Сынып сағаты: «Менің Отаным – Қазақстан»
АНЫҚТАМА
Сынып сағатының тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»Сабақ №1: «Төтенше нөмірлер» (Қауіпсіздік сабағы – 10 минут)
Сынып сағатының мақсаты:
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, махаббат сезімін ояту.
Қауіпсіздік сабағының мақсаты:
Оқушыларға төтенше жағдайлар қызметі не үшін арналғанын және олардың жұмыс істеу тәртібімен таныстыру.
Қауіпсіздік сабағының міндеттері:
1. Оқушыларды жедел қызмет түрлерімен таныстыру, өрт қауіпсіздігі, жол жүру ережелері мен денсаулықты сақтау маңыздылығын түсіндіру.
2. Зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамытуға ықпал ету.
3. Төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттілігін тәрбиелеу.
Құндылықтарды дарыту:
ОТАНШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК: Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну.
Апта дәйексөзі:
«Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына» (Мұзафар Әлімбаев).
Сабақ барысы:
- Амандасу, мемлекеттік Әнұран орындау.- Тақырыпты хабарлау, мақсатпен таныстыру.- Оқушылардың білімін тексеру: «Кім білгір?» сұрақ-жауап ойыны (Президент, Ту, Елтаңба, Әнұран авторлары, Тәуелсіздік күні, т.б. сұрақтар).- «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында постер, өлең, мақал-мәтелдер, көрініс дайындау (топтық жұмыс).- Қазақстан туралы бейнеролик көру.- Қауіпсіздік сабағы: төтенше жағдайларда қоңырау шалудың ережесі, жедел нөмірлер (101, 102, 103, 104, 112).- «Ыстық орындық» әдісі – әр оқушының өз ойын білдіруі.- Қорытынды: «Бес саусақ» әдісі арқылы рефлексия.
Қолданылған ресурстар:
- Бейнероликтер (YouTube).- Үлестірмелі материалдар (жедел қызмет нөмірлері).- Суреттер, постерлер.- Стикерлер, тақырыптық терминдер жазбасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру