Қазақша мақал - мәтел: Көңіл-күй » ZHARAR © 2016 | көңіл күй туралы мақал мәтелдер, конил куй туралы макал мател, пословицы на казахском о настроений, настроение пословицы на казахском языке, мақал мәтелдер көңіл туралы, мақал мәтелдер, көңіл туралы, көңіл, конил куй, көңіл күй




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Көңіл-күй

Қазақша мақал - мәтел: Көңіл-күй казакша Қазақша мақал - мәтел: Көңіл-күй на казахском языке

Көңіл - қазы, көз - таразы.

Көңіл - дария, көз - найза.

Көңіл - нәзік, сөз - батыр.

Көңіл табу - көргенділік.

Көз бен қол - көңілдің жалшысы.

Көңіл - бірде көл, бірде шөл.

Көңілі ашықтың үні ашық.

Көңілдіге күн ашық.

Көңіл қонақасы емес.

Көңілі ашықтың қолы ашық.

Көз - нұрдың ұясы,
Көңіл - сырдың ұясы.
Көңілден кеңіл су ішеді.
Көңіл жүйрік пе,
Көк дөнен жүйрік пе?
Көңіл кірі айтса кетеді,
Киім кірі жуса кетеді.
Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
Көз көрмей, көңіл толмас.
Көңілім келсе, көлдеймін,
Көңілім келмесе, шөлдеймін.
Көз қайда түссе, көңіл сонда.
Көңілі алаңның ісі шала.
Көңіл қалдырма, ықыласына ұшырайсың.
Көңілің қалған жерден көш жер қаш.
Бірде бие, бірде түйе.
Көңілі түссе - бие,
Көңілі түспесе - түйе.
Көңілдің жықпас, көйлек жыртпас.
Көңіл жақсы болмағы,
Өмірдің жақсы болғаны.
Көңілсізден көзсіз бала туады.
Көңілі жаманнан көзсіз бала туады.

Не, еріншек өледі,
Не, көңілшек өледі.
Көңіл - ашылған нұр,
Күлкі - ашылған гүл.
Көз көрмей, көңіл сенбес.
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
Көзі көрместің көңілі сенбес.
Көзден кетсе, көңілден кетеді.
Көз көңілдің сырын шертеді.
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.

Күннің бәрі жаз емес,
Көңілдің бәрі наз емес.

Жабырқамас көңіл жоқ,
Жанып бітпес көмір жоқ.
Көлденең кісі көңілге қарамайды.
Көңілдегі құпияны
Көзің айтып қояды.
Көп сөйлесең күмпілдеп,
Сөзің айтып қояды.
Көңілшектің арты ашық.

Ұлың көңілшек болса - атының соры,
Қызың көңілшек болса - басының соры.
Өр көңілде бір қиял.
Жүдеу көңіл жұбаныш іздейді.
Көл байлығынан көңіл байлығы қымбат.

Ұрыншақ атта жол болмас,
Көңілшек жанда мал болмас.
Ақкөңіл адамға біреудің сырқаты батады.
Қалған көңілдің мұзы кетсе де, сызы кетпес.
Қалған көңіл - шыққан жан.
Арық көңіл - жарық.

Қаралы көңіл жаралы.

Адамның көңілі,
Өгіздің тұмсығы қартаймайды.
Өмір қартайса да, көңіл қартаймайды.
Төсектің тарлығы — тарлық,
Көңілдің тарлығы - қорлық.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 1 239
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .