Құқық | ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ

Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі катынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға не¬месе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.
Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.
Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық, болып екіге бөлінеді (192-бап).
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару органдарының қарауына жатады делінген.
Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен баска органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң кұжаттарында, ережелерде және өзге де кұжаттарда белгіленетін кұзыреті шегінде Қазакстан Ресггубликасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.
Зандарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК-тің 111-бабының 1 және 2 тармақтары).
Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі "жеке меншік" деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп қарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың жөнсіз араласуынан қорғайды.Мемлекеттік емес занды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала береді.Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың меншігіндегі жеке дара (өзіндік) (тұтыну-шылық) және жеке меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет. ....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы