Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

 Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

Бейсенова Диана
11 сынып Облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған
мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернаты,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Барлық игіліктерден ең ұлы – Тәуелсіздік У.Годвин Тәуелсіздік...Осы бір сөз әр қазақтың жүрегін тербелтпей қоймайтыны белгілі.Бүгінгі шуақты күнімізге жету үшін ежелгі дәуірдегі сақтардан бастап, біздің бабаларымыз талай қиындық көрді емес пе?!Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны; Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені;Мұрат ақынның «Еділді келіп алғаны – етекке қолды салғаны,Жайықты келіп алғаны – жағаға қолды салғаны» деп азаттықты жырға қосып,халыққа үн тастауы – Тәуелсіздік аңсаған елдің дауысы еді.Бүгінде сан ғасыр күресіп, бабаларымыздың қанымен қол жеткізген Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. «Өткенін білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр болмақ» демекші, арайлап атқан таңымыздың қалай туғанын әрбір қазақ баласының білгені дұрыс болар. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктері тарихта алтын әріптермен жазулы.
Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, қаншама қазақ батырлары өз өмірлерін қиып,қанды щайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз да қымбат,өткен кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер Ресей патшалығының озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді.Сан зұламатты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де, тосылып қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді.Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш пен биік рухқа әр кез таңданамын.Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра,ұрпаққа- ұран болып келе жатыр. Ұлт-азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалcы, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында біздің барлығымыз ашық аспанның астында өмір сүру бақытына ие болдық. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтуларынан, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз.Алматының алаңында өткен желтоқсан оқиғасының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жаужүрек жас Қайраттай өр мінезді еріміз болды. Қайрат, Ләззат сияқты ержүрек аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктері мен олардың аттарын айтпай кетуге болмайды. Тас қараңғы қамалда Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда, өлеңдері жүрегі «Мен қазақпын» деп соққан әрбір адамның жанына қуат беріп, патриоттық сезімін оятары анық. Сол қиындықпен келген тәуелсіздігіміз – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған, асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
«Қаз тұрып,қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 15 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып кекілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді»,- деп, тәуелсіздігіміздің 15 жылдығында Tлбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанымызды бүгінде бүкіл әлем таныды. Еліміз дүниежүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өркениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз қуаныш. Бүгінгі 25 жылдық мерейтойымызға орай неше түрлі іс-шаралар жасалды. Алыстан емес, өзімнің туған жерім Таразымда осы мерекеге арналған көрменің ашылуы – оның бір дәлелі. Сондай-ақ, осы себеппен өткен Алматы облысындағы «Мәңгілік елдің тұғыры» атты форумын, Ақтөбеде болған «Қазақстан – достықтың мекені» атты мәдениет фестивалін, ақындар айтысын, т.б. үлкен іс-шараларды атап өтуге болады. Алайда, ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен келген бұл тәуелсіздігімізді, мерейтойымызды өз деңгейінде тойлап жүрміз бе?! Жоғары билік өкілдері дейміз бе, қарапайым халқымыз дейміз бе, тәуелсіздігіміздің арайлап атқан күнін Жаңа жылдық мерекенің көлеңкесіне, қараңғы тасасына жасырып қойған секілді. Атап өтетін болсақ, бір-екі көріністі сомдасақ болғанымыз деп, «жетім қыздың тойындай» өткізе салатынымыз жасырын емес. Мен тек үйдегі кішкентай бауырларымыз Жаңа жылды күткендей, Тәуелсіздік мейрамын да асыға күтіп, ол күннің қаншалықты қымбат, қастерлі күн екенін түсінсе деймін. Қазақ жұрты үшін қасиетті саналатын, тәу ететін ұлық күніміздің өз деңгейінде өткенін қалаймын.Бір күні әлеуметтік желіде отырғанымда, Н.Нұрмағанбетов деген кісінің мына бір пікірін көзім шалды: «Ол – ақ түйенің қарыны жарылып, құлдықтың қамытынан сытылған Алаш жұрты азат ел болған күн емес пе еді, айналайындар-ау? Қазақтың басына бақыт құсы қонған тарихи күннің құны көк тиындай көрінбеуі тиіс еді ғой? Тәуелсіздік мерекесін өз деңгейінде атап өтіп барып, Жаңа жылға дайындалсақ та, жайымен үлгерер едік.Ар жағында екі апта бар.Бірақ құлдық сана дегенің дедектетіп барады...Қорқыныштысы сол, бүйте берсек, қазақ үшін ең ұлық күн – Тәуелсіздік мерекесі ұмыт болатын түрі бар.Түйсігі барға бұл күннің бағасын түсіндірудің өзі артық.
Тәуелсіздік - тәу етер негізгі киеміз еді... Ғасырлар бойы аңсаған бостандықты әлі жүйке -жұлынымызбен сезіне алмай жүрміз-ау? Әйтпесе, Азаттықта айналып өтіп, Аяз атаға алақан жаюға, жасыл шыршаның айналасында ойнауға неге бейімбіз?»Бұл кісінің пікірі менің ойыма дәл тиді. Ешқандай да алып- қосарым жоқ. Тәуелсіздігімізді одан ары асқақтату үшін жастарды еркіндігіміздің қадірін терең ұғынуға, жүрегімізбен сезінуге, құрбан болған өжеттеріміздің рухын құрметтеуге шақырғым келеді. Дегенмен, Қазақстанымды дәл бүгінгі күнге жеткізген, Абылай хан сынды тектілердің жалғасы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа алғысым шексіз. Оның ерен еңбегінің арқасында біздер тыныштықта алаңсыз күн кешудеміз. Аз ғана жылда аспанның астын жайнатып, Тәуелсіздігіміздің тақ-тұғыры болған Астана шаһарын тұрғызды. Еліміздің бірлігі артып, берекесі кірді. Іргеміз тыныш. Түндеріміз бейбіт. Күндеріміз нұрлы. Көк туымыз ашық аспан астында желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әніміз асқақтай шырқалуда. Осындай күндерімізбен тек мақтану аздық етеді. Оны көздің қарашығындай сақтау парызымыз болмақ. Осы заманның талантты ақыны Қалқаман Сариннің:
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой Маған Саған Оған да! - деген жалынды өлең шумақтары қай қазақ баласының болсын жүрегінде бір патриоттық сезім тудырмай қоймайды. Сол аманатты қорғайтын – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақ, біздер. Біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз, білімділігіміз тәуелсіз, мықты мемлекеттің болашағының нұрлы болуы үшін қажет болмақ. Мен қазақ болып туғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Себебі, мен – тәуелсіз елдің патриот қызымын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?