Жақсы оқушы боламын

Сабаққа мен келемін,
Күнде ерте кешікпей.
Апай берген есепті,
Орындаймын асықпай.

Жазуды да жазымын,
Күнде бестік аламын.
Тәртіпті де ұқыпты,
Мен оқушы боламын.
Тақпақтар
Толық

Бекболат Баян | Жақсы сөз жарым ырыс

Жақсы сөз жанның жылуы. Бір бірімізге жылы қабақ танытып, жақсы сөзімізді арнап жүрген қандай ғанибет. Қарыштап дамыған өркениетке ілесеміздеп осынау жақсы қасиетімізден айырылып бара жатқандаймыз. Асығыспыз... Тіпті ет жақынымызбен араласуға уақыт жоқ. Қайда асығамыз?... «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын...», «Жақсы сөз жарым ырыс», т. б. толып жатқан мақал – мәтелдерді естіп жүрміз. Жақсы сөз естіп көңіліңнің көтеріліп қалғанын өзің де байқамай қаласың. Тұнып тұрған психология! Жаз жайлау, қыс қыстау мал соңында жүріп, психология оқымаған қазақ осының бәрін қайдан білген?! Сірә, халық даналығы деген осы болар.

Мектеп қабырғасында оқып жүргенде, қабырғаларда ілініп тұрған түрлі мақал – мәтелдерді, нақыл сөздерді көріп, біріміз болмаса да, біріміз ойланып жүретін едік. «Тәрбие тал бесіктен емес пе?». Бірақ бұл өскен соң тәрбиені тоқтатып қоюға болады деген сөз емес қой. Айтқым келгені біздің ҚазҰУ - нің механика – математика факултьтетіне келгелі мен ол тәрбиені көре алмадым. Ұлы адамдардың портреттері ілініп тұр, олда тәрбие, бірақ, тәрбие көптік етпейді ғой.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біздің факультетте және өзге де факултьеттерде, егер жоқ болса, мақал – мәтелдеріміздің және нақыл сөздеріміздің ілініп тұрғанын қалар едім. Бір жағынан тәрбие, екінші жағынан қазақы дәстүр университетіміздің ажарын аша түсер еді. Көрген көзде жазық жоқ, естіген құлаққа алтын сырға.

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика – математика факультеті

Бекболат Б. baian-gt@mail.ru

.....
Әңгімелер
Толық

Жақсыбай Сарбалаұлы сырдың жыр жұлдызы


Осынау Сыр өңірі ырысы артып, ынтымағы жарасқан киелі мекен. Бұл өңірден бұлбұл дауысты әншілер де, аузы дуалы билер де, артына өшпес із қалдырған ақындар да, елге мәлім қоғам қайраткерлері де шыққан. Соның дәлелі ретінде Жақсыбай атамызды алсақ болады. Жақсыбай ата өнегелі өмірінде артына мол мұра қалдырған тіл жанашыры. Ол кісі бір мамандықпен шектеліп қалмаған. Жақсыбай ата -жергілікті ақын, дәрігер, мұғалім, тіл жанашыры.

Жақсыбай Сарбалаұлы 1942 жылыдың 20 қаңтарында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылында үлкен отбасында дүниеге келген. Бала күнінде кітап оқуды жаны сүйген. Кешкілік ауыл үлкендері жиналып Жақсыбай атаға ауқымды шығармалар, әңгімелер оқытатын болған. Отбасылық жағдайына байланысты Таң ауылынан Жалағаш ауданына көшіп келеді. Жалағаш ауданындағы №123 мектепте білім алады .....
Әңгімелер
Толық

Намаз Мурсалы | Жақсылық жасап жарысқан

«Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» демекші, пенде атаулы қиындыққа тап болып, басына іс түскенде өзгелерден көмек күтеді. Халі мүшкіл жандарға қолдан келгенше қайырымдылық жасап, барыңмен бөлісу- имандылықтың белгісі. Мұндай қасиеттерді бойға жиған ақ пейілді адамдар айналамызда аз емес. Солардың бірі - бүгінде талай жанды қуанышқа кенелтіп, алғысын алып жүрген- «Қайырымды жандар» еріктілер тобы.

Көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жәрдемдесуді мақсат еткен «Қайырымды жандар» еріктілер тобы 2015 жылы 22-желтоқсанда құрылған. Айдын Тоқсанбаеваның бастамасымен ұйымдастырылған бұл топ алғаш Алматы қаласынан бастау алып, уақыт өте келе Астана, Шымкент, Ақтау, Тараз, Ақтөбе, және т.б.еліміздің ірі қалалары мен аудандарында құрыла бастады. Алматыдағы «Қайырымды жандар» еріктілер тобының 80 % -ы 18-25 аралығындағы жастар болып саналады. Бұл топтың құрамында бүгінде 300- ге жуық адам бар.
Бүгінге дейін мейірімді жандар көптеген қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, талай көмекке зәру адамдарға қол ұшын созған. Соның ішінде, 2015 жылы екі бүйрегі істен шыққан алматылық Жанель Жайлауованың еміне 12 млн теңге жинап берулері- топтың ең ірі шарасы. Өздерінің айтуынша, бұл ақшаны жинау оларға оңай соқпаған, тіпті базардағы алмаларды 2-3 есе бағамен көшелерде сатқан екен. Мешіттерге барып, өздерінің пісіргендерімен жәрмеңкелер ұйымдастырған. Бұл іске тек Алматыдағы ғана емес, өзге де қалалардағы топтар, сонымен бірге, кейбір кәсіпкерлер де барынша атсалысты. Қаршадай қыздың өмірге деген ұмтылысы оларға сенім беріп, одан әрі құлшындыра түскен. Ақыры еңбектері ақталып, Жанельдің еміне қажет соманы түгелдей жинап береді......
Әңгімелер
Толық

Жақсылық пен жамандық

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:
— Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, – депті. Жақсылық:
— Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сонсоң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуіміз мінгессек атқа қиын соғар, – депті. Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен......
Ертегілер
Толық

Жақсылыққа жамандық

Кез келгенді мүйіздей беретін сүзеген бұқа байқаусызда құдыққа түсіп кетіпті. Құдықтың ішін бар перменімен сүзгілеп, топырағын айналғанын, өзінің бекерден-бекер өлерін бұқа біліпті. Біреу болмаса, біреу құдықтан мені шығарып алар деп, бар пәрменінше өкіріпті. Мұның бақытына қарай жақын арада бір қойшы қой жайып жүр екен. Мұның даусын естіп, қойлар мен қойшы жүгіріп келеді.

— Шырақтарым, қарақтарым, шығарып алсаңдаршы, – деп, бұларға әдеппен, ибалықпен жалынып, бұқа сөйлей бастайды. — Мені жазасыз, кінәсіз өлтірмеңдерші, ғұмырымда жанға жамандық ойлап, қас қылмаушы едім. Менің мінезімнің жақсылығы Зеңгі бабаға мәлім, достарым, қарақтарым, мені шығарып алыңдаршы! Өлгенімше сол жақсылықтарыңды ұмытпаспын, – дейді, бұқа жалынып-жалбарынып.

— Қойлар,бұқаны құдықтан шығарып алып, жақсылығын көрейік! – дейді қойшы.......
Ертегілер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Жақсының көзі


Асанбек ауырып әл үстінде жатыр дегенді есіттім. Ойыма әр нәрсе түсіп, оның үйіне мұңая келдім.

...Бес-алты бала ортаға алып тигені мені, тимегені жерді ұрып жатқанда атқа мініп бір жақтан келе қалған кісінің «қойыңдар, тез!» деген әмірлі дауысы сабап жауып тұрған бұршақ бұлтын қуып әкеткен желдей үстімдегі тарс-тұрс жұдырықты сейілтіп сала берді. Жұдырығын маған ең соңынан тағы бір сілтеп қалған қара шұбар баланы атынан түскен кісі жауырынынан ұстап жұлқа тартып итеріп жіберді. Бетіне қарасам ат жақты, аққұба кісі екен.

— Ақымақ! Сенің надан әкеңді байлардың жаласынан ажыратып соттатпай қалған осы Балбақтың әкесі еді ғой.

Бағанадан бері өз әлімше тырысып, бой бермей, «алтауына болмай» тұрған менің мына сөз жүйемді босатып жіберді. Жылап қоя бердім. Жетімдердің көпшілігі-ақ шынығып, мықты болып өседі, бірақ мен әлжуаздау едім. Өздерінің мені жүндей түтетініне көздері жеткен алтауы асықпай қолға алған жағдайы бар еді, енді бәрі де үндемейді. Кейбіреуінің ашуы шықпай аузы бұртиып, кейбіреуі төсегіне отырып қойған баладай тыштиып қызарып, енді бірінің түйілген кішкентай жұдырығы әлі де жазылмай тұр. Кісі менің қасыма келіп, арқама қағып жұбатты.

— Қоя ғой, шырағым, әлі-ақ адам болып кетесің— деді ол. Ал балаларға қарап ақыл айта, жекіңкірей сөйледі......
Әңгімелер
Толық