50 жасқа мерейтойына құттықтаулар, тілектер
Өмір көшін біз бірге бастап едік, қалыпсың сен де 50 жасқа келіп, - ұл-қыз тәрбиелеп, жарыңды аялап, ата-анаңды қастерлеп, әкелік, жұбайлық, перзенттік парызыңды адал атқарып....
Өмір – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте біл.
Өмір – асқар асулар, тек сүрінбей өте біл.
Өмірі көркем көңілді болсын.
Ата-анасына мейірлі болсын,
Ағайын жұртқа пейілді болсын.
Бөбегіңе Фарабидің басын бергей,
Әміренің әнін бергей.
Сәкеннің сәнін бергей,
Жүсіптің дидарын бергей,
Мұхамбеттің иманын бергей.
Ләйім Қыдырдың назарында,
Бақыттың базарында жүрсін!
«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!