Тәуелсіздік – филосифиялық, психологиялық, саяси мәні зор, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - сананы жетілдіріп, ұлттық болмысты сақтап қала алатын басты қайнар. Тәуелсіздік - бізге бостандық, азаттық, бейбітшілік, яғни бақыт силады. Тәуелсіздік бақытқа деген тура, ең жақын жол. Бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Біздің ата-әкелеріміз, апаларымыз бостандықты қанмен, термен алған. Сондықтан 2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Қазақстан. Осы бір сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, сонау қиын- қыстау кезеңдерді басынан өткерген еліміз, оқ пен оттың арасында қасықтай қаны қалғанша айқасып, қыршыннан кеткен жастарымыз, тәуелсіз жолында құрбан болған асыл азаматтарымыз еріксіз есімізге түседі. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан бүгінде егеменді ел болды. Тәуелсіздік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен ержүректілік таныта білді. Өздерінің туған елі үшін жанын пида қылды. Ұлт маңдайының бағына біткен Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандар алмағайып заманда әділдік пен еркіндіктің туын ұстаса, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қара қылды қақ жаратын шешен билер, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар сияқты жезтаңдай жыраулар ел намысын биікке көтеріп, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай сияқты ержүрек батырлар да қажыр- қайратын қазақ халқының елдік мұратына сарқа жұмсады. Талай адамның жүрек жарасын тырнап өткен Ұлы Отан соғысы да есімізде. Жұдырықтай жүректері елім деп елжіреген талай батырлар жауға қарсы шықты. Ерліктің қос шынарына айналған Әлия мен Мәншүк сынды қазақ қыздары, Бауыржан, Талғат, Мәлік, Баубек сияқты асыл азаматтар өшпес ерлік танытты. Өмірдің әр мезеті қымбат тұста жауға Отан үшін, ел үшін ұмтылды. Ұлы Отан соғысы біздің елімізге түскен ауыртпалық болды. Осы сыннан да халқымыз мүдірмей өтті.....
Ертеден ата-бабамыз тәуелсіздікті аңсап, елін, жерін жат-жұрттыққа бергізбей, ұлан-байтақ жерімізді қасықтай қандарымен қорғап, келешек ұрпақтарына аманатпен жеткізген.Тарихқа терең үңіле отырып, мен өз қазағымның батырлығына риза боламын. Қазақстан — тарихы тереңге кеткен ел. Менің көшпенді жұртым ғасырлар бойы қандай қиыншылық көрсе де, бостандық пен тәуелсіздікті аңсап өткен. Бір жағынан анталап қоршаған, аюдай ақырған көрші, мықты мемлекет — Ресей, екінші жағынан жанкешті айдаһарлы — Қытай. Менің көп қиындықты басынан кешірген елім қатыгез Шыңғысханның талай жаугершілігін де басынан өткерсе де еш мойымаған. Аптап соққан ыстық желмен алысып жүріп , салқын самал соққан таулы бөктерлерде рахаттана өмір сүрген көпке белгісіз халық ол — менің ХАЛҚЫМ!Қазақ елі алғаш рет бостандық дәмін Жәнібек пен Керей ханның тұсында тапты. Есін енді жия бастаған кезде ел басына қара бұлт тағы төнді. Ол «Ақтабан шұбырынды» еді. Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ үшін қайғыға толған кезең болды. Менің әке-шешемнің айтуы бойынша, Кеңес Одағы тарағаннан кейін ел ішінде көп қиыншылықтар болды. Халық тұтынатын тауарлар мен азық түлік күрт азайды, зауыттар мен фабрикалар жабылып, электр жарығын өшіріп, еңбекақы уақытында берілмеді. Әркім өз қарекетімен күн көрді. Басқа елге көшкендер көп болды. Ал 1986 жылғы Желтоқсанның қанды оқиғасы туған жер төсінде төгілген қазақ қанының ең соңғысы болсын деп тілейміз. Сол төңкерістен бес жыл өткен соң қазақ үшін аңсаған күн де келіп жетті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін салтанатты түрде жария етті. Елбасы:«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз», деген халыққа жолдаған үндеуінде үлкен мағына жатыр. Тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттадық. Халық өз қалауымен президентін сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерімізді қабылдадық. Ана тіліміз — қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы — Астана қаласы болды.....
Мен Қазақстанда дүнеиеге келіп, тұрып келемін. Бұл менің Отаным, менің үйім. Адамның дүниеге келіп, өскен жері мәңгілікке әр адамның жүрегінде қалады. Ата-бабаларымыз бізге қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.Ұлттық әндерді тыңдай отырып біз қазақ елінің кең-байтақ жазықтарын, биік шыңды асқар тауларды көз алдымызға елестетеміз. Еліміз қазіргі біздің уақытымыздағыдай болуы үшін ата-бабаларымыз үшін көптеген ғасырлар қажет болды. Тарихымызға көз жүгіртсек, онда біз Қазақстанға тәуелсіздігін алу үшін екі жүзден астам жыл кеткенін байқаймыз. Ұлы Отан соғысы жылдарына Қазақстан үлкен үлес қосты. Он мыңға жуық адам Отанымыздың бостандығы мен болашағы үшін күрескен. Соғыс жылдары Қазақстан майданға қару-жарақпен, азық-түлікпен және барлық қажетті заттармен қолдау көрсеткен. Осы адамдардың арқасында біз еркін және тәуелсіз мемлекетте тұрып жатырмыз. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанды. Осы күннен бастап міне 25 жыл өтті. Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті. Қазақстанның жеке мемлекеттік рәміздері бар, бұл – Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар мемлекет тәуелсіздігін, бостандығын және ұлтын білдіреді. Қазақстан туы көк түсті – бұл бейбітшілік пен аман-саулықты білдіреді. Алтын күн – тыныштық пен байлықты білдіреді. Қалықтаған қыран – жомарттық, қырағылық пен ой биіктігін бейнелейді. 1993 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданды. 1995 жылдың 30 тамызында осы уақытқа дейін қолданылатын еліміздің екінші Конституциясы қабылданды. Еліміздің әнұранның алғашқы мәтіні 1992 жылдың желтоқсан айында қабылданды. 2006 жылдың қаңтар айында қабылданған жаңа әнұран мәтінінің авторлары – Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев. 1993 жылдың 15 қарашасында тәуелсіздігіміздің тағы бір рәмізі пайда болды, бұл – ұлттық валюта. Қазақ халқының балалық шағынан бастап музыка өнеріне деген махаббаты ерекше етеді. Музыка – халық өмірі мен мәдениетінде ерекше орын алады. Қазақстан әртүрлі бағытта дамып келеді. Заманауи Қазақстанда ұлттық мәдениетпен бірге кәсіптік мәдениеттің басқа да салалары дамып келеді, бұл: балет, кино өнері, театр, бейнелеу өнер және басқалары. Осы мәдениеттің ең маңызды жетістіктерінің бірі болып қазақ операсы танылады.Қазақстанда жыл сайын «Жас қанат», «Азия дауысы» атты жас орындаушылар байқауы өткізіледі.....
Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік деген ұғым да жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе, ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз қажет Қазақ халқы
Біз – қазақ ұлты терең тарихы, бай мәдениеті, озық өнері мен шешен де маңызды тілі бар елміз. Арғы тарихымыз біздің дәуірімізге дейінгі V-ІІІ ғасырлардағы сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан басталатын болса, «қазақ» деген атауға ие болып, қазақ мемлекетінің құрылғанына 550 жыл толып отыр. Римді жаулаған ғұн патшасы Еділ (Атилла), Кирдің басын алған Томирис ханшайым, түркі дүниесінің төріндегі Бумын, Тоныкөк қағандар, Мысыр билеушісі Сұлтан Бейбарыс, Үнді жеріне иелік еткен Бабыр, Шыңғыс хан, Абылай, Кенесары, Дінмұхамед, Нұрсұлтан есімдері біз үшін тек зор мақтаныш қана емес, рухани әлеміміздің шамшырақтары екені даусыз. Түркі мәдениетінің жауһарлары өз дәуірінде ғана емес ХХІ- ғасырда да әлемдегі ең озық мәдениет екенін тарих дәлелдеп отыр. Египеттің пирамидаларынан Қожа Ахмет Яссауи мовзолейі, перғауындардың саркафагтарынан қазақ даласының алтын сауыттары кем емес екені әлде қашан дәлелденген. Көшпенділер өнері, шумерлік мәдениет әлемді мойындатқалы қашан. Ғылыми зерттеулер бойынша қазақ тілінің түп атасы-түркілердің сына жазуы славян-кирилл жазуынан 15 ғасыр, грузин және армян жазуынан 10 ғасыр бұрын пайда болған. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы, ТМД бойынша 2-ші орынды иеленеді. Қазақ ұлты тарихта тағдыр талайын аз көрмеген халық. Жер шарының жартысын табанының астына салған дүбірлі дәуірімен бірге халқының үштен екісін жоғалтып, өз жерінде жалпы халықтың 24 пайызын ғана құраған, зиялысымен бірге ер азаматтарынан мүлде айырылып қалудың аз алдында қалған, соған қарамастан ұлттық намысын, салт-дәстүрін, діні мен тілін, ұлттық болмысын ғана емес мемлекеттігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қайсар да жауынгер, кемел де кемеңгер халық......
Шығарманың жоспары 1.Кіріспе: Елім, жерім - Қазақстаным, Ата Заңым – тірегім. 2.Негізгі бөлім: а) Астана қаласының тарихы. ә) Елорда және Елбасы. б) Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. в) «Бәйтерек» кешені жаңа ел орданың - басты символы. г) Астана - Еуразия кеңістігінің орталығы. 3.Қорытынды: а) Елбасының - ізгі саясаты, арманы. ә) Астана - бүгін өскелең қала. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 жылы 30 тамызда Республика референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеті билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек, немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз. 2а) Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925 жылы астана Қызылордаға көшті.Түрксібтің салынғанына байланысты астана Алматыға көшті. Заң түрінде бұл оқиға 1927 жылдың 3-ші сәуірінде болды, шындығында көшу 1929 жылы болған. Ақмоланың тарихы 1830 жылдан бастап, яғни Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады. Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда – экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. .....
Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман Н.Ә. Назарбаев
Бағзы замандарда бабаларымыз алдағысын байырқалап, келер күннің еншісін қашанда көңіліне түйе жүріп тұрмыс кешкен ғой. Алып аумақта атқа қонып, жұртына жайлы қоныс іздеп жортқанының өзі де елдің ертеңін ойлағандық, келешектің тереңіне бойлағандық емес пе. Ойламаса, Асан қайғы бабамыз Желмаясымен желіп жүріп жер жәннаты Жерұйықты іздеп, әрлі-берлі сабылар ма еді. Құдайға шүкір, сол “күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған” бабалардың тілеуі шығар, тынымсыз тірлігінің арқасы болар, алаш жұрты бүгінде әлемнің тоғызыншы территориясы саналатын алып аумаққа тамырын жайып, Жерұйыққа бергісіз жерде өрісін кеңейтіп, түтінін түтетіп отыр. Ол бүгін солай. Ал оның ар жағында, бұл қазақ жұртының көрмегені жоқ-ты. “Жайық үшін жандасып, Қиғаш үшін қырылған” кезі де аз болмады. Бодандықтың бұғауы жанына қатты батқан кезде ғой Махамбет сынды ақиық ақынның ақыра отырып, көкейдегі күйкіге толы арман-тілегін еріксіз ақтарғаны. “Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім, Жағалай жатқан сол елге, мал толтырсам деп едім…”, - деген Махамбет сынды өр тұлғалы бабалардың азаттық үшін арпалысының жақсылығын араға ғасырлар салып үрім-бұтағы, ұрпағы көрді. Осыдан ширек ғасыр бұрын ғана Қазақ елі бодандық бұғауынан құтылды. Қазақ елі......
Барлық игіліктерден ең ұлы – Тәуелсіздік У.Годвин Тәуелсіздік...Осы бір сөз әр қазақтың жүрегін тербелтпей қоймайтыны белгілі.Бүгінгі шуақты күнімізге жету үшін ежелгі дәуірдегі сақтардан бастап, біздің бабаларымыз талай қиындық көрді емес пе?!Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны; Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені;Мұрат ақынның «Еділді келіп алғаны – етекке қолды салғаны,Жайықты келіп алғаны – жағаға қолды салғаны» деп азаттықты жырға қосып,халыққа үн тастауы – Тәуелсіздік аңсаған елдің дауысы еді.Бүгінде сан ғасыр күресіп, бабаларымыздың қанымен қол жеткізген Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. «Өткенін білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр болмақ» демекші, арайлап атқан таңымыздың қалай туғанын әрбір қазақ баласының білгені дұрыс болар. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктері тарихта алтын әріптермен жазулы. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, қаншама қазақ батырлары өз өмірлерін қиып,қанды щайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз да қымбат,өткен кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер Ресей патшалығының озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді.Сан зұламатты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де, тосылып қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді.Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш пен биік рухқа әр кез таңданамын.Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра,ұрпаққа- ұран болып келе жатыр. Ұлт-азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалcы, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында біздің барлығымыз ашық аспанның астында өмір сүру бақытына ие болдық. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтуларынан, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз.Алматының алаңында өткен желтоқсан оқиғасының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жаужүрек жас Қайраттай өр мінезді еріміз болды. Қайрат, Ләззат сияқты ержүрек аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктері мен олардың аттарын айтпай кетуге болмайды. Тас қараңғы қамалда Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда, өлеңдері жүрегі «Мен қазақпын» деп соққан әрбір адамның жанына қуат беріп, патриоттық сезімін оятары анық......
Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы санғасырлық күрес нәтижесі. Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздік! Неткен керемет, шуақты ұғым! Осы бір сөз жаныңа жүрегіңнен де жақын, от жалынынан да ыстық, Алатаудан да асқақ, мұхиттан да терең сезіледі. Мына бір көрініске көз жүгіртіп қараңызшы...Аспанмен таласқан ұшар басы сұлудың сәукелесіндей әдемі, аппақ қармен көмкерілген, қарақұсты көздеген мергеннің жебесіндей көкке тіке шаншылып, көкжиекке кеудесін тіреген асқар,алып шыңдар,тау төсін тауысша түрлендірген,сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар, қыз-бозбала күлкісіндей сыңғырлай аққан бұлақтар,әсем әнімен жаныңды тербететұғын самал жел,сағымдай мұнартқан шөлдер. Дүние жүзінде мыңнан астам халық өмір сүруде.Олардың өзіндік халық болып қалыптасу тарихы да бар. Атырау-Алтай арасын, Алатау-Арқа даласын, ана сүтін арда емген, ақпейіл қазақ баласы ықылым заманнан ата жұрттың киесі қонып, осы даланың иесі болып келеді. Қазақ қазақ болғалы нені бастан кешпеді, жалындаған намысына су бүрікті-өшпеді, қылбұрау сап шыңғыртты, сағыңды талай сындыртты. Біз тақымымызға бір тисе деп арман еткен тұлпардың қолымызға ер-тұрмансыз,ноқта-жүгенсіз түсіп,жанына ғана жалаң қолмен жармасқанымызды ұмытпақ емеспіз. Жұмыр жердің тыныстіршілігін, оның тағдырын, асылы мен жасығын тарих таразысына салып, зерделеген-ұлы көне өмір көші.Осы көштің қарға тамырлы қазақ халқының қатпар-қатпар тарих қойнауына көз жүгіртсең, шулы ғасырдың, жұмыр басты пенденің шақшадай басын шарадай етіп, шаршы топты шырғалаңға тартқан шағында, етегін жаспен жуған қасіреті де, шаттанып күлген қуанышы да жеткілікті сияқты. .....
Мен нағыз патриотпын! Ата-бабам мұра етіп кеткен өзімнің ғажап тілімде сөйлеп, дәстүрімді дәріптеймін. Қазақ даласы – мәрттік пен кеңдіктің куәсіндей дарқан дала. Дарқандық қанына сіңген қазақ баласының рухы асқақ, арманы алып, мақсаты биік болуға тиіс. Жасампаздық рух жанына серік жомарт халықтың ұрпағы жасымауға міндетті. Мен – өзім сүйетін елдің патриотымын. Қаныма біткен қайсарлық, мұңға мұқалмас жігер мені әрқашан кеңдікке тәрбиелеп, өрлікке жетелеп келеді. Алтай мен Атырауға, Арқа мен Алатауға дейінгі алып мекен арманыма қанат бітіріп, шабытыма шабыт қосқандай болады. Мен бақытты ұрпақ екенімді айтудан әсте жалыққан емеспін. Тағдырдың талай тезін басынан өткеріп, теперішін көрген қаймана қазақтың бағы жанар, бабы келісер уақыты жаңа мыңжылдықтың еншісінде. Замана зары өткен халықты кеудесін жаныштаған ауыр езгіден құтқарып, қалың ұйқысынан оятуға барын салған ақын М.Дулатов: Алыстан Алаш десе аттанамын, Қазақты қазақ десе мақтанамын. Болса да әкем қазақ, шешем қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын – деп жырлайды. Өршіл рухты ақын елінің ертеңі үшін жаны ышқына жар салады. ХХ ғасырдың басында жүрегі қазақ деп соққан асыл ұлдарымыз атойлап алаш атын алып ұран салса, ХХІ ғасырдың жаңа буыны әлемге қазақ атын паш етуі тиіс. Әлем жаһандану деп жар салып жатқан алмағайып заманда түркілік тектілік пен жасампаздықты, көшпелі ұлы өркениеттің асыл жәдігерлерін, бабалар аманатын шашау шығармай, келер ұрпаққа жеткізу – біздің басты борышымыз. Менің кеудемдегі кішкентай жүрек «Отан» деп, «Қазақстан» деп бір сәт дамыл қақпай соғады. Ол жүректе қазақтың қаны бар. Ол жүректе ұлы өркениет жаратқан алып арман, асыл мұрат жатыр. Күре тамырды бойлай аққан әрбір тамшы қан «қазақ» деп атойлайды. Мен – нағыз патриотпын. Ұлы елдің, ұлы даланың ұрпағы екенімді мақтан тұтамын. Жаратылысымнан даланы сүйетін жаным оның әрбір сайы мен саласын, тауы мен тасын мейірлене құшады. .....