Салт-дәстүрімізді қорғайық!

Шығармамның бетін Шәкәрім атамның мына бір толғантарлық, ойлантарлық өлеңімен ашсам деймін:

Еуропа білімді жұрт осы күнде, Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде. Терең ойлап сөзімнің түбін біл де, Іштен жыла шырағым, сырттан күлде.

- дейді. Қазіргі танда алтын күн астында қыраны самғаған, азаттықты жалау етіп, сол жалауымызды желбіретіп, күндікті тастап, бірлікті сақтап келе жатқан халықпыз. Жас халықпыз, тамырымызға су құйылып тереңге жайылып барады, алып әлемдегі алып елдермен тең дәрежедеміз. Қуантарлығы, қуаныштан жылатарлығы да осы! Шүкір! Сансыз шүкіршіліктер болсын Жаратушыға! Бірақ...Осындай керемет теңеулерді, керемет шыңдықтың сөзін бөгеп тұрған осы сөздің себебі маған тақырып болса керек.....
Шығармалар
Толық

Менің елім - менің Қазақстаным

Бұл құдіретті сөзді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ. Өйткені біздер, жастар, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлттық ұл-қыздары қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, достық қарым-қатынаста, береке мен бірлікт, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.
«Отан үшін отқа түс-күймейсің,»- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ата-бабаларымыз қанын төгіп, жанын беріп, басынан нелер кешпеді, нелер өткермеді десеңізші? Азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқан бабаларымыздың ерлігін қалай ұмытармыз. Ұмытпаймыз да, ұмытылмайды да.....
Шығармалар
Толық

Менің ауылымның табиғаты

Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.
Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.....
Шығармалар
Толық

Ертеңгіні болжағың келсе, елдің кешегісін танып ал

«Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге, қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім»
Жұбан Молдағалиев


Туған жер... Бұл сөзде қаншама сезім, қаншама адалдық, қаншама махаббат бар. Сол сезімдер кейде әрбіріміздің жанымызды керней түсетіндей көрінеді . Туған жердің әрбір тасы мен тауы, қаласы мен даласы, шүйгіні мен орманы бізге аса бағалы. Туған жердің сарқыраған өзендері мен тұнық көлдері,
биік шыңдары жазира даласы жаныңды шын мәнінде тыныштыққа бөлейді. Біздің еліміз -Қазақстан Республикасы- бүгінгі таңда даму жағынан

көптеген елдерден алда келеді. Мұның басты себебі деп, еліміздегі жанашыр, әрі өз Отанының шын патриоттарының жасаған еңбектерінің жемісі деп білемін. Бірақ біздің еліміз қашанда осындай тәуелсіз.......
Шығармалар
Толық

Басшы, бастық, жетекші

Басшысын таппаған ел азады,
Жолдасын таппаған ер азады.

Тілі жеткенше сөйлеген - шешен,
Қолы жеткенше нұсқаған - көсем.
Мақал-мәтелдер
Толық

Көпшіл қауым

Көп түкірсе, көл болады,
Көп біріксе, ел болады.

Көп қорқытады, терең батырады.

Көп ісінде береке.

Көп алғыс көгертер.
Мақал-мәтелдер
Толық

Өсек

Жамандауға шебер болғанша,
Мамандауға шебер бол.

Тілін тісіне жаниды.

Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ.

Өгіз оғы, бұзау боғы.

Өсектің уыты уақытында.

Тырнақ астынан кір іздеген.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ұры, ұрлық

Ұры - қарының серігі.

Ұры - қасық, ел - теңіз.

Ұры - бір түнде бай, бір түнде кедей.

Ұрыға мал қүтаймас.

Ұрының қатыны өзіне лайық.

Мақал-мәтелдер
Толық

Көңіл-күй

Көңіл - қазы, көз - таразы.

Көңіл - дария, көз - найза.

Көңіл - нәзік, сөз - батыр.

Көңіл табу - көргенділік.
Мақал-мәтелдер
Толық