Қаржы | Заңды тұлғалардың салық есебі

КІРІСПЕ
Кейіңгі кезде Қазақстанның есеп жүйесінде көптеген күрделі өзгерістер болды, және оны одан әрі жетілдіру жағдайы әлі жалғасуда. Есеп жүйесінде жаңа мүлік түрлері мен міндеттемелері, сондай-ақ жаңа шаруашылық операциялары пайда болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің есеп аясы біршама артып келеді. Шаруашылық жүргізуші субъектісі есепті жүргізу техникасын, нысанын, әдістемесін әрекет етіп тұрған заңға және Халықаралық стандарт жүйесіне сәйкестендіріп,сондай-ақ сала ерекшелігін ескеріп өздерінің есеп саясатын қалыптастыруына болады. Сонымен қоса, шаруашылық субъектісі өздерінің өндіріс запастарын бағалаудың әдістерін және өнімнің өзіндік құнын есептеудің тәсілдерін таңдау құқығына да ие. Осы және басқа да өзгерістер бухгалтерлік есеп берудің жүйесі де біршама мәнді өзгерістер әкелді. Оның құрамы, мазмұны халықаралық есепке жақындатылады, сонымен қоса есеп берудің мәліметіне, кез келген тұтынушылар пайдалана алатын болады.
Бухгалтерлік есептің анықтылығы және тәртіпке салынған жұмыс көп жағдайда субъектісінің экономикалық жағдайына бюджетке жасалатын төлемінің уақыты мен мөлшеріне және сатып алушылармен есеп айырысуына әсер етеді.
Бүгінгі таңда бухгалтерлік есептің басты назары кез келген субъектінің төлем қабілеттілігін, өтімділік активтерінің үлес салмағын анықтауға қарай ығысқан сияқты. Сондықтан біз есеп жүйесінің ең басты бір бөлігі ретінде салық есебі және жиынтық жылдық табысын талдау дипломдық жұмыс ретінде таңдадық. Өйткені оның көмегімен кәсіпорынның бүгінгісі келешегі жан-жақты сипатталады.
Дипломдық жұмыс негізінен үш тараудан тұрады. Оның бірінші тарауда Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің даму қарқыны және зерттелетін кәсіпорынның (ЫРЫСТЫ-АПВЖЗ АҚ) техникалық-экономикалық көрсеткіштері және оның жасаған есеп саясаты мен салық есебі жан-жақты сипатталады.
Екінші тарауда кәсіпорынның салық есебі толығымен ашылып, бухгалтерлік есеп беруді жасаудың кейбір ерекшеліктері көрсетіледі.
Ал үшінші тарауда қаржылық есеп беру жүйесін талдаудың және оның аудитін жасаудың әдістемесі келтірілген. Тап осы таруда қаржылық есеп берудің жетілдірудің жолдары ұсынылған.
Мен дипломдық жұмысты жазу үшін жоғарыдағы аталған кәсіпорынның кейіңгі екі жылдық (2004-2005 ж.) мәліметін және есеп саясатын, түсініктеме жазбасын пайдаландық.
Кәсіпорын негізінен жолаушылар тасымалдайтын вагондарды жөндеумен айналысады. Кәсіпорын өзінің қаржылық есеп беру мәліметтерін, тек басқарма органдарының рұқсатымен ғана жария ете алады.
Сонымен, есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау – есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, құнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпараттық көзі де болып табылады. Есеп берудің мемлекеттік мәні бар. Оның деректерін салықтардың және басқа да бюджеттік төлемдерінің дер кезінде, әрі толық деңгейінде төленуін қадағалау жасау үшін пайдаланады.
Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы да дәл көрініс беруі, барлық көрсеткіштердің тығыз байланысты болуы, бухгалтерлік есеп беру мен статистикалық жедел есеп берудің бір-біріне сәйкес келуі, әдістемелік және басқа ережелердің сақталуы есеп беруге қойылатын талаптардың ең бастысы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық