Жаңа жылға тілек пен құттықтау (сурет)

Жаңа жылға тілек пен құттықтау (сурет)

Бұл Жыл Сіздің жақсы тілектесіңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін.


Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар, бақыт және бақ-береке тілеймін.
Сіз үшін ......... Жыл – барлық тілек пен үміттер орындалатын қуатты Жыл болсын.


Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін.
Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.


Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!


Алдағы Жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!



суреттер жаңа жыл


Құрметті достар!
Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Ізгі ниетпен, кандас бауырларың!


Пайдалы сілтемелер:



Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!
Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!
Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
Барша қазақстандықтарды жаңа жылдарымен құттықтаймын! Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!



Жаңа жыл ! Жаңа күн! Жаңа өмір!
Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жыл ға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!



  Ескі Жылдың қайғы-мұңын,өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жыл ды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жыл дың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады.
Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі Жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа жыл да үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!



  Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа жыл үшін көтерулеріңізді сұраймын. Лайым Жаңа жыл барлығыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін!
Ортамыз ойсырамай, Алла тағала Жылдан Жылға аман – есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін!
Жаңа жыл құтты болсын! 



 Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін,
ой-мақсаттар жүзеге асатын,
арман-үміттер ақталатын Жыл болсын.
Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.

Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.



 Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы Жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын! 



  Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер Жылы болсын!


 

Жаңа жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл Жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.



 Жаңа жыл құтты болсын!
Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жыл ға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа жыл ға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа жыл ға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!

 

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға аманшылық пен бақ-дәулет, еңбектеріңіз жемісті, өмір жолдарыңыз сәттіліктер мен табыстарға толы болсын.
Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,
Болмайды той-думанның кеші мұңды.
Жаратқан түгел қылып берсін сенің
Бақыт пен ырысыңды, несібіңді!

Ашылып ғасырдың бір ақ парағы,
Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады.
Жаңа жыл берекелі Жыл боп кірсін,
Табысқа бастап сені асқаралы!


Пайдалы сілтемелер:


Сізді келе жатқан Жаңа жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын.
Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жыл ға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер Жылда отбасыңызға құт-береке, қызметіңізге өрлеу тілеймін. Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын. Алдағы Жыл Сізді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.
Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.



сурет құтты болсын жаңа жыл



Жаңа жыл құтты болсын!
Отбасылық бақыт, береке, саулық әкелсін!


Жаңа жылыңыз құтты болсын!
Денсаулығыңыз мықты болсын. Алға қойған барлық мақсаттарыңыз орындалсын!


Жаңа жылыңызбен!
Жұмыста табыстылықты, жүректе тыныштықты, денсаулықта мықтылықты, дастарханда молшылықты тілеймін.


Жаңа жылыңызбен!
Жұмыста табыстылықты, жүректе тыныштықты, денсаулықта мықтылықты, дастарханда молшылықты тілеймін.


Жаңа жыл да барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт-береке болуын тілейміз.


Сізді Жаңа жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа жыл мен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.

Ізгі тілекпен, ЖАРАР Алихан


Жаңа жыл Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін!
Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!


Келді тағы жаңа жыл
Қуантуға біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді


Қажетті сілтемелер:

  1. Жаңа жыл туралы суреттер
  2. Жаңа жылға арналған әндер, тақпақтар, өлеңдер
  3. Жаңа жылға арналған әзіл құттықтаулар
  4. Сүйіктілерге арналған жаңа жылдық құттықтаулар
  5. Досқа арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер
  6. Ата-ана жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер
  7. Бүлдіршін, кішкентай балаларға жаңа жылдық тілектер, құттықтаулар
  8. Жаңа жылға арналған өлеңдер
  9. Жаңа жылға арналған тақпақтар
  10. Жаңа жыл туралы құттықтау, тілек өлеңдер

Құрметті достар!

Сіздерді Жаңа жыл мен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл да жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Ізгі ниетпен, кандас бауырларың!


Жаңа жылдың ақ таңы нұрын шашты,
Жаңа жылдың жаңа күні қадам басты.
Құтты болсын жаңа жыл әжетайым,
Ортамызда денің сау болсын басты.

Бақытына бөлесін ұл-қыздарың,
Жарық етер әжетайым жұлдыздарың.
Немарелер қуандырсын, шөберелер,
Сыйлайтұғын қашанда өмір мәнін.

Жаңа күндер жаңадан нұр сыйласын,
Бар әлемнің қуанышын сыйлап сізге.
Ортамызда гүл жайнап жүре берші,
Басшы болып әжетай, әркез бізге.


Жаңа жылдың жаңа күні есік ашты,
Құтты болсын әжетайым, болшы аман.
Отбасының отанасы, жүрегісіз,
Жұлдыздайын жап-жарық жарқыраған.

Жаңа жылда жаныңыз жадырасын,
Бар қуаныш әжетай сізге беттеп.
Амандықта, саулықта болшы әже,
Жүрейікші өзіңізді біз құрметтеп.

Төріміздің иесісің гүл жайнаған,
Жанарында мейірім, нұр ойнаған.
Шаттығыңыз ортаймай әжетайым,
Құлпырсыншы жанданып бар айналаң.


Жаңа жылдың ақ таңы жаңа атты,
Бар әлемді жаңашыл күйге бөлеп.
Аппақ қардай ақ тілек арналуда,
Көңілдерді ән менен жырға бөлеп.

Менде тілек арнаймын әпке сізге,
Құтты болсын жаңа жыл есік ашқан.
Жаңа жылдың жаңа күні бақ сыйласын,
Қуаныш пен шаттық бірге мақұлдасқан.

Аппақ қардай көңіліңіз мұңаймасын,
Көңіліңізде әуезді жыр ойнасын.
Деніңіз сау болып әпке амандықта,
Бақытыңыз жан әпке ортаймасын.


Жаңа жылдың жаңа күні құтты болсын,
Жан әпкешім ардағым, асылым сен.
Көңіліңнің шаттығы шайқалмасын,
Бар жақсыны тілеп жүрем жасырын мен.

Жаңа күннің сезініп арай бағын,
Қарсы алшы шаттықта арай таңын.
Бұл жаңа жыл табысты жылға айналып,
Шуағына бөлесін арайларың.

Жаздай жаның жадырап жайнасын деп,
Бұлбұл құсың бағыңда сайрасын деп.
Тілеп жүрем әпкетайым әрқашанда,
Бар жақсылық жаныңды жайласын деп.


Дос дегенің қасыңнан әркез табылар,
Дос дегенің шам шырақтай жағылар.
Шамшырағым, жарық берер жан досым,
Алыс кетсем іздеп мені сағынар.

Асыл досым, оу бауырым, жан досым,
Құтты болсын жаңа жылың кеп жеткен.
Жаңа жылда көп болсын деп тілеймін,
Қуанышты күндерің бұл нұрлы еткен.

Қиындығың болмасын деп тілеймін,
Жаңа жылың жақсылыққа ұласып.
Биіктерге жетелесін жаңа жыл,
Асулар мен биік-биік қырды асып.


Бар жақсыны әрқашанда тілейтін,
Асыл досым жанашырым аман бол.
Жаңа жылың бар бақытын сыйласын,
Қуанышын, сәттілігін, шаттық мол.

Жаңа жылың жұлдыздайын жарқырап,
Армандарың орындалсын аңсаған.
Жүзіңнен күлкі кетпесін досым менің,
Тәнті болып бір өзіңе барша адам.

Өміріңде бар жақсылық орнасын,
Жаңа жылың мол табысқа жетелеп.
Жаратқаным бір өзіңді қолдасын,
Жүре бергін ортамызда еркелеп.


Арайлы таң шуағына бөлесін,
Раббым Алла бір өзіңді демесін.
Қуанышпен есік ашқан жаңа жыл,
Қиындығын құрбым саған бермесін.

Әрбір күнің жақсылығын жалғасын,
Қиындығың алтын құрбым болмасын.
Жаңа жылдың жаңа күні қуантып,
Бақыт, шаттық жалғай берсін арнасын.

Ақ көңілің жарқырасын, жайнасын,
Асыл құрбым басыңнан бақ таймасын.
Жаңа жылың құтты болып құрбыжан,
Бар қуаныш өміріңе бойласын...


Арайлы таң нұрын төгіп, шаттанып,
Жаңа жылдың жаңа күні жатталып.
Денің сау боп, аман болғын құрбыжан,
Алла жар боп сұлулана, бапталып.

Жаңа жылың қуанышын сыйласын,
Әрбір күнің сәттілікке ұласып.
Көктемдейін құлпырып сен құрбыжан,
Біз жүрейік амандықты сұрасып.

Арманың мен мақсаттарың үндесіп,
Жаңа жылда ең бақытты күй кешіп.
Мол табысқа кенеле бер құрбыжан,
Әрбір ісің бір-бірімен үйлесіп.


Жаңа жыл мен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа жыл да ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа жыл дағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!


Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!


жаңа жыл сурет


Жаңа жыл ! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа жыл ға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!


Барша қазақстандықтарды жаңа жыл дарымен құттықтаймын! Жаңа жыл да жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!


Жаңа жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа жыл мен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 10
  1. Алина Каликанова
    0 + 0 -
    себебі мен мақтан тұтамың Ахмет Ағам сияқты батыл және адал болуға ант етемің себебі мен өмір бақи сол ағам сияқты өте мықты және шымыр болмамын деп уәдемді беремпің мен сол кісі сияқты ұзақ ғұмыр кешуге нәсіп етемің
  2. Оқырман Алина
    Оқырман Алина 26.11.2023 18:28
    0 + 0 -
    Мен Ахмет Байтұрсынұлына сөз таппай жүруге тыным таппаймын
  3. Барыс жылы
    Барыс жылы 01.01.2022 02:06
    1 + 2 -
    «Б» дан басталған, Сендерге арналған тілекті қабыл
    алыңдар!
    Барлықтарың, Барыста барынша бай, бауырларың бүтін, бақытты болыңдар! Бастарыңа бақ, береке, бірлік, бақыт бекісін! Баспаналарыңнан бауырсақ, бесбармақ, балқаймақ, бал, балық бітпесін! Балаларың беспен бітіріп, білімді, білікті, белсенді, батыр бастық болсын! Бөпелерін бесікке бөлейтіндер бітпесін. Босағаларыңа байтал, бота, бұзау, бұқа байлансын! Бабаларымызды, барымызды бағалай білейік!✊
  4. Жаңа 2022 жыл тілек
    3 + 2 -
    Қымбатты бауырларым, туысқандар, Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Барыс жылында ырысыңыз көп болып, табыстан табысқа жете беріңіз! Жаңа 2022 жылдағы жоспарыңыз іске асып, тілегіңіз орындалсын!
  5. ZHARAR 27.12.2020 23:53
    6 + 4 -
    Жаңа 2021 жылға арналған құттықтаулар мен тілектер. Бұл жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын!
  6. 2021 жыл
    2021 жыл 27.12.2020 23:51
    3 + 6 -
    жаңа жылға құттықтау 2021

    жана жылга куттыктау такпактар

    Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

    Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

    Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

    Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

    Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

    Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

    Ғасырдың он екінші жылы келді,

    Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

    Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

    Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

    Қазақтың пейіліне тарту етсін,

    Табиғат ашық аспан, таң шапағын!



    ****

    Жылдың әнін бастайын,
    Аяз- Ата кеп қалды.
    Майысады жас қайың,
    Көтере алмай көп қарды.

    Бақша іші мереке,
    Ойын күлкі асқақ ән.
    Жақсы әпкелер жаңа кеп,
    Мерекені бастаған.

    Жаңа жылды қарсы алдың,
    Мініп алып күймеге.
    Мен де бүгін ән салдым,
    Араластым биге де.

    Оралдың өлкеме,
    Жаңа жыл армысың.
    Оранды ақ көрпеге,
    Асқар тау, қарлы шың.

    Ақ қырауға малынған
    Сақалы да мұрты да.
    Аяз ата сағынған,
    Сәлем бepді жұртына.

    Безендіріп шыршаны
    Жыл қуантты баршаны.
    Той-маскарад басталды,
    Аяз оны басқарды.

    Аппақ тонға оранып,
    Базарлықты мол алып.
    Келді алыс сапардан,
    Аяз ата оралып.

    Қалып едік сағынып,
    Kүтіп алдъқ жабылып.
    Жолын қойдық жарық қып,
    Шыршаларға шам іліп

    Аяз Ата ойды қырды
    Аралап жүр түгел шолып.
    Қарсы алғалы жаңа жылды,
    Ол да көптің бірі болып.
    Қайда қызық болса думан,
    Аяз Ата сонда болды.
    Күндіз үйде ойнап бізбен,
    Балалармен бірге болды.

    Тілеймін мен бар әлемге
    Дос көп болсын жаңа-жыл
    Ата-әже, ата-әже
    Құтты болсын жаңа жыл

    Жаңа жылым мол болсын
    Басқан қадам оң болсын
    Төрле, төрле жаңа жыл
    Бізге құтты жол болсын.

    ****

    Аяз –ата ақ сақалды,
    Ақ таяқты паң ата,
    Асып өтіп асқар тауды
    Жеттің бізге таң ата

    Жапалақтап ақша қар
    Жауды күнде қайталап
    Қырға шықты балалар
    Шаңғыларын арқалап.

    Қайда қызық думан болса,
    Аяз ата сонда болды.
    Балалармен бірге ойнап
    Балалармен бірге қонды.

    Аяз келді қаһарлы
    Айналаны қар жапты.
    Ақ тон киіп орман тұр
    Дәл атамдай салмақты.

    ****
    Жаңа жыл, жаңа жыл.

    Жаңа жылда-жаңа жыр.

    Жасыл шырша жанында

    Жадырап бар бала жүр.



    Тамаша.тамаша!

    Шыршамыз тұр жараса.

    Басында әсем жұлдызы

    Көз тоймайды қараса.
  7. ZHARAR 26.12.2020 03:28
    2 + 3 -
    «Жұлдызды жаңа жыл» концертін қарауды ұсынамын
  8. Гость Перизат
    Гость Перизат 20.12.2020 01:45
    1 + 3 -
    Біз жаңа жылды асыға күттік.Жаңа жыл өмірімдегі ең тамаша мереке.Жаңа жылда сыйлықтар,аяз ата және ақшақар болады.Жаңа жыл ақшақар мен аяз атамен ерекшеленеді.Жаңа жыл маған қатты ұнайды.Біз жыл сайын бұл мерекені тойлатамыз.Мерекеге туыс - туғандар келеді.Мен оларды асыға күтемін!
  9. Жана жыл
    Жана жыл 11.12.2020 14:23
    2 + 2 -
    Жаңа жылдарыңызбен
  10. Айка Калкашева
    Айка Калкашева 22.12.2014 11:15
    3 + 4 -
    Қымбатты Қазақстандықтар! Сіздерді Жаңа 2015 жылдарыңызбен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын! Ел іргесі аман болсын! Жаңа жылымыз жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Жаңа жыл ырыс пен ынтымақты болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа Жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Келе жатқан жыл біздің үйлесімді тұрақтылығымызды нықтай түсетін жыл болсын! 2015 жыл елімізді әлемнің төріне шығаратын құтты жыл болсын! Жаңа жыл баршаңызға жақсылығын ала келсін! Баршаңызға бақыт тілейміз!