👈 қаріп өлшемі 👉

Әпкеме туған күнге арналған құттықтау тілектер

Әпкеме туған күнге арналған құттықтау тілектер

Өзінен кіші бауырларына мейірін төгіп, мерейін өсіруге барын салған, бізді әлпештеп, аялы алақанына салып өсірген қадірлі, әз әпкемізді туған күнімен құттықтаймыз!
Бір елдің ізетті келіні, ата-енесін, құдай қосқан жарының алтын басын қадірлеген әпкеміз – бүгінде бес баланың анасы.
Бойынан Домалақ ананың әулиелігі, Айғанымның кемеңгерлігі, Зеренің парасаты, Бопайдың батырлығы, Айша Бибінің адалдығы, аттары алты алашқа танымал қазақтың аруларының асыл қасиеттері табылатын әпкемізге ұл-қыздарыңыздың рахатын жездемізбен бірге көріп, ұзақ та бақытты ғұмыр кешуді тілейміз.

Өмірінде күйбең тірлігін ойламай
Ағайынның бірлігін ойлайтын,
Мал-мүлік, дүние жинамай
Достың сырын тыңдайтын.
Дастарханы жиылмайтын,
Көк шәйнегі суымайтын,
Шаңырағынан немерелердің
Сыңғыры, шуы тыйылмайтын,
Әпкеміздің туған күні құтты болсын!


Қажетті сілтемелер:



Төбемізден төге бермес шуақты,
Тағдыр шіркін қатыгездеу болса да.
Жаны жайсаң асыл әпкем сияқты,
Жақсы адамдар тіршілікте қаншама!

Ардақты Әпке!

Қуанышыңыз құтты болсын! мықты денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыт тілеймін.

Айтқанда туған жерді дір етпес кім,
Жаралған топырақ – бір, жүректесің:
.................... өңірінің төлі ғой деп,
Әрдайым сыртыңыздан тілектеспін.

Жаның сұлу үйлескен – тылсым делік,
Жемісіңді еліңе жүрсің беріп.
Қазағымның бақ қонған қызы едің,
Мақтанамын киелі бір шың көріп!

Әрбір ісіне адалдықты ту етіп, жеке басының ақыл-парасатымен кейінгілерге үлгі бола білген сүйікті

Әпкемізді мерейлі жасымен құттықтай отырып, отбасының берекелі, бала-шағасының аман болуына, денсаулығы мықты қалпында ұзақ жасауына тілектеспіз. Әпке, елге сыйлы, туыстарыңызға бауырмал, әрдайым көпшіл қалпыңыздан айнымаңыз!

Жан Әпке, қашаннан-ақ жаны жақсым,
Шыққандай жанарыңнан жадырап күн.
Ең алғаш сен туып, қуантыпсың
Жандарын біздің үлкен шаңырақтың.

Естияр боп тірлікте баянды кем,
Еркелетіп бәрімізді аялап ең.
Жарың кетті бақиға, сен қамықпа,
Бұл күнде таласуда немерелер құшаққа кең.

Балаларың – мәңгілік қуанышың.
Ұстаздық бақытың бар – жұбанышың.
Бір сені саф алтыннан кем көрмейміз.
Нағыз алтын жарқырап тұрады шын!

Көрсетіп жанашырлық жиып көшін,
Бауырлық сезімімді иіткенсің...
інімнің мәртебесін биіктеттің,
Сіздің де мәртебеңіз биіктесін!

Даланың сияқтанған дара дүзі,
Жақсының бұл өмірде қалады ізі...
Есімің жүреді іні ізетінде,
Қазақтың қарапайым қара қызы!


Қарап көріңіз:


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі 26.10.2021, 0
» Қазақстанда тоғыз банк таратылады 23.10.2021, 0
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0

Пікір жазу

Пікірлер 14

  1. Оқырман Перизат
    0 + 0 -
    Кайын апкеге арналган тилек неге жок
    1. қайын әпке тілек
      0 + 0 -
      Туылған куніңізбен қайын әпке🎀🥳 сізге зор денсаулық қажымас қайрат талмас қанат мол бақыт жұмысыңызға табыс тілимін өсіріп жатқан ұлдарыңыздың қызығын көріңіз . Жумысыныңызда үлкен жетістіктерге жетуіңізге тілектеспін .Жезде екеуіңізге бақыт тілеймін. ен тамаша кундеріңіз көп болсын біздің мама папаның ата енеңіздің алдында әрқашан жадырап гүлдиболып жұреберіңіз . Менің қайынәпкем тағыда үйде отырып үш балаға карап,сонымен бырге онлайн бизнестыде бырге алып жүрген асыл жан Быз сызды жаксы кореміз❤️
      Үлгі болар әсем жансың ініге,
      Жанашыр боп қорғаштайсың күніге.
      Қабғын бір шытпасын деп бәйек боп,
      Қайта-қайта жалтақтайсың түріне.

      Бүгін сенің туған күнің не берсем,
      Әлемнің бай адамына теңелсем.
      Сыйлар едім бар жақсыны сен үшін,
      Тек әзірге мықты бол деп дем берсем.

      Әпкемтайым, ренжімеші, күлімде,
      Күліп жүрші мына туған күніңде.
      Осы сәттер енді айналып келмейді
      Ашық күнді бұлт басқандай түрің не.

      Шат көңілмен билеп басып тұрайық,
      Тілек тілеп саптың басын құрайық.
      Абыройың асып-тасып шалқысын,
      Бір АЛЛАДАН  бақ берші деп сұрайық
  2. әпкеме тілек 👩
    әпкеме тілек 👩 02.08.2021 03:32
    3 + 4 -
    «Әпкем» деймін мақтанамын өзіңмен,
    Мейірім төгер тура Анамдай көзіңнен.
    Қарайлаумен артына ерген бауырына,
    Бақыт тілеп әр түнде көзін ілген.

    Қорғанышым өзіңсің, сүйенішім,
    Сүрінгенде дем берген тіреуішім.
    Қуаныштың көлінде тек күліп жүрші,
    Бәріне де жетеді сенің күшің.
    +++
    Үлгі болар әсем жансың ініге,
    Жанашыр боп қорғаштайсың күніге.
    Қабағымды шытпасын деп бәйек боп,
    Қайта-қайта жалтақтайсың түріме.

    Бүгін сенің туған күнің не берсем,
    Әлемнің бай адамына теңелсем.
    Сыйлар едім бар жақсыны сен үшін,
    Тек әзірге мықты бол деп дем берсем.
    +++++
    Үлкен деп сені сыйлаймын,
    Қырлардан гүлді жинаймын.
    Шаттанып әркез күлсін деп
    Айтқаныңды тыңдаймын.
    ++++---
    Әпкемтайым, ренжімеші, күлімде,
    Күліп жүрші мына туған күніңде.
    Осы сәттер енді айналып келмейді
    Ашық күнді бұлт басқандай түрің не.

    Шат көңілмен билеп басып тұрайық,
    Тілек тілеп саптың басын құрайық.
    Абыройың асып-тасып шалқысын,
    Бір АЛЛАДАН бақ берші деп сұрайық
  3. Оқырман Жаннұр
    Оқырман Жаннұр 12.06.2021 11:07
    4 + 3 -
    Әпке деген жанашырымыз,қамқоршымыз... үлкен өмірге баулыған,алтынымыз. Қолымыздағы бағалымыз,байлығымыз....қанша ақын тілге тиек еткен,қаншама жан алғыстарын айтып өткен,балалықтың бағдаршамы іспетті ғой,әпке деген тамаша еді неткен
  4. Улжалгас
    Улжалгас 12.02.2021 10:49
    2 + 4 -
    Туған күнің құтты болсын Саражан!
    Армандарың орындалсын қалаған.
    Дәл өзіңдей ерке қыздан айналдым,
    Жеңгесінің көмегіне жараған.

    Жаңа жасың құтты болсын жиырмаң!
    Алла берген айырылма сыйыңнан.
    Мың жігіттің арманы боп өмірде,
    Бір жігіттің бағы болшы бұйырған.

    Арта алмаймын ешқашан да саған мін,
    Талабына сай білімің заманның.
    Арамызда күліп-ойнап жүз жаса,
    Бақытына қос ағаң мен анаңның.

    Таудан биік,теңізден де тереңсің,
    Мықты маман боларыңа сенем шын.
    Мына маған қайын сіңілі болғанмен,
    Негізінде сен екінші енемсің.

    Дәл осы күн бұл өмірге сен келдің,
    Бойжетіпсің оны бүгін мен көрдім.
    Шын жүректен қабыл алшы ерке қыз,
    Туған күнде ақ тілегін жеңгеңнің!
  5. Улжалгас
    Улжалгас 12.02.2021 10:48
    6 + 3 -
    Жан бауырым әпкем менің Арайлым,
    Мен өзіңе зор сеніммен қараймын.
    Құтты болсын отыз жасың бүгінгі,
    Сенің жүзге жеткеніңді қалаймын.

    Әрқашанда бағаң биік біз үшін,
    Әкеміз бен анамыздың ізісің.
    Болсаң да сен оразгелді келіні,
    Қоңыраттың қарапайым қызысың.

    Қаталдаусың дайын тұрар дауға да,
    Өр мінезбен шыға аласың тауға да.
    Қазгуде оқып географ болғанмен,
    Жолың бірақ тоғысыпты саудаға.

    Еңбекқорсың күндіз-түні тынбайсың,
    Сынақтарға ешқашанда сынбайсың.
    Кезінде өзің әдемі әндер айтқанмен,
    Бұл күндері найнти уанды тыңдайсың.

    Киім әкеп сатып жүрсің өзге елден,
    Армандарың орындалсын кез келген.
    Туған күнің құтты болсын тағы да,
    Әпкем менің бақытты бол жездеммен!
  6. фанат жарарком
    фанат жарарком 07.01.2021 04:46
    3 + 3 -
    Қымбатты әпкем, сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Тілеймін саған ойлауға ғана жақсы, арман туралы маңызды, сену үздік алуға және қалаулы. Апа, бақытты, сүйікті, әдемі және сүйкімді бол!

    ---------------

    Қымбатты қарындасым, Туған күніңмен құттықтаймын! Сізге, ең алдымен, денсаулық, бақыт, махаббат, көбірек қуаныш тілеймін. Өз күшіңізге бірдей көңілді және сенімді болыңыз. Мен сенің қолыңнан келгенін қалаймын, сондықтан сәтсіздіктер сізді ешқашан мазаламайды, көздеріңіз құлшыныспен жарқырайды! Сүй, бол любима.

    ---------

    Апа, туған күніңмен құттықтаймын! Мен сені жақсы көремін, және бұл күні шын жүректен ең жақсысын, ең жарқын, ең әдемісін тілеймін! Сізге денсаулық, бақыт, сәттілік, қуаныш, сәттілік, байлық. Пусть жизнь твоя толы болады ардагерлерге-ізгілік және сұлулық!
  7. Быкыткуль Жарарова
    7 + 3 -
    Жақсы тілек
  8. Гость Ермек
    Гость Ермек 18.11.2020 07:57
    4 + 2 -
    Әпкеме тілек ұнады
  9. Адема
    Адема 07.11.2020 14:09
    1 + 2 -
    Апа деген коп шыгар сиздей апа жок шыгар
  10. Исмайл
    Исмайл 04.11.2020 11:35
    3 + 1 -
    Цитата: Әсел
    Дұрыс емес тым мәдениетті

    Иә
  11. Әсел
    Әсел 03.11.2020 20:39
    6 + 3 -
    Дұрыс емес тым мәдениетті
  12. гулбиби
    гулбиби 03.11.2020 14:00
    2 + 1 -
    спосибо мне помогло
  13. Пара
    Пара 03.11.2020 11:38
    5 + 3 -
    Оп оңайғо


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы