Қолданбалы математика | Кәсіпорын көрсеткіштері бойынша кәсіпорынның жалпы жағдайына диагностика жасау

Нарықтық экономика кезеңінде әр мемлекет өз алдына дербес дамуы үшін түрлі стратегиялық және тактикалық бағдарламалар қойып, оны жүзеге асыруда .
Осы стратегиялық мақсаттарға жету үшін экономиканы зерттеу институттарында болашақ кезеңдегі жағдайларды анықтау үшін түрлі модельдер жасалуда.
Жалпы экономикада болжам жасау кәсіпорындардың, банктердің дағдарыстық жағдайын анықтау үшін тренд, Альтман модель сияқты тағы басқа модельдер қолданылуда.
Біздің жұмыс бойынша кәсіпорындардың, банктердің және республиканың қандай көрсеткішке байланысты дағдарыстық жағдайда екендігін анықтауда “Диагностика ғылымын ” қолданамыз.
Диагностика ғылымындағы болжам жасаудың негізі математика ғылымында қолданылытын матрицалар арқылы есептеледі .
Бізге республикамыздың жалпы макроэкономикалық көрсеткіштері облыстар және негізгі мегаполис қалалар арқылы берілді, сол себепті республиканы осы көрсеткіштерге байланысты жалпы жағдайын анықтау.
Жұмыс барысы келесідей болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Жануарларды жалпы наркозға дайындау

Кіріспе
Мал мен жануарлардың жеке ерекшеліктеріне және көрсетілетін алғашқы ветеринарлық жәрдемге байланысты олардың қозғалысын әр түрлі фармакологиялық препараттар қолдану арқылы тежейді. Ветеринарияда мал мен жануарлардың қозғалысын дәрі-дәрмек қолданып шектеу жалпы және жергілікті жансыздандыру болып бөлінеді.
Жалпы жансыздандыру немесе наркоз ( грекшеден narkosis- сезімсіз ету ) – жануарларға есірткі заттарды қолдану салдарынан орталық жүйке жүйесі функциясының қайтымды түрде тежелуі. Наркоз кезінде сезгіштіктің жойылуы, мал естен танады, қозғалыстық,шарттық және кейбір бейшарттық рефлекстер жоғалады.Қаңқа бұлшық еттердің әлсіреуі байқалады, бірақ сопақша мида орналасқан – тыныс алу,тамырқозғағыш және тегіс бұлшық еттердің, өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмыс қабілеті сақталады.
Есірткі заттарды енгізу алдында малдың қозғалу қабілетінің қай уақытта жоғалуын, ауырсыну сезімінің жойылуын, бұлшық еттердің толығымен әлсіреуін ( релаксация ) білу өте мағыналы. Бірақ ауыл шаруашылығында осындай қажетті наркоздық күйді есірткі заттардың бәрі шақыра алмайды. Олар тек дозалардың артуында және оның өмірге қауіпті шектеріне дейін жеткенде дамиды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Жалпыұлттық мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары

КІРІСПЕ
Жас адамды әлеуметтендіру жеке бастың жан-жақты дамуын қалыптастыруды, оның санасында мақсат-мұраттардың орнығуын, азаматтық кемелденуді, қоғамдық белсенділікті және жоғары адамгершілікті тәрбиелеуді талап ететін борыш пен ізгілік, тілек пен мүмкіндік, мүдде мен қажеттілік сияқты қайшылықтар күресінің барысында жүзеге асырылатын күрделі де қиын процесс.
Сондықтан жан-жақты әлеуметтендірілген адамға қажетті негізгі ұғымды адамдық қасиеттерді түгелдей қарастырып, анықтаудың қажеті жоқ. Керісінше, ең бастысы, осы қалыптастырғалы отырған әлеуметтік тұлғаға қажетті элементтерді құратын заңды құрылыс байланысын табу керек. Мысалы, білім беру ақыл-ойдың дамуына тікелей әсер ете отырып, адамның дүниеге жүйелі көзқарасын қалыптасуына ғылыми негіз болады. Ал дүниеге ғылыми көзқарас адамның жан-жақты қалыптасуының ең негізгі заңды арқауы. Осы тұрғыдан қарастырылғанда жас ұрпақты әлеуметтендірудің басты міндеті ретінде дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру қажет екендігін атап көрсетуге болады. Өйткені дүниеге мұндай көзқарасты қалыптастыру адамды жан-жақты жетілдірудің негізгі принциптерінің ең бастысы әрі теориялық негізі б.т. Олай болса, мектептегі оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп, дамытудың бүкіл сан-саналы процесінің, яғни жасөспірімдерді әлеуметтендірудің заңды арқау жібі - әрбір оқушының бойына дүниеге ғылыми негіздерін қалыпттастыру б.т....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Жалпыұлттық мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары

КІРІСПЕ
Жас адамды әлеуметтендіру жеке бастың жан-жақты дамуын қалыптастыруды, оның санасында мақсат-мұраттардың орнығуын, азаматтық кемелденуді, қоғамдық белсенділікті және жоғары адамгершілікті тәрбиелеуді талап ететін борыш пен ізгілік, тілек пен мүмкіндік, мүдде мен қажеттілік сияқты қайшылықтар күресінің барысында жүзеге асырылатын күрделі де қиын процесс.
Сондықтан жан-жақты әлеуметтендірілген адамға қажетті негізгі ұғымды адамдық қасиеттерді түгелдей қарастырып, анықтаудың қажеті жоқ. Керісінше, ең бастысы, осы қалыптастырғалы отырған әлеуметтік тұлғаға қажетті элементтерді құратын заңды құрылыс байланысын табу керек. Мысалы, білім беру ақыл-ойдың дамуына тікелей әсер ете отырып, адамның дүниеге жүйелі көзқарасын қалыптасуына ғылыми негіз болады. Ал дүниеге ғылыми көзқарас адамның жан-жақты қалыптасуының ең негізгі заңды арқауы. Осы тұрғыдан қарастырылғанда жас ұрпақты әлеуметтендірудің басты міндеті ретінде дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру қажет екендігін атап көрсетуге болады. Өйткені дүниеге мұндай көзқарасты қалыптастыру адамды жан-жақты жетілдірудің негізгі принциптерінің ең бастысы әрі теориялық негізі б.т. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамның демократизация және жаңару үрдісінде қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан кейін өріс алған мәселелердің бірі өткеннің рухани, мәдени, тарихи қайта өрлеу мәселесі.
Адамдар тіл арқылы бір-бірімен пікір алысады, өзара түсініседі. Қоғамдық істерді тындыру үшін адамдардың бірлесіп күш жұмсауына дәнекер ортақ тіл болуының маңызы ерекше. Ондай тіл халықтың - ана тілі.
Қазақ тілі мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өркендеуінде елеулі роль атқарып келеді. Қазіргі қазақ тілі оралымды, бай тілге айналды. Дегенмен қазіргі кезде қазақ тілінің қызмет етуі потенциалды мүмкіншіліктерді аспауы көптілдік факторымен тежелгені туралы мәліметтер бар.Соңғы жылдары қазақ тілі өз құқығына жалпы енгенмен, толық оны қолдану мәселесі шешілген жоқ.
Бұндай жағдайда бастауыш мектеп жастағы балаларда бай, грамматикалық жағынан дұрыс құрастырылған ауысша сөйлеуін дамыту қажеттілігі туады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Сақтандыру | Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

КІРІСПЕ
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стадиясында тұр: Экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай арта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды. Жеке басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін бизнестің шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және қаржылық орнықты рыноктық құрылым бола отырып, нарықтық экономикада тұрақты жайғасымдарда алып отыр.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметтің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мамлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын олыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Жалпы орта білім беру мектептегі кәсіптік білім беру

Кіріспе
Кәсіптік педагогика - жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Жалпы педаготика атауы ескі грек сөзінен «пайдос» - бала және «аго» -жетелеу ұғымын береді. Сөзбе-сөз аударғанда «бала жетелеу» деген мағьшаны білдіреді.
Ежелгі Грекияда педагог деп өз қожайынының баласын епке жетектеп апарып, әкелетін құнды айтқан. Ал мектепте _!Әріс беретін құлды ғалым деп атаған.
Бертін келе педагогика сөзі қазіргі мәніне жақын «баланы- мірге жетелеупіі» ғалым ретінде қалыптаса бастады, яғни оны қытып, тәрбиелеи жаны мен рухын дамытатын өнер деп атасты. Атақты адамдардын қасына оны тәрбиелеген ұстаздарынң аты да қоса айтыла бастайтын болды. Бертін келе балаларды тәрбиелеу туралы ғылым да өзгешеленіп, дараланды.
Осылайша педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қатыптаса бастады.
Педагогика туралы бұл көзқарас XX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Тек соңғы онжылдықта ғана кәсіптік педагогикалық біліктілік тек балаларға ғана емес, оның үлкендерге де қажет екендігі сезіледе басталды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару

Кіріспе
Соңғы онжылдықта ғылыми-техникалық қатынаста дамыған мемлекеттерде түрлі салаларда көптеген сандық әдіс-тәсілдер және түрлі өнім сапасын бағалау жиі қолданылып жүр. Автомобильдер мен сауда қорабы, тұрғын үй пәтерлері мен ракеталық қару, азық-түлік өнімдері мен қала тұрғын комплекстері және көптеген түрлі заттардың сапасын бағалайды.
Қазіргі уақытта әр түрлі еңбек өнімдеріне қолданбалы қосымша сала қалыптасып келеді. Бұл жүйеде өзінің спецификалық зерттеу объектісін (жалпы принциптері мен сапаны бағалау әдістері), өзінің спецификалық зерттеу пәнін (адам еңбегі жемісінің жиынтығы), өзінің спецификалық математикалық аппаратын, өзінің спецификалық проблемаларын, математикалық, физиологиялық және социологиялық мінезі бар.
Бұл жүйенің басқа ғылыми тәртіптерден айырмашылығы мағынасын анықтайтын терминнің болмауы. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін ежелгі грек және латын тілдері қолайлы болып саналды. Мамандар тобының арасында түсінікті болу үшін бұл термин салааралық ғылымды түсіндіру керек. Ғылымның бұл жағы «квалиметрия» деп атау ұсынылды, латын тілінен «квали» (qualitas – сапа, мінез, quails – қандай, сапасы қандай) және ежелгі грек тілінен «метрео» -өлшеу.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Жалпы ішкі өнім

Кіріспе
Сонау бiр жылдары Қазақстан да бiр тудың астына бiрiгiп, таңның атысы, күннiң батысы мызғымас одақтың игiлiгi үшiн еңбек еткен он бес мемлекеттiң бiрi болатын. Иә, өткен шақпен сөйлеймiз: БОЛАТЫН деп. Өйткенi, бүгiн бiз келешегiне сенiмдi қарайтын Егемен елмiз. Мiне, тәуелсiздiгiмiздiң он алтыншы жылы да аяқталып қалды. Осы уақыт аралығында өзгерiстiң сан түрiн өткердiк. Ең күрделiсi - экономикалық реформалар. Бүгiнде экономикамыз бiршама нығайып, ТМД елдерi арасында алдыңғы қатардан көрiнiп келемiз.
Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiндегi, Ресейдегi қаржы дағдарысы Қазақстанға да соқпай кеткен жоқ. Бiрақ, 1996 жылдан бастап қатаң монетерлық саясат жүргiзу, бюджет тапшылығын төмен ұстау, жеке секторды дамыту және ең бастысы, егемендiк алғаннан кейiн шын мәнiсiнде алғаш рет мемлекеттiң реттеушiлiк рөлiнiң көрiнiс табуы арқасында республика макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткiзе алды. Экономиканың нақты секторының қарыштап қарекет етуi үшiн алғышарттар жасалды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері, жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отыруы, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтаруы, бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлтпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралғаны, бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі — ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі — көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынуы, нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқаны, орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатуы, жануарлар мен балалардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты, толық дәлелденген. ....
Курстық жұмыстар
Толық