Ел жүрегі - Астанам

Таңертеңгі шуақ. Алақанымды алақанға қойып қолымды жаңбырлы судық астына тосамын. Олар күн сәулесінде ойнайды, әртүрлі шуақ шашады. Осы шуақты күннің сәулесімен ел жүрегі Астанамды ойлаймын. ...Мына күннің шуағы – әдемілік, мына шуақ - жақсылық, мынау- қайырымдылық , ал мынау – махаббат. Осы қасиеттердің бәрін алақанға сыйғызу керек. Оны қорғап кейінгі ұрпаққа жеткізу! Осының біреуін де жоғалтып алмауымыз керек, қорғап, аялау, көркейту қажет.

Бұл қазақ халқының жүрегі – Астанасы. Тек оған қарайтын көз керек. Астана – Қазақстан Республикасының әкімшілік орталығы әрі елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлы тұрмысты қамтамасыз ететін қауырт даму үстіндегі қалалық инфақұрылымы бар үлкен шаһар. Тамаша тұрғын үй кешен-дері, еңселі әкімшілік ғимараттары, гүлзарлары мен фонтандары, әсем мону-менттері мен сәулет ескерткіштері бар бүгінгі Астана көз алдымызда күн сайын өзінің керемет сымбатымен құлпырып барады. Ал Астананың ажарына ажар қосқан, жаңа корпустарымен қала ландшафтына тамаша кіріп кеткен Лев Гумилев атындағы Еуразия университетін айтпай тұра алмаймыз. Бұл оқу ордасының үйлесімді де әдемі сәулетіне әрдайым таңдана қараймын. «Астананың мәдени капиталы » деген ұғым Еуразия университетіне көз түскен сәттен-ақ менің санамда нақты бейнеге айналады. Себебі, онда менің ағам мен жеңгем білім алды, өмірді танып, шет елдерге шығып, өмірде орнықты өз орын-дарын тапты. .....
Эсселер
Толық

Тіл - елдігіміздің іргетасы

«Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!» - деп жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлі айтқандай, мемлекеттік тілімізді, сонымен қатар, өзге тілдерді үйренуге, білуге талпынуымыз тиіс. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ.Оның да шығу тегі бар. Қазақ тілі «түркі тілдері» деп аталатын үлкен тілдердің тармағы. Әр адам өз ана тілін білуге міндетті. Сол арқылы мемлекеттің тұтастығын, бірлігін, ынтымағын қамтамасыз етуі керек. Тіл мен дінді өрістетуде халық тартынып қалмауы тиіс. Өйткені, тіл - ұлттық қазына, ұлттық мұра. 1913 жылы жүрегі «елім» деп соққан патриот ақын Мағжан Жұмабаев:

«Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,

Ақ қолыңмен тарта аласың сен, тілім!» -деген болатын. Шынымен, қазақ тілі жарық көрмей қараңғыда ұзақ жатты. Сөйтсе де, қазақ тілі таза әрі өткір болған. Сонау жылдары ұмыт қалған елді тек тілдің құдіреті арқылы қайтара алдық......
Шығармалар
Толық

Жастардың қуаты – білім білігінде

Мен білімді болғым келеді. Болашақта өзімді жан-жақты, көзі ашық, білікті азаматтардың қатарынан көремін. Бұл менің ғана қалауым емес, ұстаздарымның және ата-анамның да қалауы. Сабақтан бос уақытымда ғаламтордан, теледидардан елімізде болып жатқан кей жаңалықтарды оқып, тыңдап отырамын. Ара-тұра шәй үстінде әкем екеуміз мемлекетімізде болып жатқан оқиғаларды талқылайтынымыз да бар.

Жуырда мен Қазақстаннан өткен жылы 300 мың адамның шетелге тұрақты түрде жұмыс істеуге кеткені туралы ақпарат оқыдым. Елімізден көптеген жастардың Корея, Түркия, Америка, Ресей секілді шет мемлекеттерге жоғары жалақы үшін кетіп жатқанын білемін. Бірақ бір жылда 300 мың жастың бірден шетел тұрғынына айналып кетуі мені біраз ойландырды. «Сонда барлық жастар, аға-әпкелеріміз басқа елге жұмыс істеуге, сонда өмір сүруге осылай ағылып кете берер болса, Қазақстанда кім қалады? Үлкендер болашақ жастардың қолында дейді. Олай болса болашағымыз не болмақ?» деген ойға қалдым.

Өз басым, мен мұны қолдамаймын. Шетелге кетпей-ақ, Қазақстанда да жайлы әрі жақсы өмір сүруге болады. Ол үшін елімізде барлық мүмкіндік бар. Жоғары білім алғысы келетіндер үшін жақсы деңгейлі оқу орындары жетерлік. Жыл сайын талапкерлерге сан мыңдаған гранттар бөлінеді. Әр жақсы оқыған студент шәкіртақы алады, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Кәсіп бастап, табыс тапқысы келетіндер үшін де жеңілдіктер бар. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар негізінде өз ісін бастағысы келетін жастарға қаржылық қолдау жасалады, бизнес бастауды үйретіп, оны оқытатын курстар да аз емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға көп көңіл бөліп келді. Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуы да осының дәлелі. Ол кісінің сындарлы саясатын жалғастырып жатқан қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастардың рухын көтеріп, оларды білімге, еңбекке шақыруда. Яғни, еңбек еткісі келетіндерге елде ешкім кедергі емес. Елімізде бейбіт, мамыражай заман орнап тұр. Соғыс, қырғын-жойқындардан аулақпыз......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тұңғыш президенттің рөлі

Тәуелсіздік! Бұл – халқымыздың талай ғасырлар бойы армандап күткені. Ата-бабаларымыз тәуелсіздік үшін күресті сонау сақ дәуірінен бастаған деп айтсам, қателеспеймін. 18 ғасырдағы жоңғар шапқыншылығынан бастап 1991 жылға дейінгі кезең біз үшін қасіретті де мұңды оқиғаларға толы болса да, еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы тарихымызда орны ерекше.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қыруар үлес қосқан біртуар тұлғалардың бірі – біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бүгінгі таңда Қазақстан – әлемдік қоғамдастықтың толық құқықты мүшесі, экономикасы мықты, қуатты халқы және болашаққа үлкен жоспарлары бар іргелі мемлекет. Біз тарихымыз бен бастапқы жағдайымыз ұқсас болып келген көптеген елдердің азап шегіп жатқан әлеуметтік және саяси күйзелістерінен құтылдық. Бұл елдер – бұрыңғы КСРО республикалары. Біздің тұңғыш елбасымыз осы жылдың 20-сыншы наурызында өз президенттік қызметін тоқтаса да, оның мемлекетіміздің егемендік жылдарындағы күрделі мәселелерді сәтті шешудегі рөлі айқындықпен ерекшеленіп, есімізде мәңгі қалады. Н.Ә.Назарбаев саяси өзгерістердің алдында даму экономикасын бірте-бірте реформалау жолын таңдады. Ұлт көшбасшысының таңдауының дұрыстығын бейбіт аспанның астында оянып жүрген күндеріміз дәлелдейді. Оның «алдымен - экономика, содан кейін - саясат» деген формуласы арқасында біздің еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, «Қазақстанның даму үлгісі» сияқты ұғым кеңінен таралды және ол терең ойластырылған стратегияға негізделген оңай жолмен алға жылжуды білдіреді......
Эсселер
Толық

Асыл ана

Ана бұл – сен дүние есігін ашқанда бар мейірімімен қарсы алатын жан. Сені өмірінің соңына дейін бағып- қағып, өз бойындағы бар асылды сенің бойыңа құюға тырысатын жан. Сенің жан – жақты дамыған ойшыл, саналы адам болуыңа зор үлесін тигізетін жақын ұстазың. Сен ауырғанда оның жаны маза бермей, сен жылағанда жүрегі жылайтын жалғыз жан. Бұл өмірде әрине, бәрі уақытша, тек ананың шексіз махабатынан басқалары. Сені анаңнан артық тірі жан бұлай шексіз сүйе алмайды. Ана бар мейірімді бойына жинаған аяулы адам. Ананың балалары үшін қаншалықты қадірлі, қаншалықты қымбат екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сүрінгенде демеу болар тіреуішің, сені әрқашан ынталандырып, жігерлендіріп отыратын да- ана.

Ана сенің жылағаныңа бей - жәй қарап отыра алмайды. Сенің болашағыңа алаңдап, өмірден көргенін өз баласына жеткізуге тырысады. Ананың табанының астында жұмақтың кілті жасырулы, сонда аяулы алақанында не жасырылған екен?Кім біліпті?! Әйел заты ең мейірімді, ең нәзік жан болғасын ана болу бақыты бұйырған. .....
Эсселер
Толық

Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін...
Ойымды ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, фиолософ Абай атамыздың осы бір өлең жолдарымен бастасам деймін. Осы өлең жолдарынан ақынның әр өлеңін, әр шығармасын жастарға мұра етіп, олардан үлкен үміт күтіп, үлгі көрсетіп жазғандығы көрінеді. Ақынның жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді. Ұлы дананың қай шығармасын алып қарасақ та, оның астарында сарқылмас қазына, үлкен тәлім – тәрбие жатыр. «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа», - деп ең әуелі адам баласы адам болып қалу керектігін баса айтқан. Өз заманында да сан түрлі оқиғаның куәсі болып, жемқорлық, әлімжеттік сынды жаман қасиеттерге қарсы тұрып, сол қасиеттерді ұрпақ бойынан көрмес үшін адамдықты, адалдықты тереңнен жырлап, толғана насихаттаған. Абай шығармаларын оқыта отырып, ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.....
Эсселер
Толық

Шешендік өнер ұлттық психологияның бастауы

Елімізде шешендік өнер демей «Қазақ шешендік өнері»деп айшықтап,меншіктеп атауымыздың мәні бар.Шешендік өнер Еуропа елдерінде сонау көне заманнан бермен қарай ғылым болып қалыптасып, зерттеліп келеді.Шешендік сөзбен жүзеге асыратын әрі сөзбен барша жетістіктерге жеткізетін өнер саласы.Шешен сөзінің дәлелдігін оның әділдікті жан-тәнімен қолдап қорғауы барлығына түсінікті болғанда айқын көруге болады -деп Квинталиан айтқан екен.Шешендік өнер-адамзат өркениеті тудырған рухани-мәдени құндылықтардың бірегейі.Сондықтан шешендік өнериен оның тарихы адамзат мәдениеті тарихының сабақтас бір бөлігі.Көне дәуірде б.з.б Y-IY ғасырларда Грецияда басталып,Римде б.з.б бірінші ғасырда-Цицерон заманында өркендей түскеншешендік өнерінің гүлдену кезендерінің тарихы әлемге әйгілі.Өйткені сол кезеңдерде-ақ көне Греция мен Римде шешендік өнер өркендеп қана қойған жоқ,шешендік өнер туралы ғылымның риториканың да негізі қаланды.Көне риториканың жетістіктері гректің ұлы шешені,саяси қайреткері әрі мәмлегері Демосфеннің есімімен тығыз байланысты.Шешендік сөздің түр-түрін ажыратып,жүйелеп топтастыру да күрделі істің бірі болып табылады.Шешендік сөздің құрылымы да жан-жақты зерттеуді қажет етеді.Шешендік дәстүр,шешендік мектеп бізді бүгінге дейін түрен тимеген мәселе күйінде қалып отыр десек,артық айтқандық емес.

Халықтың өмірі,тарихы,елдің тұрмыс тіршілігі қазақ көкірегіненжыр-дастан,өлең-ән,ертегі-аңыз,күмбірлеген күй болып төгілді.Табиғатынан көзі ашық,көкірегі ояу,өзінің кең жазира даласындай дарқан дарынды ойын-сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп,ұрпақ санасына сіңістіріп,болашаққа мәңгілік өлмейтін мұра қалдырды.Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.....
Эсселер
Толық

Жастар жылына орай-жастарға қолдау көрсету-болашақтың іргетасын қалау

Жастар жылы - болашақтың оты жалындауға себеп болған жыл.ҚР әрбір азаматы бұл жылды естен шығармайды.Себебі елдің ел болуына септігін тигізген Н.Ә.Назарбаев мұндай үлкен реформа жасау арқылы елдегі барлық айбынды жастардың рухын жігерлетіп,қолдау көрсете білді.

Жастардың бойында талант пен талап үлкен еді.Тәуелсіздіктің туын биікке тігіп берген ата-бабаның еңбегінен кейін, кезек жастарда.Болашаққа үлкен сеніммен қараған кешегі айбындылардың үмітін ақтау міндет.Алайда,еш дүниеге адам өз бетінше,еш қолдаусыз жетуі мүмкін емес."Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген қазағымның асыл сөзін ұстанған тұңғыш президент елдің болашағын жасаушыларға "Серпін" бағдарламасы бойынша гранттар бөліп,көптеген ұйымдармен бірлесе отырып,жастарға жұмыс ұсыну мақсатында "Жас кәсіпкер" бағдарламасын жүзеге асырды.Оған қоса жастарды баспаналы етуді де ұмытпаған екен.Мұның бәрі білімді,талапты жастардың ел болашағында-үлкен орынға ие бола алуы үшін жасалды.

Жастарды қолдап,біліктіліктерін арттырған -бұл қоғам үшін жеңіс.Алайда,өскелең ұрпақ,қазіргі жастар бойынан ұлтшылдықты байқауымыз керек. Осы тұста Н.Ә.Назарбаев:"жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік, қоршаған ортаны аялау сезімін қалыптастыру негізгі міндет. Әсіресе, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің,мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дарытудың маңызы зор.Ата-бабамыздан қалған салтымыз бар:кішілер үлкенді сыйлайды,ерлер әйелді сыйлайды.Батысқа еліктейміз демократ боламыз деп бәрін ұмытып кетуге болмайды"деген екен.....
Эсселер
Толық

Оқу бағдарламасына, білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер турасындағы менің пікірім

Биыл мен 10 сынып оқушысымын. Дамыған ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан, әр адам жеке тұлға болып қалыптасуы үшін жан-жақты дамыған, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, технологияны жетік меңгерген болуы тиіс.Осыған орай, заманға сай ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біздің Елімізде, нақтырақ айтсақ білім жүйемізге көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңа серпіліс толқыны бой көтерді. Бұрын соңды естімеген нәрселер оқу бағдарламасына енгізілді. Мен осы жаңа жүйемен оқып жүрген оқушы болғандықтан оның кейбір кемшіліктерін және пайдасыз тұстарын көріп жүрмін. Бұлай деуіме мысалдар келтіре аламын. Бұның барлығын ұлтымның болашағын ойлағандықтан айтып отырмын. Әйтпесе, көп оқушыларға керісінше сабақ өтпей алаңсыз жүрген ұнайды ғой...Бірақ мен бұған төзе алмаймын. Менің ойым алысқа, тереңге қарай тартады. Кейде өткенге, кейде болашаққа. Өзімнің емес, ұлтымның болашағына деген көбірек уайым мені мазалайды. Себебі, халқым жоғалса, елім жүдесе мен кіммін? Мен қазақ елінсіз ешкім де емеспін. Сол үшін, өзім еленуім үшін алдымен халқым асқақ болуы тиіс. Ал халықтың асқақтығы үшін мен де күресуім қажет.

Сонымен, мені толғандыратын ең бірінші мәселе-тіл мәселесі. Иә, ағылшын, орыс тілдерін білу заман талабы екені рас. Бірақ, таяқты әліп деп білмейтін 1 сынып оқушыларына ағылшын мен орыс тілдерін енгізу тым өрескел нәрсе. Ана тілімізді құрметтеу жайлы сөз қозғағанда ауыздан небір әсем сөздер төгіледі емес пе?! Ең алдымен өз тілімізді ардақтайық деп барлық жерде барлық жұрт айтады емес пе?! Енді ойлаңыз, әлі бойына патриоттық сезім дарымаған, ұлтын толық танымаған, ұлттық құндылықтарды меңгеріп үлгермеген, санасы толық жетілмеген мектеп табалдырығын тұңғыш аттап тұрған балаға ағылшын мен орыс тілін үйрете отырып, алғаш сауатын өзге мәдениеттің білімімен сусындатсаңыз ол баладан болашақта қандай ұлтжанды азамат күтесіз?! .....
Шығармалар
Толық

Жігітті жолдасына қарап бағала

  Әрбір жанның қасында өзі сенім артарлық,бар сырымен бөлісетін сырласы,өмірлік серігі болады.Ол әрине,сенің ең адал досың.Дос деп кімді айтады?Дос деп бар қуанышыңды бөлісетін,қиын сәтте жаныңнан табылатын,сенен еш нәрсені аямайтын, адал жанды айтады.Сені әрқашан жігерлендіріп отырады,құлағанда сүйеніш болады.Жылағанда жұбатып,қуанышыңда әркез бірге болатын жан.Міне,осындай жанды нағыз дос деп айтуға болады.

Осындай адал сенімді дос бәрінде бірдей бола бермейді.Біреуі адал,біреуі амал.Жақсы досты табу үшін де ,ең алдымен өзіңді дұрыстау қажет. Өзің жаман болсаң,жақсы досты несін іздейсің?!Сен қандай болсаң,жолда сондай достар жолығады.Қазақта сөз бар «Жігітті жолдасына қарап бағала».Бұл мағынаны аша келгенде, сенің жолдасыңның өзің секілді болатынын айтады.Яғни,сен қандай болсаң, жаныңдағы серігің дәл сондай.Сондықтанда өзіңе адал дос іздесен, ең алдымен өзіңді жөнде....... 

Эсселер
Толық