Психология | Жас балалар арасындағы маскүнемдік пен алкоголизмнің әлеуметтік себептері

 Психология | Жас балалар арасындағы маскүнемдік пен алкоголизмнің әлеуметтік себептері

Кіріспе.
Жас балалар арасындағы маскүнемдік пен алкоголизмнің әлеуметтік себептері
Ғасырлар бойы қалыптасқан алкоголь мен маскүнемдік салт-дәстүрлер қазіргі кезде алкогольге үйреніп кетудегі маңызды фактор болып табылады. Осы фактордың алкогольдік кешендегі ролін бағалай отырып, маскүнемдік салт-дәстүрінің өмір сүруін қоғамдық психология мен әлеуметтануда іздеуге болмайды, олардың түп негізі тұрғындардың қалың қабатының материалдық сферасында жатыр, әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты маскүнемдік пен алкоголизм кешенінің себебі адамға жағымсыз әсер ететін нақты –тарихи жағдаймен түсіндіріледі.
Мұндай диспропорцияға мысал ретінде адамның шектен тыс бос уақытының көбейіп кетуі мен ол уақытты пайдалы өткізу арасындағы сәйкеспеушілік, әлеуметтік баспалдақ бойынша «сырғу», жұмыссыздық, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, соғыс және т.б.
Маскүнемдіктің пайда болуындағы жоғарыда аталған әлеуметтік факторларды айту болады, яғни өмірде болатын объективті қиыншылықтар, жетіспеушілік. Олар моральдық нормалардан психологиялық ауытқушылықты көрсетеді, соның ішінде алкогольді пайдалануға әкеледі. Адамдардың алкогольге деген тартушылығы өмір сүрудің кейбір түріндегі стимулдың әлсіздігінен, өзін құрметтеу сезімін, авторитетін жоғалтуынан пайда болады.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда адамның ішімдікке салынуы не салынбауы біріншіден оның өмір сүру барысындағы әлеуметтік даму деңгейіне байланысты. Ішімдікке салынған адамдардың денсаулығында көптеген кері әсерлерді көруге болады, ішімдікті ұзақ уақыт бойына пайдаланғаннан кейін оларды көптеген әлеуметтік жеке қасиеттерінің күрт түсіп кеткендерін байқауға болады. Осы ерте жаста қалыптасқан әлеуметтік жеке қасиеттер адамдардың алкогольге деген қатынасын анықтауда негіз болып есептеледі.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша «егер де толық тәрбиенің жоқ болуынан бойжеткендерде қоғамдық мәдениетінің төмен болуынан, уақытты қалай өткізсем, тоқтатсам болады» деген проблема туындаса, онда әлбетте олардың жол серігі алкоголь болады, яғни осылай әлеуметтік қасиетін қамтамасыздандырып, уақыт өткізуге көмектеседі. Әлеуметтік зерттеулер барысында маскүнемдік пен адамдардың айналысатын жұмысы, еңбек іс-әрекеті шарттары арасындағы қатынас белгілі болды. Яғни, жұмыскерлер арасында төмен мамандандырылған еңбек жұмыскерлері ішімдікке көп салынатыны белгілі болды.
Қазіргі заманғы психологияның көзқарасы бойынша, баланың қалыптасуы және психикалық дамуы негізінен 3 компаненттің ықпал етуімен тығыз байланысты: биологиялық, әлеуметтік (адамдар өздерінің жұмыстарымен, көзқарасымен, қарым-қатынастың іс-әрекетімен, яғни бала өмір сүретін және қарым-қатынаста болатын идеалдар) және физикалық, ақылға байланысты (бұл не, ол қалай жасалған және т.б білуге ұмтылысы) баланың активті іс-қимылы.
Баланың ең бірінші әлеуметтік ортасы болып отбасы есептеледі. Ол көбінесе баланы тәрбиелеуде маңызды роль атқарады. Отбасы баланың тәрбиесінде негізгі ережелер мен тәртіп нормаларын, қоршаған ортаға деген қарым-қатынас стереотиптерін қалыптастырады.
Отбасының қарым-қатынасының біркелкі жақсы болмауы ең біріншіден, балада көрініс алады. Алкоголбдік ішімдіктерді пайдаланған жас балалардың осындай отбасыдан шығатыны бекерден емес. Осындай жас балалардың отбасында, яғни үнемі алкогольдік ішімдікті пайдаланған, толымсыз отбасылар үлесі қайталанатын некелер 27-50 жағдайларында көрініс алады.
Функционалды толымсыз отбасындағы жас жеткіншектердің ішімдік қолдануы көбінесе әрқашан конфликтілер болатын психологиялық көрініске байланысты, отбасы мүшелерінің арасындағы конфликтіге әкелетін қарым-қатынастарының есебінен болады. Отбасындағы жағымсыз психологиялық климат балаға кері әсерін тигізеді, яғни туған үйінен алшақтауды тудырады. Үнемі болатын осындай психологиялық атмосфера балаларды көше кезушілікке, достарының, топтың қарамағында болып, көшеде қаңғырып жүруіне себеп болады. Мұндай отбасында көбінесе балалларына көңіл бөлуге де уақыт болмайды.
Көпшілігінде мұндавй отбасындағы тығыз психологиялық климат ата-анасының ішімдікке салынуынан болады. Отбасындағы алкогольді пайдалану характері балаға өте үлкен әсерін тигізеді. Отбасында болатын «ішімдік ішу дәстүрі» баланың қадағалап, үнемі көретін және қайталау объектісі болады. Осылай ұлдар көбінесе әкесіне ұқсағысы келеді, ал қыздардың аналарына, сөйтіп, әкелерінің ішімдік ішіп, аналарының ішімдік ішпеуі көп жағдайда ұлдарға ешқандай әсер етпейді. Яғни олар аналарына ұқсағысы келмейді.
Ата-аналарының алкогольді пайдалануы баланың «дұрыс емес» тәрбиелеу шарты болып табылады. Бұлар: отбасындағы конфликтілер, баланың қараусыз жүргендігі, отбасын материалдық қамсыздандырудың төмендеуі және отбасы құрывлымының ьұзылуы және т.б.
Үнемі ішімдікті пайдаланатын отбасы көбінесе өздерінің ең басты міндетін-баланы тәрбиелеуді атқаруға шамалары жетпейді. «Әлеуметтік жетімдік»- ол әке-шешесі тірі бола тұрып, балаға қамқор болу, көңіл бөле алмау қасиеті. Кейбір жағдайларда ата-аналар жағынан балаларды қадағалау болады, бірақ бұл қадағалау физикалық қажеттіліктерге байланысты болады: уақатанда жақсылап тамақтандыру, киіндіру, баланың денсаулығын қадағалау. Ал бірақ баланың рухани дамуына, оның қызықтыратын заттарға, көңіліне жағымды нәрселерге көңіл бөлмейді.
Ата-аналар жағынан балаға көңіл бөлмеу басқа да факторларға байланысты болады. Толымды отбасыға қарағанда, толымсық отбасында балға көңіл бөлмеу және баланы қадағаламау көп кездеседі. Отбасының балаға көңіл бөлмеуіне білім деңгейі де әсерін тигізеді. Ата-ананың білім деңгейі жоғары болған сайын, өздерінің балаларына деген көңіл бөлуі де жоғары болады. Бұл жағдайды былай түсіндіругше болады, ата-аналардың білімінің деңгейі отбасындағы ортақ мәдениетті, таным деңгейінің мөлшерін, қызығушылықтың әр түрлі жақтарын анықтайды. Отбасы өмірінің материалдық жәнен тұрмыстық шарттары жас жеткіншектердің алкогольді пайдалануына түрткі болады. Отбасындағы материалдық және тұрмыстық шарттардың төмендеуінен, ондағы психологиялық климат та нашарлайды, отбасы мүшелерінің арсында түсінбеушілік пайда болады.
Отбасы тәрбиесіндегі жағымсыз шарттар жас жеткіншекетер арасындағы «қауіп төніп тұрған топтың» пайда болуына әкеліп соқтырады, яғни бұл жас ждеткіншектер өздеріне ұнайтын стиль бойынша өмір сүріп, тәртібі мүлдем шекетен шығып. Жағымсыз қасиеттерге толы болады. «Қауіп төніп тұрған» жас жеткіншектердің өмір сүру барысы алкогольді пайдалануда-маңызды элемент болып табылады.
1.1. Әлеуметтік педагогтың қараусыз қалған балалармен жұмысы.
Жастар ортасындағы теріс мінез-құлық қалыптарының кеңінен тараған түрлеріне қараусыздық пен қаңғыбастық жатады. Бірінші түсінік жастар ортасындағы жасы кіші-балалар және жасөспірімдерге қолданылады, екіншісі олардан ересектеу жастағы жастар тобына қолданылады.
Қараусыздық, қараусыз өткен балалық – кең тараған, күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар – педагогикалық бақылау мен қамқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірлері денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата-анасынан (немесе қамқоршыларынан) және үйлерінен айырылғандарды ғана есептемеу керек. Егер ата – аналары (немесе қамқоршылары) балаларды тамақ бермей, қатал ұстап, өзі үлгі көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата – аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдерін ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалардың белгілі – бір тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүруімен сипатталады. Қаңғыбастық қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық әл – ауқатсыздықтың көрсеткіші болып табылады.
Қараусыздық пен қаңғыбастық -баланың, жасөспірімнің,
жас адамның жеке драмасы емес, ол әлеуметтік апат, әлеуметтік қауіп, ол мыналардан көрінеді:
• Алғашқы қоғамдық ырғақтан (оқу, еңбек ) үлкен адамдар тобы қысқартылады, қоғамның еңбек және білім беру әлеуеті азаяды: себебі қараусыз қалғандар мулдем оқымайды, “бомждардың” көпшілігінің білімі орта және арнаулы – орта;
• Қылмыс үшін және қосымша криминалдық факторға қолайлы орта қалыптасады: мамандардың ойынша, 85% қараусыз қалғандар мен 35% “бомждар” суық қаруға ие, олар көптеген төбелес, ұрлық, тонау, ауыр қылмыстардың қатысушылары;
• әлеуметтік “түпте жатқан” өкілдердің антисанитариялық жағдайларда өмір сүруінен олар көбінеәртүрлі аурулардың құрбандары, әрі тасушылары болып келеді: мемлекет қаңғыбастықтың санитарлық – гигиеналық аспектілерімен айналысуға мәжбүр болып отыр.
Қараусыз қалған және “бомждарға” айналған жас адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырмас бұрын, қараусыздықты болдырмай, қаңғыбастықты барынша шектеу үшін олардың пайда болуын макро және микросоциалдық деңгейде себептерін білу өте маңызды.
Қараусыз қалу және қаңғыбастық жолына түскен көптеген жастарды “өмірдің жиегіне” шығарып тастау, әрине, әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтардың, мемлекеттік және қоғамдық институттардың (білім беру жүйесі, құқық қорғау органдары және т.б.) кәсіби назар аударуды қажет етеді.
Жастардың осы категорияларымен әлеуметтік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде біріншіден, жеке тұлғаның әлеуметтік байланыстарының бұзылу процесін болдырмайтын моральдық, психологиялық, экономикалық қолдау көмектесетінін ескеру керек, мұнда кейде десоциализацияның алдын – алу үшін көбіне экономикалық, ресурстық және ұйымдастырушылық қолдаулар бұл байланыстардан гөрі тиімді екенін де білген жөн; екіншіден, егер жеке тұлға өзінің әлеуметтік қауымдастығынан шығып қалған болса, онда әлеуметтік педагог әлеуметтік – психологиялық бұзылуды болдырмау үшін, жаңа мәртебе табу үшін де көмек көрсетуге міндетті; үшіншіден, жеке тұлғаның өз бетімен сырттан келетін көмексіз, соның ішінде әлеуметтік қызметтердің көмегінсіз “ әлеуметтік шұңқырдың” 36% тұрғыны ғана шығуға болады деп есептесе, 43% ондайды ешқашан естімегенін айтқан.
Қараусыз қалған және қаңғыбас жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарды үш кезеңге бөлуге болады:
1. баланы қаңғыбастық жолға итермелейтін отбасындағы әл – ауқатсыздық белгілері байқалған кезден бастап отбасымен жұмыс;
2. қараусыз қалғандар мен қаңғыбастармен жұмыс;
3.бұрынғы қараусыз қалғандармен олардың қайтадан бейімделуімен жұмыс.
Әлеуметтік қызметтердің бірінші кезеңде табысты жұмыс жүргізуі одан кейінгі екі кезеңде жүргізетін әлеуметтік жұмыстар ауқымын азайтып, бұл құбылыстың көлемін азайтатыны сөзсіз.
Баласының қараусыз қалуы көкейкесті мәселе болып тұрған отбасымен жүргізетін әлеуметтік жұмысты былай бөлуге болады:
• отбасының тұрақтылығын қолдауға бағытталған;
жедел, балаға ата – анасы тарапынан қауіп төніп тұрған жағдайда.
Әлеуметтік қызметтің, әлеуметтік педагогтың жедел араласуы балаға ата – анасы тарапынан қатыгездік көрсетудің байқалуымен байланысты оны тез ол жерден әкету қажеттігі туғанда жасалады. Жедел араласу отбасында туындаған төтенше және аяқ астынан болған өткір жанжал жағдайында да, немесе әлеуметтік педагогтың отбасындағы жағдайды тұрақтандырудағы шаралары тиімсіз болғанда да жасалуы мүмкін.
Ата –аналар мен жастар арасындағы дау – жанжал жағдайларында, баланың үйден кетіп қалған жағдайларында әлеуметтік педагог ата – аналарға кеңес беруінің негізгі қағидалары мыналар:
• ата – ана ең алдымен қорқыту, күш қолдану сияқты әрекеттерін тоқтатуы керек, олар қарым – қатынасты нашарлатып, жанжалды ушықтыра түседі;
• үйде бала кез – келген уақытта келгенде қорықпайтындай жағдай туғызу керек, әйтпесе, үйден тыс жерде еріксіз жүру қараусыздықтың болуына әкеп соғады;
• ата – аналары баланың олардан қорықпай, өмірінде шынымен де қорқынышты бірдеңе бола қалса міндетті түрде олардан көмек сұрай алатынын түсіндіріп, олардың шын мәнінде көмектесетініне, сырттан көмек іздемеуіне сендіруге күш салулары керек;
• ата –ана баласына эмоционалды байланыс қалыпты болған жағдайда ғана көмектесе алады, ол болмаса олар осы жастағы балаға әсер етудің жалғыз көзі – ақпарат алмасудан да айырылады;....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады