Зейнеткерлік

 Зейнеткерлік

Талай кезең бір басыңнан өткіздің,
Ұрпағыңды өсірдіңіз, жеткіздің.
Әкеміздің аманатын арқалап,
Куәсісің артта қалған көп күздің.
Қашанда құптаймыз оң істі біз,
Ана алдында бәріміз борыштымыз.
Жеткіздің осы халге, бас иеміз,
Көрмейік ашаршылық, соғысты біз.
Бала үшін тау барып, тау астың,
Егіз ұғым, бала-ана жарасатын.
Ағайын-туыс, жекжаттың арасында,
Биік болсын мәртебең, парасатың!

Жан ана, жадырай бер, жаның гүлдеп,
Балалар келіп жатсын сағындым деп.
Біз үшін түн ұйқыңды төртке бөлдің,
Әрқашанда біздер үшін сабылдың көп.
Әкенің жанын ұқтың, жарасымды,
Біздерден аямадың бар асылды.
Ардақтап, ақ ниетін өзіңе арнап,
Әкеміз болғандай бір бала сынды.
Біздер де қанат қақтық салмақтанып,
Жайландық сан қиырға самғап барып.
Аналық махаббатты ту қып ұстап,
Алдымызда жүре бер ардақталып.

Қадірлі боп жұртқа, достарыңа,
Шығыпсыз алпыстың асқарына.
Жетіпсіз қазыналы шаққа мына.
Соңыңызда шатқал шың, қия қапты.
Сөзіңіз, ісіңіз де тиянақты.
Айтқан ақыл, өнеге, тәліміңіз,
Жүректерге ізгілік ұялапты.

Құтты болсын алпыс деген жасыңыз,
Жақсылық пен қуаныштан тасыңыз!
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Әлі талай асулардан асыңыз!
Деніңіз сау, аман болып басыңыз,
Тек жоғары домаласын тасыңыз!
Ел-жұртыңның ортасында аман-сау,
Күліп-ойнап, жүзге келсін жасыңыз.

Үміт отын балаларға жағасың,
Құлындарын, әлпештеген анасың.
Немере сүй, шөбере сүй, дос жина,
Шаңырақтың ұйытқысы бол, жан ана!
Құтты болсын мерейтой,
Ырыс-дәулет мекен етсін үйіңді!
Жүзге дейін жүруіңді тілейді,
Балаларың, туған-туыс, немерең!

Құтты болсын елу деген жасыңыз,
Асулардан алқынбастан асыңыз!
Бақытты боп отбасы ортасында,
Қуаныштан аққан судай тасыңыз.
Жарты ғасыр жасқа бүгін келдіңіз,
Бізге пейіл, жан шуағын бердіңіз.
Аққудай боп қыздарыңыз бой жетті,
Сізге шаттық сыйламақпыз енді біз.
Артық болмас тойды бүгін бастамасақ,
Жүз жасаңыз, қажет емес басқа сан.
Анамызбен бақытты болыңыздар,
Жұпттарыңыз жазылмасын ешқашан!

Шығыпсың қырық жастың қырқасына,
Береке, бірлігісің отбасында.
Бақытты ғұмыр кешіп жүре берші,
Демекпіз жанұяңның ортасында.
Ортаймасын ешқашан да көңілің,
Қызықты да ұзақ болсын өмірің!
Ұл-қызыңның қуанышын тең бөліп,
Жүрсін лайым ..... атты серігің.
Болсын тек қиындықсыз болашағың,
Арайлаған ақ таңдай жансын бағың.
Шын ниетпен, көңілмен қабыл алғын!
Сәлем жолдап отырған жан достарың!

Әке!

Сіз – теңіздің бастауы бұлақсыз,
Біз – көлдің сәні құрақпыз.
Сіз – сөздің басы сұрақсыз,
Біз – өміріңіздің байлауы, соңыңыздағы тұрақпыз.
Сіз – таудың шыңысыз, Папа!
Біз – сіз еккен баудың гүліміз.
Кілеміңіздің өрнегі сынды ұл-қыздарыңызбыз, Папа!
«Әке – балаға сыншы» деген,
Өзіңізге мәлім қылығымыз бен тіліміз!
Үйіміздің шуақты нұры аяулы анамыз болса,
Бәріміздің шырқап айтар ән-жырымыз – асқар тау – Папа, сізсіз! Ақылшы тірегіміз де Өзіңізсіз! Бүгінгі (туған күніңізбен, мерейтойыңызбен, ұлы жиыныңызбен) сізді шын жүрегімізбен құттықтап, (ұл-қыздарыңыз, перзенттеріңіз, немере-шөберелеріңіз) ұзақ ғұмыр тілейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?