» » » Шығарма: Қаз тұрып қадам басқан Қазақстан!

Шығарма: Қаз тұрып қадам басқан Қазақстан!

Шығарма: Қаз тұрып қадам басқан Қазақстан! казакша Шығарма: Қаз тұрып қадам басқан Қазақстан! на казахском языке
Сарсембаев Әбілмансұр
Райымбек батыр атындағы №50
«Қазғарыш» мектеп-лицейіні, 10-сынып оқушысы
Жетекші: Ермаганбетова А.К.

Ертеден ата-бабамыз тәуелсіздікті аңсап, елін, жерін жат-жұрттыққа бергізбей, ұлан-байтақ жерімізді қасықтай қандарымен қорғап, келешек ұрпақтарына аманатпен жеткізген.Тарихқа терең үңіле отырып, мен өз қазағымның батырлығына риза боламын. Қазақстан — тарихы тереңге кеткен ел. Менің көшпенді жұртым ғасырлар бойы қандай қиыншылық көрсе де, бостандық пен тәуелсіздікті аңсап өткен. Бір жағынан анталап қоршаған, аюдай ақырған көрші, мықты мемлекет — Ресей, екінші жағынан жанкешті айдаһарлы — Қытай. Менің көп қиындықты басынан кешірген елім қатыгез Шыңғысханның талай жаугершілігін де басынан өткерсе де еш мойымаған. Аптап соққан ыстық желмен алысып жүріп , салқын самал соққан таулы бөктерлерде рахаттана өмір сүрген көпке белгісіз халық ол — менің ХАЛҚЫМ!Қазақ елі алғаш рет бостандық дәмін Жәнібек пен Керей ханның тұсында тапты. Есін енді жия бастаған кезде ел басына қара бұлт тағы төнді. Ол «Ақтабан шұбырынды» еді. Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?!
Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ үшін қайғыға толған кезең болды. Менің әке-шешемнің айтуы бойынша, Кеңес Одағы тарағаннан кейін ел ішінде көп қиыншылықтар болды. Халық тұтынатын тауарлар мен азық түлік күрт азайды, зауыттар мен фабрикалар жабылып, электр жарығын өшіріп, еңбекақы уақытында берілмеді. Әркім өз қарекетімен күн көрді. Басқа елге көшкендер көп болды. Ал 1986 жылғы Желтоқсанның қанды оқиғасы туған жер төсінде төгілген қазақ қанының ең соңғысы болсын деп тілейміз. Сол төңкерістен бес жыл өткен соң қазақ үшін аңсаған күн де келіп жетті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін салтанатты түрде жария етті. Елбасы:«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз», деген халыққа жолдаған үндеуінде үлкен мағына жатыр. Тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттадық. Халық өз қалауымен президентін сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерімізді қабылдадық. Ана тіліміз — қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы — Астана қаласы болды.
Ол күннен-күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Астананың қазіргі сәулет өнерінің үлгілеріне сай бой түзеген,көкпен таласқан биік те, сұлу ғимараттары бір кездегі қарапайым облыс орталығын адам танымастай өзгерткені анық. Өзге елде туымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалғанда, әрбір қазақстандық жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды. Биылғы 2016 жылғы РиоДе-Жанейрода өткен Олимпиада кезінде біздің спортсмендер алтын алып, көк байрағымызды желбіретіп, еліміздің әнұранын бірнеше рет шырқатқан кезде мен өзімді өте бақытты сезіндім, әрі мақтанышпен толқуда болдым. 2015 жылғы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау сөзінде Елбасы: «Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды»,-дей келіп, бізге, халқымызға әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келетінін, сол кездерден мүдірмей өтуге шақырды. Еліміздің халықаралық саясаты мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің дүниежүзілік кепілдігіне қол жеткізуге бағытталды. Ауқымды да жемісті, зор нәтижелі жұмыстар атқарылды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр. Бүгінгі күні Қазақстан Халықаралық аренада танымал деп сенімді түрде айта аламыз.
2016 жыл елеулі оқиғаларға толы.
Солардың ең маңыздылары:
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы
Желтоқсан көтерілісіне отыз жыл
Семей полигонының жабылғанына 25 жыл
Әрине, бұның бәріне біз оңай жолмен келген жоқпыз.Тәуелсіздікпен мақтану аз, оны жақтау жеткіліксіз, көздің қарашығындай сақтау — баршамызға парыз. Келешек ұрпаққа , барша қазаққа халық мүддесін қорғау — қарыз. Қорыта айтқанда қазақтың арманы болған тәуелсіздік баянды болсын деп тілейік!Мектеп оқушысы болсам да Тәуелсіздіктің тарихын, естелік оқиғаларын өз көзіммен көргендей, араласқандай сезінемін. Өйткені, біздің ата-аналарымыз сол тарихпен бірге қайнасқан, ал ұстаздарымыз тәуелсіздікке байланысты тәрбие сағаттарын әрдайым қызықты, әрі тартымды өткізеді.Тәуелсіз еліміздің рухани тұғыры — «Астанада» туыпөсіп жатқаныма мақтанышпен жазамын. Бүгінгі таңда осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде тәрбие, білім алып жатқаныма өте ризамын. Тек әрдайым көк байрағымыз биікте желбіреп, еліміз аман, аспанымыз ашық болса екен. Мен өз елімнің патриоты болып әрқашан Қазақстанды мақтан тұтам. Елімнің көркейіп, гүлденуіне өз үлесімді қосып, пайдамды тигізіп, халқым үшін еңбек етемін. Менің де өз алдыма қойған үлкен мақсатым бар.Мектептен жақсы білім алып, одан әрі білімімді жалғастырып, атаанамның үмітін ақтау, елім үшін еңбек ету. Соған бар күш-жігерімді жұмсаймын.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 42 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Қаз тұрып қадам басқан Қазақстан! туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Каз турып кадам баскан Казакстан! на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Қаз тұрып қадам басқан Қазақстан!, , Шығарма: Қаз тұрып қадам басқан Қазақстан! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы