқасаңыз, материалдық жағдайымыз да жақсы деңгейде емес.
Ал, идеологиялық бағытымыз, мәселен, үштiлдiлiк саясат өзiмiзге кереғар. Ауылды жерлердiң жастары үш тiлдi бiрден меңгеру мүмкiн емес. Ол ауылда дәнекерлеушi болып жұмыс iстесе оған ағылшын тiлiн бiлудiң қажетi не? Бiр тiлдiң өзiн адам баласы 50 жылда ғана жан-жақты меңгерiп шығады екен.
1. Жастар -әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Ғылым объектісі –нақты өмір сүретін шындық (табиғи және әлеуметтік) және бұл жай ғана табиғаттың және қауымның заты емес, адам әрекеті саласында қолданылатын зат болып табылады.
Қоғамда қандай да бір объектіні зерттеу қажеттілігі туғанда ол белгілі-бір көзқараста қарастырылатыны белгілі. Әрбір объект жеке-жеке зерттеуді қажет ететін бірнеше тараптар мен қасиетке ие болады, яғни қандай да бір ғылымның заты болып табылады. Ғылым затын анықтау көптеген факторларға, ең алдымен осы саладағы жеткен жетістіктерге, ғалымдар алдына қоятын әлеуметтік практиканың дамуына байланысты.
Қазіргі кезеңде -әлеуметтік жұмыстың өзіндік әлеуметтік ғылым және оқу пәні болып қалыптасуы қарқынды жүріп жатқан кезеңде әлеуметтік жұмыстың мәні мен негізгі белгілері туралы көптеген көзқарастар бар. Бірақ барлық авторлар әлеуметтік жұмыстың объектісіне өмірлерінде кездесетін проблемаларды шешуде қиындықтар көретін жеке адамдар мен әртүрлі адамдар тобын жатқызады.
Жастар кез-келген қоғамда үлкен немесе кіші деңгейде кемсітілетін топ болып табылады. Қазіргі кезде жасөспірімдерді, бозбалалар мен бойжеткендерді, жастарды қорғау проблемалары, жастар мен жасөспірімдер қылмыстары, девиантты мінез-құлқы проблемалары, жас жұмысшылар мен жасөспірімдерді қызметте және өнеркәсіп орындарында кемсіту проблемалары және т.б. белгілі болып отыр.
Халықтың белгілі-бір жасына байланысты бөлінетін тобына жататындықтан да жастар қазіргі таңда әлеуметтік жұмыстың негізіне айналып отыр, яғни оның объектісі болып табылады.
Жастарға әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде сипаттама беру үшін жастар –оны құрастыратын көптеген құрамдардан тұратын, жеке және топтық формасы бар, соматикалық, психологиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктеріне ие, қоғамдық қарым-қатынастардың тарамдалған желісінде жатқан күрделі жүйе екенін есте сақтау керек. Ресейлік социолог В.Н.Боряздың «жастар» түсінігін объективтік, әлеуметтік табиғаттан тұратындықтан антропологиялық және психологиялық бағыттарда қараумен шектелмеу керек, жастар туралы мәселені қозғағанда оны бір-бірімен салыстырмай, бөліп қарамай әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде қарап, антропология, психология, педагогика, социология және басқа да ғылымдардың жастар мен олардың проблемаларын зерттеудегі жетістіктеріне сүйене отырып қарау керек деген пікірімен келісеміз, өйткені жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс құралын, нысанын және әдістерін анықтау, оның тиімділігі ең алдымен халықтың осы тобының, әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік проблемалары білімі мен жас ерекшеліктеріне, психологиялық және әлеуметтік-экономикалық, социо-мәдениеттік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Жастар зерттеу объектісі ретінде әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік педагогика және социология сияқты ғылымдарда да кездесетінін есте сақтау керек.
Әлеуметтік жұмыстың объектісіне кез-келген жас іліге бермейді, оның міндетті түрде қандай да бір проблемасы болуы керек. Ол проблемалар психологиялық, медициналық, құқықтық, материалдық және басқа да сипатта, немесе адамға тәуелсіз кейбір сыртқы факторларға, болмаса ішкі жеке басының жағдайларына байланысты болуы мүмкін, қалай болғанда да әлеуметтік жұмыс үшін жас адам осы проблемасын өз бетімен шеше алмай, әлеуметтік қызметкердің кәсіптік көмегін қажет етуімен маңызды.
әлеуметтік педагогика үшін жай ғана жас адам емес, әлеуметтену процесінде көмекті қажет ететін бала –жеке тұлғадан әлеуметьік субъектіге айналатын, яғни дамушы, қалыптасушы жеке адамның болуы маңызды.
Міне ,осындай әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік педагогика сияқты ғылымның әлеуметтік бір құбылысты зерттеудің сипаттамаларына қарамастан оларды біріктіретін де, алшақтатын да белгілері бар.
Әлеуметтік қызметкердің жастар проблемасына осындай «кең»көзқараста болуы жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін маман мен жастармен жұмыс жүргізетін маманның лауазымды міндеттерін ажырата білуді қажет етеді.
Жастармен жұмыс жүргізетін маманның міндетіне балалар мен жастар ұйымдарының әрекеттерін үйлестіру, жастардың қалыпты құрылымы бұзылған бейресми бірлестіктерімен жұмыс, жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізу және оларды талдау, жасөспірімдердің, жастардың, жас отбасылардың құқығын қорғау және т.б. жатады.
Осыған байланысты, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін маманның кәсіби дайындығына ең алдымен жұмыстың объектісі ретіндегі жастардың сапалық сипаттамасын, осы бір күрделі әлеуметтік феноменді, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени аспектілерімен бірлікте және өзара байланыста зерттеу жүргізу қажеттігі туындайды.
2. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістері және оларды жүзеге асыру жолдары
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір саласы. Ол қиын өмірлік жағдайға ұшыраған азаматтарға көмек көрестіп, қолдау жасау мен әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әдетте екі мағынада қарастырылады. Кең мағынасында -әлеуметтік жұмыс объектісіне әсер ететін ұйым, юағдарлама, құрал, тәсілдерінен тұратын теориялық білім мен практика жүйесі ретінде. Мұндай түсінік әдетте әлеуметтік жұмысты жалпы мемлекеттік және аймақтық басқару органдары деңгейінде қолданылады. Ал тар мағынасында –жеке технологиялар жиынтығы ретінде, яғни нақты субъект пен әлеуметтік жұмыс объектісіне ғана қолданылатын белгілі-бір, нақты тәсілдер мен құралдар болып табылады. Мұндай түсінік ең алдымен халықтың әртүрлі категорияларымен мекен-жайы, оқуы, жұмысы және т.б. бойынша әлеуметтік жұмысты ұйымдастырушылардың тікелей әрекетінде қолданылады.
Жоғарыда көрестілгендей екі жол жастармен әлеуметтік жұмыс технологияларында қолданылады, оны жастардың әлеуметтік көмек пен қолдауды қажет ететін белгілі-бір категориясына, оларды өмірлік қиындықтардан «алып шығу» мақсатында қолданылатын тиімді тәсілдер, құралдар, әдістерді ұйымдастырудың білімдер жүйесі деп анықтауға болады. Жастармен әлеуметтік жұмыстың технологиясында екі форманы бөлуге болады:
1. процедура мен операциялардан «іс-әрекеттің ьтәсілі мен құралы ретінде» тұратын бағдарламалар.
2. осындай бағдарламаларға сәйкес құрылған іс-әрекеттің өздері.
Жастардың әлеуметтік жұмысының технологиясы әр алуан, олардың түрлері көптеген негіздерге байланысты жүзеге асады, солардың ішінде тәжірибеде ең көп тарағаны –объектілердің (жастар ортасында, жастар тобында және т.б. болатын құбылыстар, процестер) жіктелуі, мұнда олардың әрқайсысының объектісінің ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі-бір әсер ету тәсілдерін қолдану арқылы олардың тиімді қызмет етіп, дамуы мен жетілуіне мүмкіндік туады.
Жастардың әлеуметтік жұмысының технологиясының жіктелуі олардың жаңа дәрежесіне де байланысты. Осы түріне қарай жаңа (жаңарған) және дәстүрлі (бұрынғы тәжірибелер технологиясы) деп бөлінеді. Жаңарған технологияға «жастардың әлеуметтік жұмысының мобильдік» (басқаша атауы «көшедегі әлеуметтік жұмыс») технологиясын жатқызуға болады, бұл соңғы уақыттардағы батыс елдерінде кеңінен тараған технология, ал ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанға аз танылып отыр. Оның мәні –ешбір жастар орталығынан, кеңес беру пунктерінен, немесе басқа да жастар қызметінен көмек сұрамайтын, бірақ девиантты мінез-құлық танытатын, агрессивті жастардың бір бөлігіне бақылау жасау. Осындай жастарға «рокерлер», спорттық және музыка «фанаттары» және т.б. жастар тобын жатқызуға болады. Бұл технологияның негізгі қағидасы -әлеуметтік қызметкерді осындағы «тусовка» енгізу, оның қатысушыларымен өзара қатынасқа түсіп, олардың қызығушылықтарын зерттеп, түсіну, осы негізде ондай топтардың көбеюіне жол бермеу, таралуына әсер ету, олардың агерссивті көңіл-күйлерін дұрыс ағымға бағыттау.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы стратегиялық сипаттағы технологиялар болып жіктеледі. Біріншісі жастардың көп ауқымын қамтып, олардың өмір деңгейін жақсартуға, білім алып, жұмысқа орналасуға және т.б. мүмкіндік жасауға бағытталған технология. Екіншісі –жастардың кейбір категорияларымен, соның ішінде әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет ететін топтарымен жұмыс жасау технологиясы. Қазіргі Қазақстанның жағдайна байланысты тактикалық сипаттағы технологиялар анықтаушы ғана болып отыр, себебі, жастардың «рискілік» жігін, топтардың пайда болуын алдын-ала саралайтын стратегиялық технологияның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қаражаты жетіспейді, сондықтан жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жүйесінде адрестік әлеуметтік көмек тұжырымдамасына ғана сүйенеді.
Соған қарамастан, жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысын табысты жүзеге асыруда тактикалық технологияны алдын-ала саралайтын стратегиялық сипаттағы технологиямен үйлестіре қолданған дұрыс. Мысалы, балалар мен жасөспірімдердің қамқорсыздық проблемасын шешу үшін үйсіздерге нақты көмек көрсетудің жеке, тактикалық технологиясын іске асыру жеткіліксіз. Оған бір мезгілде, мемлекет пен жергілікті билік органдарының мүмкіндіктеріне қарай, балалар мен жасөспірімдердің қамқорсыздығына алып келетін себептерді тауып, оны болдырмау шараларын қолдануға бағытталған стратегиялық технологияны да жүзеге асырған дұрыс.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты жалпылау осы салада қолданылатын көптеген технологиялар негізделетін басты қағидаларды бөліп қарауға мүмкіндік береді:
 ұйымдастырушылық тәсіл жұмыс нысанының, жобаларының әр алуандығына бағытталғанымен сипатталады, оны орталық және жергілікті әкімшілік байқаудан өткізу арқылы қарап, қабылдайды да, оған қажетті қаржы бөледі, оның жұмсалуына бақылау жасайды және таңдалған технологияның қолдану нәтижесін бақылайды;
 кезеңмен қолдану тәсілі жұмыстың шартты түрде екі негізгі кезеңге бөлінуін қарастырады. Бірінші кезең таңдалып алынған технологияның объектісі –жастардың белгілі-бір тобы немесе жеке өспірім, бозбала, бойжеткен, олардың отбасының басындағы жағдайларды терең зерттеумен байланысты. Осы кезеңде барынша маңызды, алдымен шешуді талап ететін проблемалар анықталады. Бұл кезеңнің аяқталуы әлеуметтік қызметтің, әлеуметтік қызметкердің клиентпен (жеке адам, топ) бірге проблеманы шешудің жоспарын құрудан тұрады. Екінші кезең –жасалған жоспарға сәйкес жұмыс жасау, ол психо-әлеуметтік және басқа да қажетті көмекті қарастырады және басына түскен жағдайдан шығуда қолайлы жағдай жасау, клиенттің жағдайын реттеу сияқты істерді атқаруға бағытталған.
 Кадрмен қамтамасыз ету таңдап алынған технологияны жүзеге асыруға арнайы мамандарды –психологтарды, әлеуметтік педагогтарды, медиктерді және т.б. дайындауды қарастырады. Осындағы негізгі тұлға жастармен жұмыс істеуге арнайы дайындалған, клиентпен сенімді қатынасқа түсіп, оның басына түскен жағдайды зерттеп, оның проблемасын шешуде қолайлы әсер ететін адамдарды, қоғамдық (ресми және бейресми) институттарды және байланыстарды іздеуші, осы жоспардың жүзеге асуына бақылау жасаушы маманданған әлеуметтік қызметкер болып табылады.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологиясының тағы бір маңызды қағидасы –саралап жіктеу тәсілі қағидасы, ол жоғарғы аталғандардан басымырақ түсетіндіктен жеке қарауды қажет етеді.
Әлеуметтік жұмысының мақсаттары мен қызмет ету жағдайларымен және жалпы жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстары жағынан жақынырақ, соның ішінде Ресей Федерациясының жастар ісі бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің органдарының мынадай құрылымы бар:
• Жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету Орталығы дағдарыс жағдайында, микро және макро орталарда келіспеушілік жағдайында жүрген жастарға, халықтың осы категориясының девиантты, деликвентті және суицидальды мінез-құлықтың алдын-алу сияқты медико-психолого-педагогикалық көмек көрсетуге арналған. Бұл орталық екі бөлімнен тұрады деп есептеледі: әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бөлімі, оған баспана, қонақ-үй, социотерапия мектебі, мамандықты таңдау кабинеті, өндірістік кешен, мәдени-спорттық кешен, еңбек биржасы, юристтік кеңес беру кеңсесі жатады, және медико-психолого-педагогикалық көмек көрсету бөлімі, оған диагностика-психологиялық пункт, ата-аналарға арналған кеңес беру пункті, оқушыларға арналған кеңес беру пункті, анонимдік қабылдау кабинеті, кризистік стационар, лекторий және бос уақытты өткізу пункті жатады;
• Жастар үшін ақпарат беру Орталығы, оның мақсаты –жастар ісі бойынша билік орындаушы органдарға, жастармен, әртүрлі жас адамдар тобымен жұміс істейтін ұйымдар мен мекемелерге ақпараттық және әдістемелік қызмет көрсету. Юристтік, коммуникативтік, жеке дара, кәсіби, бос уақытты өткізу бойынша, білім алу, тұрғын үй және басқа да жастар проблемаларды шешуге әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырудан басқа Орталық жастар ортасында болып жатқан процесстер туралы ақпаратқа және жастардың сұраныстары туралы ақпараттарға талдау жасаумен айналысады.
• Еркінен айыру орындарынан келген жасөспірімдер мен жастардың қайта әлеуметтендіру Орталығы, бейімделуі қиын жағдайда жүрген жастарға кеңес беру, әлеуметтік-құқықтық, мамандықты таңдау және психологиялық көмек көрсетуге арналған. Оның мақсаты -әлеуметтік пайдалы байланыстарын жоғалтқан, бейімделуі қиын жағдайда жүрген жастардың криминогендік категорияларына олардың әлеуметтік салаларға «кірігіп» кетуі мен рецидивті алдын-алу мақсатында көмек көрсету; еркінен айыру орындарында болып келген жастарға жұмысқа орналастыруға, мамандық таңдауға және қайта мамандыққа дайындыққа көмектесу; юристік, медициналық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру; бейімделуге қиындық туғызған себептерді, көкейкесті проблемаларды және қиын жағдайларды анықтап, олардан шығудың жолдарын іздеу, дау-жанжалдарды тоқтату, қамқорлыққа алынғандармен бірге осы дағдарыс жағдайларынан шығудың жолдарын іздеу; дау-жанжалдарды тоқтату, қамқорлыққа алынғандармен бірге осы дағдарыс жағдайларынан шығудың жолдарын табу мақсатында жоспарлар жасау. Орталықтың құрамында телефон арқылы кеңес беру бөлімі («сенім телефоны»), психологиялық емдеу кабинеті, мамандықты таңдау және қайта даярлау мектептері, криминогендік контингентпен жеке жұмыс істеу бөлімі, кеңес беру пункті болуы керек.
• Жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру Орталығы телефон арқылы жедел, анонимді, ақысыз психологиялық кәсіби көмек көрсетуге арналған. Орталықтың негізгі мақсаттарына: көкейкесті дау-жанжал жағдайын басынан кешіріп, басқа да психикасына зақым келген жағдайда қалған абоненттерге көмек көрсету, дағдарыстан шығу үшін жеке басының, рухани және физикалық ресурстарын жұмылдыру; әлеуметтену мен дамудың психологиялық проблемалары бойынша телефон арқылы балаларға, жасөспірімдерге жастарға, жас адамның ата-аналары мен тәрбиешілеріне психологиялық кеңес беру.
• Жасөспірімдерге арналған баспана объективтік және субъективтік себептерге себептерге байланысты отбасында, тәрбие мекемесінде, қоғамда дамудың қолайлы жағдайынан қағажу қалған кәмелетке толмағандардың өмірінің уақытша .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?