Курстық жұмыс (жоба): Діни терроризм мен экстремизмнің психологиялық негіздері

Курстық жұмыс (жоба): Діни терроризм мен экстремизмнің психологиялық негіздері

Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Халыққа үндеуінде  «Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр» деп атап көрсетті.   Қазақстан Республикасының тарихындағы соңғы жиырма бес  жылдық қазақстандық қоғамның өміріндегі діннің атқаратын рөлі мен орнының өзгеруімен ерекшеленді. Діни құндылықтар көптеген адамдардың, әсіресе соның ішінде жастардың өмір салттарының да, ойлау ерекшеліктерінің де маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Діни ұйымдардың, ең алдымен қазақстан халқы үшін дәстүрлік болып табылатын – Ислам діни ұйымдарының рөлі, беделі мен әсерлері күшейді. Қазақстан полиэтникалық орта, елімізде мекен ететін халықтардың арасында біршама кеңінен тараған діндер – ол ислам және христиан діндері, сондай-ақ иудаизм мен буддизм діндері де бар. 2014 жылы халық санағы өткізілді, санақ кезінде респонденттерге дінге қатысты сұрақтар қойылды. Халық санағының нәтижесінде Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі өздерінің белгілі-бір дінге сенетіндіктерін (жуықтап алғанда халықтың 97%-ы), ал сұралушылардың 3%-ы дінге сенбейтіндіктерін айтқан, немесе бұл сұраққа жауап беруден бас тартқан. 2009 жылғы зерттеулер көрсеткендей, тәуелсіздіктің соңғы жылдарында Қазақстандағы діни бірлестіктердің саны 6 есеге, 1991 жылғы 671 ұйымнан 4200-ден астам ұйымға дейін ұлғайған. Қазіргі таңда 3200-дей мешіт, шіркеулер, сыйыну үйлері бар. Жас ұрпақты рухани және әдептік тұрғыда дамыту мәселесі – қазіргі қоғамдағы аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Құндылық бағдарлар өзгеріп жатқан жағдайларда жастарға гуманитарлы ізденісте жаңа бағдарларды нұсқау қажет. Осыған байланысты әлеуметтік-мәдени феномен ретіндегі дінді зерттеу өзекті болып отыр. Дін бұл жағдайларда, оның адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекеттестігіндегі мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Діншілдік діни сананың, діни тәжірибенің мазмұнында, діни мінез-құлықтың мотивтері мен бағыттылығында, діни қатынастарға енуде тіркелген бір-біріне бағынышты қасиеттер мен белгілердің салыстырмалы тұрақты жүйесін білдіреді. Діншілдіктің ерекшелігі Құдайға, әлемге, өз-өзіне және басқа адамдарға деген қатынастардың, жеке және қоғамдық өмірдің әртүрлі аудандарындағы күнделікті жүріс-тұрыстағы ережелерде айқындалады. Қазіргі адамның психологиясын зерттеуде діни сенімін ескермеуге болмайды. Қазақстанда соңғы онжылдықта діншілдіктің өсуі, оның ішінде студент жастардың арасында байқалуда. Әлеуметтік топ ретінде қазіргі заманғы жастардың өмір сүру іс-әрекеті, діни жоспардағы мол ақпараттың және құндылықтардың әр түрлі мазмұнда аударылып көрсетілетін дүниетанымдық плюрализм жағдайында. Сондықтан жастардың діншілдігінің сипатын, олардың туындауының психологиялық механизмдерін зерттеуге ғылыми қызығушылық пайда болып отыр.          Қазіргі заманғы қоғам әрқайсысы ақиқатқа таласатын, көптеген дүниетанымдық кешенге (ғылым, дін және т.б) ие екендігімен сипаттталады. Көбінесе, сол немесе басқа рухани мәдениет саласынан хабары аз болғандықтан, жастар сырттан келген жат идеялардың алдында қорғансыз болып жатады. Әсіресе дін жағынан. Қазіргі уақытта бір жағынан тұлғаның қорғанышын, ал екінші жағынан мінез-құлықтың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін психологиялық ресурстардың қажеттілігі туындады. Мұндай ресурс ретінде дін көпшілігіне нормалар жүйесі мен  қауіпсіздікке кепіл беретін ережелер болып табылады. Діншілдік феномені топтық және тұрақты құбылыстардың біріне жатады. Дін адамзат мәдениетінде тарих бойы бірге жүріп, оның қоғамдық және жеке сана мен өзіндік сананың тұтас бір бөлігі болып табылды. Дінге деген қызығушылық адамдардың басым көпшілігінде туындауда, соның ішінде жастарда. Үстем болған алдыңғы он жылықта идеология айтарлықтай тоқырауға ұшырап, босап қалған рухани қорды толықтыру қажеттілігі туындады. Дәстүрлі діндердің пайда болуымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанның діни өмірінде Қазақстанға жат, дәстүрлі емес діндердің жаппай белең алуы сипат алды. Бұл аса қауіпті үрейді туғызады, өйткені қазіргі жастарға әр түрлі бағыттағы секталардың жағымсыз әсері ұлғаюда.  Адамның өзіндік санасының қалыптасу процесіне, оның тұлғалық бір бөлшегі ретінде діннің әсері туралы сұрақ өзіндік дамуы үшін тұлға таңдауы мен әлеуметтік шарттарын бір алаңға үйіретін мүмкіндікті анықтайды. Бұл жұмыс әлем қоғамындағы тұтанған нәтижелермен өзектілігін арттыра түседі. Адамдар діни экстремизм мен террордың құрбаны болуда, бұл барлық қоғамдық ғылымдардың қызығушылықтарын арттырып отыр. Қазіргі уақытта біздің қоғамымызда жалпы мемлекеттік иделогиялық доктрина жоқ, дін осы олқылықты толтыруға тырысуда, бірақ Қазақстан – тек зайырлы емес (заңда бекітілгендей), көпконфессиялы мемлекет, сондықтан діни сананы қалыптастыру сұрағы мемлекет негізін бұзатын діни экстремизм және діни фанатизм сияқты құбылыстардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Ислам Қазақстанның негізігі діні болып табылады, сондықтан жалпы қазақстандықтардың және жастардың діни санасының қалыптасуының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, оның ішінде олардың тұлғалық дүниетаным көзқарасының мәнін ашу және сәйкесінше олардың әлеуметтік белсенділігін болжау, өйткені қоғамда шыдамсыздықты, діни қақтығысты көрсетуге объективті негіз болмаса да, субъективті факторлар оның ішінде тұлғалық құрылымдардың қалыптасуы, діни жастардың өзіндік сансының дамуы қалыпты қоғамның өзінде де жағымсыз тасымалдары туғызуы мүмкін.  Қазақстан Республикасының Президенті әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 10 съезінде былай дегенді: «Қазір мұсылман әлемінде саналуан мәнді процестер болуда. Мұнда динамикалық экономика мен әр түрлі әлеуметтік-саяси мәселелері бар елдерде бар. Ислам - бұл адамзат баласының мәдени және материалдық мұраларын өсіретін, сенімді негіз. Заманауи болашақ жаһандық бірлестікті ислам әлемінсіз елестету мүмкін емес. Оның кез келген кедергіленген түрі қауіпті. Алуан түрлі әлемнің бұл бөлігінде болып жатқан нәрсеге түсіністікпен қарау қажет». Сондықтан жастардың діншілдігінің қалыптасуының ерекшеліктерін зерттеу өзекті және  маңызды. Діни сананың құрамына өзара байланысты, алайда сонымен бірге салыстырмалы өзбеттерінше болып келетін құбылыстардың екі деңгейі енеді: діни психология және діни идеология. Діни психология – бұл діни идеялардың белгілі-бір жүйесімен байланысты және діншілдердің барлығына тән түсініктердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, әдеттердің, дәстүрлердің жиынтығы. Діни идеология – бұл идеялардың біршама дұрыс жүйесі, оны қалыптастырумен және оларды насихаттаумен діни ұйымдардың атынан кәсіби құдайшылар мен дін басылары айналысады. Діни идеология мен діни психологияның жалпы да, арнайы да қырлары бар. Олардың өз дәуірлерінің әлеуметтік қатынастарымен шарттанғандықтары, оларды бірлестіреді. Діни психологияның да, діни идеологияның да мазмұны тылсым күшке деген сенім болып табылады. Алайда олардың арасында айырмашылықтар да бар. Генетикалық жоспарда діни психология мен діни идеология дін дамуының сатылары болып табылады. Діни психология алғашқы қауымдық дәуірде адамдардың өздерінен өктем табиғи және қоғамдық күштердің алдындағы әлсіздіктерін кездейсоқ көрсету ретінде пайда болған. Діни психология базасында қоғамның даму шамасы бойынша діни идеологияның элементтері туындайды. Ақыл-ой және физикалық еңбектің бөлінуімен арнайы табыну кәсіптері – сиқыршылар, емшілер, жадыгөйлер, шамандар – пайда болды. Діни наным-сенімдердің кездейсоқ қалыптасуы үрдісінде олар нақты-тарихи шарттарға жауап беретін, белгілі-бір түсініктерді, ұғымдар мен дәстүрлерді таңдап ала отырып және бекіте отырып, саналылықтың және мақсатқа бағытталудың элементін енгізе бастайды. Осы кезеңде діни наным-сенімдердің жүйеленуі негізінен мифологиялық формада жүзеге асырылады. Діни сананың ерекшеліктері мыналар болып табылады: діни институттардың діншілдердің психикасын және санасын, олардың жүріс-тұрыстары мен қылықтарын біршама қатаң бақылау; идеологиялардың және оларды діншілдердің санасына енгізудің психологиялық механизмдерінің біршама айқын саралануы. Діни сананың мазмұндық және қызметтік жақтарының болуы мен диалектикалық көрінуі тек оның құрылымында,ы идеология мен психологияның үзілмейтін байланысын ғана емес, сонымен қатар олардың бір-біріне біршама тығыз өзара енулерін де шарттандырады. Діни сана: тек діншілдердің нақты құндылықтары мен қажеттіліктерін қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар оларды жүріс-тұрыстың белгілі-бір нормаларына (мысалы, ораза тұту, күнәдан арылу), культтік және рәсімдік әрекеттерге негізделген сенімнің қалыптасуымен толықтырады; тылсым күшке сенімді қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар оны реалды өмірдің мәселелерін (қарама-қайшылықтарын) жалған, иллюзиялық шешуге бағдарланған және тылсымдарда көрінетін, тыныштандырумен толықтырады; барысында жағымсыз бастан өткерулерді жағымдылар ығыстыратын сезімдердің діни катарсисі арқылы діни түсініктер мен нанымдарды қалыптастырады; бір жағынан, индивидтің оларға қоршаған әлеуметтік ортадан шығарылған діни наным-сенімдер мен түсініктерді меңгеру нәтижесін білдіретін, ал екінші жағынан – дін енгізген діншілдердің тікелей психологиялық контактілері мен қарым-қатынас формаларының салдары болып табылатын, діннен енгізілген діни тәжірибені, идеология мен психологияны цементтейді және оларды бір бүтінге айналдырады. Діни сана туралы әртүрлі бастаулардан пайымдау жасауға болады. Енің негізін діни түсініктердің, айналулардың өздері, кездейсоқ пайда болатын сезімдер, үміттер, медет қылу, қулықсыз сенім құрайды. Дін – «өлім туралы, адамзат тіршілігінің мағынасы жайлы азапты ойланумен шарттанған өмір ғылымы». Жеке дінмен таныс болу көптеген айтылуларды, фактілерді, дәстүрлерді меңгеруді білдіреді. Өздігінен олар дін білімін және діни сананы құрастырмайды. Діни санаға діни пайымдауларды жатқызуға болады – бұл әлемді жасау құрылысы туралы абстрактілі пайымдаулар емес, тұрмыстық, әдептік-психологиялық тәжірибені жалпылайтын практикалық сана, бұл қатаң жарықшақты түрде шығынсыз көрсету мүмкін болмайтын, өмірді іштей түйсіну. Қазіргі әлемде мәнді әлеуметтік-саяси шиеленістер өте жиі жағдайларда діни бояуға боялуда, ал жауласқан жақтардың арасындағы шекара наным-сенім белгісі бойынша өтуде. Діни сананың психологиялық негіздемесін индивидуалды және қоғамдық психология үрдістері, механизмдері, күйлері құрайды. Олар маңызды рөл атқарады, себебі олар бейнеленген субъективтіліктің әдістері және адамның белгілі-бір ішкі әлемін ұйымдастыру, сондай-ақ діни топтар мен қауымдастықтардың жүріс-тұрыстарының интеграциялаушы факторлары болып табылады және бұл объективті. Д.М. Угринович атап көрсеткендей, «Дін – ең алдымен тұлғаның психикасына әсер етеді. Ол орталығында тылсым күш идеясы орналасқан бейнелердің, түсініктер мен жүріс-тұрыс нормаларының белгілі-бір жүйесін жасайды; тылсым күш идеясы эмоциялық және еріктік үрдістердің бағыттылығын анықтайды және адам жүріс-тұрысының мотиві ретінде көрінеді. Діннің психологиялық аспектісін зерттеуден тыс оның тұлғаға әсерін, оның тамырлары мен қызметтерін анықтау мүмкін емес. Сондықтан да діншілдердің психикалық ерекшеліктерін зерттеу тек теориялық қана емес, сонымен бірге практикалық та мәнге ие болып табылады» [16]. Діни сананың психологиялық алғышарттары мен негіздері екі жолмен зерттелуі тиіс: діннің жалпы психологиялық мәселелері; индивидуалды-қоғамдық-психологиялық негіздер. Жалпы психологиялық мәселелерге, адамның, индивидтің алғашқы қауымдық қатардан бастап наным-сенімнің әртүрлі формаларына ену мүмкіндігі және оның санасына әртүрлі діни бастаулар ақпараттарының әсер етулері ретінде түсінілуі тиіс, діннің психологиялық түп-тамырларын зерттеу; діни психиканың құрылымын, атап айтқанда, бір ғана тұлғадағы бейсаналылық пен саналылықтың, ерік пен еріксіздіктің сәйкестігін зерттеу; сондай-ақ діншілдердің психикасындағы темперамент, ерік, мінез, эмоциялар, қиял, сезімдер және т.б. сияқты компоненттердің өзара байланысы мен сәйкестігін зерттеу жатады. Тұлғаның психологиялық факторлары адамдардың бірлескен іс-әрекеттерімен- және осы іс-әрекеттің бір-біріне тәуелділігімен шарттанған. Индивид тек өзінің материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана емес, сондай-ақ өзінің рухани қажеттіліктерін қалыптастыру және жүзеге асыру үшін де қоршаған әлеуметтік ортаның көмегін қажет етеді. Ол оның дүниетанымын ашатын диалогты қажет етеді және сәтсіздіктер мен жеңілістерді, тәкәппарлық пен жалғыздықты жеңу үшін көмек қажет етеді. Діннің психологиялық негізін психологиялық стресстер – қысым және басылғандық күйі, эмоциялық сферадағы ыңғайсыздық, жүріс-тұрыс ұйымдасуының бұзылуы, кінәлілік сезімі мен өзін-өзі кем санау сезімі, әлсіздік және т.б. туындататын тұрақты үнемі болатын қорқыныш, қауіп-қатер сезімі қалыптастырады. Эмоциялардың ішінде индивидтің өз болмысының аяқталатындығын және осыған байланысты өлімнен қорқуды бастан өткеру үлкен орын алады. Бұл діншілдік туындататын басты эмоциялардың бірі. Осы эмоцияларға салмақ сала отырып, дін индивид үшін жанның мәңілік өмір сүретіндігі туралы сенімді жасап шығарған, ол оның психикасына өлімді түсінудің ауыр әсерін жеңілдетеді. Әрине, индивид психологиясы, оның қозғалыс механизмдері қоғамның әсерінен қалыптасады. Қалыптасқан бола отырып, бұл механизмдер салыстырмалы өзбетіншелілікке ие болады және адамдармен қарым-қатынаста да, жанама, бейсаналы тұрғыда да әрекет ете алады. Алайда индивидтерге тән емес, ұжымдық түсініктер мен бастан өткерулердің пайда болуы секілді қоғамдық-психологиялық алғышарттарды айрықша бөліп көрсету қажет. Олар діни қатынастардың бөлігі болып табылады. Діни қатынастар адамдардың өзара әрекеттестіктерін, олардың қарым-қатынас және әлеуметтік қатынастар тәсілдерін, сондай-ақ сол қатынастардың деформациясын да бейнелейді[18]. Қоғамдық-психологиялық алғышарттар адамның өмір мен өлімнің ғаламдық үрдістеріндегі орны туралы, оның жанының құпиялары, психиканың иеалды қасиеттері, болмыстық рухани және әдептік негіздері жайлы түсініктердің әсерінен қалыптасады. Бұл қатынастар адамдардың өзіндік танымға және жетілуге деген қажеттіліктерінен, болмыстың жоғарғы мағынасын саналаудан, Космоспен байланысты түсіндіруден туындайды. Бұл қатынастарда сезімдерге, соқыр сезімге және сенімге негізделген, шынайылықты психологиялық бейнелеудің иррационалды бастауы басым болып келеді. Құдай идеясы адам өміріндегі кездейсоқ және заңды оқиғаларды бөлшектенген және бұлыңғыр алдын-ала сезуді байланыстыруға көмектеседі. Бүтіндей алғанда, діни сананың қоғамдық-психологиялық негіздері, діни сезімдер мен дәстүрлер белгілі-бір діншілдіктің қалыптасуына көмектесетіндігі жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Діни түсініктер – бұл субъекті санасындағы идеалдандырылған және гипостаздалған объектілерді қайта жаңғырту. Бұл объектілер әртүрлі сезімдер туындатады – қастерлеу, махаббат, таңдану, қорқыныш, үміт. Олардың басты міндеттері – субъектінің рухани қажеттіліктеріне деген сәйкес бағыттылықты қалыптастыру. Діни түсініктер тылсым күштік идеяларға боялған қатынастарды саналаудың нәтижесі ретінде көрінеді. Түсініктер мен сезімдердің дамуы культтық әрекеттермен үздіксіз байланысты, олар бірін-бірі шарттандырады. «Олардың арасындағы байланыс, егер діни түсініктер культтық әрекеттерде көрінбесе, бұндай болып табылмайды, ал егер рәсімдер белгілі-бір діни түсініктермен байланысты болмаса, олар сиқырлы болып табылмайды». Сондықтан діннің барлық элементтерінің терең өзара байланыстары мен өзара шарттанғандықтары жайлы қорытынды жасауға болады. Сонымен, діни сананың құрамына екі деңгей енеді: күнделікті, діни психология деңгейі және теориялық, діни идеология деңгейі. Діни психология – бұл діни бейнелердің, идеялардың, хаостық түсініктердің, елестердің, эмоциялардың, бағдарлардың, иллюзиялардың, құмарлықтардың және т.б. ерекше синтезі. Көрнекі бейне (түсінікпен салыстырғанда) бастан өткерулермен тікелей байланысты. Бұл діни сананың күшті эмоциялық қанықтығын шарттандырады. Маңызды рөлді діни сезімдер атқарады, олар – индивидтің діни түсініктерімен, идеяларымен және сеніміне байланысты бастан өткерулерінің кешені. Діни сезімдердің арқасында діни идеялар мен түсініктер бекітіледі, және тұрақты психологиялық стереотип пайда болады – көзқарастардың, сезімдер мен әрекеттердің тұйықталған жүйесі. Бір рет пайда болған діни сезімдер қажеттіліктің объектісіне айналады: индивид оларды қайта-қайта бастан өткеруге талпынады. Діни идеология – бұл әлем мен адам туралы діни догмалар мен түсініктердің жиынтығы, ұғымдар, ұстанымдар, пайымдаулар, аргументациялар мен тұжырымдамалардың жүйесі. Оның құрамына мыналар енеді: Құдай, әлем, табиғат, қоғам мен адам туралы, мамандар, дін ілімі, теология, дін оқуы және т.б. мақсатты түрде жасап шығарған ілім; діни дүниетанымға негізделген экономиканы, саясаттың, құқықтың, моральдың, өнердің және т.б. трактовкасы – еңбек теологиясы, мәдениет теологиясы, саяси теология және т.б. және де философиядан дін іліміне баратын жолдағы діни философия – неотомизм, орыс діни философиясы және т.б. Діни сананың екі деңгейін біріктіретін, интеграциялық қыры діни сенім болып табылады. Діншілдіктің, діни сенімнің, діни сананың адамға деген әсері бұрыннан бері психологияның, философияның, дінтанудың зерттеу пәні болып табылады. Соңғы уақытта бұл мәселені әлеуметтану, саясаттану, этнология, мәдениеттану, яғни қазіргі ғылымның өте әртүрлі салалары белсенді түрде зерттеумен айналысуда. Адамның діни санасын оның діншілдігі арқылы саралауға деген талпыныстың психологиялық ойда көне дәстүрлері бар. Көне заманда «Мен» түсінігі діни-метафизикалық рухта өзгеріссіз түсіндірілді. Антикалық кезеңде ойшылдар «Мен» -ді қандай да бір рухани субстанция ретінде анықтаған. Ғылым шеңберіндегі діннің және діншілдіктің анықтамасының өзі дәстүрлі түрде екі позициядан түсіндірілді: идеалисттік және материалисттік. Діни сана руханилықтың жоғарғы дәрежесімен сипатталады және оның құрамына діни психология, діни сенім және діни идеология сияқты элементтер енед. Мұсылмандардың діни санасы исламның негізгі қағидаларына, исламның талаптарын міндетті түрде орындауға негізделген, олардың ең маңыздыларының бірі әлсіздерге қайрымды қатынас жасау, адасқандар мен ауру адамдарға көмек көрсету болып табылады. Діни құндылықтардың қалыптасуы – күрделі және қарама-қайшы үрдіс, оның құрамына мазмұндық (дінге сенушілердің нақты құндылықтары мен қажеттіліктері, олардың қоршаған әлемге деген көзқарастары), сондай-ақ қызметтік (діни культқа сәйкес моральдық-психологиялық күйді, көңіл-күй мен қайғыларды қалыптастырады) қырлар енеді.  
Ж.Ж.Бейсенова
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады