Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Құқық | ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ

Курстық жұмыс: Құқық | ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ

Курстық жұмыс: Құқық | ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ казакша Курстық жұмыс: Құқық | ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ на казахском языке
Мазмұны

КІРІСПЕ

1 - ТАРАУ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Заттық құқықтың ұғымы
1.2 Заттық құқықтың белгілері

2 - ТАРАУ МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН
ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ
2.1 Қазақтардың әдет-ғұрып құқығындағы заттық құқық
2.2 Заттық құқық пен меншік құқық анықтамасы

3 - ТАРАУ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ
3.1 Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының
нысандары мен түрлері
3.2 Қ.Р меншік заттық құқығы туралы заңдардың дамуы
3.3 Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1 - ТАРАУ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Заттық құқықтың ұғымы
Заттык қүқык деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенін затын меншіктену құқығын еншілей алады.
Олардың ара жігі занда өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады.
Азаматтық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай заттық құкық болып бөлінеді. Онын соңғысына жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару кұкығы және басқа да заттық құқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.
1963 жылы қабылданған Азаматтық кодексте заттық құкық деген түсінік болған жоқ . Әрине, оның мәнісін де түсіну қиын емес, өйткені кеңестік Азаматтық кодекс тұлға мен затты, меншік иесі мен меншік объектісін байланыстыратын кұкықты елемеді.
Азаматтық кодексте меншік құқығы заттық құқықтың жалпы жүйесіндегі негізгі кұқық институты бола тұрса да, түптеп келгенде ол заттық құқықтың бірі болып саналады. Заң шығарушы затқа ауыртпалық түсірумен қатар оған өкілеттілікті жүктейді. Мысалы, өзге заттық құқықтың субъектілері сол зат-тың меншіктен туатын ауыртпалығын көтерді немесе белгілі бір адамға меншік иесінің құкығын жүзеге асыру өкілеттігі беріледі. Барлык заттық құқықтарға — меншік құкығына, сон-дай-ақ басқа да заттық құқықтардың табиғатына тән нәрсе, олардың шексіз (абсолютті) құқықтар қатарына жататындығын айту керек. Ал кұкықпен қоғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз (абсолютті) қорғалады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі машинаға ешкімнің тиісуге құқығы жоқ.
Цивилистика ғылымында зат адам еңбегімен жасалған, сондай-ақ табиғи

күйінде кездесетін физикалық дене және адамның пайдалануына болатын сыртқы материалдық дүниенің нәрсесі деп түсіндіреді.
Сонымен, заттық құқық дегеніміз — өкілетті жақтың неме¬се өзге жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жаққа немесе (жақтардың жиынтығына) тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша тікелей үстемдік (қожалық) ету құқығы болып табылады.
1.2 Заттық құқықтың белгілері:
Кеңес заңдарында заттық құқық ережелері әрқилы болды. РСФСР-дің 1922ж. қабылданып, Қазақстан Республикасы аумағында 1964-жылға дейін қолданылып келген Азаматтық кодексінде заттық құқықтың бөлімдері болған еді. Ол меншік құқығы, кұрылыс салу құқығы және кепіл құқығы деп бөлінді. Мұндай бөлудің өзі иелену құқығының, меншік құқығы мен басқа біреудің заттарын иелену құқығының классикалық түрінен біршама ерекшеленді. Алайда, бұдан былай заттық құқықты дамыту шектеліп қалды. Оған РСФСР-дің 1922 ж. қабыдданған Азаматтық кодексінен затты нақтылы иеленуді алып тастауы (меншік кұқығымен әркез сәйкес келмеуіне байланысты) оның дамуына кері әсерін тигізді. Екіншіден, бірқатар объектілердің айрықша мемлекет меншігіне айналуы да (жер және басқа табиғи ресурстар) оған себепкер болды. Заң заттарды қозғалатын және қозғалмайтын деп бөлуді қабылдамай тастады. Демек, заттар өндіріс құрал-жабдығы және тұтыну заттары деп бөлінетін жағдайға жетгі де, ал жердің тек мемле¬кет меншігіне ауысуымен түсіндірілді. Міне, сондықтан да 1964 жылғы Азаматтық кодексте заттық құқық арнайы бекітілмей қалды, оған тек "Меншік құқығы" деген бөлім енгізілді, бұл, сайып келгенде, социалистік меншікке қолайлы жағдай туғызу үшін жасалған болатын.
Жаңа Азаматтық кодексте заттық кұкық меншік кұқығы нормалары ретінде көрініс тапты, мұның өзі онын бұл құқықтармен заңдық табиғаты жағынан біртұтас екендігін дәлелдейді. Әрі бұл нормаларға тек аталған құқық еніп қана қоймай, сондай-ақ өзге де меншік түрлері, мысалы, меншік иесі болып табылмайтын

адамдардың заттық құқықтары бекітілді (АК-тің 194 және 195-баптары).
Азаматтық кодекстің "Иелену мерзімі" деп аталып 240-бабы негізінде иелену мен пайдаланудың жаңа заттық құқығы пайда болды. Біздін ойымызша, енді иелену құқығының екі түрін бөліп қарауымыз керек:
а) АК-тің 188 және 194-баптарына сәй-кес меншік иесінің өзіне берілетін мүлікті иелену кұкығы және меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары (АК-тің 195-бабы);
ә) мерзімдік иелену құқығы, яғни мүліктің меншік иесі болып табылмайтын мүлікті АК-тің 240-ба-бының шарттары сақталса, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей 15 жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде 5 жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе занды тұлға мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады.
3. Заттық кұқықтар жөніндегі тиісті нормаларды екшей отырып, оның бірқатар белгілерін атап өтелік: заңда бекітілген заттық құқықтың шектелген шеңбері; заттық құқыктардың шексіздігі (абсолюттік құкық): затқа тікелей үстемдік ету; затпен үздіксіз байланыс жасау; осыдан келіп "құкық жалғасуы" өкілеттігі шығады; затты алудың занды тәсілдерінің нақтылы және қорғау нысанының ерекшелігі.
Заттық, құқықтың тізбе шеңбері заңның өзімен айқындалған (АК-тің 188, 194, 195-баптары), яғни тұлғалардың өз беттерімен заттық құқықтың жаңа түрлерін жасауға хақысы жоқ . Айта кететін жәйт, заттық құқықтың аясы тек Азаматтық кодекспен шектеліп қалмай, бұл кодекске енгізілмеген кейбір заттық құқықтар басқа заңдарда көрініс табуы мүмкін.
Заттық, құқық шексіз (абсолюттік) құқық түрінде сипатталады. Демек, бұл барлық басқа субъектілердің аталған құқық өкілеттілігін жүзеге асыруына бөгет жасамау міндетін алға тартады. Шексіз (абсолюттік) құқыққа мазмұны жағынан қарама-қарсы тұрған міндеттемелік құқық . Бұл құқық бойынша міндетті болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бүл құқықтың сол міндетті болған
субъектіге не міндетті субъектілерге ғана күші бар, сондықтан бұл міндеттемелік қүқықты бұзатын тек солар ғана . Мысалы, мәмілеге негізделген құқықтардың бәрі де міндеттемелік құқық болып табылады. Бұл құқықтарды орындауды мәміле бойынша сол міндеттерді мойнына алушылардан ғана талап етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орыңдау, т.т. міндеттер. Заттық құқық басқа кұқықтардан өзінің объектісімен ерекшеленеді. Заттық құқықтың объектісіне жеке дара белгілі бір мүліктер жатады. Бір-біріне тектес заттар, сондай-ақ материалдық емес өзіндік игіліктер заттық құқықтың объектісі бола алмайды. Өйткені, заттық қүқықтың өзіне тән қасиеті басқа біреудің иелігінен затты қайтару болып табылады әрі бұл затты сыйға беруге болмайды, заттай жүзеге асады.
Екінші жағынан алғанда, заттық құқықтың шексіз (абсалютті) сипаты басқа адамдармен қатынасқа түскенде айқын көрінеді. Мәселен, олар меншік иесінің құқығына қол сұқпауға міндетті. Демек, заң меншік құқығын қорғай отырып, азаматтарға өз құқығын жүзеге асыруға бөгет жасамауына жағдай жасайды. Мысалы, меншік иесінің затты иелену немесе пайда¬лану құқығына заңсыз түрде бөгет жасау әрекеттерінің бәрі де жоғарыда айтылған міндетті бұзушылық болып табылады.
Заттық құқықтың маңызды белгісі оның затқа тіквлей үстемдік етуі болып табылады. Мұның өзі құқық объектісі араға үшінші бір адамды салып үстемдік етпейді дегенді білдіреді. Бұл арада затқа үстемдік толық, күйінде болуы мүмкін, ал кейде заттық кұкықтың шектелуіне орай шектелген түрінде де кездеседі.
Заттық құқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге берген кезде өзінің құқыгы иеленуші ретінде сақталып қалатындығы деуге болады. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауына, соның ішінде мүлкін басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, бірақ өзі меншік иесі болып кала беруіне құқылы. Басқаша айтканда, мүлікке меншік құқығы сақталады. Егер зат заңсыз иеленген болса, онда ол виндикацияланады, яғни меншік иесі өзінін заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге кұқылы. Мыса¬лы, кепілге салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға кұқықты мирасқорлық тәртібімен көшірілгенде кепіл сақталады (АК-тің 323-бабы). Заттық құқық мекемені меншіктену құқығы баска адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзіне тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу құқығының сақталып калуына байланысты заттық құқықта сақталады (АК-тің 208-бабы).
Заңда заттық құқықтың затты алудың заңды тәсілдерінің нақтылығы (АК-тің 7-бабы 4-тармакшасы, 198-203-баптары) мен қорғау нысанының ерекшелігі (АК-тің 260-261-баптары) көрсетілген.
Заттық, құқықтың түрлері. Заттық құқық екі үлкен топ¬қа бөлінеді: меншік құқығы және меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық құқығы. Азаматтық кодекстің 195-бабында заттық құқықтық үлгі тізімі келтірілген, бірақ онда бәрі бірдей қамтылмаған. Заттық құқыққа меншік кұкығымен қоса жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, басқа да заттық құқықтар жатады.
Өзге заттық құқыққа мекеме және қазыналық кәсіпорынның мүлікке билік етуде қатысты болуы мүмкін (АК-тің 206-бабы). Сондай-ақ отбасы мүшелерінің тұрғын үйді пайдалану құқығы ("Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 22-бабы) және жер қойнауын пайдалану құқығы ("Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, 2-бөлім), тағы басқалар заттық құқыққа қатысты бола алады.
Олардың субъектілеріне тән нәрсе, оны иеленіп, пайдаланып, билік еткенімен, мүліктің меншік иесі бола алмайды. Шаруашылық жүргізуге құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар, егер заң актілерінде өзгеше көрсетілмеген болса, кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға:
1) өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның баска да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;
2) филиалдар және еншілес кәсіпорындар кұруға, жеке кәсіпкермен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер құруға, оларға өндірістік және ақша капиталын салуға;
3) жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазакстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан төмен сыйақымен (мүддемен) төлетіп алуға;
4) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдеме немесе кепілдік беруге құқығы жоқ (АК-тің 200-бабы 1-тармағы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде заттық құкықтың жіктелуі (классификациясы) толық түрде берілмеген. Әдебиетте заттық құқықтарды дәрежелеуге ұмтылыс бар. Айталық, Ю.К.Толстой құқықты мынадай түрге бөледі: белгілі бір мүлікке қатысты құқық (мысалы, жер учаскесіне); белгілі бір адамға қатысты құкық (мысалы, бөтен адамның үйінде өмір бойы тұру құқығы); жария мүддеге байланысты бекітілген құқық (мысалы, жария сервитуттар); жеке мүддені қорғау үшін бекітілген құқық (мысалы, жер учаскесін өмір бойы мұрагерлікпен иелену); белгілі шектелген қатынаста бөтеннің затын пайдалануға берілген құқық (мысалы, сервитуттар); бөтеннің затына билік жасауға берілген құқық (мысалы, ипо¬тека).
Л.В.Шенникова заттық құқықты өзінше жіктеп, оны мынадай топтарға бөледі:
1) меншік иесінің мүлкіне шаруашылық жүргізуге заңды тұлғалардың заттық құқығы;
2) азаматтардың мүлкін белгілі бір шектеу шегінде пайдаланатын сервитуттық түрдегі құқық;
3) ұйымдар мен азаматтардың жер учаскесін пайдаланудағы заттық құқықтары;
4) мүліктің кепілі туралы шарттағы кепіл ұстаушының өкілдігі. Заттық кұқықтардың бұдан басқа да түрлері әр жағдайда кездесуі мүмкін (сот шешімімен, шарт бойынша және т.б.).
МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТұЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан — 2030" деп аталатын халыққа Жолдауында жеке меншік институттары жерге меншік арқылы беки түсетіндігі, сондай-ақ менік құқығын қорғайтын зандық жүйелердің құрылатындығы айтылған.
Меншік құқығының зандық жүйесін құру меншік иесі болып табылмайтын адамдардың құқылық тәртібін бекітіп, тағайындамайынша мүмкін болмайды.
Бұл орайда әңгімемізді жерді пайдалану мен сервитутқа қатысты заттық құқықтан бастамақшымыз. Шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару құкығы "Мемлекеттік меншік құқығы" тарауында қаралады.
Жерді пайдалану кұқығы — заттық құқық бұрынғы Кеңес азаматтық зандарында жерді пайдалану құқығы заттық құқық болып есептелмеді. Қазақстан Республикасының "Жер тура¬лы" Заңымен жер пайдалану құқығына заттық кұқық берілді (Заңның 20-бабы). Бұл орайда меншік құқығынан басқа жер учаскесін және меншіктегі уақытша пайдалану құқығы, сервитуттар және басқа да заттық құқықтар пайда болды. "Жер туралы" Заңның 5-бабы 4-тармағына сәйкес жерді пайдалануға байланысты меншік құқықтар азаматтық зандардың нормаларымен реттеледі, әрине ол "Жер туралы" Заңға қайшы келмеуі тиіс. Заң сондай-ақ , "Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және өзге де заттық құқықтар" деп аталатын арнайы бөлімді енгізген (Заңның ІІ-бөлімі).

Жерді пайдалану құқығы дегеніміз — тұлғаның мемлекеттік меншігіндегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде мерзімсіз (жерді тұрақты пайдалану) немесе белгілі мерзім ішінде (жерді уақытша пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.
Бұл анықтамада айтылғандай, жерді пайдалану құқығынан жеке меншік құқығы негізгі ерекшелікке ие. Өйткені, жеке меншік иесі жер учаскесін иеленеді, пайдаланады және оған билік етеді, ал жерді пайдаланушы болса берілген учаскеге ғана иелік жасап, пайдаланады. Ал жерге билік ету меншік иесі ретінде мемлекет құзырында болады. Оның үстіне заң жер пайдаланушыға жерді белгілі бір шекте пайдалану құқығын береді.
Жер пайдалану субъектілері азаматтар мен занды тұлғалар болады. "Жер туралы" Заңның 22-бабына сәйкес:
1) мемлекеттік және мемлекеттік емес;
2) ұлттық, шетелдік;
3) жеке және заңды тұлғалар;
4) тұрақты және уақытша;
5) бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.
Мерзімі бойынша жер пайдалану тұрақты (мерзімсіз) және уақытша болады.
Жерді тұрақты пайдалану құқығындағы жер учаскелері мына мемлекеттік жер пайдаланушыларға:
1) кондоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) үй-жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғаларға;
2) ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
4) заң актілерінде көзделген өзге жағдайларда беріледі. Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі бола алмайды (Заңның 27-бабы).
Жерді уакытша пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Бастапқы ұзақ мерзімді акылы жер пайдалану құқығы бар мемлекеттік емес жер пайдаланушылар егер заңда өзгеше белгіленбесе, өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың бір бөлігін) жалға (кіші жалға) немесе өтеусіз уакытша жер пайдалануға беруге, сондай-ақ өздеріне тиесілі уакытша жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға құқылы.
Жер пай¬далану құқығы былайша:
1) жер пайдалану кұқығын беру;
2) жер пайдалану құқығын тапсыру;
3) жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы пайда болады. Жер пайдалану құқығын беру басқа біреуге тапсыру және оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсатын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Жер пайдалану құқығының объектісі дегеніміз — жекелеген жер пайдаланушыға заңды бекітілген тәртіп бойынша берілген жер учаскелері болып табылады. Жер учаскесінің құқық объектісі ретінде белгілі бір аумағы, нақты мекені және сыртқы шекарасы болады.
Жер учаскелері өзінің құқықтық тәртібі бойынша жер пай¬далану объектісі ретінде шаруашылық бағыты, нысаналы мақсатты пайдаланылуы, жер пайдалану субъектісі, жерді пайда¬лану құқығының түрлеріне орай (тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатындығына байланысты) бір-бірінен ерекшеленеді. Жер пайдаланудың өзіне тән объектісі жалпы жер пайдаланудағы жер үлесі болып табылады. Жер үлесі дегеніміз — учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен бірге қатысудың Жер туралы Заңда және өзге де заң актілерінде белгіленген жағдайлар мен шарттарда бөлінуі мүмкін сан жағынан анықталған үлесі болып табылады.
Жер пайдаланудың маңызы Азаматтық кодекстің 195-бабы 2-тармақшасында айқындалған. Жер пайдалану құқығына бай¬ланысты болатын ерекшеліктер жер пайдалану құқығының кімде болуына қатысты келеді. Мемлекеттік жер пайдаланушылар шаруашылық жүргізуге жерді алғаннан соң жер учаскесін иеленіп, пайдалануға құқық алады, оның өзі мақсатты пайдалану шенберінде жүзеге асады әрі ол жер бөлу актісінде көрсетіледі. Ал негізгі билік мемлекеттің қолында қала береді. Жерді алып, оралымды баскаруға кұқығы бар жер пайдаланушылар, сондай-ақ жер учаскесін иеленеді және оны пай-даланады, бірақ билік тізгіні мемлекетте де, сонымен бірге меншік иесі болып табылатын мемлекеттік емес занды тұлғалардада болады. Сонымен, мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құкығын оқшаулауға, сондай-ақ кепілдікке беруге хақысы жоқ, бұған жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті белгіленген тәртіппен окшаулауға не оның кепілдікке берілуіне байланысты жағдайлар қосылмайды. Мемлекеттік жер пайдаланушы өзінің қарауындағы жер учаскесін ұзақ мерзімді жалға беруіне болады, бірақ бұл орайда алдымен өкілетті орган ретінде мемлекеттен келісім алуы тиіс, ал өзіне тиесілі жер учаскесін біреуге тегін пайдалануға беруіне мүлдем рұқсат етілмейді, бұл тек қызмет бабына орай жер учаскесін бөлгенде ғана мүмкін болады.
Жер учаскесіне заттық құқықтар осы учаске шекарасындағы, яғни аумағындағы топырақтың үстіңгі қабаттарына, тұйық су тоғандарына, орман ағаштарына қолданылады.
Егер "Жер туралы" Заң мен өзге заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жер пайдаланушылардың:
1) жер учаскесін оның мақсатынан туындайтын мақсатқа пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргізуге;
2) ауыл шаруашылық және өзге де дақылдар егістеріне және отырғызылған көшеттерге, өндірілген ауыл шаруашылық өнімі мен жер учаскесін пайда¬лану нәтижесінде алынған өзге де өнімді және оны өткізуден түскен табысқа меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару;
3) өз шаруашылығының қажеттері үшін жер учаскесінде бар құмды, сазды, қиыршық тасты және басқа да жалпы таралған пайдалы қазбаларды, шымтезекті, екпелерді, жер үсті және жер асты суларын кейіннен мәмілелер жасасу ниетін көздемей, белгіленген тәртіппен пайдалану, сондай-ақ жердің .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 404 | 28.12.2018



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Талап өндірісінің түсінігі және  маңызы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Талап өндірісінің түсінігі және маңызы
Курстық жұмыс: Экономика | Меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру
Курстық жұмыс: Құқық | Қазақстан Республикасында меншік құқығы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Құқық | Қазақстан Республикасында меншік құқығы
Курстық жұмыс: Жер туралы заң | Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Жер туралы заң | Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Курстық жұмыс: Жер туралы заң | Жерге меншік құқығы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Жер туралы заң | Жерге меншік құқығы
Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық бойынша меншіктің нысандары мен түрлері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық бойынша меншіктің нысандары мен түрлері
Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтың мазмұны субъектілері және  объектілері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқықтың мазмұны субъектілері және объектілері
Қазақша презентация (слайд): Қазақстан тарихы | Қазақтың дәстүрлі заттық мәдениеті
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Қазақша презентация (слайд): Қазақстан тарихы | Қазақтың дәстүрлі заттық мәдениеті

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Құқық курстық жұмыстар, ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ, курстык ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Құқық курстық жұмыста, Курстық жұмыс: Құқық | ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін