Түлекке жас шәкірттен тілек


Білімдері бағалы,
Парасатты ол тағы да.
Түлек ұшып барады
Болашақтың таңына.

Жеткізеді елге үнін
Соған дайын бүгіннен.
Мектебінің бергенін
Жалғай түседі біліммен.

Сәтті сапар, ағалар!
Сәтті сапар, әпкелер!
Азамат бол бағалар
Елге үлесін ап келер.

Көп өмірдің өткелі,
Маман болмақ бірінен.
Толқиды ана мектебі
Түлегінің үнінен.

Еңбектері жасындай,
Болсын елге жыр-аңыз.
Біз де ертең-ақ осындай
Түлек болып тұрамыз.


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу


Келесі мақала жүктелуде...