Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер
Сабақ тақырыбы: § 3. Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер.
Ұйымдастыру формасы: дәстүрлі сабақ.
Мақсаты:
Білімділік: Географиялық карталар, олардың түрлері мен маңызы, картография және оның бөлімдері жайлы білім беру.
Дамытушылық: Тірек - сызба, карталармен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс істей білуге, оқылатын материалдарға жауапкершілікпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдістер: Баяндау, сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, атлас, дүние жүзінің саяси картасы.
Сабақ жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин
Үй тапсырмасын сұрау. 13 мин
ІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру 18 мин
ІІІ Бекіту, қорытынды 5 мин
ІV Үй тапсырмасын беру. 2 мин
Сабақ барысы:
І. Өткен тақырыпқа байланысты төмендегі сұрақтарға жауап берейік:
• Жер қыртысының орташа қалыңдығы қанша? (мұхит астында 5 - 10 км, материктерде 35 - 40 км, биік таулы аудандарда 70 км дейін жетеді).
• Мохорович қабатының тереңдігі қанша? (2900 км).
• Астоносфера қабаты қай калыңдықты алып жатыр? (жоғарғы мантияның 250 - 300 км).
• Тау жыныстары қалай жіктеледі? (магмалық, метоморфтық, шөгінді).
• Жер қыртысының көп бөлігін алып жатқан тау жыныстары? (магмалық).
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бүгін өтетін тақырымыз: § 3. Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер.
Географиялық карталар дегеніміз - математикалық жолмен анықталып, кішірейтілген және жинақталған Жер бетінің пішінінің көрінісі.
Географиялық карталар
↓ ↓
Тақырыптық
Жалпы географиялық
Топографиялық карталар жергілікті жерге толық сипаттама беретін ірі масштабты жалпы географиялық карта болып табылады.
ЖАЛПЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАР
Математикалық негіз
Картографиялық кескіндеулер
Проекция
Масштаб
Геодезиялық негіз
Жер бедері
Гидрография
Климаттық
Өсімдік және топырақ
Елді мекендер
Қатынас жолдары мен байланыс құралдары
Саяси - әкімшілік бөліну
Экономика мен мәдениет элементтері
Карталардың негізін картографиялық кескіндеулер, математикалық негіз, көмекші жабдықтар мен қосымша мәліметтерден тұратын жиынтық құрайды.
Картаның аса маңызды элементтерінің бірі - оның түсіндірме бөлігі болып табылады.
Түсіндірме бөлік
Шартты белгілер
Мәтіндік түсіндірме
Кесте
жіктеледі. Карта масштабында кескінделуіне сәйкес келетін обьектілер аудандық және сызықты шартты белгілер арқылы беріледі. Аудандық белгілермен орман, шалғын, батпақ, көл т. б. ал сызықты белгілермен өзен, жол, шекара, құбыр сияқты обьектілер белгіленеді.
Тақырыптық карталар
Картографиялық негіз Түсіндірме шартты белгілер
Географиялық негіз Тақырыптық мазмұн
Гидрография
Шекаралар
Елді мекендер
Қатынас жолдар
Кестелер
Тақырыптық мазмұн элементтері
Шартты белгілер
Мәтіндік түсіндірмелер
Басқада картографиялық кескіндемелер.
Картография оның бөлімдері.
Картография ежелден география ғылымымен дамып келеді. Математика, техникалық т. б. ғылым салаларымен тығыз байланыста. География және геодезия ғылымдары Жердің пішіні, мөлшері, беткі бөліктерінің өлшемдері туралы дәл өлшемдер береді. Картография көптеген техникалық ғылым салаларымен, соның ішінде автоматика, электроника, прибор жасау, техникалық дизайн т. б. салалармен байланыс жасап, өзі де өркендеп дамып отыр.
ІІІ.
Карталар қалай жіктеледі? (жалпы географиялық және тақырыптық)
Картаның аса маңызды элементтерінің бірі қай бөлігі? (түсіндірме бөлігі)
Топографиялық картаны қай топқа жатқызар едің? (жалпы географиялық)
Картография бөлімдерін ата?
Картадағы изосызықтар нені білдіреді?
Атлас дегеніміз не?
Картографияның басқа ғылымдармен байланысы?
ІV. Үй тапсырмасын беру. § 3. Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер.
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№1орта мектебінің директорының орынбасары
Абильдаева Жанаргуль
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?