Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жас бала) » ZHARAR © 2016 | туған күнге тілек, туған күнге тілек жас бала, кішкентай балаларға арналған тілектер, Туган кун жас бала казакша куттыктау тилек Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жас бала)




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жас бала)

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жас бала) казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жас бала) на казахском языке

Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек, қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!!

Өмірде үш бақыт құсы бар: Көгершін, Қарлығаш, Аққу.
Көгершіннің мейірімділігін, Қарлығаштың қайырымдылығын,
Аққудың ақ махаббатын тілеймін.

Өмір – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте біл.
Өмір – асқар асулар, тек сүрінбей өте біл.

Шаттыққа толы күндер,
Думанға толы кештер,
Ыстық құшаққа толы түндер тілеймін.

Арманың биік болсын,
Қиялың жүйрік болсын.

Қыстай қатты денсаулық,
көктемдей көңілді өмір,
жаздай ыстық махаббат,
күздей мол табыс тілеймін.

Арманың алдамасын,
Өмірің өкіндірмесін.
Махаббатың мұңайтпасын.

Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін
Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол!
Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол!
Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!

Ана құшағындай жылулық,
Көктем гүліндей сұлулық,
Атар таңның шапағатын,
Қос аққудың махаббатын,
Аспандарың ашық болсын,
Әрбір басқан қадамың сәтті болсын!!!

Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!

Бүркіттің жүрегін, нағыз достың ниетін тілеймін.
Мәңгі бақи ажырамас шын ғашықтың білегін тілеймін.

Жанарың әрдайым нұр шашып,
жүзің күндей күлімдеп,
жүрегің жаздай жайнап,
көңілің көктемдей жадырасын.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 355 273
Рейтинг:
(голосов: 125)

.

. .