Жұмағали Саин (Біздің майдан)

Социалистік өмірді,
Жырлағанда жыр қылып,
Сырлағанда сыр қылып,
Бүлкілдесін көмекей.
Дауысқа - дауыс қосылып.
Сөз құйындай есіліп,
Тіл күрмелмей шешіліп,
Басылсын баптап бөлектей.
Ұласқан ұлы ағында,
Гүлденген өмір шағында,
Сан жаңалық табында,
Миллион білек бабында,
Миллион адам сабында,
Тап дауысы саңқылда,
Дабылда жыр, дабылдап
Майдан десе лепіріп,
Екпіндеп көкке секіріп,
Толқындай тулайды жүрегім.......
Өлеңдер
Толық