8 наурызға құттықтау


Құрметті ханымдар мен мырзалар! Сіздерге арналған құттықтауларды жарияладық. 8 наурыз туралы құттықтауларды оқып қыздарға, аналарға, әжелерге арнауға болады.


8  наурыз — біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Азаматтың әдемі сыңарына арналған аруларымыздың жүздерінен әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары бен жүректерінің мәрттігі сөнбесін! Баршаңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде махаббат, денсаулық, бақыт және амандық, туған-туыстарыңызға игілік тілейміз!




Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын.




Көк желекті көктеммен бірге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі - 8 наурыз
Мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындастарының,сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады.

Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!




Аяулы анам менің!

Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла-бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, «айналайын» деп маңдайымыздан емірене сүйіп еркелеткен мейірімді үніңізден артық біз үшін еш нәрсе де жоқ, мама!..

Маматайым, езуіңізден күлкі нышаны кетпесін, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуанышпен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!!!

Мереке құтты болсын!




Құрметті арулар!

Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.

Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!




Тамылжыған көктемнің арайлы шуаққа толы 8 наурызы да келіп жетті. Осынау көктем мерекесі күнімен ардақты апалар мен аяулы қарындастарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырысты береке, баянды бақыт тілеймін!




Қымбатты әйелдер!

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар. Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі. Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.




Көктемдегі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесімен әр шаңырақты шаттыққа бөлейтін аналар мен қыз-келіншектердің қуанышына ортақпыз. «Ер елдің иесі, әйел — үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз-келіншектерімізді шын жүректен құттықтаймыз.




Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

 



Көктемгі күннің көзіңдей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі — 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!




Бүгін сіздердің мерекелеріңіз. Ер — азаматыңыз сіздерді қандай еркеліктеріңіз болса да көтеруге міндетті. Дегенмен қыз-келіншектерге айтарым: жүректерінің біздің жаман жақтарымызды емес, тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!

Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
— деп ақылды ару Ақжүніс апамыз тап басып айтқан қазақтың ақманар тәнді, ақ мамық мінезді, қарлығаш қанатты қаракөз қыздарының бақытты болуы үшін, отанымыздың гүлі, жүрегіміздің жыры, ежелгі заманда «Қыпшақ аруы кім?» дегенде, «Міне! деп әлем халықтарына мақтанышымызды паш етіп көрсеткен сұлулардың жалғасы — қадірлі қыздар, сіздердің осынау мерекелеріңіз үшін осындағы жігіттер қолындағы қымыздың бір тамшысын қалдырмай алып тастайды.




Міне, 8 Наурыз — халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Мейрам! Маған басқа мейрамдардың бәрі осы ғажайып мейрамнан шашыраған ұшқындар ғана, осы алтын мейрамның күннен шашыраған алтын жіп тәріздес сәулелері ғана сияқты көрінеді. Осындай керемет мейрам күні барлық әйелдерге зор денсаулық, баянды махаббат, жанұяларыңызға бақыт тілеймін!




Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі — 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Әйелдер, Сіздер — адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар! Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз!

Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!




— Ең күшті нәрсе не? — десе,
— Әйелдің әмірі! — дер едім.
— Әйелдердің барлығын
— Жердегі Тәңірі! — дер едім.

Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын — әйел, ұлтын көбейтетін — әйел, ұрпақты ұластыратын — әйел, еркекті Ер ететін — әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі — әйел. Махаббаттың асыл нұры — әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті — әйел махаббаты.




Жалғыз жүріп жол табам деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама!
— деп Тұманбай ақын жырлағандай мынау бүгінгі 8 наурыз халықаралық қыз-келіншектер мерекесінің ұйтқысы қадірлі біздің гүлдеріміз!

Құстың қос қанаты бар, адамның екі жанары бар. Күн мен түн бар, Ай мен Күн бар. Сіздерсіз жігіт жүрегі — жетім. Бүгінгі сіздердің мерекелеріңіз өз сыңарын іздеген «жетім» — жүрек жігіттер бақытының бастауы болса екен! Мереке соңы тойға ұлассын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу