Байдың нәскиі

Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді.
Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемді шұлықтарымен бірге қалай көмемін...» Қанша молдаға, имамға барса да алғаны бір жауап «жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!». Бала шарасыз отырғанда есіне әкесінің «бірінші қиналған кезіңде ашып оқы» деп берген хаты түседі. Дереу хатты тауып оқиды. Хатта былай жазылған болады:....
Әңгімелер
Толық

Қасиетті Қадір түні

Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн – Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады. Сондықтан Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді. Бұл жағдайда ол сан одан да өсуі мүмкін.
Түннің «Қадір түні» деп аталуын ғалымдар бұл түнде Алла тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, яғни өмірі мен өлімін, рызық-несібесін, бақытты немесе бақытсыз болуын т.б. жазатындығымен байланыстырады. «Қадір» және «тағдыр» сөздерінің түбірлестігінен де осыны аңғаруға болады.
Бізден бұрынғы үмметтердің бізге қарағанда әлдеқайда....
kz
Толық

Аспан, көк, әуе, шарық

Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көште айдынға құла.

Аспаннан киіз жауса да,
Құлға ұлтарақ тимейді.

Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.

Жер – төсек,
Аспан – көрпе.

Бірі аспан десе,
Екіншісі арқан дейді.
Мақал-мәтелдер
Толық

Әкім, бастық, басшы, хан

Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.

Әкімменен араз болсаң күнің жаман,
Молдаменен араз болсаң дінің жаман.

Әкім адал болмаса жұрт бұзылар,
Сауда адал болмаса нарық бұзалар.

Құтырған әкім
Құдыққа түкіреді.

Әркім өз қаласына әкім.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ене мен күйеу бала

Енесі мен күйеу баласының арасында кикілжіңдердің болып тұратыны ешкімге де құпия емес шығар. Көрші елдерде олардың қарым-қатынасы туралы әзіл-қалжыңдар көп айтылатындықтан, жігіттер енесімен алғашқы кездесуге жақсылап дайындалып барады екен. Сол әзіл-қалжыңның кейбірін аударып беруді жөн көрдік.
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Әлеуметтік желілер неге көк түсті ?

Ғылымның дәлелдеуі бойынша, ақпаратты қабылдау формасының ең тиімді түрі – көзбен көру. Тауар түрін таңдаған кезде шешімнің 90% визуалды қабылдауға байланысты. Яғни ең алдымен сіз оның түсіне назар аударасыз. Осыдан барып, маркетинг саласында түстің қаншалықты рөл ойнайтынын түсіне берсеңіз болады. Мәселен, ашық қызыл түсті көлікті көбіне.....
kz
Толық