👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі_11_сынып ҚГБ


«Қазақ тілі» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Нұр-Сұлтан, 2019

Құрметті мұғалім!

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ

    • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

11.1.5.1

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның

қарым-қатынасынескереотырып,талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым- қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастырады

Көтерілген мәселеге сыни тұрғыдан баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Тұғырлы Тәуелсіздік таңы

Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз.

Нұрсұлтан Назарбаев

 Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», – деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

 Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, өзегі өртенген талай жандардың, қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Тәуелсіздігімізді алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небәрі бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды. Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатынын, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факторлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.Әр

Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады. 1991 ж. 16

желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Осы жылы біздің тәуелсіздігімізге 28 жыл. Сөз жоқ, Қазақстан халқы үшін ұлы күн. Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтардың достықтың нәтижесі.

      •  Берілген сұрау есімдіктерін қолданып, мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның көзқарасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.

Сұрау

есімдіктері

Талқылау сұрақтары

Қалай?

Не cебепті?

Қандай?

Не үшін?

      • «...Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды...» деген ойды жалғастырып, автор көтерген мәселеге баға беріңіз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым- қатынасынескере отырып,талқылау сұрақтарын

құрастырады

1-2

мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;

мәселеге автор мен оқырманның көзқарасын

анықтайды;

талқылау сұрақтарын құрастырады;

1

2

4

Көтерілген мәселеге сыни тұрғыдан баға береді

3

мәселеге сыни тұрғыдан баға береді;

өз ойына дәлелдер келтіреді;

аудиторияны тарту үшін шешен сөйлейді;

өз көзқарасын дәлелдейді.

1

1

1

1

Барлығы

11

«Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіндекөтерілген мәселегеавтормен оқырманныңқарым- қатынасынескере отырып,талқылау сұрақтарын құрастырады

Көтерілгенмәселеге сынитұрғыданбаға

береді

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның көзқарасын анықтауда, талқылау сұрақтарын құрастыруда, мәселеге дәлелдер келтіріп, сыни тұрғыдан баға беруде және өз ойын шешендікпен жеткізуде қиналады.

«Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

11.2.4.1

Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс қағаздар,

публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет

стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын,

мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын,

тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

11.3.5.1

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша

түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын

меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

11.4.1.1

Мәнмәтінбойыншатілдікбірліктерді

орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдайды

Мәтіндердегі негізгі ақпараттарды іріктеп, конспект жазады Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым, жазылым

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңыз.

1-мәтін

 Бүгінгі жастардың тіл мәдениеті соңғы жылдарда әр қырынан талданып, зерделенуде. Сөйлеу мәдениетіне үлкен мән берген халқымыз «Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді» дейді.

 Кез келген халықтың тарихына үңілсеңіз де, өнер алды саналатын қызыл тілге, шешендік өнерге байланысты небір керемет асыл сөздерді табасыз. Шешендік өнерге биік парасат, жоғары мәдениеттілік керек. Ал мәдениеттілік тілмен тығыз байланысты.

 Мәселен, бүгінгі таңдағы жастарымыз мүлдем батыстанып бара жатқан тәрізді. Олар қазақ халқының сөз кестелерін бұрмалап, елден ерекше көрінгілері келе ме, шетелдің жаргон сөздерімен сөйлеуді күнделікті әдетке айналдырып алған. Қазақ халқы қашан да сөзге шешен, суырыпсалма, дұшпанын бір ауыз сөзбен тойтарып отырған емес пе?! Бүгінгі жастардың сөйлеу мәдениеті мүлде өзгеше дәрежеде, жастарымыздың бір ауыз сөздің өзін кібіртіктеп, тұтығып барып әрең жеткізетініне бәріміз де куә болып жүрміз. Сөйлеу барысында жалпы қолданыстағы сөздерге орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді шектен тыс көп пайдаланып, оның үстіне қазақша қосымша жалғап, тіпті тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзып қолданып жүргендері бар.

 Кейбір жастарымыз үйде, көшеде, қоғамдық орындарда бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда қалай болса, солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Тіл ерекшелігі, сөйлей білу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз – ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж.Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деген. Ендеше, түкке тұрғысыз сөздерді түбімен жоймасақ та, аз да болса дұрысырақ сөйлеп

үйренейік.

    • мәтін

Өзім үшін ұялдым…

Газеттен хабарлама оқыдым. «Требуется наборщица». Қоңырау шалдым.

  • Сәлеметсіз бе? Мен хабарлама бойынша хабарласып тұр едім…
  • По-русски знаете?
  • Бір кісідей білемін.
  • А по-английски?
  • Білмеймін…
  • Стыдно! Компьютер знаете?
  • Білемін. Тарсылдатып тере аламын.
  • Раньше работали наборщицей?
  • Иә, істедім.
  • Стаж работы сколько лет?
  • 20 жасымнан бері «наборщица» болып істеп келем. 23 жыл болды.
  • Сколько вам лет?
  • 43 жастамын.
  • Нам, желательно, молодые нужны. Вы казашка да?
  • Иә. Қазақша сөйлеп тұрмын ғой.
  • Если бы вы были другой национальности и знали бы казахский, то… можно было. А вы

«новый казах?»

  • Жоқ. Бұрыннан қазақпын…
  • Извините, нам молодые нужны. Желательно другой национальности или хотя бы «новые казахи» не помешали бы… До свидания!

«Гук-гук-гук-гук-гук...»

Ұят-ай, не ағылшын тілін білмеймін, не «молодой» емеспін, не «жаңа қазақ» емеспін…«Стыдно!..»

  • Екі үзіндінің ұқсастығы мен айырмашылығын (мәтіннің түрін, мақсатын, мазмұнын, стилі мен тілін, аудиториясын) салыстырып, жазыңыз.

1-мәтін

2-мәтін

Мәтіндердің стилі

Мәтіндердің тақырыбы

Автор көзқарасы

Мақсатты аудиториясы және мәтіннің мақсатты аудиторияға қатысты мақсаты

Құрылымы

Стильдік ерекшеліктерге сәйкес тілдік қолданыстардан мысал келтіріңіз және себебін

түсіндіріңіз

  • 1-мәтіндегі автор көзқарасын танытатын негізгі ақпараттарды іріктеп, конспект жазыңыз. Орфографиялық нормаларды сақтаңыз. Сөз көлемі – 100-130.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Әртүрлістильдегі

1

мәтіндердің стилін анықтайды;

2

мәтіндердің

мәтіндердің тақырыбын анықтайды;

2

тақырыбын,автор

автордық көзқарасын түсіндіреді;

2

көзқарасын,мақсатты

мақсатты аудиторияны анықтайды;

2

аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдікерекшелігін салыстыра талдайды

аудиторияға

көрсетеді;

2мәтіннің

көрсетеді;

байланысты

құрылымдық

2 мәтіннің стильдік ерекшеліктеріне тән

2

тілдік қолданыстардан мысалдар келтіреді;

себебін түсіндіреді;

2

Оқылым материалдары

2

мәтіндердегі негізгі ақпараттарды іріктейді;

1

бойыншаконспектілеу

компрессия тәсілдерін қолданады;

1

арқылынегізгі

автордың ойын сақтайды;

1

ақпаратты іріктейді

орфографиялық нормаларды сақтайды.

1

Мәнмәтінбойынша

тілдікбірліктерді

орфографиялық

нормаға сай жазады

Барлығы

20

«Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігінсалыстыра талдайды

Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігінсалыстыра талдауда қиналады.

Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдауда қателеседі.

Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігінсалыстыра талдайды.

Оқылымматериалдары бойынша конспектілеу арқылы негізгі ақпаратты іріктейді

Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады

Компрессия жазудың түрлі тәсілдерін қолданып, автордың айтпақ ойын бұрмаламай, мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп,орфографиялық нормаларға сай конспектілеуде қиналады.

Компрессия жазудың түрлі тәсілдерін қолданып, автордың айтпақ ойын бұрмаламай, мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп,орфографиялық нормаларға сай конспектілеуде қателеседі.

Компрессия жазудың түрлі тәсілдерін қолданып, автордың айтпақ ойын бұрмаламай, мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп,орфографиялық нормаларға сай конспектілейді.

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

11.1.2.1

11.1.6.1

мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау

коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу,

шешен сөйлеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Мәтін үзіндісіндегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды

Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында шешен сөйлейді

Ойлау дағдыларының Деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Тыңдалым мәтінін тыңдап, төмендегі кестені толтырыңыз.

Сілтеме:

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/308713-elimizden-shetelge-baryp-bilim-al-ysy- keletin-zhastardy-sany-artyp-keledi

 Елімізден шетелге барып білім алғысы келетін жастардың саны жыл сайын артып келеді. Мектеп түлектері мен студенттер көбіне батыс, оның ішінде Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында білім алуды қалайды. Былтыр Қазақстаннан шетелге 42 мыңға жуық адам қоныс аударған. Бұл Ұлттық экономика министірлігінің статистика жөніндегі комитетінің мәліметі. Олардың көбі көршілес Ресей, Беларусь одан әрі Германия және Америка Құрама Штаттарына кеткен. Түбегейлі қоныс аудармаса да Батыс елдерінде білім алуға талпынған жастардың саны да артқан. АҚШ иммиграция және кеден қызметінің келтірген деректері бойынша биыл наурыз айында Құрама Штаттарда оқып жүрген қазақстандық студенттердің саны 2528-ге жетті. Студенттеріміздің 30 пайызы жоғарғы оқу орындарында бакалавр дәрежесінде, 23 пайызы магистратурада және 8 пайызы доктарантурада оқып жүр. Ал 16 пайызы тілдік курстарда, 11 пайызы орта кәсіптік- техникалық колледждерде дәріс алады. Кей студенттердің сөзінше, жастардың елден кетуіне мұндағы білім жүйесінің әлсіздігі себеп.

Камила Мұқұшова, Джордж Мэйсон университетінің студенті:

 - АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарына түскен студенттердің көбі бірінші тоқсанда қиналады. Мұндағы өмірге үйренгенше бірнеше ай керек. Сосын ақырындап төселіп кетеді. Маған АҚШ-тағы білім беру жүйесі ұнайды, барлығы жоғары деңгейде. Бізбен салыстыруға келмейді. Профессорлар құрамы керемет. Бұл жерде сапалы білім аласың. Жалпы

америкалық білім беру жүйесінің ерекшелігі - студенттер тек профессордың айтқанымен ғана жүрмейді. Жастардың өздігінен ізденіп, ғылыммен айналысуына барлық жағдай жасалған. Сондықтан шетелден келген студенттер америкалық оқу орындарының ерекшелігін, білім жүйесінің айырмашылығын бірден сезінеді.

Наталья Черницина, Santa Fe колледжінің студенті:

 - Колледж мұғалімдері маған қатты ұнайды, жалпы оқу қызықты өтіп жатыр. Кейде бір курортта жүргендей сезінемін. Қазір менде грин карта. Сондықтан виза жағынан қиындық жоқ. Осы колледжде халықаралық студенттерге барлық жағдай жасалған. Профессорлар мен оқытушылар әрдайым көмектесуге дайын. Ал сарапшылардың пікірінше, шетелдік жастардың АҚШ-қа барып білім алуына түрлі себеп бар. Ең алдымен, жас жеткіншектер халықаралық деңгейде танылатын сапалы диплом алуға талпынады. Себебі озық оқу орындарын тәмамдаған мамандарға жақсы табыс тауып, кәсібін дамытуға мол мүмкіндік ашылады.

Мәтіннің жанры және мақсатты

аудиториясы кімдер?

Не себепті? Ойыңызды дәлелдеңіз

Мәтіннен мақсатты аудиторияға сай терминдер немесе ұғымдарды, тілдік оралымдардан мысалдар

келтіріп, талдаңыз

2. ТеdХ форматында зияткерлік миграцияның пайдалы және зиянды жақтары туралы көпшілік алдында ойыңызды білдіріңіз. Тыңдаушылардың назарын өзіңізге аудару үшін шешендік сөз оралымдарын қолданыңыз.

Бағалау критерийі

 тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтінүзіндісіндегі

(интервью)мақсатты

аудиторияғаарналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды

1

мәтіннің жанрын көрсетеді;

мәтінніңмақсаттыаудиториясын

анықтайды;

себебін дәлелдейді;

мақсаттыаудиторияғасәйкес

терминдер,ұғымдар,тілдік оралымдарға мысалдар келтіреді;

1

1

1

1

Коммуникативтікжағдаятқа

сай көпшілік алдында шешен сөйлейді

2

зияткерлікмиграцияныңпайдалы

жақтарын айтады;

зяткерлікмиграцияныңзиянды

жақтарын айтады;

дәлелдер келтіреді;

шешендік сөз оралымдарын қолданады;

көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін

сақтайды.

1

1

1

1

1

Барлығы

9

«Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтінүзіндісіндегі (интервью)мақсатты

аудиторияғаарналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды

Мәтіннің жанрын, мақсатты аудиториясын көрсетіп, оның себебін дәлелдеуде және мақсатты аудиторияға сәйкес мәтіннен терминдер, ұғымдар, тілдік оралымдардан мысалдар келтіруде қиналады.

Мәтіннің жанрын, мақсатты аудиториясын көрсетіп, оның себебін дәлелдеуде және мақсатты аудиторияға сәйкес мәтіннен терминдер, ұғымдар, тілдік оралымдардан мысалдар келтіруде қателеседі.

Мәтіннің жанрын, мақсатты аудиториясын көрсетіп, оның себебін дәлелдеуде және мақсатты аудиторияға сәйкес мәтіннен терминдер, ұғымдар, тілдік оралымдардан мысалдар келтіреді.

Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында шешен сөйлейді

Зияткерлікмиграцияның пайдалы, зиянды жақтарын айтып, оны дәлелдеуде және шешендік сөз оралымдарын қолданып, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін сақтауда қиналады.

Зияткерлікмиграцияның пайдалы, зиянды жақтарын айтып, оны дәлелдеуде және шешендік сөз оралымдарын қолданып, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін сақтауда қателеседі

Зияткерлікмиграцияның пайдалы, зиянды жақтарын айтып, оны дәлелдейді және шешендік сөз оралымдарын қолданып, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін сақтайды.

«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

11.2.4.1

11.3.2.1

әртүрлістильдегі(ғылыми,ресмиісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсаттыаудиторияғасәйкесқызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды

қолданып, мақала жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды

Ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданып, мақала жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары ойлау деңгейлері

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

 1. Кестені пайдаланып, берілген мәтіндерді тақырыбы, автор көзқарасы, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметі, құрылымы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстыра талдаңыз.

1-мәтін

 Өзіңіздің бизнесіңізді ашамын десеңіз идеялар толып жатыр. Қалағанын таңдай беруге болады. Дегенмен қазір көптеген технологиялар ойлап табылды және қандай да бір жаңалық ашу өте қиын. Сол себепті ешкім қайта велосипед ойлап таппай, негізінен бар идеяларды жай ғана түрлендіріп, пайдаланады.

 Ал әлемді өзгерткен ерекше, оригинал идеялар қандай? Тарихқа бір көз жүгіртіп көрейік.

Ракета қозғалтқышы (1926)

 Физика мұғалімі Роберт Годард Уэллстің «Әлем соғысы» шығармасын қатты жақсы көрген. Ғылыммен айналысу барысында ол ракетаның жанармайын зерттеуге көп уақытын жұмсаған. Роберт сүйікті шығармасында жазылған ғарышқа сапар шындыққа айналатынына сенетін. Өзінің алғашқы зымыранын ол 1926 жылы көкке ұшырды. Зымыран сұйық жанармай құйылған қозғалтқыш арқылы жұмыс істеді. Ол кезде қондырғы тек 6,5 метрге көтеріле алды. Бірақ бұл адамзаттың ғарышты зерттеуіне бастама берді.

Кардиостимулятор (1958)

 Бұл миллиондардың өмірін сақтап қалған өнертабыс аяқ астынан ойлап табылды. Инженер Уилсон Грейтбатч жүректің қағысын жазып отыратын транзисторды жасаумен айналысқан. Бір кезде ол бір резисторды қате қосып, қондырғының жүрек қағысына ұқсайтын ритм шығара бастағанын байқаған. Осылайша Уилсон бұл құрылғының жүрек қағысын қадағалап отыра алатындығын түсінген. Көптеген тәжірбиелер жүргізілгеннен кейін, кардиостимуляторлардың қолданысы артып, көпшіліктің өмірін құтқара бастады.

Модем (1979)

 Егер модем болмағанда интернет те болмас еді. Қазіргі әлемді интернетсіз елестету қиын. Алғашқы модем Hayes Microcomputer Products компаниясымен Apple II компьютері үшін жасалды. Ол секундына 300 бит жылдамдықпен жұмыс істеді. Ал қазіргі модемдердің жылдамдығы секундына – миллион бит. Айырмашылықты байқап тұрған боларсыз.

Технологияны үздіксіз жетілдірудің арқасында, міне, бүгінгі таңда жылдам интернетті пайдаланып отырмыз.

2-мәтін Пеницилин

 Александр Флеминг 1928 жылы өзінің «салақтығынан» пенициллин преператының негізін қалады. Ол Петри кеселерінің көгеріп кеткен біреуінің ішіне үңіліп, бактерия колонналарының мөлдір күйге енгенін байқайды. Соның арқасында ғылымға үлкен жаңалық әкеліп, бактериялық денелерді бұзатын пенициллин белсенді затын ойлап табады. Бастапқыда ол өзі ашқан жаңалықтың көмегімен дәрі жасауға болатынына аса сене қоймайды. Бірақ оның ісін Говард Флори мен Эрнст Борис Чейн деген мамандар 1940-1941 жылдар аралығында жалғастырып, пенициллинді тазалау әдісін тәжірибеге енгізді. Олар алғаш болып бактериялық инфекцияларға қарсы емдеу үшін қолданған.

 Пенициллинді жаппай өндіру ісі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жолға қойылды. 1945 жылы А. Флеминг пен жоғарыда аттары аталған екі ғалымға физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы табыс етілді.

Қатері және сақтық шаралары

 Кейбір адамдарда пенициллин аллергиялық реакция туғызады. Қызыл таңдақтар немесе қызыл бөрітпелер шығып, қышуы аллергиялық реакциялардың жеңіл түріне жатады. Бұл көбіне пенициллин шанышқаннан кейін бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннен кейін пайда болып, бірнеше күндерге созылуы мүмкін. Кейде пенициллин өзі бұрын жойып келген инфекцияларға қарсы әсер ете алмайтын болып қалады. Бұл бактериялардың пенициллинге берілмейтін қасиетінің қалыптасуынан болады, бұдан әрі пенициллин бұл бактерияларды жоя алмайды. Технологиялардың дамуы нәтижесінде пеницилин бүгінгі таңда сұранысы төмен дәрі-дәрмектердің қатарына кірген.

Тақырыбы

1-мәтін

2-мәтін

Автор көзқарасы

Мақсатты аудиториясы

Құрылымы

Тілдік ерекшеліктеріне мысалдар

2. «Зерде» журналына «Әлемді өзгерткен өнертабыстардың адамзат денсаулығына әсері» тақырыбында ғылыми стильде мақала жазыңыз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Әртүрлі

стильдегі

1

мәтіндердегі тақырыбын анықтайды;

2

мәтіндердің

тақырыбын,

автор көзқарасын ажыратады;

2

автор көзқарасын, мақсатты

мақсатты аудиториясын көрсетеді;

2

аудиторияғасәйкес қызметін,құрылымын,

тілдікерекшелігін салыстыра талдайды

мәтіндерді

жіктейді;

тілдік ерекшелігіне мысалдар келтіреді;

құрылымдық

2

Ғылыми стильдің жанрлық

2

тақырып аясында фактілер келтіреді;

1

және

стильдік

мақалаға

тәнтілдік

құралдарды

1

ерекшеліктеріне сай тілдік

қолданады;

құралдарды

қолданып,

ғылыми стильде жазады;

1

мақала жазады

мақала құрылымын сақтайды.

1

Барлығы

14

«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға

 арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Әртүрлістильдегі мәтіндердің тақырыбын,автор көзқарасын, мақсатты аудиторияғасәйкес қызметін, құрылымын, тілдікерекшелігін салыстыра талдайды

Мәтіндердегітақырыбын, мақсатты аудиториясын анықтап, автор көзқарасын көрсетуде және мәтіндердіқұрылымдық бөлімдерге жіктеуде, тілдік ерекшелігіне мысалдар келтіруде қиналады.

Мәтіндердегі тақырыбын, мақсатты аудиториясын анықтап, автор көзқарасын көрсетуде және мәтіндерді құрылымдық бөлімдерге жіктеуде, тілдік ерекшелігіне мысалдар келтіруде қателеседі.тілдік ерекшелігінсалыстыруда қиналады.мақсатты аудиториясын табуда, мәтіндердің құрылымын талдауда тілдік ерекшелігін салыстыруда қиналады

Мәтіндердегітақырыбын, мақсатты аудиториясын анықтап, автор көзқарасын көрсетеді және мәтіндердіқұрылымдық бөлімдерге жіктейді, тілдік ерекшелігіне мысалдар келтіреді.

Ғылымистильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдікқұралдарды қолданып,мақала жазады

Мақалаға тән тілдік құралдарды қолданып, тақырып аясында фактілер келтіре отырып, ғылыми стильде құрылымы сақталған мақала жазуда қиналады.

Мақалаға тән тілдік құралдарды қолданып, тақырып аясында фактілер келтіре отырып, ғылыми стильде құрылымы сақталған мақала жазуда қателеседі.

Мақалаға тән тілдік құралдарды қолданып, тақырып аясында фактілер келтіре отырып, ғылыми стильде құрылымы сақталған мақала жазады.

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

11.1.4.1

мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын

(қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

Мәтінде көтерілген мәселені талдайды

Мәтінніңнегізгіойынанықтап,авторпозициясымен байланыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Манифест. «Әлем. ХХІ ғасыр»

 Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елестің сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.

 ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқалдыратын ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа буын технологияларын жасап жатыр. Адамзат өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтуде. Әлем Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр.

 Соғыс вирусы алдағы жасанды интеллект төңірегіндегі жаңалықтарға кесел жұқтыруға дайын тұр. Милитаризм адамдардың санасы мен мінез-құлқына тереңдей еніп кеткен. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады. Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады. Халықаралық қатынастарда жанжалдастық тәуекелдері күшейе түсіп отыр. Әскери қақтығыстардың географиясы өткен екі әлемдік соғыстың – Еуропаның шығысындағы, Африканың солтүстігіндегі, Таяу Шығыстағы соғыстың іс-қимылдарының тарихи шегін қамтуда.

 Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Уақыт өте келе оның терроршылардың қолына түсуі әбден мүмкін.

 Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірлі- жарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы – осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Экономикалық

санкциялар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр.

 Планета тағы да бүкіл адамзат үшін қасіретті салдарлары бар «қырғи-қабақ соғыстың» өткір жүзінде тербеле бастады. Дүние әзірше өткен төрт онжылдықтың оң инерциясының арқасында сақталып тұр.

 ХХ ғасырдың екінші жартысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі табысты келіссөздердің нәтижесінде АҚШ пен Ресейдің ядролық арсеналдары айтарлықтай қысқарған болатын. Бес ядролық держава атом қаруын сынау мораторийін жариялады және оны ұстанып келеді. Планетаны жойып жіберу қатері едәуір азайды. Қауіпсіздіктің өңірлік жүйесін құру үдерісі жеделдеді.

 Өзара сенім қағидаттарына сәйкес еуразиялық-атлантикалық мегақұрылым – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы құрылды. Державалардың бейбітшілікті сақтау жөніндегі үйлесімді іс-қимылдары мен БҰҰ-ның көпқырлы операцияларының нәтижесінде жанжалдар мен соғыстар мәселесі ретке келтірілді. Міне, енді біз осы барлық жетістіктердің эрозиясын көріп отырмыз.

    • Мәтінде қандай мәселе көтерілген?
    • Көтерілген мәселе қаншалықты маңызды? Дәлелдер келтіріңіз.
    •  Мәтіндегі қоғамдық-саяси, ғылыми тұрғыдан автор позициясы айқын көрінетін тұстарды түртіп алыңыз.
    •  Мәтіннің негізгі ойын автор көзқарасымен байланыстырып, «Жаһандану процесі әлем үшін қауіпті ме?» тақырыбында қысқаша ойыңызды білдіріңіз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтінде көтерілген мәселені талдайды

Мәтіннің негізгі ойын анықтап,автор позициясымен

байланыстырады

1-4

мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;

мәселеніңмаңыздылығынадәлелдер

келтіреді;

мәтіннен қоғамдық-саяси, ғылыми тұрғыдан авторпозициясыкөрінетінтұстарды

анықтайды;

авторпозициясынмәтіндекөтерілген

мәселемен байланыстырады;

авторпозициясыменмәтіндекөтерілген мәселегеқатыстытақырыпаясындаөз

көзқарасын білдіреді;

мәтінақпаратынкөзқарасынбілдіруде

орынды қолданады;

ойын жүйелі жеткізеді.

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы

7

«Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер», бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтінде көтерілген мәселені талдайды

Мәтіннің негізгі ойын анықтап,автор позициясымен

байланыстырады

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, оның маңыздылығына дәлелдер келтіруде, қоғамдық- саяси, ғылыми тұрғыдағы автор позициясын мәтінде көтерілген мәселемен байланыстырып, оған тақырып аясындағы ақпараттарды қолданып, өз көзқарасын жүйелі білдіруде қиналады.

«Табиғат және экология. Шешендік сөздер», «Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау.

Шешендік сөздер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

11.2.6.1

11.3.6.1

белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Белгілібірмақсатүшіноқылым стратегияларынжүйелі қолданады

Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, әңгіме жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары ойлау дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

 1. Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі негізгі, деталды ақпараттарды, ұлттық құндылықтарды жіктеп, кестеге түсіріңіз.

 Қожа Ахмет Ясауи кесенесi тек ортағасырлық сәулет өнерiнiң керемет туындысы ғана емес, өз дәуірінің бай тарихи мұралары сақталған киелi орын ретiнде де тарихта белгiлi. 1978 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі республикалық музей ретінде ашылып халыққа қызмет көрсете бастаған кезде музей қорында 300-ден аса жәдігер болған.

 Музей қорына қабылданған алғашқы жәдігерлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ХIV ғасырдан сақталған, Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған қола және ағаш бұйымдар. Олар тайқазан, шырағдандар және қазандық, қабірхана есіктері, олардың қола халькалары мен балғашалары.

 Әмір Темір дәуірінен сақталған жәдігерлер қатары келген адам ғимарат ішіне кіретін есіктерден бастау алады. Жәдігер есіктер: жамағатхана бөлмесінің есігі – «Қақпа» және қабырхана есігі – «Қапсырма». Шеберлер есіктің берік және әсем жасалуымен қатар, рәміздік мән-мағынасын арттыру үшін оған символдық мәнге ие ою-өрнектер, терең мағыналы хадистер мен нақыл сөздердің бедерленуіне көңіл бөлген. Есіктер екі бетінен ағаш, сүйек, алтын, күміс әшекей-өрнектермен өрнектелген.

 Қоладан құйылып, алтын күміс жалатылған алты шырағдан мен есік тұтқалары да халық өнерінің лағыл маржандарының қатарына жатады. Бұларды жасаушы шебер исфаһандық Таджед-Дин ұлы Изеддин. Қола тұтқада хижраның 797 жылы жасалғандығы көрсетілсе, Қола шырағдандардағы жазулар хижраның 799 жылғы 20 рамазанында Әмір Темірдің тапсырысымен жасалғандығы жазылған.

 Музей қорының этнография тобында Әмір Темір дәуірінен сақталған жәдігерлерден бастап ХХ ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын қазақтың қолөнер қазыналарының небір тамаша үлгілері сақталуда. Этнография бөліміндегі қазақтың қолөнер туындыларынан кесте-тоқыма бұйымдар, ағаштан, теріден жасалған ыдыс-аяқтар мен үй жиһаздары, құмандар мен самаурындар, әсіресе, тек күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың бірін-бірі қайталамайтын 800-ден аса түрлері кездеседі. Олар халқымыздың XVIII-XIXғғ. қолөнер туындыларын сол қалпында сақтап қайта елге алып келгендiгiмен және кейбiреулерi өздерi тiршiлiк еткен елдiң мәдениетiн далалық қазақ мәдениетiне сiңiрiп, синтезделiп келген мәдени мұралар екендiгiмен

құнды.

Негізгі

ақпараттар

Детальды

ақпараттар

Қосымша

ақпарат

Ұлттық

құндылықтар

 2. Берілген үзіндіні әрі қарай дамытып, көркемдегіш құралдарды қолданып, сюжетті әңгіме жазыңыз.

 Жаз мезгілі болатын. Бірде инстаграм парақшасынан Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне туристік сапар ұйымдастырылып жатқандығы туралы жарнаманы көріп қалдым. Мұндай ұлттық тарихи жәдігерді өз көзіммен көру көптен бергі арманым еді.

Бағалаукритерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Белгілі бір мақсат

1

негізгі ақпараттарды анықтайды;

1

үшін оқылым

детальды ақпараттарды анықтайды;

1

стратегияларын

қосымша ақпараттарды анықтайды;

1

жүйелі қолданады

ұлттық құндылықтарды теріп жазады;

1

Әртүрлі тақырып

2

әңгіменің басын жүйелі жалғастырады;

1

бойынша

белгілі бір сюжетке құрады;

1

көркемдегіш

көркемдегіш құралдарды қолданады;

1

құралдарды

жазу стиліне қарай бірізділікті сақтайды;

1

ұтымды қолданып,

әңгіме жазады

сауаттылықты сақтайды;

1

Барлығы

9

«Табиғат және экология. Шешендік сөздер», «Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік сөздер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолданады

Мәтіннен негізгі, детальді, қосымша ақпараттарды анықтап, ұлттық құндылықтарды теріп жазуда қиналады.

Мәтіннен негізгі, детальді, қосымша ақпараттарды анықтап, ұлттық құндылықтарды теріп жазуда қателеседі.

Мәтіннен негізгі, детальді, қосымша ақпараттарды анықтап, ұлттық құндылықтарды теріп жазады.

Әртүрлітақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып,әңгіме жазады

Берілген әңгіменің бастапқы бөлігін логикалық тұрғыда жүйелі жалғастырып,көркемдегіш құралдарды қолданып, бірізді стильде белгілі бір сюжетке құрылған әңгіме жазуда

қиналады.

Берілген әңгіменің бастапқы бөлігін логикалықтұрғыдажүйелі жалғастырып,көркемдегіш құралдарды қолданып, бірізді стильде белгілі бір сюжетке құрылған әңгіме жазуда қателеседі.

Берілген әңгіменің бастапқы бөлігін логикалық тұрғыда жүйелі жалғастырып,көркемдегіш құралдарды қолданып, бірізді стильде белгілі бір сюжетке құрылған әңгіме жазады.

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

11.1.6.1

коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында

дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында шешен сөйлейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді тыңдаңыз.

ХХІ ғасырдағы қазақ киносы ұлттық мүддеге не береді?

 Өткен ғасыр мен бүгінгі ғасырды қай жағынан алып қарасақ та бір – бірімен салыстыру қисынсыз екені анық. Көп нәрсе өзгерді. ХХІ ғасыр ұлттық мүдделер арасындағы мәдени, сондай-ақ рухани-идеологиялық күрес кезеңіне айналып отыр. Сол бір күрес майданындағы жойқын күшке ие қарулардың бірі деп – экран, әсіресе, телеэкрандардағы түрлі шетелдік киноларды қоғамның қалт жібермей отырып көретінін айтсақ та жеткілікті. Демек ХХІ ғасыр

– ұлттардың, сондай-ақ өркениеттер мен мәдениеттердің бірін-бірі телеэкран арқылы жаулау кезеңі.

 Кезінде Ленин: “Барлық өнердің ішіндегі біз үшін ең маңыздысы – кино!” – депті. Бұл сөз тегін айтылмаса керек. Бірнеше ұлттың психологиясы мен санасын кино арқылы өзгертіп, оларды тек бір ғана идеологиямен ұстаудың құралы ретінде киноны алып, кино саласына осыншалықты жоғары баға беруінде үлкен мән жатқанын аңғару қиын емес. Бүгінгі күні кино көрмейтін бірде-бір адам жоқ шығар. Еңкейген қарттан еңбектеген баланың сүйікті сауығы бүгінде теледидар алдында тапжылмай кино көру болып отыр.

 Жоғарыда айтылған ойларымызды негізге ала отырып, тәуелсіз еліміздің осы бір кино саласына байланысты жағдайына көз жүгіртсек. Осы ретте жарыққа шығып жатқан отандық кино туындыларға байланысты марқайып мақтанатын да, мұңайып мазасызданатын да тұстар баршылық. Алдымен сыннан бастасақ, мысалы, «Келін», «Қарой», «Махаббат тәлкегі (Ирония Любви)», «Ойпырмай», «Әке қорлығы», «Тюльпан» фильмдерінде ұлттық көрініс былай тұрсын, қай ұлттың киносы екендігін ажырату қиын. Кейбірінен мүлдем ұлтымызға жат көріністер көрсек, кейбірінен мүлдем мазмұн мен актерлық шеберлік дегенді таба алмаймыз. Ол фильмдердің қазақтың салтында жоқ дәстүрлерді насихаттап, азғындықты, арсыздықты көрсету арқылы халықтың санасын бұзбаса, түзетеді деп ойламаймыз. Белгілі бір шетелдік жүлде мен мүддеге бола құрылған бұл секілді фильмдер қаншама жүлде алып жүрсе де, қазақ киносының жұлдызы болып жарқырай алмайды. Өйткені, оның соңында

«Халық көңілі» деген қазы тұр, көрермен көзі деген таразы тұр.

 Бүгінгі режиссерлар қазақ болмысын бұрынғы режиссерлар сияқты сезіне бермейтіндіктен, ұлтқа деген құрметтері де аз секілді. Бір түсінбейтінім, неге осы қазақ режиссерларының ішіндегі ешқайсысының қазақ хандары мен батырлары жайлы тарихи кино түсіруге талпыныстары жоқ? Осыншама жеріміз бен байлығымызды найзаның ұшымен

қорғап келген, бүгінгі ұрпаққа өнеге болар батыр бабаларды дәріптеуден киногерлер ұтпаса ұтылмасы анық қой. Өйткені соғыс пен тарихи жанрдағы фильмдерге қашанда көрермендер

жақын келеді. Егер біздің батырлар мен хандарымыздың қиян-кескі алапат шайқастағы ерліктері, жеңістері мен жеңілістері, сәуегейлер мен жиһанкездер, үш жүзге төрелік еткен үш биіміз жайлы тарихи сапалы фильмдер дүниеге келер болса, біріншіден, қазақ киносы әлемдік деңгейге бір саты болса да көтерілуі мүмкін. Екіншіден, қазақ жастарының ұлтқа, ел мен жерге деген патриоттық сезімдері оянар еді.

    •  Тыңдалым мәтінініңдегі деректерді пайдаланып, «Қазақ киносы мен театры: өткені мен келешегі» тақырыбында ПОПС формуласы негізінде көпшілік алдында сөз сөйлеңіз.

Менің ойымша... Себебі...

Оған дәлелім...

Осыған байланысты мынадай қорытындыға келдім...

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Коммуникативтік

1

тақырып аясында өз ойын білдіреді;

1

жағдаятқа сай көпшілік

ойының себебін түсіндіреді;

1

алдында шешен

дәлелдер келтіреді;

1

сөйлейді

тыңдаған мәтін ақпараттарын қолданады;

1

тақырып аясында қорытынды жасайды;

1

шешендік сөз оралымдарын қолданады;

1

көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін

1

сақтайды.

Барлығы

7

«Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Коммуникативтік

жағдаятқа сай көпшілік алдындашешен сөйлейді

Тақырып аясында өз ойын білдіріп, оның себебін дәлелді түсіндіруде, мәтін деректерін қолданып, шешен сөйлеуде, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін сақтауда қиналады.

«Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

11.2.7.1

11.3.4.1

11.4.5.1

БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу

қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Дереккөзден алған деректер мен дәйексөздерге сілтеме жасап қолданады

Қажетті ақпаратты қолданып, көтерілген мәселе бойынша аргументативті эссе жазады

Мәтін деңгейінде тыныс белгілерін дұрыс қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары ойлау деңгейлері

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді оқыңыз. «Еңбек нарығына сай мамандық таңдау маңызды» тақырыбында өз ойыңызды білдіру үшін мәтіннен қажетті дәйексөздер мен деректерді іріктеңіз.

Мамандықтар мазмұны өзгеруде

 Елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімі өзгерді. Жастар жұмыссыз қалмаудың қамына кірісті! Елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімі түбегейлі өзгерді. Абитуриенттер бұрын көштің басын бермей келген заңгер, есепші қызметтерінен бас тартып, көлік жөндеуші, дәнекерлеуші, электрик мамандықтарын таңдауға кіріскен. Бұл біз үшін қуантарлық жағдай. Өйткені елімізде дәл осы салалардағы кәсіби кадрлар тапшы. Ал таңдауы кеңседе отыратын «таза» қызметке түскендердің жұмыс таппай тентіреп жүргендерін абитуриенттер түсінсе керек.

 Таңнан кешке дейін кеңседе отыру енді сәнде емес. Биылғы сұранысқа ие мамандықтар тізімі соның дәлелі. Бұрын көштің басын құқықтану, есеп және аудит мамандықтары бермей келсе, қазір «тазадан» гөрі «қара» жұмысқа қызығушылық артқан.

 Бірінші орында емдеу ісі мен бастауыш сыныптарға білім беру қызметтері тұр. Құқықтану үздік үштікке кіргенімен, оны таңдаған жастар 5 жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 2 есеге азайған. Есеп және аудит саласы бойынша да жағдай осындай. Ал автокөліктерге қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы сұранысқа ие бестікке еніп, аналитиктердің өзін таң қалдырып отыр. Оның оқуына 10 мың талапкер түскен.

 Машина жөндеуші болуды жөн көргендердің бірі – алматылық Еламан Әбінәлі. Жаны қалаған істің қыр-сырын меңгеріп алған соң, ол өзінің көлік жөндеу орталығын ашпақ. 2- курс студенті мамандық таңдауда қателеспегеніне сенімді.

Еламан Әбінәлі, Алматы электромеханикалық колледжінің студенті:

- Қазіргі кезде автокөліктердің неше түрлері шығып жатыр. Оларға көптеген техникалық қызметтер көрсету керек. Бұл салада көп оқыған мамандар жоқ. Көбі жаңағы заңгер деген сияқты мамандықтарды оқиды.

Биыл слесарь, электрик және дәнекерлеуші қызметтеріне де қызығушылық күрт артыпты.

Осылайша, жастардың талғамы сұранысқа сәйкес келіп отыр. Аталған мамандық иелерінің бізде тапшы екенін айта кетейік. Ал биылғы көрсеткіш осындай мамандарды даярлайтын оқу орындары үшін жағып тұр.

Болатжан Бозымбаев, Алматы электромеханикалық колледжінің директоры:

  • Былтыр, мысалы, бізде бар-жоғы 612 бала болатын. Биыл қазір баланың саны 695. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша біздің түлектердің 72 пайызы жұмысқа орналасты.

Осылайша, дипломы бар жастар жұмыссыз сенделмейтін болды. Бұған дейін, олар аталған салаларда айлықсыз қаламыз деп қорыққан. Енді түлектер де, ата-аналар да көлік жөндеуші, дәнекерлеуші сынды мамандықтардың келешегі зор екенін түсініпті.

Азамат Қасымбеков, finprom.kz аналитигі:

  • Абитуриенттер бізге қандай мамандардың шын қажет екенін ұғына түсті. Олардың бұл салаларға бет бұруына «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» да әсер еткен.

Десе де болашақ заңгерлер мен есепшілер де жұмыссыз қалмасына сенімді. Сарапшылардың мәліметінше, биыл тоғызыншы сыныпты бітірген түлектер колледждерге көптеп ағылған. Қазір мұндай білім ордаларында жалпы саны 169 мың адам оқиды. Ал бұған дейін бәрі керісінше болатын. Яғни колледжде білім алушылар саны жыл сайын 5 пайызға кеміп отырған еді.

    • Іріктеген дәйексөздер мен деректерге сілтеме жасай отырып, ПОПС формуласы негізінде өз ойыңызды түйіндеңіз.

Менің ойымша... Себебі...

Оған мынадай дәлелдер келтіремін...

Осыған сәйкес мынадай шешімге келдім...

    • Жағдаятты негізге алып, «Қалаған мамандығыңды таңдасаң, ол сенің өмірлік хоббиіңе айналады» деген тақырыпта дискуссивті эссе жазыңыз. Тыныс белгілердің дұрыс қойылуына назар аударыңыз.

Жағдаят

Кешкі ас үстінде отбасыңызда мамандық таңдау тақырыбы қозғалды. Сіз бүгінгі заманның сұранысына ие мамандықтар туралы ақпаратпен бөлісіп, өз таңдауыңыз туралы шешіміңізді айттыңыз. Сіздің таңдауыңыз ата-анаңыздың көңілінен шықпады. Сіз өз шешіміңізде қалдыңыз, ал олар өз пікірлерін өзгерте қоймады.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Дереккөзден алған

1-2

мәтіннен тақырып аясында дәйексөздер мен

1

деректер мен

деректерді іріктейді;

дәйексөздерге сілтеме

тақырып аясында өз ойын білдіреді;

1

жасап қолданады

ойының себебін түсіндіреді;

1

дәлелдер келтіреді;

1

қорытынды ойын білдіреді;

1

іріктеген деректер мен дәйексөздерге сілтеме

1

жасайды;

Қажетті ақпаратты

3

жағдаятты негізге алады;

1

қолданып, көтерілген

тақырып аясында ойын жазады;

1

мәселе бойынша

мәселені екіжақты қарастырады;

1

дискуссивті эссе жазады

стильдің бірізділігін сақтайды;

1

Мәтін деңгейінде тыныс

тыныс белгілерді орынды қолданады.

1

белгілерін дұрыс

қолданады

11

«Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Дереккөзден алған

деректермен дәйексөздерге сілтеме жасап қолданады

Мәтіннен тақырып аясындағы дәйексөздер мен деректерге сілтеме жасай отырып, өз ойын білдіру үшін қолдануда, ойының себебін дәлелді түсіндіріп, қорытынды жасауда қиналады.

Мәтіннен тақырып аясындағы дәйексөздер мен деректерге сілтеме жасай отырып, өз ойын білдіру үшін қолдануда, ойының себебін дәлелді түсіндіріп, қорытынды жасауда қателеседі.

Мәтіннен тақырып аясындағы дәйексөздер мен деректерге сілтеме жасай отырып, өз ойын білдіру үшін қолданады, ойының себебін дәлелді түсіндіріп, қорытынды жасайды.

Қажетті ақпаратты қолданып, көтерілген мәселебойынша дискуссивтіэссе жазады

Мәтіндеңгейінде

тынысбелгілерін дұрыс қолданады

Жағдаятты негізге алып, тақырып аясында мәселені екіжақты қарастырып, бірізді стильде, тыныс белгілерінің қолданыс нормаларына сай дискуссивті эссе жазуда қиналады.

Жағдаятты негізге алып, тақырып аясында мәселені екіжақты қарастырып, бірізді стильде, тыныс белгілерінің қолданыс нормаларына сай дискуссивті эссе жазуда қателеседі.

Жағдаятты негізге алып, тақырып аясында мәселені екіжақты қарастырып, бірізді стильде, тыныс белгілерінің қолданыс нормаларына сай дискуссивті эссе жазады.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы