Мен еңбекқор баламын

 Мен еңбекқор баламын

Мен еңбекқор боламын
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Мен еңбекқор баламын
Мақсаты:
Білімділігі: балаларға еңбек, еңбексүйгіштік туралы түсінік беру.
Дамытушылық: еңбек ету дағдыларын дамыту.
Тәрбиешілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд тақта, доп.

I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Шаттық шеңбері.
Педагог балалармен А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін бірге қайталап айтады.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай
Болайықшы досым - ай.

2. Өткенді пысықтау.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Күз мезгілінің ерекшелігі қандай?

II. Әңгімелеу.
- Еңбекқор бала деп қандай баланы айта аламыз?
- Сендер үйде, топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды. Әр бала кішкентай болса да, ата - аналарына, отбасы мүшелеріне, топтағы апайларына көмектесіп, қолғабыс жасаулары керек. Киімдерді реттеп қою, ертеңгі жаттығу жасау, тіс тазалау, ойыншықтарды жинау, гүлге су құю, ыдыстарды жинау, есіктің алдын сыпыру, т. б. жұмыстар, жағымды іс – әрекеттер баланың еңбегіне жатады. Ал осының бәрін орындайтын баланы еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты бала деп атаймыз. Адам жас кезінен еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты болса, ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, үлкендердің батасына ие болып, алғысқа бөленеді. Сондықтан да еңбекке адам жас кезінен ұмтылғаны абзал. Олай болса балалар Мәдіхат Төрежановтың «Ертеңге қалдыруға бола ма?» әңгімесін бейне жазба арқылы тамашалайық.

III. Сұрақ – жауап арқылы бейне жазбаны талдау.
- Бейне жазба туралы түсінгендерін сұрау.
- Балалар, Хадишаны қандай қыз деп айтуға болады?
- Бүгін жасалатын жұмысты ертеңге қалдыруға бола ма екен?

IV. Ойын. «Мен еңбекқор баламын».
Ойын шарты: Балалар дөңгелене тұрып, ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып, допты келесі балаға лақтырады. Мысалы: Мен ойыншықтарымды жинаймын.
Мен гүлдерге су құямын.
Мен киімдерімді реттеймін.
Мен есіктің алдын сыпырамын.
Мен ыдыстарды жуамын.
Мен үйді реттеймін.
Мен еден жуамын, т. б.
Шығармашылық жұмыс:
Балаларға Монтесорри элементтері арқылы түймелерді ағытып қадау, сырмақтарды жүргізу арқылы қол маторикасын дамыту. Балалардың өзіне және өзгелерге көмек көрсетуі. Балалар жұмыс жасауға кіріседі.

V. Қорытындылау.
Балалар біз бүгін оқу қызметімізде ата - анамыздың айтқанын тыңдап, бұлжытпай орындап, тілалғыш, ұқыпты, еңбексүйгіш бала болуды үйрендік. Еңбек етудің қуаныш екенін, еңбектің бізді бірлікке, достыққа, жақсылыққа жетелейтінін білдік.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: үлкендердің айтқанын тыңдап, әрдайым көмектесіп қолғабыс жасауы керектігін.
Түсінеді: еңбек, еңбексүйгіштік мағынасын.
Игереді: өзіне және өзгелерге көмек көрсету керектігін. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?