Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы

Шамамен жүз жыл бұрын талай соғыстарды көріп шаршаған Еуропа 20 ғасырмен кездесуді аса шапшаң күткен. Ол ғылымның, рухани мәдениеттің қарқынды түрде дамуымен басталып алайда ақырында қан ғасыры аталып жер жүзінде адам баласының тіршілік етуіне күмәндік туғызды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бітісімен Еуропа дағдарысқа түсіп Германияда, Португалияда, Ресейде революциялар мен төңкерістер бет ала бастады. 1922 жылы Муссолини Италия үкіметінің басшысы болды, 1926 жылы Польшадағы билік басына диктатор Пилсудский келеді, ал 1933 жылы заңды сайлаумен Германияның билік басына Адольф Гитлер келіп мемлекет ішіндегі НСДРП-нан тыс басқа партияларының қызметін толығымен тоқтатады. 1934 жылы Гитлер президент пен рейхсканцлер орындарын біріктіріп толық билікті өз қолына шоғырландырды. Германияда қайта өрлеу және экономикалық дағдарыстан шығу атты жаңа саясаты жарияланып, Германияның өзі «Үшінші рейх» атына ие болды (нем. Drittes Reich – үшінші империя). Бұл термин ортағасырлық мистикалық оқулардан пайда болып, үш империяларының үшіншісі «мыңжылдық» ретінде саналатын.
Үшінші рейхтің өмір сүруі кемінде мың жылға есептелгенімен ол тек 12 жылмен шектелді. Дегенмен, оған қарамастан оның мемлекеттік нацизм идеологиясы арқасында тарихта қалдырған ізі өте зор.....
Рефераттар
Толық

Курстық жұмыс (жоба): Діни терроризм мен экстремизмнің психологиялық негіздері

Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Халыққа үндеуінде  «Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр» деп атап көрсетті.   Қазақстан Республикасының тарихындағы соңғы жиырма бес  жылдық қазақстандық қоғамның өміріндегі діннің атқаратын рөлі мен орнының өзгеруімен ерекшеленді. Діни құндылықтар көптеген адамдардың, әсіресе соның ішінде жастардың өмір салттарының да, ойлау ерекшеліктерінің де маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Діни ұйымдардың, ең алдымен қазақстан халқы үшін дәстүрлік болып табылатын – Ислам діни ұйымдарының рөлі, беделі мен әсерлері күшейді. Қазақстан полиэтникалық орта, елімізде мекен ететін халықтардың арасында біршама кеңінен тараған діндер – ол ислам және христиан діндері, сондай-ақ иудаизм мен буддизм діндері де бар.
Курстық жұмыстар
Толық