Сценарийлер (ертеңгілік)

Сценарийлер санатында мектепке, балабақшаға ертеңгіліктер, колледжге, университетке және институтқа арналған материалдар жарияланған!

1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау | Қазақстан-2050: бір халық- бір ел- бір тағдыр)

Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы,
Алтынсарин орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы



Жүргізуші:
Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкіріттерін шаттандырып сеніммен.

1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне арналған «Қазақстан-2050: бір халық- бір ел- бір тағдыр» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Құрметті ұстаздар , ата-аналар ,оқушылар !
Барлықтарыңызды бүгінгі 1 қыркүйек- Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз !
Құттықтай отырып зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан , бейбітшілік пен ынтымақтастық тілейміз . Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын. Бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесіне арналған «Қазақстан-2050: бір халық - бір ел- бір тағдыр» атты
салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Қазақстан Республикасының Туы.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Жігіт сұлтаны (7-9 сынып)

7-9 сыныптар арасындағы «Мичурин орта мектеп директорының» кубогына өткізілетін мектепаралық
«Жігіт сұлтаны» байқауының СЦЕНАРИЙІ


Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Жігіт сұлтаны

Сайыстың мақсаты: Ер балаға тән қасиеттерін көрсете отырып, жігіттерімізді батырлыққа , шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Бойындағы өнерімен дарындылығын, төзімділігін дамыту.

Сайыстың бағдарламасы:

1. кезең: «Таныстырсам өзімді» - таныстыру- (5 ұпай)
2. кезең: «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету- (10 ұпай)
3. кезең: «Күш атасын танымас» - (қол күрес немесе гир көтеру) - (5 ұпай)
4. кезең: «Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу (0-10 ұпай аралығы)
5. кезең: «Ескірмейтін есті сөз» - сұрақ-жауап (5 ұпай)
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Қазақша - Орысша сценарий: 1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні

Фанфарлар. Қыздар ортаға шығады.
Қатысушылар: оқытушылар мен оқушылар


Әнұран
1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі халық аралық 1 мамыр бірлік күнін бастауға рұқсат етіңіздер!
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін
2 жүргізуші: В нашем государстве действительно проживает множество народностей и религиозных конфесий в мире и согласии. День 1 мая является символом мира и согласия в нашем многонациональном....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

25 Мамыр - Соңғы қоңырау

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар қош келдіңіздер!
Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!
Қазақстан Республикасының Ән ұраны орындалсын! 5 - 8 сыныптарға арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынын бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Мектеп! Мектеп деген - мол қазынасы мөлдіреп жатқан.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Отбасы күні (Отбасы - өмір аясы)

Сценарий тақырыбы: "Отбасы - өмір аясы"

Сценарий мақсаты: ? қыркүйек – отбасы күнін атап өту, оқумен отбасын бірге алып жүрген студент қыздарды дәріптеу. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.
Сценарий көрнекілігі: Плакаттар, мультимедиялық проектар, қолдан жасалған бұйымдар.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Қазақстан халықтарының тілдер күні (АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ)

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мұхтарова Гүлдана Сәрсенғалиқызы

I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Қазақстан халықтарының тілдер күні (Бір шаңырақ астында)

1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар. Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Басымды иіп,
Тіземді бүгіп тұрып,
Ажарымды айдындай шуақ тұнып.
Отанымды сүйемін күліп тұрып,
Отанымды сүйемін жылап тұрып.
2-жүргізуші: 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Ұстаздар (Мұғалімдер) күні

1-жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғылым дана да.
ӘН: Ұстазым
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық