Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Мерейтой 60 жас) » ZHARAR © 2016 | поздравление на 60 лет юбилей, 60 жас мерейтой тілек, 60 жас мерейтой құттықтау, Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Алпыс 60 жас), Қазақша Құттықтау - тілек, Туған күн (Алпыс 60 жас), Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн, мерейтой 60 жас тілектер, 60 жас мерейтой құттықтау, алпыс 60 жас мерейтой құттықтау, алпыс мерейтой 60 жас тілектер, 60 жас құттықтау тілектер, 60 жасқа құттықтау тілектер, 60 жасқа арналған құттықтау сөздер, 60 жасқа құттықтау сөз, поздравления с днем рождения на казахском языке 60 лет, поздравления с днем рождения на казахском языке




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Мерейтой 60 жас)

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Мерейтой 60 жас) казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Мерейтой 60 жас) на казахском языке

Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!


Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған сізді, көпшілік мемлекетіміздің қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды.

Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде Қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.

Бұл жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз.

Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қаыратыңыз қашанда арта бергей!

Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай.

Адам баласының ұзақ өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы кемел жасы 60-тың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес-ау.

Міне, сен де ізімізден қуып, аман-есен алтыншы асқардың шыңына қол созып отырсың. Шүкір, біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, өткен өмір бедерлері көңіл орнықтырып, көз тойдырады.

Қуаныштысы, мерейтойыңды отбасыңның алтын қазығы болған жан-жарыңмен бірге бала-шағаңның шаттыққа толы ортасында қарсы алып отырсың. Өсіп-өнген, ұрпақ тәрбиелеген, құда-құдағиларың мен дос-жарандарыңның ыстық ықыласына бөленген өзіңе тек жақсылықтар, қуаныштар мен бақытты ғұмыр тілейміз.

Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!

Ізгілікті нұрын шашар манайға,
Адамсыз ғой үлгі болар талайға.
Жақсылықты өзінізден көп көрген,
Ұмытпайды туған-туыс қалайда!

Үлгі болған үлкенге де жасқа да,
Сыйлар сізді туған-туыс, басқа да.
Бақытты боп бұл өмірде мәңгілік,
Қуатыңыз таусылмасын 100 жаста да!


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 179 045
Рейтинг:
(голосов: 64)

KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы, поздравление на 60 лет юбилей, 60 жас мерейтой тілек, 60 жас мерейтой құттықтау, Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Алпыс 60 жас), Қазақша Құттықтау - тілек, Туған күн (Алпыс 60 жас), Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн, мерейтой 60 жас тілектер, 60 жас мерейтой құттықтау, алпыс 60 жас мерейтой құттықтау, алпыс мерейтой 60 жас тілектер, 60 жас құттықтау тілектер, 60 жасқа құттықтау тілектер, 60 жасқа арналған құттықтау сөздер, 60 жасқа құттықтау сөз, поздравления с днем рождения на казахском языке 60 лет, поздравления с днем рождения на казахском языке, Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Алпыс 60 жас), Қазақша Құттықтау - тілек, Туған күн (Алпыс 60 жас), Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн, мерейтой 60 жас тілектер, 60 жас мерейтой құттықтау, алпыс 60 жас мерейтой құттықтау, алпыс мерейтой 60 жас тіл, Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Мерейтой 60 жас) казакша тилектер казакша тилектер туган күнге құттықтау сөздер туған күнге куттыктау тилек создер поздравления на казахском языке день рождения

.

. .